- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Annotation
- •Мазмұны
- •Технологиялық бөлім
- •1.1 Күкірт қышқылын және олеумді қолдану
- •1.1 Сурет - Күкірт қышқылын қолдану
- •1.2 Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері
- •1.1 Кесте - h2so4 және олеум сулы ерітінділердің қасиеттері
- •1.3 Қойылтылған күкірт қышқылының химиялық қасиеттері
- •1.4 Су қосқан күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.
- •1.5 Күкіртті қышқылдар алу
- •1.5.2 Күкірт қышқылын алудың кезеңдері
- •1.5.3 Күкірт қышқылын алудың әдістері
- •1.5.4 Күкірттен күкірт қышқылдарын өндіру
- •1.5.5 Темір колчеданнан күкірт қышқылын өндіру
- •1.5.6 Күкірт сутектен күкірт қышқылын өндіру
- •2. Күкірт қышқыл өндірістерінің маңызды технологиялық схемаларын әзірлеу.
- •2.1 Игерілген технологиялық схемалар сипаттамасы
- •2.2 Күкір қышқылы өндірісіндегі технологиялық параметрлерді есептеу
- •2.2.1 Заттық баланс
- •2.2.2 Заттық баланстың есебі
- •2.2.3 Шығын коэффициентін есептеу
- •2.2.4 Күкірт диоксидтің шығуын есептеу
- •2.2.5 Шырақ тұқылының шығуын есептеу
- •2.3 Гидравликалық машиналардың негізгі жұмыс параметрлері
- •2.3.1 Химиялық технологиялардағы насостар
- •2.3.2 Насосты есептеу
- •2.4 Автоматтандыру құралдарын таңдау
- •2.4.1Басқару жүйесінің контроллерін таңдау
- •2.1 Сурет – Simatic s7-300 бақылауышы
- •2.4.2 Құралдардың сипаттамасы
- •2.5 Күкіртті колчеданның күйдірумен күкіртті қышқылдар алудың технологиясындағы температураны реттеу жүйесінің төменгі деңгейінің бағдарлама техникалық кешенін құрастыру
- •2.5.1 Символдар кестесін құру
- •2.2 Сурет - Символдар кестесі
- •2.5.2 Ұйымдастырушы блокта бағдарламалау
- •2.3 Сурет - Бағдарлама құрылымы
- •2.5.3 Диспетчерлік пункті құру
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Aвтoмaттaндыpылғaн бaсқapy жүйесiн құpyғa кететiн кaпитaлды қapжылық шығындap.
- •3.3 Қаржылық жоспар
- •3.2 Кесте - Автоматтандыру жүйесінің құралдарына кететін шығындар
- •Автоматтандыру құралдарына және құрылғыларына кеткен капиталдық шығындардың жалпы құны
- •Құрылғылардың монтажына кеткен шығындар капиталдық шығындардың 25%-ін құрайды (Смонт.)
- •3.4 Автоматтандыру жүйесін эксплуатациялауға кеткен шығындар
- •Автоматтандыру құралдарының және есептеу техникасының ағымдық жөндеу жұмыстарына кеткен шығыны автоматтандыру жүйесін құруға кеткен капиталдық шығын көлемінің 2,5%-ын құрайды (Сағым.Ж.Ж.)
- •1. Желдету
- •1. Ғимараттың ішкі және сыртқы жылулық жүктемесін есептеу.
- •4.1 Ғимараттың ішкі және сыртқы жылулық жүктемесін есептеу
- •4.2 Желдету
- •4.4 Шудан қорғану шаралары
- •Қорытынды
- •Қысқартулар тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
4.4 Шудан қорғану шаралары
Соңғы онжылдықта техниканың қарқынды дамуына байланысты машиналардың қуаты мен өнімділігінің, олардың жұмыс органдары жылдамдығының тұрақты көбеюі салдарынан жұмыс орнындағы шу тұрақты артып отыр және көп жағдайларда шекті шамадан біршама жоғары. Бұл адамның өндіріс пен тұрмысты жоғары деңгейдегі шу әсеріне үнемі ұшырауына алып келді. Шумен күрес мәселесі еңбекті қорғаудың және қоршаған ортаны қорғаудың бірегейлі бөлігі болып табылады.Шумен күрес гигиеналық, техникалық басқару және құқық мәселелерінің шешілуіне байланысты кешенді мәселе болып табылады. Интенсивті шудың (80 дБ-дан жоғары) ұзақ әсері адамның есту қабілетінің толық немесе жартылай нашарлауына әкеледі. Адам организміне шудың ықпалы есту органына әсерімен ғана шектелмейді. Шу есту жүйкесінің талшықтары арқылы тітіркеніп орталықтық және вегетивтік жүйке жүйесіне беріледі, адамның мазасыздануына, психикалық жағдайына әсер етеді. Адам интенсивті шудың әсер етуінен орташа алғанда физикалық және жүйке – психологиялық күштерінің 10 – 20 %-ын жоғалтады, сондықтан шу мөлшері 70 дБ-дан жоғары болмау керек. Өндірістік аурулардың ішінде 10 – 15 %-ы осы шудың әсерінен болған. Шу ұзақ әсер ету жағдайында жұмыс жасайтын адамдарда бас ауру, бас айналу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, құлақ ауруына, тәбетінің төмендеуіне және шаршағандық белгісінің жоғарылауына әкеледі.
Қондырғыларда , жабдықтарда, яғни, шу көздеріндегі шуды төмендету. Бұл үшін тәсілдемелік, құрылымдық және тағы да басқа шешімдер қолданылады. Құрылымдық өзгерістер шу пайда болатын шу көздеріндегі шуды төмендетуге бағытталған, кейбір жеңіл алынатын элементтеріне өзгерістер енгізу арқылы төмендетеді. Сонымен қатар дыбысты оқшаулайтын және дыбысты сіңіретін материалдар қолдану керек.
Ғимараттардың ішкі қабырғалары дыбысты сіңіретін материалдардан жасалады немесе арнайы дыбысты сіңіретін құрылысты болып салынады. Барлық кеңінен таралған дыбысты сіңіретін материалдар құрылысы бойынша кеуекті болып келеді. Танымал материалдар: шыныдан және минералды талшықтардан ашық кеуекті болып жасалады. Егер шу көзі немесе адамдар жұмыс жасайтын бөлме дыбыс оқшаулайтын құрылымдармен қоршалған болса, онда шу едәуір дәрежеде төмендейді.
Егер жұмыс орнында шу деңгейін рұқсат етілген мәнге дейін төмендете алмайтындай болса немесе техника – экономикалық тұрғысынан тиімсіз болса, онда шудан дербес қорғану құралдарын қолдану қолайлы. Шудан дербес қорғану құралдарын қолдану тек есту органдарын қорғап қана қоймай, сонымен қатар жүйке жүйелерінде шудың зиянды әсерінен қорғайды. ГОСТ 12.1.029 – 80 (ст СЭБ 1928 - 79) сәйкесінше «ССБТ. Средства и методы защиты от шума Классификация» шудан дербес қорғану құралдары құрылымдық қолдануына байланысты шуға қарсы наушниктер, шуға қарсы каскалар және шлемдер, шуға қарсы костюмдер деп бөлінеді. Наушниктер құлақтың сыртынан кигізіледі. Шлемдер мен каскалар бас бөлігін және құлақты жауып шудың рұқсат етілген мәнге дейін естілмеуін қамтамасыз етеді. Шуға қарсы костюмдер адам денесін және бас бөлігін жауып тұрады.
