- •Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі
- •1.Физиологиялық жіктелуі.
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі
- •1).Өсу түйіндерінің құралуы (жасуша ішілік қайта қалпына келуі); 2).Миосателлитоциттердің бөлінуі мен дефференсациясы (жасушалық қайта қалпына келуі).
- •3).Миотубулалар сатысы.
- •4).Ересек бұлшық ет талшықтары сатысы.
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі мен гипертрофиялануын күшейту
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері
- •Жүректің бұлшық ет тіні
- •1.Жұмыскер кардиомиоциттердің құрылысы жоғарыда айтылды
- •Бұлшық ет тіндерінің жасқа байланысты өзгерістері
- •Қолданылған әдебиеттері:
Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі мен гипертрофиялануын күшейту
Қаңқалық бұлшық ет тінінің жылдам және толық қайта қалпына келуіне келесі әдістер арқылы қол жеткізуге болады: 1).Анаболиттік гормондарды тағайындау жолымен (еркектердің жыныс гормондарын немесе олардың синтетикалық аналогтарын, инсулинді, өсу гормонын); 2).Витаминдерді тағайындау жолымен. Ақуыздардың синтезіне тікелей қатысатын витаминдердің ерекше маңызы бар. В12 витамині, фолий қышқылы, (калий оратат) оратат қышқылы. 3).Эксперимент кезінде зақымданған аймаққа бөлшектенген бұлшық етті («бұлшық еттік фаршты») енгізген кезде қаңқалық бұлшық еттің қалпына келуінің күрт жақсаруы көрсетілген. 4).соңғы уақытта зақымданған қаңқалық бұлшық еттің қалпына келуін күшейту үшін миосателлитоциттердің егіндісін енгізуді қолдана бастады. 5).қайта қалпына келіп жатқан бұлшық ет тініне мөлшеленген функционалдық күш түсірудің үлкен маңызы бар.
Қаңқалық бұлшық еттің мүше ретінде құрылысы. Бұлшық ет, дәнекер тінімен бір бүтінге біріктірілген көптеген бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Бұлшық еттердегі бұлшық ет талшықтарының саны қатты өзгеріп отыруы мүмкін-бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллионға дейін. Бұлшық ет талшықтарының арасында эндомизий деп аталатын, пішінделмеген борпылдақ талшықты дәнекер тіні жатыр. Эндомизидің дәнекер тіндік талшықтары бұлшық ет талшығының базалды мембранасымен тығыз байланысқан. Бірнеше бұлшық ет талшықтары (10-100) қалыңдау пішінделмеген борпылдақ талшықты дәнекер тінімен қоршалған-ол перимизий деп аталады. Перимизий, эпимизиден шығатын,қатты тармақталған пішінделмеген борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жолақтарынан құралған. Эндомизий мен перимизиде бұлшық етті қоректендіретін қантамырлары мен жүйке болады. Сыртынан бұлшық ет тығыз талшықты дәнекер тінінен тұратын жұқа берік футлярмен-эпимизимен жабылған. Бұлшық еттің сандарына сіңір жалғасады.
Бұлшық ет талшықтарының соңдарында сарколемма көптеген интердигитациялар құрайды.Оларға сіңірдің коллагенді талшықтары кіріп, базалды мембранамен тығыз байланысады.
Бұлшық ет талшықтарының түрлері. Үш негізгі түрін ажыратады.
Iтүрі-қызыл бұлшық ет талшықтары. Диаметрі үлкен емес. Оларда миоглабин ақуызды көп болатын саркоплазма басым болады. Миоглабин талшықтарға да аз, олар жіңішкелеу болады. Бұл баяу (тоникалық) бұлшық ет талшықтары. Оларда митохондриялар көп болады, тотығу-қалпына келу ферменттерінің белсенділігі, қоректік заттардың жинағы (майлардың қосындылары) жоғары болады және ұзақ уақыт бойы бояу, жиырылудың өте үлкен емес күшін дамыта отырып жиырыла алады. Қызыл бұлшық ет талшықтарында миосателлитоциттер көп болады және қанмен жақсы қоректендірілерді. Олардан ұзақ тоникалық күшті орындайтын бұлшық еттер құралған, мысалы ұзақ уақыт ұшатын құстарда, көкірек бұлшық еттері.
IIВ-түрі-ақ бұлшық ет талшықтары. Диаметрі үлкен, миофибрилдерінің жақсы дамыумен және саркоплазмасының нашар дамуымен сипатталады. Саркоплазмасында қызыл талшықтардағыға қарағанда қоректік заттардың жиынтығы мен митохондриялар аз болады. Талшықтарға тотығу ферменттерінің белсенділігі (лактатдегидрогеназа және т.б.)-керісінше жоғары болады. Гликогеннің үлкен жиынтығы бар. Бұл тез, тетаникалық, үлкен күшке жиырылатын, бірақ тез шаршайтын бұлшық ет талшықтары. Олардың қанмен қамтамасыз етілуі нашарлау. Бұл бұлшық ет талшықтарынан тез қозғалысты және қатты жиырылуларды (аяқ-қолдардың бұлшық еттері) орындайтын бұлшық ет құралған. Ақ бұлшық ет талшықтары қызыл бұлшық ет талшықтарына қарағанда тез және айтарлықтай күшті гипертрофияға ұшырайды.
IIА түрі. Бұлшық ет талшықтарының аралық түрі. Алдында айтылған екі бұлшық ет талшығының арасындағы құрылыты, қызметі жағынан аралық орынды алады. Энергия көзі ретінде майлармен қоса гликогендер де қолданылады, оларда тотығу мен гликолиздік процестер бірдей өтеді. Үлкен күшпен тез жиырылуға қабілетті, сонымен қоса шаршауға да төзімді.
Әр адамға өзінің жеке, тұқым қуалайтын, үш бұлшық ет талшықтарының ара қатынасы болады. Физикалық пен спорттық қабілеттілік осымен анықталады.
