Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kom_zhauap_30.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96 Кб
Скачать
☆

Есеп № 19. Шахталық құдықтың суынан лабораториялық зерттеу кезінде анықталды:

  1. Шахталық құдық – тереңдiгi көлденең тiлiктен артық, сумен жабдықтау мақсатында, жер асты суларын жинауға арналған тiк кен қазбасы. Шахталық құдық алғашқы тегеурiнсiз сулы қат-қабаттан су алу үшiн орнатылады. Басын, бағанын және су өткiзбейтiн бөлiгiн қамтитын құдықтың дөңгелек немесе төртбұрыш формалы шахтасы болады. Шахтаның қабырғалары тығыз, саңылаусыз болуы тиiс, құдық беткi ағындардың және қалқыма сулардың енуiнен жақсы оқшаулануы тиiс. Құдықтың қабырғаларын әрлеу үшiн бетондалған немесе темiр бетондалған сақина, тас, кiрпiш, тал қолданылады. Құдықтың қабырғаларын қаптауға суды боямайтындай және қоспаларсыз арналған тас қажет. Шегендердi орнату кезiнде ағаштардың рұқсат етiлген жыныстары пайдаланылады. Шахталық құдықтардан суды көтеру үшiн әртүрлi құрылымы бар (қолмен және электрлiк) сорғыштар пайдаланылады. Бiр немесе екi тұтқасы бар қақпа, бiр немесе екi шелекке арналған дөңгелегi бар қақпа, мықты бекiтiлген шелегi бар «қол шығар ағашын» қондыруға болады. Шахталық құдықтарды 30 - 40 м, сирек жағдайда 50 м тереңдікте жатқан жер асты суларын алу үшін пайдаланады. Тайыз құдықтардың шахтасы ағаш қималарымен, тереңдері бетон шеңберлерімен бекітіледі. Мөлдірлігі мөлдір деп саналады, егер 30 см су қабатын Снеллен шрифті анық оқылса. Тұрғындарға берілетін су мөлдірлігі 30 см төмен болмауы тиіс. Егер ол 30 см төмен б/са, онда бұл суды тұтынуға болмайды ж/е бұл судың ластанғанын көрсетеді. Түстілігі – табиғи (темір тұздары, су өсімдіктерінің гүлденуі) н/е ластану салдарынан болуы мүмкін. Түстілігі эталон шкаласымен салыстыру арқылы анықталады. Судың табиғи қасиеті, су құрамындағы гуминдік заттар әсерінен сары түстен қоңыр түске дейін түсі б/ы мүмкін. Гуминдік заттар топырақтағы органикалық қосылыстардың ыдырауы кезінде түзіледі, одан шайылып шығып ашық су көздеріне түседі. Судың иісі 20°С та және 60° қа дейін қыздырғанда екі баллдан аспауы керек. Иісі 5 баллдық бағана б/ша бағаланады: 0 – иісі болмайды, 1 – өте әлсіз, 2 – әлсіз көңіл аударылмайды, 3 – иісі байқалады, оңай байқауға болады, 4 – иісі айқын суды ішу мақсатында жағымсыз етеді, 5 – иісі өте күшті суды ішу мақсатында жарамсыз етеді. Дәмі мен дәмділігі – 5 баллды бағанамен анықталады. 20° 2 баллдан аспау керек. Коли индекс бір литр судағы ішек таяқшасы тобының бактериялар саны, ол 3 аспау к/к. Коли титр бір ішек тобының бактериялар табылатын судың ең аз мөлшері, қ.ж. 333 тен көп болмауы к/к. Нитраттар жер беті суларында оның концентрациясы 10 мг/л аспайды. ШРЭК 45мг/л. Нитраттар нормадан жоғары б/са ағзада токсикалық цианоз тудырады. Гемоглобиннің оттегін тасымалдау қабілеті төмендегендіктен тері қабаты көкшілденеді. Сонымен қатар канцерогендік әсері де анықталды. Ал аз мөлшері нормадан ешқандай ауытқушылық тудырмайды.

  2. 2010ж 28 шілде № 554 «Су көздеріне, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға, мәдени тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын сан эпид талаптар».

Есеп № 20. В. Қаласынан 20 км қашықтықта өзен жағасында

1.Бірқатар факторлардың климаттың, өсімдіктердің және жер қыртысындағы ағзалардың бірігіп әсер етуіне б/ты п.б/н тау жыныстарының сыртқы қабатын топырақ д.а. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда топырақтың тұрмыстық қалдықтармен органикалық ластануының да маңызы зор, себебі топырақтың жұқпалы және паразитарлық аурулардың пайда болуында рөлі өте зор. Органикалық қалдықтармен ластанған топырақ оны сақтау ортасына айналады және патогенді ішек таяқшаларының, вирустардың, гельминттердің жұмыртқаларының қарқынды дамуына жағдай жасайды. Топырақты санитарлық бақылау үшін қазіргі кезде келесі көрсеткіштер қолданылады: 1) Санитарлық – химиялық көрсеткіштер: оған жататын көрсеткіш: Н.И. Хлебниковтың санитарлық саны С – бұл жер қыртысындағы гумустық азоттың (А) ластаушылардың құрамындағы органикалық ыдырамаған азоттың (В) санына қатынасы: С=А/В. Санитарлық санның шамасына б/ты жер қыртысына сипаттама беріледі: Іс жүзінде таза – 0,98 және жоғары; Әлсіз ластанған – 0,85 тен 0,98 ге дейін; ластанған – 0,70 – 0,85; Өте күшті ластанған – 0,70 тен аз. Таза топырақта ыдырамаған органикалық азот гумустық азотқа қарағанда аз болуы керек. 2) Санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер: оған жататын көрсеткіш ішек таяқшасы тобының бактерияларының жалпы санын анықтау нәжістік ластанудың көрсеткіші болып саналады. Жер қыртысының санитарлық жағдайы коли индекс б/ша (1 гр жер қыртысындағы ішек таяқшалары тобы бактерияларының саны) және коли титр б/ша (осы бактериялар тобының құнарлы ортада дамуына әкелетін жер қыртысының ең аз мөлшері) бағаланады. Таза жер қыртысында коли титрдің саны – 1,0 және одан жоғары; өте аз ластанған – 0,1 – 0,01; орташа ластанған – 0,01 – 0,001; өте күшті ластанған – 0,001 және төмен. Анаэробты бактериялар титрі таза - 1,0 және одан жоғары; өте аз ластанған – 0,1 – 0,01; орташа ластанған – 0,01 – 0,001; өте күшті ластанған – 0,001 және төмен. 3) Санитарлық гельминтологиялық көрсеткіштер: нәжістермен ластанбаған топырақта гельминттердің жұмыртқалары болмайды; өте аз ластанғанда 1 кг топырақта олардың саны 1 ден 10 ға дейін болады; орташа ластанған жер қыртысында – 10 – 100; өте күшті ластанған жерде 100 ден көп болады. 2.№ 3.05.004.96 ГОСТ «Топырақ. Ластанудан топырақты қорғауын бақылауға қойылатын жалпы талаптар. Елді мекендегі топырақтың жағдайын бағалау көрсеткіштері».

Есеп № 21.

Аурухана жобасын қараған кезде корпус аралық фасады 1.Корпустар мен басқа ғимараттар арасындағы арақашықтық күн сәулесінің түсуінің, жарықтандырудың, желдетудің және шудан қорғаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. Аурухана корпустарының ара қашықтығы 2,5 м ден жоғары және 2,4 м ден кем болмауы керек. 2.Патологиялық анатомиялық бөлімше бөлек ғимаратта н/е ас блогын қоспағанда шаруашылық аймағында орналасқан ғимаратқа жапсарлас үй жайда орналастырылады. Бөлімшедегі палаталы корпустарға ж/е ас блогына дейінгі арақашықтық 30 м- ден кем емес болу керек. Патологиялық анатомиялық бөлімшенің ғимараты емдеу ж/е босануға арналған үй жайлардың, ұйымның аумағына жақын орналасқан тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеуі тиіс. Патол/қ анатом/қ бөлімшеде кемінде үш кіретін есік болуы тиіс. Екеуі мәйіттерді қабылдау және беруге арналған, ал үшіншісі персоналға арналған. Инфекцияланған мәйіттерді ашуға арналған үй жай оқшауланады және сырттан кіретін бөлек есігі болады. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеде және мәйітханада үш кіріп-шығатын есік болуы тиіс, екеуі мәйіттерді бөлек қабылдауға және беруге арналған, үшіншісі персоналдың пайдалануына арналған. Мәйітханада мынадай үй-жайлар көзделеді: мәйіттерді қабылдау және сақтау бөлмесі, секциялық, оның ішінде бөлек сыртқы есігі мен кіретін жолдары бар инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашуға және беруге арналған кіші секциялық, салт-жора рәсімдері және мәйіттерді беруге арналған бөлме, тіркелген материалдарды, киімдерді, табыттарды және басқа да мүліктерді сақтау бөлмесі, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар. Патологиялық-анатомиялық бөлімшелерде секциялық материалды зерттеуге арналған қосымша зертхана болуы тиіс. Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде заттық айғақтарды сақтауға арналған жеке бөлме бөлінеді. Ғимарат ішінде мәйіттерді тасымалдауға, ашуға, тіркелмеген секциялық материалды өңдеуге және сақтауға байланысты үй-жайлар гистологиялық зертханадан, дәрігерлер мен қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жайлардан, мұражайдан және тұрмыстық үй-жайлардан тамбур немесе дәліз арқылы бөлінеді. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жайды жертөледе немесе ғимараттың цокольды қабатында орналастыруға жол беріледі. Секциялық үй-жайларды мәйіттерді беру үй-жайына тікелей жақын орналастыруға жол берілмейді. Инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашуға арналған үй-жайдың бөлек артық, сыртқы кіру-шығу есігі болуы тиіс. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жайлардың, секция алдындағы, секциялық, мәйіттерді киіндіруге арналған бөлменің және қаза рәсімі өтетін залдың есіктерінің жақтауларын және құрылымын жоспарлау зембілдердің және арбаның еркін өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің арнайы киімдері мен басқа киім-кешектері ұйымның кір жуатын орнында басқа бөлімшелердің киім-кешегінен бөлек алдын ала зарасыздандырылғаннан кейін жуылады. 3.Ұйымның аумағы абаттандырылады, көгалдандырылады, қоршалады және жарықтандырылады. Отырғызылған көгал мен гүлзарлардың ауданы учаскенің жалпы ауданының кемінде 60 % құрауы тиіс. Ағаштар ғимараттан 15 м жақын емес арақашықтықта, бұталар 5 м отырғызылады. Аумақты көгалдандыру үшін қауызды, талшықты заттарды және улы жемісі бар мамық тұқымдарды бөлетін тікенекті өсімдіктерді отырғызуға жол берілмейді.

4.Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) кіретін есіктер, баспалдақ торлары және лифтілер науқастарды қабылдау және шығару үшін бөлек болуы тиіс. Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімшелерде көлік кіретін (есік) жеке жол және көлікті дезинфекциялауға арналған жабық алаң болуы тиіс. Емхана корпусы дербес кіру есігі болу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]