- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Annotation
- •Мазмұны
- •Технологиялық бөлім
- •1.1 Күкірт қышқылын және олеумді қолдану
- •1.1 Сурет - Күкірт қышқылын қолдану
- •1.2 Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері
- •1.1 Кесте - h2so4 және олеум сулы ерітінділердің қасиеттері
- •1.3 Қойылтылған күкірт қышқылының химиялық қасиеттері
- •1.4 Су қосқан күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.
- •1.5 Күкіртті қышқылдар алу
- •1.5.2 Күкірт қышқылын алудың кезеңдері
- •1.5.3 Күкірт қышқылын алудың әдістері
- •1.5.4 Күкірттен күкірт қышқылдарын өндіру
- •1.5.5 Темір колчеданнан күкірт қышқылын өндіру
- •1.5.6 Күкірт сутектен күкірт қышқылын өндіру
- •2. Күкірт қышқыл өндірістерінің маңызды технологиялық схемаларын әзірлеу.
- •2.1 Игерілген технологиялық схемалар сипаттамасы
- •2.2 Күкір қышқылы өндірісіндегі технологиялық параметрлерді есептеу
- •2.2.1 Заттық баланс
- •2.2.2 Заттық баланстың есебі
- •2.2.3 Шығын коэффициентін есептеу
- •2.2.4 Күкірт диоксидтің шығуын есептеу
- •2.2.5 Шырақ тұқылының шығуын есептеу
- •2.3 Гидравликалық машиналардың негізгі жұмыс параметрлері
- •2.3.1 Химиялық технологиялардағы насостар
- •2.3.2 Насосты есептеу
- •2.4 Автоматтандыру құралдарын таңдау
- •2.4.1Басқару жүйесінің контроллерін таңдау
- •2.1 Сурет – Simatic s7-300 бақылауышы
- •2.4.2 Құралдардың сипаттамасы
- •2.5 Күкіртті колчеданның күйдірумен күкіртті қышқылдар алудың технологиясындағы температураны реттеу жүйесінің төменгі деңгейінің бағдарлама техникалық кешенін құрастыру
- •2.5.1 Символдар кестесін құру
- •2.2 Сурет - Символдар кестесі
- •2.5.2 Ұйымдастырушы блокта бағдарламалау
- •2.3 Сурет - Бағдарлама құрылымы
- •2.5.3 Диспетчерлік пункті құру
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Aвтoмaттaндыpылғaн бaсқapy жүйесiн құpyғa кететiн кaпитaлды қapжылық шығындap.
- •3.3 Қаржылық жоспар
- •3.2 Кесте - Автоматтандыру жүйесінің құралдарына кететін шығындар
- •Автоматтандыру құралдарына және құрылғыларына кеткен капиталдық шығындардың жалпы құны
- •Құрылғылардың монтажына кеткен шығындар капиталдық шығындардың 25%-ін құрайды (Смонт.)
- •3.4 Автоматтандыру жүйесін эксплуатациялауға кеткен шығындар
- •Автоматтандыру құралдарының және есептеу техникасының ағымдық жөндеу жұмыстарына кеткен шығыны автоматтандыру жүйесін құруға кеткен капиталдық шығын көлемінің 2,5%-ын құрайды (Сағым.Ж.Ж.)
- •1. Желдету
- •1. Ғимараттың ішкі және сыртқы жылулық жүктемесін есептеу.
- •4.1 Ғимараттың ішкі және сыртқы жылулық жүктемесін есептеу
- •4.2 Желдету
- •4.4 Шудан қорғану шаралары
- •Қорытынды
- •Қысқартулар тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
4.2 Желдету
Ауаны технологиялық баптаудың талаптары өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы технолгиялық процестерді жүргізуде, сондай-ақ радиоэлектрондық жабдықтың, жоғары жиілікті станоктардың, аспаптардың жэне т.б. жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ауа ортасының белгілі бір параметрлерін (ауаның температурасын, ылғалдылығын, қозғалысын) өндірістік қажеттіліке сай қолдауға негізделеді.
Ауаның белгілі бір жағдайы көптеген жұмыстарда, әсіресе жана технологиялық процестерде қажетті, тіпті көбіне шешуші шарт болып табылады. Мұнда тамақ, тоқыма, қағаз өнеркәсібімен бірге электрондық аспаптар, жартылай өткізгіштер, телерадио жүйелер өндірісі, машина жасау мен аспап жасау, жасанды материалдар,талшық өнеркәсібі өндірісін бөліп айтуға болады. Медициналық мекемелерде таза, стерильді ауа ортасының берілген температуралары мен ылғалдылығын сақтау адамдарды ойдағыдай емдеудің маңызды құрамы болып табылады.
Мал шаруашылығы мен культивация ғимараттарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау үшін нысандарда берілген температура-ылғал режімін жасауда ауа баптау техникасының маңызы үлкен. Сондай-ақ биология, физика, химия, саласындағы зерттеулерді орындауда, радиоактивті заттармен жүмыс істеуде, өлшеу эталондарын сақтауда және олармен жұмыс істеуде,телефон стансаларының және қуатты ЭЕМ қалтқысыз жүмысын қамтамасыз ету үшін ауа баптау жүйесінің елеулі маңызы бар.
Ауа баптаудың технологиялық жүйелері белгілі бір өндірістік және технологиялық процесс талаптарына басым дәрежеде жауап болатын ауа параметрлерін қамтамасыз ету үшін тағайындалады.
Аумағы 15-тен 140 м2 дейінгі тұрғын және қоғамдық бөлмелерде сплит-жүйе ауа баптағыштары кең таралуда. Олар сыртқы блоктан (компрессорлы-конденсаторлы агрегат) және ішкі блоктан (буландырғыш) тұрады. Сытрқы блокта компрессор, конденсатор, желдеткіш тұрады.
Сыртқы блокты ғимараттар қабырғасына, шатырға немесе шатырдың астына, қосалқы бөлмеге, балконға, яғни ыстық конденсатор төменірек температурасы бар атмосфера ауасымен салқындатылатын жерге орнатуға болады.
Ішкі блок тікелей ауа бапталатын бөлмеге орналастырылады және ауаны жылыту немесе салқындату, сүзу жэне бөлмедегі ауаның қажетті қозғалысын жасау үшін тағайындалады. Іщкі блоктар берілген температураны ұстайды жэне бөлмедегі ауаның тең бөлінуін қамтамасыз етеді және шусыз жұмыс істейді (шу деңгейі 35-38 дБ).
Сплит - жүйе ауабаптағыштары қабырғалық (қуаты 1,5-5 кВт), еден - төбелік (4,0-9,0 кВт), діңгек типті (5-14,5 кВт), кассета типті (5,0-14,0 кВт), хладагент шығыны өзгерісі бар зона аралық болып шығарылады.
Қабырғалық ауабаптағыш жұмысы қашықтық пультінен басқарылады, ол ауабаптағыштың жұмыс режімін белгілеп отырады: жылыту, салқындату, кептіру, желдетудүнгі режім; автоматты түрде орындалатын талап етілетін температураны белгілейді; желдеткіштің жұмыс режімін таңдайды: белгіленген уақытта ауабаптағышты қосатын немесе ажырататын таймерді баптайды; бағыттауыш - пердешелердің қалпын автоматты реттейді жэне сөйтіп ауа бағытын өзгертеді.
Бөлменің ауа баптауы үшін жылу жэне ылғал теңгермешілігін жасау жылыту-желдету техникасында қабылданған жалпы белгілі әдістермен жүргізіледі.Мұнда бөлменің ауа ортасының өзгеруіне әсер ететін барлық фактор есепке алынуы қажет. Түрлі тағайынды бөлмелерде: негізінен бөлме сыртындағы жылу жүктемелері; бөлме ішіндегі жылу жүктемелері әрекет етеді.
Сыртқы жылу жүктемелері келесі құраушылардан тұрады:
қабырға, еден, терезе, есіктер арқылы ғимарат сыртындағы және ішіндегі жылу айырымы нәтижесінде түсетін жылулар мен жылу шығындары.
- жазда ғимараттың ішкі, сыртқы температура айырымы оң, ал қыста теріс болады, осы себепті бөлме ішінде белгіленген режім температурасын ұстау қажет болады.
- күн сәулесінен шыныланған беттер арқылы түсетін жылулар; бұл жүктеме сезілетін жылу ретінде байқалады;
- инфильтрациядан түсетін жылулар.
Сырттағы жылу жүктемелерінің әр түрлі қасиеттері болатынын атау қажет, ол жыл маусымына, уақытқа орай оң болуы мүмкін.
Қызмет көрсетілетін бөлмелерге жататын тұрғын және офистік бөлмелердегі жылу негізінен келесі жылудан тұрады:
- адамдар бөлетін жылу;
- электр тұрмыстық құралдар, шамдар, жарық беретін аспаптар бөлетін жылу;
- компьютерлер, баспа құрылғылары, фотокөшірме машиналар және т.б. (офистік және басқа бөлмелерде) жьшуы.
Түрлі тағайынды өндірістік және технологиялық бөлмелерде жылу көздері келесілер болуы мүмкін: қызған өндірістік жабдық; жанған материалдар, соның ішінде сұйықтар жартылай өнімдер; жану өнімдері және химиялық реакциялар.
Жылдың жазғы мезгілінде қоршапған құралымдар арқылы сырттан келетін жылу есебін шығару тәулік ішінде елеулі өзгерістерге ұшырайтындықтан және күн сәулесі эсерінен сырт қоршаулардың беттері жылу ағынының бұдан да көбірек ауытқуға ұшырауы себепті қиындық келтіреді. Сондай-ақ сырт қоршаулардың көлемділігі оның беттеріне түсетін сәуле жылуын азайтуы себепті жылу алмасуға елеулі әсер етеді.
4.3 Шу
Шу — уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады
1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелер шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады. 2) Аэро немесе гидродинамикалық шу — газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
3) Термиялық шу — газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.
4) Кавитациялық шу — акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.
Қаладағы шу көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан — бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық төмендетеді. Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.
