- •Есеп № 1. Қатты өндірістік қалдықтар полигонын салған кезде
- •Есеп № 2.Емдік массаж мекемесінің жоспарымен танысқанда
- •Есеп № 4.В қаласындағы № 20 мектептің информатика оқу
- •Есеп № 5. Аурухананың хирургия бөлімінің жоспарымен танысқанда,
- •Есеп № 6. Аудандық әкімшілік 1000 тұрғыны бар «а» тұрғылықты пунктінде,
- •Есеп № 7. Артезиан скважинасынан алынған су:
- •Есеп № 9. Шаштараздың жоспарымен танысқанда онда: шаш қию, шашты бұйралау
- •Есеп № 10 №1, №2, №4, мектептерде,
- •Есеп № 11 Хирургиялық стационардағы шу деңгейін өлшеу кезінде,
- •Есеп № 12 р. Поселкасындағы шахталық құдықтың суынан
- •Есеп № 13 в. Аудандық орталығында жұқпалы аурулар
- •Есеп № 14 д поселкасындағы ашық су көздерінен алынған
- •Қр дсм 2010 ж. 25 қазан № 834 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылысына, құрамына және білім беруіне қойылатын сан/эпид талаптар» туралы СанНжЕ.
- •Есеп № 17 Микрорайондағы үйлердің ауласына қоқыстар
- •Есеп № 19. Шахталық құдықтың суынан лабораториялық зерттеу кезінде анықталды:
- •Есеп № 22. 120 кереуеттік аурухана жобасын қарағанда емдеу
- •Есеп № 23 Ашық су көздерінен алынған судың лабораториялық анализі:
- •Есеп № 28. Михайловка ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін
- •Есеп № 29 3700 тұрғынға арналған канализацияланбаған
- •Есеп № 30 Аурухана палатасында 5 адам бар.
Есеп № 28. Михайловка ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін
1.Ұңғыма - жерасты суларын жер бетiне шығаруға арналған құрылғы; Ұңғыманың құрылымы судың дебиттерiн өлшеу, сынамалар алу және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Ұңғыма басының (жердiң үстiндегi бөлiгi) құрылымы ластануларды және беткi судың ұңғымадағы құбыр аралық және құбыр сыртындағы кеңiстiгiне енуiн болдырмайтын толық саңылаусыздықты қамтамасыз етуге тиiс. Iргелес жатқан аумақта ұңғыманың санитариялық қорғаныш аймағы көзделедi және жерасты суларын ластанудан қорғау жөнiнде шаралар жүргiзiледi. Құбырлық құдықтарды орнату үшiн үстiнен су өткiзбейтiн жыныстармен қорғалған су жиектерi пайдаланылады. Құбырлық құдықтың басы жер бетiнен 0,8-1,0 м-ге жоғары болуға, саңылаусыз жабылуға, қаптамасы және шелектi iлiп қою үшiн iлмекпен жабдықталған төгетiн құбыры болуға тиiс.
Судың минералдық құрамына: судың токсикологиялық, эпидемиялық және органолептикалық көрсеткіштері жатады. Токсикологиялық көрсеткіш химиялық құрамын анықтайды. Оған нитраттар, фтор, молибден, мышьяк және қорғасынның нормалары жатады. Ал органолептикалық көрсеткіш құрғақ қалдық, сутек көрсеткіші, темір, жалпы кермектілігі, сульфат, хлорид, мырыш т.б. нормалары. Құрғақ қалдық – судың тұзды құрамының жиынтығы. Ауыз судың құрғақ қалдығының мөлшері 1000 мг/л ден аспауы керек. Ауыз судың құрғақ қалдығы аурудың себебі болмайды. Нитраттар – жер беті суларында оның концентрациясы 10 мг/л, ШРЭК – 45 мг/л аспайды. Нитраттар нормадан жоғары б/са ағзада токсикалық цианоз тудырады. Гемоглобиннің оттегін тасымалдау қабілеті төмендегендіктен тері қабаты көкшілденеді. Сонымен қатар канцерогендік әсері де анықталды. Ал аз мөлшері нормадан ешқандай ауытқушылық тудырмайды. Жалпы кермектілігі – 7,0 мг/л. Фтор – өзіне тән иісі бар газ. Химиялық белсенділігі өте жоғары. Ауыз су құрамында фтордың мөлшері 0 – 20 мг/л. Ал фтордың нормативі орташа есеппен – 0,7 – 1,5 мг/л. Судың құрамындағы фтордың жеткіліксіздігі кариес ауруын тудырады. Яғни 1 мг/л ден 0,1 мг/л ге дейін төмендеуі. Фтордың қалыпты мөлшерден көп болуы флюороз ауруын тудырады. Мөлдірлігі мөлдір деп саналады, егер 30 см су қабатын Снеллен шрифті анық оқылса. Тұрғындарға берілетін су мөлдірлігі 30 см төмен болмауы тиіс. Егер ол 30 см төмен б/са, онда бұл суды тұтынуға болмайды ж/е бұл судың ластанғанын көрсетеді. Түстілігі – табиғи (темір тұздары, су өсімдіктерінің гүлденуі) н/е ластану салдарынан болуы мүмкін. Түстілігі эталон шкаласымен салыстыру арқылы анықталады. Судың табиғи қасиеті, су құрамындағы гуминдік заттар әсерінен сары түстен қоңыр түске дейін түсі б/ы мүмкін. Гуминдік заттар топырақтағы органикалық қосылыстардың ыдырауы кезінде түзіледі, одан шайылып шығып ашық су көздеріне түседі. Судың иісі 20°С та және 60° қа дейін қыздырғанда екі баллдан аспауы керек. Иісі 5 баллдық бағана б/ша бағаланады: 0 – иісі болмайды, 1 – өте әлсіз, 2 – әлсіз көңіл аударылмайды, 3 – иісі байқалады, оңай байқауға болады, 4 – иісі айқын суды ішу мақсатында жағымсыз етеді, 5 – иісі өте күшті суды ішу мақсатында жарамсыз етеді. Дәмі мен дәмділігі – 5 баллды бағанамен анықталады. 20° 2 баллдан аспау керек. Құрғақ қалдық бір литр судағы еріген тұздардың көлемі. Құрғақ қалдық судың минерализациялануының дәрежесін көрсетеді. Судағы құрғақ қалдық 1000 мг/л дейін б/са, ол су қарапайым, ал 1000 мг/л көп б/са минералданған д.а. Бұл көрсеткіштің гиг/қ маңызы бұл: егер суда минер/қ тұздар мөлшері көп б/са онда бұл су ішуге жарамсыз, себебі оның тұзды н/е ащы тұзды дәмі б/ы; ж/е тұз құрамына б/ты тұтынған су ағзаның физиологиялық тұрғыдан қолайсыз ауытқуларына әкелуі мүмкін: шөлді қандыру сезімінің бұзылуына, тіндердің гидрофильділігінің жоғарылауына, асқазан секрециясын өзгертіп, оның моторлы қызметін күшейтеді ж/е ішектер перистальтикасын күшейтеді ж/е т.б. Коли титр бұл бір ішек таяқшасы анықталатын судың ең аз мөлшері. Кермектілік жалпы, карбонаттық, тұрақты және жоюға болатын болып бөлінеді. Жалпы кермектілік тұздарының яғни судағы Са және Мg барлық тұздары болуына негізделгенсудың табиғи қасиеті. Карбонаттық керм/к суда еріген Са және Мg гидрокарбонаттары мен карбонаттарының болуына негізделген керм/к. Тұрақты керм/к бұл қайнаған судың кермек/гі. Жоюға болатын керм/к бұл суды қайнату арқ. Жоюға болатын керм/к. Ауыз су ретінде орташа деңгейдегі кермектілікті суды, ал шаруашылық және өндірістік мақсатта жұмсақ суды пайд. к/к. Себебі су кермектілігі жоғарылаған сайын ет және бұршақ тұқымды азықтың қайнатылуы нашарлайды, шай шығымы азаяды. Шашты жуғаннан соң қатаяды. Кімдердің матасы бұзылады, ыдыстарды тез тот басады.
2.Флюороз - құрамында жоғары мөлшердегі фторы бар суды қолданғаннан п.б. ауру. Флюороз кезінде тістердің эмалі бұзылады. Эмальдын беткейінде әртүрлі пішіндегі,көлемдегі және түстегі дақтар п.б. Көріну ауырлығына б/ты флюороздың келесі түрлерін ажыратады: дақты, штрихті, эрозивті, деструктивті және будырлы.
3.Суды фторсыздандыру. Еліміздің суларында фтордың жоғары концентрациясы кездеседі. Суды фторсыздандыру үшін екі түрлі әдіс қолданылады: реагентті және реагентсіз. Реагентті әдісте: а) Алюминий тұздары – алюминий гидроксиді н/е алюминий сульфаты. Б) магний гидроксиді. В) кальций және магний фосфаттары қолданылады. Бұл үрдіс фторсыздандырудың тиімділігін жоғарылату үшін, судың бос көлемінде емес, оның сүзгі қабаттарында жүргізіледі. Реагенттердің көп шығын болуына б/ты әдістердің бәрі кеңінен қолдау тапқан жоқ. Реагентсіз әдістер. Негізінен ион алмасу шайыры н/е жартылай өткізгіш мембранадан сүзілу арқылы жүреді. Активтелген көмір фторлы өзіне тартпайды. Флюороз эндемиясының ошақтарында санитарлық қызмет орындары келесі шараларды ұсынуы мүмкін: а) фтордың концентрациясы жоғары суларға фторы аз суларды араластыру. Б) сумен қамтамасыз ету көздерін басқа гигиеналық талаптарға сай келетін су көздерімен ауыстыру. В) ауылдық елді мекендер үшін суы жарамды су көздерінде топтық су құбыры қондырғыларын орналастыру.
