Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМ 028-2 Закен Медет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бұлшық ет тіндерінің жасқа байланысты өзгерістері

1.Тегіс бұлшық ет тіні. Ерте постнаталды онтогенезде қуысты мүшелердің қабықшаларының құрамында миоциттердің әрі қарай дифференсалдануы анықталады. Бұл кезде комплексті құрайтын миоциттердің санының өсуі есебінен миоцитарлы комплекстердің біртіндеп көбеюі байқалады. Осыған орай мүшелердің бұлшық ет қабықшалары қабаттарының қалыңдығының біртіндеп өсуі жүреді де, жыныстық жетілу кезіне қарай жоғары шегіне жетеді. Қартайған кезде тегіс миоциттердің апоптоздық өлуінің олардың жаңадан пайда болуынан басым болуына, күшеюіне байланысты миоцитарлы комплекстер өлшемдерінің біртіндеп кішіреюі жүреді. Бұл қуысты мүшелердің бұлшық ет қабықшалары қабаттарының қалыңдығының азаюына алып келеді. Кей жағдайларда керісінше, тегіс бұлшық ет тінінің өсіп кетуі жүреді (еркектерде қуық асты безінде, әйелдерде жатырдың бұлшық ет қабықшасында, атеросклероз кезінде артерияның ішкі қабықшасында).

2.Қаңқалық бұлшық ет тіні. Ерте постнаталды кезеңде бұлшық ет талшықтарының туылған кезде әлі аяқталмаған, соңғы пісіп жетілуі жүреді. Кейінгі уақытта талшықтардың көлденеңінен өсуі есебінен бұлшық еттерде бұлшық ет талшықтарының біртіндеп тығыздануы жүреді. Жас кезде бұлшық ет талшықтарының ұзындығы мен қалыңдығының өсуі есебінен бұлшық ет тінінің көлемінің өсуі жүреді. Бұл процесс жасөспірімдерде жылдам жүреді. Қартайған кезде қаңқалық бұлшық ет тінінде дәнекер тінінің өсіп кетуімен жүретін, бұлшық ет талшықтарының жартылай дегенерациясы мен сему құбылыстары байқалады. Талшықтарда митохондриялардың орналасу тәртібі бұзылады, алып пішінділердің пайда болуымен гипертрофиялануы немесе дегенерациялануы мүмкін. Саркоплазмалық тордың көлемі азаяды. Кей бұлшық ет талшықтарында көлденең жолақтылықтың жоғалуы, миофиламенттердің дезорганизациясымен, фрагментациясы анықталады. Дәнекер тінінің өсіп кетуі нәтижесінде бұлшық еттердің беріктігі мен серпімділігі айтарлықтай төмендейді. Айтылған өзгерістердің барлығына байланысты бұлшық еттер тез шаршағыш бола бастайды.

Жүректің бұлшық ет тіні. жаңа туылған балаларда кардиомиоциттер ұсақ, дөңгелек пішінді, ересектердегіге қарағанда саркоплазма мен талшықтары аз болады. Бұлшық ет талшықтары жіңішке.

Осыған байланысты миокард өмірдің бірінші жылы үлкен адамдағыға қарағанда бозғылт және жолақтылығы аз. Туылғаннан кейін миокардтың қалыңдығы мен салмағы, кардиомиоциттердің өлшемдерінің өсуі есебінен жылдам өседі. Олардың пішіні дөңгелектен, 4 жаста өсінділі бола бастайды. Саркоплазма мен бұлшық ет талшықтарының көлемі жоғарылайды. Жүректің бұлшық еті дифинитивті құрылысқа жыныстық жетілу кезінде жетеді. Қартайған кезде кардиомиоциттердің дистрофиясы мен семуі жүреді. Кардиомиоциттерде ядролық-цитоплазмалық арақатынас төмендейді. Ядролардың тығыздығы төмендейді. Митохондриялар дистрофиялық өзгереді. Базалды мембрана мен сарколемма тығызданады. СПР өзекшелері кеңейеді. Кардиомиоциттерде кәрілік пигмент липофусцин пайда болады. Қарқынды түрде дәнекер тіні өсе бастайды, осының нәтижесінде және кардиомиоциттердің салмағының төмендеуі салдарынан жүректің бұлшық еті сылбыр бола бастайды.