- •Вариант №1
- •02_01_ Қаз. Хирургия, қаз.
- •02_01_02_ Қаз.Жедел абдоминальды хирургия,каз.
- •02_01_03_Қаз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
- •02_01_04_Каз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, каз
- •02_01_05_ Қаз. Хирургия. Гепатобилиарлы хирургия, қаз.
- •02_01_05_Қаз. Хирургия. Гепатобилиарлы хирургия, қаз.
- •02_01_07_Каз. Хирургиялық инфекция, амбулаториялық хирургия, каз.
- •02_01_08_Каз. Хирургиялық көмекті ұйымдастыру сауалдары, каз.
- •02_02_01_Каз. Травматология, каз.
- •02_03_Қаз. Онкология, қаз.
- •02_04_Каз. Балалар хирургиясы, қаз.
- •02_05_Каз. Сәулелі диагностика и сәулелі терапия, каз.
- •02_06_Каз. Клиникалық фармакология, каз
- •Вариант 2
- •02_01_ Қаз. Хирургия, қаз.
- •02_01_02_Каз. Хирургия, Шұғыл абдоминалды хирургия, каз
- •02_01_03 Каз. Кеуде және құрсақ жарақаты, каз.
- •02_01_04_Қаз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
- •02_01_05_Рус. Хирургия. Гепатобилиарлы хирургия, каз
- •02_01_07_Қаз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
- •02_01_08_Каз. Хирургиялық көмекті ұйымдастыру сауалдары, каз.
- •02_02_Каз. Травматология, каз
- •02_03_Каз. Онкология, маммалогия, каз
- •02_04_Каз. Балалар хирургиясы, каз
- •02_05_Каз. Сәулелі диагностика және сәулелі терапия, каз.
- •02_06_Каз. Клиническая фармакология, каз
02_05_Каз. Сәулелі диагностика и сәулелі терапия, каз.
02_05_каз.
$$$001
Ер адам 50 ж. Шағымдары: ентiкпе, жөтел, қан аралас қақырық, әлсiздік. Рентгенограммада сол жақ өкпенiң тотальдi қараюы және аралық мүшелердiң сол жаққа қарай ығысуы байқалады. Осы көрініс қандай синдромға тән:
A) 1-дәрежелi бронхостеноз.
B) 2-дәрежелi бронхостеноз.
C) 3-дәрежелi бронхостеноз.
D) Өкпе түбiрiнiң патологиясы.
E) Өкпе суретiнiң патологиясы.
{Дұрыс жауабы} = C
Күрделілік деңгейі = 2
{Қолданылған әдебиет} = Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская радиология (основы лучевой диагностики и лучевой терапии) Медицина, 2000., Ж.Е.Труфанов «Лучевая диагностика», 2009ж.
{Курс} = 7
{Семестр} = 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі }= РА
02_05_каз.
$$$002
Ер адам, 50 ж. Шағымдары: ентiкпе, жөтел, қан аралас қақырық, әлсiздік. Рентгенограммада сол жақ өкпенiң тотальдi қараюы және аралық мүшелердiң сол жаққа қарай ығысуы байқалады. Осы процестiң негiзiнде қандай патологиялық субстрат жатыр:
A) Өкпенiң семуi.
B) Өкпе тiнiнiң склерозы.
C) Өкпе тiнiнiң ауалануы.
D) Өкпе тiнiнiң инфильтрациясы.
E) Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы.
{Дұрыс жауабы} = A
Күрделілік деңгейі = 3
{Қолданылған әдебиет} = Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская радиология (основы лучевой диагностики и лучевой терапии) Медицина, 2000., Ж.Е.Труфанов «Лучевая диагностика», 2009ж.
{Курс} = 7
{Семестр} = 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі }=NS
02_05_каз.
$$$003
Рентгенолограммадағы патология қай жерде орналасқан:
A) Өкпеде, өйткені патологиялық түзіліс өкпе аймағында орналасқан.
B) Аралық мушелерде, өйткені патологиялық түзіліс өкпе түбіріне жабысқан.
C) Аортада, өйткені аортанын үстіңгі бөлігі кеңейген.
D) Қабырғадан.
E) Омыртка бағанасынан.
{Дұрыс жауабы} = A
Күрделілік деңгейі = 3
{Қолданылған әдебиет} = Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская радиология (основы лучевой диагностики и лучевой терапии) Медицина, 2000., Ж.Е.Труфанов «Лучевая диагностика», 2009ж.
{Курс} = 7
{Семестр} = 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_06_Каз. Клиникалық фармакология, каз
02 _06_каз.
$$$001
45 жастағы В. деген науқас оң жақ қабырға астының керу сезіміне ілесетін тұрақты сыздап ауруына, тамақтан кейін азаятынына және ауыздағы ащы дәмге шағымданады. Жоғарыда көрсетілген шағымдар 5 жыл бойы мазалайды. Холецистографияда: өт қабы үлкейген сопақша пішінді, босатылуы баяу. Ішкі мүшелерінің УДЗ-де өт қабының қабырғасы тығыздалған, конкремент табылған жоқ. Сіздің шараңыз:
А) Диета № 5, аллохол тамақпен бірге тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан, өт жолын тазалау (тюбаж) аптасына 1 рет ксилитпен
В) Диета № 5, аллохол тамақпен бірге тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан, но-шпа тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан.
С) Диета № 5, аллохол тамақпен бірге тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан, өт жолын тазалау (тюбаж) ксилитпен күніне 2 рет.
D) Диета № 5, аллохол тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан, , но-шпа тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан, өт жолын тазалау (тюбаж) аптасына 1 рет, хенофальк тәулігіне 20 мг/кг (тамақтан кейін 3 рет қабылдау).
Е) Диета № 5, тамақпен бірге тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан, хенофальк тәулігіне 20 мг/кг (тамақтан кейін 3 рет қабылдау).
{Дұрыс жауап } = А
{ Күрделілігі }= 2
{Оқулық }= Клиническая фармакология, Кукес В.Ж., 1999г,2006 г
{Курс}= 7
{Семестр}= 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі }= РА
02_06_каз.
$$$002
61-жастағы науқаста төс артындағы ауырсынудың қатты ұстамасы пайда болды. Анамнезінде бірнеше жыл бойы кезеңмен таңертең қақырықты жөтел пайда болады, бактериалды асқыну болмағанда -қақырық шырышты, асқынған кезде шырышты-іріңді немесе іріңді; жүрген кезде ентігу, соңғы кезде жай жүктемеде дем шығарудың қиындығын байқайды.
Объективті- айқын акроцианоз, тыныс жиілігі минутына 24, ЖЖЖ минутына 100, ҚҚ 110/70 мм сын. бағ. ҚЖА: Нв - 178 г/л, Эр-5,9х1012/л. ЭКГ-ге түсіргенге дейін ауырсыну ұстамасын басу керек.
Науқасқа қай препарат қарсы көрсетілген және неге?
A) Изокет, себебі миокардқа пред- және постжүктемені азайтады
B) Морфин, тыныс алу орталығын тежейді
C) Анальгин, қан өндіруді тежейді
D) Димедрол, себебі ол ауру басудан көрі аллергияға қарсы әсері көп
E) Нитроглицерин, себебі ортостатикалық гипотензия шақыруы мүмкін
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделілігі}= 3
{Оқулық}= Клиническая фармакология, Кукес В.Ж., 1999г, 2006 г
{Курс}= 7
{Семестр}= 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі }= NS
02_06_каз.
$$$003
27 жастағы М. науқаста сол қолының бас бармағының іріңді панарициі, 38,5 С дене қызбасы болған. Науқасқа ошақтың тазалауын жүргізіп, аспирин, цефазолин, гентамицин тағайндалды. Анамнезінде жарты жыл бойы варфаринді 2,5мг ½ таблеткадан қабылдайды (жарты жыл бұрын жүрек қақпақшасын протездеу операциясы жасалған). Осы жағдайда фармакотерапияның асқынуының қайсысы мағыналы және неге?
А) Дисбактериоз, себебі антибиотикпен бейстероидты қабынуға қарсы препараттарды( БҚҚП) біріктіргенде ішектің қалыпты биоценозы бұзылады
В) Ототоксикалық әсер, себебі гентамицинді қолданғанда науқастың есту қабілеті айқын төмендейді
С) Нефротоксикалық әсер, себебі тубулоинтерстициалды нефриттің пайда болуы аминогликозидтердің жанама әсерлерінің бірі болып саналады
D) Ұзақ аурудың барысы, себебі аминогликозидтер және цефалоспориндер бір-бірінің әсерін басады
Е) Гипокоагуляция, себебі БҚҚП антикоагулянттармен қабылдағанда оларды плазмадағы ақуыздарымен байланысынан ығыстырады.
{ Дұрыс жауап } =Е
{ Күрделілігі }= 3
{ Оқулық }= Клиническая фармакология, Кукес В.Ж., 1999г,2006 г
{Курс}= 7
{Семестр}= 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі }= NS
Қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
«Бекітемін»
СММУ ректоры,
профессор_______________Т.К Рахыпбеков.
«Хирургия » пәні бойынша тестілік тапсырмалар.
Интерн-хирургтарға арналған.
Құрастырушылар:
м.ғ.д., доцент Аймағамбетов М.Ж.
м.ғ.к., ассистент Хребтов В.А.
м.ғ.д, доцент Булегенов Т.А.
м.ғ.к., ассистент Ермолаев В.А.
м.ғ.к., ассистент Ельчибаев Б.М.
м.ғ.к., ассистент Проказа М.Ю.
м.ғ.к., доцент Гладинец М.М.
м.ғ.к., ассистент Абылхаиров Қ.Т.
№1- хирургия кафедрасынын меңгерушісі : профессор
____________________Н.Р. Рахметов.
