- •Есеп № 1. Қатты өндірістік қалдықтар полигонын салған кезде
- •Есеп № 2.Емдік массаж мекемесінің жоспарымен танысқанда
- •Есеп № 4.В қаласындағы № 20 мектептің информатика оқу
- •Есеп № 5. Аурухананың хирургия бөлімінің жоспарымен танысқанда,
- •Есеп № 6. Аудандық әкімшілік 1000 тұрғыны бар «а» тұрғылықты пунктінде,
- •Есеп № 7. Артезиан скважинасынан алынған су:
- •Есеп № 9. Шаштараздың жоспарымен танысқанда онда: шаш қию, шашты бұйралау
- •Есеп № 10 №1, №2, №4, мектептерде,
- •Есеп № 11 Хирургиялық стационардағы шу деңгейін өлшеу кезінде,
- •Есеп № 12 р. Поселкасындағы шахталық құдықтың суынан
- •Есеп № 13 в. Аудандық орталығында жұқпалы аурулар
- •Есеп № 14 д поселкасындағы ашық су көздерінен алынған
- •Қр дсм 2010 ж. 25 қазан № 834 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылысына, құрамына және білім беруіне қойылатын сан/эпид талаптар» туралы СанНжЕ.
- •Есеп № 17 Микрорайондағы үйлердің ауласына қоқыстар
- •Есеп № 19. Шахталық құдықтың суынан лабораториялық зерттеу кезінде анықталды:
- •Есеп № 22. 120 кереуеттік аурухана жобасын қарағанда емдеу
- •Есеп № 23 Ашық су көздерінен алынған судың лабораториялық анализі:
- •Есеп № 28. Михайловка ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін
- •Есеп № 29 3700 тұрғынға арналған канализацияланбаған
- •Есеп № 30 Аурухана палатасында 5 адам бар.
Есеп № 9. Шаштараздың жоспарымен танысқанда онда: шаш қию, шашты бұйралау
Шаштараз мекемесі №553 28 шілде 2010ж. «Әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілерге және парфюмерлік косметикалық өнімдермен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын сан.эпид. талаптар» СанНжЕ сәйкес келмейді.
Шаштараздар, косметологиялық орталықтар, сән кабинеттері салондары жеке тұрған сондай ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың цокольды және бірінші қабаттарында орналастырылады. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан жағдайда тұрғын пәтерлерден оқшауланған жеке кiру есiгi қарастырылады. Бұл нысандарды жертөлелерде және жартылай жертөлелерде орналастыруға болмайды. Жертөле және жартылай жертөле қабаттарында қосалқы және көмекшi үй-жайларды (зат қоятын бөлме, киiм iлетiн орын, қойма, кiр жуу орнын) орналастыруға жол берiледi. Косметологиялық, маникюр, педикюр бөлмелері жеке оқшауланған үй жайларда орналастырылады. Шаштараз залында үш жұмыс орнына дейін қосымша 6 м2 ауданы бар болған жағдайда маникюрге бір жұмыс орнына жол беріледі. Ал педикюр ж/е маникюрге ауданы 10 м2 бөлме берілу керек. Қабырғалары 1,8 м кафельмен, едені тегіс, тығыз дезинфекцияға ыңғайлы б.к. Орындық арасындағы арақашықтық 1,8 м, орындық пен қабырға арасындағы қашықтық 0,7 м б.к. Шаштараздарда шаш пен тырнақты күту бойынша гигиеналық және эстетикалық: 1) шаш қию, жатқызу, бояу, химиялық бұйралау және шашты күту бойынша басқа қызмет; 2) маникюр, педикюр; 3) парик, қапталған мұрт, сақал, бакенбард, шинъон және шаштан әшекейлер дайындау, соның iшiнде тұтынушылардың жеке тапсырмасы бойынша, қасты, кiрпiктi бояу, макияж қызметi көрсетiледi. Шаштараз келесі бөлмелерден тұру қажет: вестибюль, ер ж/е әйел залдары, таза ж/е лас құрал жабдықтарды сақтайтын қоймалық бөлме, тазалау жинау жабдықтарын сақтайтын бөлме, қызметшілерге арналған бөлме, қол жуатыны бар әжетхана бөлмесі. Шаштараз жұмыс орындары кресломен, туалет шаш жууға арналған раковинасы бар үстелiмен жабдықталады. Шаш жууға арналған арнайы орын немесе жеке үй-жай болған жағдайда туалет үстелдерiн раковинасын орнатуға жол берiледi. Ерлер мен әйелдер залдарында шаштаразшыларға қол жууға арналған раковина жабдықталады. Үш жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында шаш жууға 1 раковина мен 1 шаш кептiргiш болу тиiс. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттерi қол және аспаптарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады. Шаштараз канализациямен, ыстық ж/е салқын сумен, жылыту қондырғысымен, механикалық сорып шығаратын жүйемен жабдықталады. Қиылған шаштар арнайы қақпағы жабылатын маркерленген шелекке жиналады. Алғашқы көмек көрсететін медициналық қорапша б.к. Дезинфекция үшін хлорамин, гипохлорид Са, пресепт қолданылады. Таза және қолданылған кiрлердi, парфюмерлiк косметикалық өнiмдердi, жууға залалсыздандыруға заттарын сақтауға арналған қойма бөлмелерi жеке орналастырылады және стеллаждар және шкафтармен жабдықталады. Пайдаланылған киiм-кешектер үшiн таңбаланған пластикалық сыйымдылықтар қарастырылады. Бес жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында жұмыскерлер мен келушiлерге арналған дәретханалар бөлек болу тиiс. Шаштараз залы: шаштараз қызметшiсiнiң әмбебап жұмыс орны – 7 м2, 3 креслоға 21 м2.
