14 Билет
ХІІІ-ХІV ғ. Алтын Орда дәуірінің ескерткіштері: «Хұсрау Шырын», «Мухаббатнаме», «Гүлстан», «Жүсіп Зылиха». Хұсрау Шырын авторы Еділ бойында туған Құтб. Сығанақта жазылған. Зерттеушілердің талдауына қарағанда «Құтты білікке» ұқсас. Дастанның бізге жеткен жалғыз көшірме қолжазбасының тексін жариялап, сөздігін жасаған, лекс. Морф. Ерекшелігін зерттеген поляк ғалымы А.Зайончиковский оны қыпшақ тілінің әдеби мұрасы деп таниды. Дастанды Низамидың парсы тіліндегі поэмасынан еркін аударған. 4740 бәйіттен(өлеңнен) тұрады. А.Ибатов дастанның сөздігін жасап, сөз жиілік статистикасын көрсетіп, лекс. фразеол. Қазақ тіліне жақын тұрғандығын айтады. Фраз. мол қолданылған: авара қыл(әуре қыл), бағырын тілді, бойнын үзді(өлтірді), көңлі тарықты(қайғы жұтты), сүчүг тілік(тәтті тілді), тілі ачығ(тілі ащы), чічәктек солды(гүлдей солды) сияқты тұрақты тіркестер қазақ тілінде әріден келе жатқандығын, қазірде жалғасын тапқандығын көреміз. Бір біріне жуыспайтын сөздерді тіркестіріп, образды фраз. жасау қазақ тілінде көңіл құсы, көңіл айнасы, сынық көңіл, ақын тізгіні осы дастанда да кездеседі: біліг қамчысыны елге алыб(білім қамшысын қолғаалып), бағырдан суғарыб бу жан бағыны(бауырдан суарып бұл жанның бағын). Мухаббатнаме-1353ж. жазылған. Авторы Хорезми. Самойлович, Щербак, Нәжіп, Касимовтар зерт. Нәжіп тарнскрипциясын жасап, орыс тіліне аударды. Кенжебаев дастанды Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра деп таниды. Ғашықтар туралы. 11буынды, екі тармақты өлең тәсілімен берілуі, қазақтыі 11буынды өлеңіне ұқсас. Қылдай бел, толған ай, татлы сөз эпитеттері қазақ тілінде де кездеседі. Гүлстан. Авторы Сейф Сараи. Тілі Мухаббатнамеге ұқсас. Хұсрау Шырынға қарағанда афоризм аз. Зерт. Нәжіп тілі қыпшақтық, оғыз түркімен элемент. Бар екендігін де айтады. Дастанда кездесетін аш қарынға, арымақ, артынша, азғунлық, асырамақ, есірүк, қашұқ, шөмүш қазақ тілінде бар сөздер.
Көркем әдебиет стилінде жаңа белгілерді анық көрсете бастаған үлгілер Дулат өлең жырлары. Дулат жыраулық дәстүрден бас тартқан, ақындықтың жаңа үлгісін бастаған адам. Өлеңдері 7-8буынды. Қазақ өлеңінің шоғырға бөлінуі Д. Басталады.Әр шоғыр бір тақырыпты қамтиды. «Тырнақтай меңі болған соң» тоғыз шоғыр. Тырн.м.б.с. Тарлан тартып оңған соң, Түріне кір қонған соң, Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз, Шаңқан болмай, қылаң ба? Қара қылды қақ жару, арғымақ аттай аңқылдау, қыран құстай саңқылдау, көлқорыған қызғыштай, еңбегі еш тұзы сор, бел шешпей жорту, азуын айға білеу.Толғаулы найза қолға алып, Тұйғын құстай толғанып, Сары садақ асынып, Егескен жауды қашырып. Образды эпитет: тұғырдан түсу, шепті бұзу, олжаны ортаға салу, қара қазан, сары бала, жалған дүние. Айбарлы ақ орда(Қазт. Еңсесі биік боз орда), шаншулы найза(толғамалы). Перифраз бір нәрсені сол нәрсенің бір белгісін суреттеп атау. Толқынды теңіз заман, адам өмірі тірш. Өлім дауы, өткен өмір құмар ойнап ұтылған саудагер, басшыларға разы емес саулы иіп Д. Жүр місе тұтып тұлыпты. Мағ. Жанаспайтын сөзд. Тіркестіру: Әкеңнің айтқан аз сөзін, Құтысына көңіліңнің, төгіп алма дәлдеп құй. Жырдан алқа тағу, әділетке шөлдеу, көкірегінде қонақ жоқ, сұлулық сәулетінің сағымы, ұйқы беріп, жырмен жуыну, жетімдіктің белі. Дүние жетімдік, мен төбет. Шендестіру:Ел тереңге сүңгіді, қармайтұғын қалмай тал.араб парсы:ақыл,хақынжеу,ахирет,адил,шафағат,аделет,уада,азаб,харам,рухсат,хаһар,ғадет,ғаділ,ғаделет.
Таба алмадым.
15-билет
Қазақ ауыз əдебиеті-əдеби тіл дамуының негізі
Қазақ ауыз əдебиеті деген ұғымға халықтың өзімен бірге жасасып, ұзақ жылдар бойына ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, халық санасында үнемі сақталып отырған əдебиет туындыларын айтамыз. Қазақ ауыз əдебиетінің түрлері болып саналатын мақал-мəтел, ертегі, аңыз əңгіме, шешендік сөздер, эпостық, лиро эпостық жырлар, айтыс өлеңдер т.б. Қазақ ауыз əдебиетіне тəн көркемдеуіш-бейнелеуіш тəсілдің бірі-стереотип формуланы еркін қолдану. Мыс: буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды... Қорамсаққа қол салды, Бір салғанда мол салды... Бұлар көбінесе айтылмақ идеяны күшейту мақсатында қолданылады. Қазақ ауыз əд тілінде ЭПИТЕТ ТЕҢЕУ МЕТАФОРАлар жиі қолданылады. Эпостық жырларда батырды қыран құсқа, арыстанға; еркіндікті сүйген адамды тарланға, құланға; сұлулықты аққуға, толған айға теңеген.
Қазақ ауыз əдебиеті мен ауызша авторлы əдебиеттің мазмұн тарапынан, мотиві, образдары жағынан аса бірдей болмағанмен, тілдік көрінісі тұрғысынан ұқсас екені сөзсіз. Əсіресе, фольклор тіліндегі образдардың тілдік көрінісі ақын жыраулар поэзиясы тілінде кең орын алады.
XIX ғ. I жартысындағы əдеби тіл үлгілерінің лексикалық құрамы мен ондағы көрме сөздердің орны.
19 ғ. 1 жартысындағы қазақ төл əдеби тілінің лексикалық құрамының негізі-алдыңғы дəуірлерден сұрыпталып, нормаланып келген сөз байлығы болды. Оның басымы - қазақтың өз сөздері, екінші қабаты-араб-парсылық кірме сөздер. Сол кезеңде келе бастаған əлеуметтік экономикалық құбылыстарға байланысты көптеген жаңа сөздердің пайда болуы сияқты процесстер жүріп жатты. XIX ғ басында ене бастаған жаңа сөздердің бірі-Шортанбай сияқты ақындардың таным тұрғысынан бағаланған ЗАР ЗАМАН, ЗАМАН АҚЫР тіркестері. Шаруашылықтың жаңа түрлеріне байланысты ЫЛАУҒА АТ АЛУ, АТ ЖАЛДАУ, КІРЕ ТАРТУ тәрізді нақтылы іс əрекеттердің аналитикалық атаулары пайда болып, көркем əдебиет тіліне енеді. Қазақ ескі жазба əдеби тіліне тəн кейбір сөздер мен тұлғалар бұл кезең ақындарында да кездесіп отырады. Мыс: Кетпей де нешік етермін?! (Махамбет).
19ғ бас кезеңіндегі əдеби тіл үлгілерінің лексикалық құрамына келсек, сол уақыттағы қазақ даласының батыс аймағынан шыққан ақындар тілінде қазірде əдеби нормаға жатпайтын біраз сөздер бар. Мыс: "ел, жұрт" мағынасндағы "байтақ" сөзі эпостық жырлар мен батыстық ақындарда кездесетін диалектілік архаизм. Бұл сөздер қазіргі қазақ лексикасының əдеби нормасы бойынша диалектизмдер болып саналғанымен, олар өткен дəуірлерде əдеби тіл элементтеріне жатады.
XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы қазақ жазуына байланысты айтыс-тартыстар.
20ғ. 20-шы жылдарынан бастап қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері алтын əрпіне негізделген жаңа əліпбиге көшу мәселесін көтерді. Бұған дейін қазақ жазуы А.Байтұрсынов емлесі негізінде еді. Алайда алтын қозғалысының кең түрде насихаттала бастауы араб жазуын ығыстырып бастады. Сөйтіп жаңа алтын əрпін қолдаушылар мен араб жазуын қолдаушылар арасында үлкен айтыс тартыс туды. Бұл 1924 ж Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш сьезінде білінді. Байтұрсынов бастаған араб əрпін қолдаушылар басым түсіп, нәтижесінде араб əрпіне лайықталған қазақ графикасы қабылданды. Осы сьезде А.Байтұрсынов баяндама оқып, араб əрпінің кай жақтан болса да тиімді екенін дәлелдеген болатын. 1927ж латын əліпбиін алу жөнінде бұл білімпаздардың арасында болған айтыс тартысын жинақ ретінде Кіріс Тоқтабаев пен Мұхтар Мурзин Қазақстан жаңа əліппе комитетінің тапсырмасымен Қазақстан мемлекеттік баспасынан "Жаңа əліппе жолында" деген кітап шығарды.
16-билет.
Эпостық, лиро эпостық жырларда қалыптасқан лексикалық, стильдік, поэтикалық қолданыстар.
Эпос (грек. epos-сөз, баяндау, əңгімелеу) - əдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, əңгіме, новелла, роман, повесть, эпопея, очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі-өзі əңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде қамтып, көркем əдебиеттің алуан түрлі əдісін мол қамту арқылы суреттеу. Эпос негізінен 2 улкен салаға бөлінеді: ЭПОСТЫҚ жырлар және ЛИРО-ЭПОСТЫҚ жырлар.
Эпостық жырлар-халық өмірінің тұтас бір дəуірін қамти отырып, сол кезеңдегі батырлардың ерлік күресі мен елдегі əлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Эпостық жырдың желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тірегенімен, көбіне түрлі заман оқиғаларын бір қахарманға жіктеп жырлау тəн. Эпостық жырларды пайда болу кезеңіне орай 3 кезеңге бөлеміз:
1) Ең көне заманғы эпос: Ергенеқон, Аттилла, Ер Төстік
2) Тарихи кезеңдер эпосы: Алпамыс, Қамбар, Қабылданды
3) Жаңа дәуір эпосы: Еспенбет, Өтеген;
ЛИРО-ЭПОСТЫҚ жырлар- ғашықтық жыр. Жырда халықтың наным сенімі, тұрмыс салты, əдеби ғұрпы бейнеленеді. ЛИРО-ЭПОСТЫҚ жырлар фольклордың даму барысында эпостық жырдан кейін қалыптасқан. ЛИРО-ЭПОСТЫҚ жырларды 2-ге бөліп қарастыруға болады:
1) Қазақ халқының төл туындылары:
Қозы Көрпеш-Баян сулу, Қыз Жібек, Айман Шолпан;
2) Шығыс əдебиеті, нəзиралық үлгіде:
Мұңлық-Зарлық, Тахир-Зухра;
Жалпы, эпостық жырлар мен ЛИРО-ЭПОСТЫҚ жырлар бір бірімен қатарласа дамыған. Жалпы поэтикасы мен сипаты ұқсас. Айталық, сюжетті құрылымның бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдың бірдейлігі кездеседі.
Бұл кезеңдегі тіл грамматикасында ВАРИАНТТЫЛЫҚ құбылысы бар екенін атауға болады. Ол екі-үш салада көрінеді: морфологиялық тұлғалар қызметінде, сыртқы формасына және қиысу, меңгеру амалдарында. Белгілі бір грамматикалық категорияның қызметін екі тұлғаның жарыста атқару фактісі бар. Мыс, əрдайым болып жататын іс-əрекетті есімшенің -ар -ер -р жұрнақты түрімен және ауыспалы шақ тұлғасымен беру көзге туседі.
Жарыспалылық əсіресе -арға мен -уға тұлғаларының қолданысында күшті сезіледі. Осы кезең грамматикасында байқалатын, нормаға түсіп болмаған көріністің тағы бір түрі-ҚИЫСУда байқалады. Жекелік-көпшілік, анайы-сыпайылық жағынан қиыстырмаушылық бұл кезеңдегі барлық үлгілерде кездеседі. Мыс: Сіз біл деген бала жоқ. (Сіз біліңіз)
Және бұл кезең қаламгерлерінде де ҒАН жұрнақты есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсау тəсілі өте басым: ел қоршаған көл; соғып кеткен жел;
Бұл кезеңдегі сөз тудырудың ең өнімді тəсілі-жұрнақ жалғаушылық. Ең актив жұрнақ-ЛЫҚ. Оның басты қызметі-дерексіз зат есім тудыру: жалғыздық, жақсылық, жамандық;
-ШЫ жұрнағымен келген сөздерде көбейе түскен: басшы, қосшы т.б
Сөз тудырудың келесі тəсілі-сөз мағынасын жаңғырту. Жаңа атаулар пайда болуы:пысық, ұлық, атқа мінер; сұлтан төрт т.б
Шортанбай Дулаттар насихат кітап сияқты сөздерін өзгертіп қолданған. Насихат-өмірден көргенін баяндау;
Кітап-философиялық ақыл үгіттің баспа бетіндегі көрінісі.
