Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Til_tarikhy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Таппадым

17-билет:1. Қазақтың ауызша сөз өнері әр түрлі жанрға бөлінгген өте бай үлгілерден көрінеді. Қазақ фольклооры өз тарихын өте ертеден бастайды. Қазақ әдебиеті дүниесінде эпос – өте қомақты жанр. Оның тілінің әдеби тілге, қазақтың ескі жазба тіліне, тіпті осы күнгі жазба әдеби тілге қайнар көз болудағы орны айрықша. Қазақ ауыз ідебиетінің тілі әдеби сипат алған, белгілі бір сөз жұмсау нормаларын қалыптастырған, көркемдік-эстетикалық қуаты күшті тіл екенін зерттеушілер баса көрсетті. Қазақ халқының өткен дәуірлердегі негізгі шаруашылық күн көрісі малға, мал өсіретін кеңестік пен табиғатқа қатысты болғандықтан, образдардың да басымы осы саладан алынады. Оған дәлел ретінде метафора, теңеулердің дені мал, оның ішінде жүйрік ат, нар, бота, қозы атауларымен берілетіндігін келтіруге болады. Мысалы, «Қобыланды» жырындағы Қарлығаш өзін "Бөрік үстінде шоқтымын, қоңыр шұнақ тоқтымын» деп, ағасы Қобыландыны «Судан шыққан сүйрігім, суырып озған жүйрігім» десе, Алпамысты ағасы Тортай: «жалғыз ұлы бар еді, жалғыз да болса нар еді» деп бейнелейді. Ал «Қыз Жібек» жырындағы Төлеген болса, ол «ерте туған көбеген» болып танылады. Батырлықтың образы «оза шауып олжа алған тұлпар» етіп танылады.

Теңеудің негізінде белгілі бір сөз-образдардың символға айналуы басын фолькор тілінен алады. Қазақ ауыз әдебиетінде бөрі, арыстан, ақ сұңқар, алтайы қызыл түлкі, жұмай жүйрік, құлын,бота,қозы сияқты сөздер символ ретінде келіп, әбден тұрақталған, дәстүрге айналған элементтер. Ауыз әдебиетіне тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдің бірі-стреотип формулаларды еркін қолдану. Бұлар жырдан жырға көшіп отыратын әбден тұрақталғансіріленген композициялар. Мыс: Буырқанды,бұрсанды,мұздай темір құрсанды.

2. 19 ғ. 2ж. Қазақ поэзиясы негізінен ақындық мектепке көшкендігі жоғарыда айтылды. Оның өкілдері кең даланың барша түкпірінен көптеп көріне бастады. Олар әлеуметтік үні,жырлау мәнері, тақырып ауқымы,таралу шегі,мұра байлығы жағынан,сөз жоқ, бір қатарда тұрмады. Шортанбай, Мұрат, Жанақ, Марабайлардан бастап,Сүйінбай, Мұсабай, Орынбай, Шөже, Кемпірбай, Ақтан,Бала Ораз, Арыстан, Сары, Базар, Біржан, Жаяу Мұса, Майлықожа, Мәделіқожа сияқты байырғы дәстүрді әрі қарай жалғастырған, туындыларын көбінесе ауызша таратқан ақындар мен жырау-жыршы типіндегі сөзгерлерден басқа байырғы поэзия дәстүрін жазба әдебиетке жалғастырған Ыбырай Алтынсарин, Шәңгерей Бөкеев, Әубәкір Кердері, Нұржан Наушабаев, Ақан сері Қорамсаұлы, Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтар сияқты ақындар да болды.

Бірақ бұл дәуірде қазақтың бұрынғы поэтикалық мектебі өзгеріссіз қалмады. Ақындар шығармашылығының тақырып аясы да, мазмұны да, жырлау стильдері де өзгеріске ұшырады. Әрине, ілгергі дәстүрден қол үзушілік жоқ: бұрыннан келе жатқан кәнігі теңеу, метафора, эпитет сияқты көркемдеуіш құралдарды көп өзгертпей жиі пайдалану 19ғ. 2ж. ақындарға тән. Өлең өлшемінде де жаңалық жоқ: 7-8 буынды жыр ағымы мен 11 буынды қара өлең болып келеді. Сөйте тұра алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда байқалатын өзгешеліктер едәуір.

Ең алдымен, ендігі ақындар шындық суреті, нақтылық басым. Бұл кезде арнау өлеңдер мен портреттер, енді-енді көріне бастаған пейзаждық өлеңдер молырақ орын алады. Бұларда затты, құбылысты, адамды, оның мінез-құлқын, іс-әрекетін нақты суреттеу көзге түседі.

Екіншіден, аталған ақындардың біразы жеке туындыларымен қатар, айтыс өлеңдерінің иелері. Ал бұл кездегі айтыс-тұрмыс-салттық тақырып шеңберінен шығып, әлеуметтік мотивтерге де барған жанр. Демек, бұл-айтыстардың сөз байлығы да , көркемдеуіш құралдары да, тіпті көлемі де өзгерді деген сөз.

Үшіншіден, бұл кезеңдегі ақындардың бірқатары әр алуан эпикалық шығармаларды тудырушы және таратушылар. Мысалы, Сүйінбайдың қырғыздың «Манасын», шығыстың «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы», «Көрұғлы» сияқты жырларын ел арасына таратуда еңбегі зор болған.

Төртіншіден, тағы бір сипаты белгілердің бірі- бұл кездегі қазақ ақындарының дені мұсылманша,кейбіреулері әрі орысша сауатты болды. Шортанбай, Мұрат, Мәделіқожа, Қашағандар мұсылманша жақсы сауатты, араб, парсы, түркі тілдерінен хабарары бар сөз шеберлері болса, Ыбырай, Шәңгерей, Ақандар мұнымен қатар орысша да сауатты болды.

19ғ.2ж. қазақ әдебиеті тілінің басты стилі-көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тіілнде өзгеріс-жаңалықтар мен даму белгілері айқын көрінеді, бірақ үлкен сапалық өзгеріс Абай шығармалары тілінен басталады. Оған дейінгі және онымен тұстас қазақ ақындарының тілі, әсіресе ауызша тараған үлгіде жырлағандардың сөз өрнегі бұрынғы дәстүрдің жалғасы болып танылады.

3. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінен кейін елімізде жазуды өзгерту жөнінде пікірлер айтыла бастады. Өйткені саны жағынан түркі қалықтарының ішіндегі ең үлкені түріктер, бұрын қолданып келген араб жазуынан бастартып, оның орнына латын жазуының негізіндегі жаңа әліпбиге көшті. Бұл жазудың енуіне Түркия республикасының ең алғашқы презиленті Мұстафа Кемал ата-түрік тікелей ықпал етті. Яғни, Түркия Еуропалық дамуды өзіне негізгі үлгі етіп алды. Ал сол кезде де,қазір де Батыс Еуропадағы көпшілік мемлекеттердің жазуы латын графикасының негізінде екені мәлім. Кеңес үкіметінің құрамындағы түркі халықтары Түркия мемлекетінің үлгісімен латын жазуына көшуді қолдай бастады. Бірақ бұл үрдіс талас-тартыссыз өткен жоқ.1926 ж.түркі халықтарынан шыққан білімпаздар, ғалымдар Баку қаласына жиналып, жазу, әліпби, орфография мәселелерін талқылады. Баку қаласында өкен бұл бірінші түркологиялық съезде оған қатысқандар екіге жарылды. Оның бір тобы бұрынғы араб жазуын қолдаса, екінші тобы латын жазуына көшуді жақтады. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов осы съезге қатысып, онда араб жазуын қолдап, әлденеше рет сөйлеген. Жалпы сол кездегі қазақ қоғамы жазу мәселесіне еркше көңіл бөлді. Жазу, орфография мәселелері 1920ж бастап мақсатты түрде зерттеліне бастады. Бұл салалардың дамуына А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамметұлы , Ж.Аймауытов, Т.Шонанов т.б еңбек сіңірді, еңбек қалдырды. А.Байтұсынов, Е.Омарұлы тәрізді алаш қайраткерлері бұрынғы араб жазуын қазақ тілінің дыбысытық жүйесіне бейімдеп жетілдіре түсуді жақтаса, ал Х.Досм.Қ.Жұбанов.Т.Шонанов т.б.латын жазулы жаңа әліпбиді енгізуді қолдады. Латын жазуын енгізуді сол кездегі мем.органдар қолдай бастады. Себебі латын жазуын енгізу түркі халықтарын, соның ішінде қазақ халқын өз дінінен айыруға көмектеседі деген. С\бі,Кеңес үкіметінде дін мемлекеттен бөлініп, кейін дін өкілдері қудалауға түсті. Яғни кеңес үкіметі атеизмді қолдады.

Жаңа әліпбидің әр түрлі жобалары ұсынылды. Мәселен, 1924ж.бастап Н.Төреқұловтың 28 әріптен, Досмұхамедұлының 26 әріптен, М.Мырзалыұлының 28 әріптен, Ә.Байділдәұлының 27 әрәптен, Т.Шонанұлының 24 әріптен тұратын әліпби жобалары халық талқысына ұсынылды.

18-билет.

1.жок

2. XIX ғ.2-жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылысы өзгерді: қоғам феодалдық болып қала бергенімен, қарама- қарсы екі таптың өз іштерінде әлеуметтік топтар пайда болды. Бірқатар әлеуметтік категориялар сол тұстың қоғамдық- экономикалық дәрежесіне сай келмегендіктен, бірте- бірте жойылды да, жаңалары пайда болды. Жойылып кеткен хан, құл, төленгіт категорияларға байланысты сөздер мен тіркестердің хіх ғ.2- жартысындағы әдеби тілде қолданылу жиілігі сирей бастайды да, тек тарихты баяндау немесе ауыспалы мағнада образ жасау үшін қолданылады. Кедей, жарлы сөзі бұл кезде жарыса қолданылады, бірақ кедей сөзінің терминдік мәні асып, жарлы сөзінің жалпы сындық мағнада қалыптасқаны байқалады. Қарашы сөзінің “ханға бағынышты қара халық” деген ұғымы жоғалып, өзі де қолданудан қала бастайды. Т.б. XIX ғ. 2- жартысы қазіргі қазақ әдеби тіліндегі мол қабат- орыс элементтерінің едәуір дәрежеде ене бастаған дәуір. Бұл кездегі көркем әдебиеттегі, баспасөздегі, тіпті осы кезде жазылған ауыз әдебиеті үлгілеріндегі орыс сөздері өмірдің түрлі салаларын қамтиды. Ең алдымен, жаңа әкімшілік- сот системасын, тәртіп- заңдарын білдіретін сөздер еніп орын тебеді. Олар:сияз, закүн, ояз, болыс, старшын,шен, поштабай, ауылный, көпес, сөхдері.Бұлар өте жиі қолданылған және барлық ақындарда кездесетін актив сөздер.XIX ғ.2- жартысында бұл тенденцияның көзге түсерлігі соншалық, тіпті осы кезеңде жариалана бастаған ауыз әдебиеті үлгілерінде де көптеген орыс сөздері кездеседі. Мысалы:Атлас көйлек үстінде, Пәуескелі күймемен,Көк пәуескі күймемен Үш қара жорға атты тройкіге жегіп Кісі бойы кіреует. (Қыз Жібек)Бұл дәуірде орыс элементтерінің айтарлықтай мол қолданылуына хіх ғ. –ғы орыс текстерінің аудармалары мен орыс өкіметінің сол кезгі боспасөз орындары үлкен әсер еткен. “Дала уалаяты газетінің” бас аудармашысы Д. Сұлтанғазин көрсеткендей газет орыс тіліндегі материялдарды қазақшаға аударғанда көптеген терминдерді, әсіресе заңға қатыстыларын, орысша күйінде қалдыруға тырысқан. Сондықтан бұл газеттерде көркем әдеби тілге сөздерден басқа папирос, велосипед, шкаф, стол, облұс, перуатчик, участок, прикауар, залок, копия, т.б орыс сөздері көп қолданылған.

3. Қазақ халқының жазба әдебиетінің жан-жақты дами кезі –осы 20, 30 жылдардың іші. 20 Ғ. басындаға\ы ілгеріде аталған көркем шығармалар бұл дәуірде енді өздерінің саны жағынан да, сапасы және тақырыбы жөнінен де қарыштап тез өсті. 20 ғасырдың басындғы көрем әдебиеткеқарағанда 30 жылдардағы көркем әдебиет тілінің әдеби тілді дамытудағы, қалыптастырудағы роі айрықша болды. Бұл кезгі көркем әдебиетте ең алдымен халық тілінің байлығы барынша мло пайдаланылды; яғни бұл кезгі көркемәдебиет халық ілі байлығының барлық қаатын қамти отырды. Осы тұстағы шығармалардың тіліндежалпы жалпы түрктік әдеби тіл элементі болсын, татар тілінің элементі болсын-ьқай-қайсысы да бұрынғыдан сирей түсті. Қазақ тілінде бұ тұста орыс тілінің әсері жан-жақты көріне бастады. Тілдің қоғамдық функциясы артты. Осыған және орыс тілінің әеріне байланыстысөз мағынасы дамыды, сөздерді қолдану мәдениеті өсті. Ғылымдағы, техникадағы, өнер және мәдениет саласындағы осы кезгі өсу, сан алуан жаңалықтар тіліміздегі түрлі соны атауларды, тың ұғымдарды көптеп тудырды.

19-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]