Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОМ 028-2 Закен Медет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Жүректің бұлшық ет тіні

Дамуы. Жүректің бұлшық ет тінінің даму көзі миоэпикардиалды табақша-ұрықтың мойын бөліміндегі висцералды спланхнотомның бір бөлігі болып табылады. Оның жасушалары белсенді түрде митоз жолымен бөлінетін және дифференсалданатын миобласттарға айналады. Миобласттардың цитоплазмасында бұлшық ет талшықтарын құрайтын жіпшелер синтезделеді. Басында бұлшық ет талшықтарының цитоплазмада белгілі бір бағыты болмайды және жолақтылық болмайды. Әрі қарай дифференсалдану процесінде ұзына бойдағы бағытқа келіп, жіңішке бұлшық ет жіпшелерімен сарколемманың құралып жатқан тығыздануларына (Z-зат) бекиді. Бұлшық ет жіпшелерінің реттеліп орналасуының нәтижесінде көлденең жолақтылық пайда болады. Кардиомиоциттер құралады. Олардың цитоплазмасында органеллалар көбейе бастайды: митохондриялар, түйіршікті ЭПТ, бос рибосомалар. Дифференсация процесі кезінде кардиомиоциттер бөлінуге қабілетін бірден жоймай, көбейе береді. Кей жасушаларда цитотомия болмауы мүмкін, ал ол екі ядролы кардиомиоциттердің пайда болуына алып келеді. Дамып жатқан кардиомиоциттер тізбек түрінде орналасып, бір-бірімен жасуша аралық байланыстарды-ендірме дисктерді құрайды. Дивергентті дифференсация нәтижесінде кардиомиоциттер үш түрлі жасушаларға айналады: 1).Жұмыскер немесе типті, жиырылғыш; 2).өткізгіш немесе атипті; 3).секреторлы (эндокринді). Соңғы дифференсалданудың нәтижесінде кардиомиоциттер туылар кезде немесе постнаталды онтогенездің алғашқы айларында бөлінуге қабілетін жоғалтады. Ересек жүрек бұлшық ет тінінде камбиалды жасушалар болмайды.

Құрылысы. Жүректің бұлшық ет тіні кардиомиоцит жасушаларынан түзелген. Кардиомиоциттер жүрек бұлшық ет тінінің жалғыз тіндік элементі болып табылады. Олар бір-бірімен ендірме дисктердің көмегімен бірігеді және морфологиялық ұғым бойынша симпласт болып табылмайтын, функционалды бұлшық ет талшықтарын немесе функционалды симпластты құрайды. Функционалды талшықтар тармақталып, бүйір беттерімен жалғасады, нәтижесінде тор тәрізді құрылым пайда болады.

Кардиомиоциттер нашар дамыған өсінділері бар созылыңқы цилиндр тәрізді пішінді. Олар цитоплазма мен ядродан тұрады, көп жасушалар (ересектердің жартысынан көбінде) екі ядролы және полиплоидты болып табылады. Ядролары ірі, ашық түсті, кардиомиоциттердің ортасында орналасады.

Кардиомиоциттердің цитоплазмасы (саркоплазма) оксифильді. Онда көп мөлшерде органеллалар мен қосындылар бар. Саркоплазманың шеткі бөлімінде ұзына бойы орналасқан жолақты бұлшық ет жіпшелері орналасады, олар қаңқалық бұлшық ет тініндегідей болып құралған. Қатаң түрде оқшау жататын қаңқалық бұлшық ет тінінің миофибрилдерінен ерекшелігі, кардиомиоциттерде миофибрилдер жиі бір-бірімен бірігей құрылымдарды құрап қосылады және қаңқалық бұлшық еттердің миофибрилдерінің жиырылғыш ақуыздарынан химиялық ерекшеленетін жиырылғыш ақуыздары бар.

Қаңқалық бұлшық ет тініндегіге қарағанда, СПР мен Т-түтікшелер нашарлау дамыған, ол жүрек бұлшық етінің автоматиясымен және жүйке жүйесінің аз әсер етуімен байланысты. Тағы бір ерекшелігі, СПР мен Т-түтікшелер үштікті емес, диадаларды құрайды (Т-түтікшеге бір ғана СПР цистернасы жанасып жатады). Кәдімгі аяққы цистерналар болмайды. Кардиоциттер сыртынан кардиомиоциттің плазмолеммасы мен базалды мембранасынан тұратын сарколеммамен жабылған. Базалды мембрана жасушааралық затпен тығыз байланысқан, оған коллагенді және эластикалық талшықтар кіре орналасады. Ендірме дисктер орналасқан жерлерде базалды мембрана болмайды.

Ендірме дисктермен цитоқаңқаның компоненттері байланысқан. Цитолемманың интегриндері арқылы жасуша аралық затпен де байланысады. Ендірме дистер-бұл екі кардиомиоциттің байланысқан жері, жасуша аралық байланыстардың коплексі (жиынтығы). Олар кардиомиоциттердің механикалық, химиялық, қызметтік әсерлесуін камтамасыз етеді. Сәулелік микроскопта күңгірт көлденең жолақтар түрінде көрінеді. Электронды микроскопта ендірме дисктер зигзаг тәрізді, сатылы немесе тістер тәрізді сызық түрінде болады. Оларда горизонталды және вертикалды, үш аймақты ажыратуға болады.

1.Десмосомалар мен жабысу жолақтары аймағы. Дисктердің вертикалды (көлденең) аймақтарында орналасады. Кардиомиоциттердің механикалық бірігуін қамтамасыз етеді.

2.Нексустар (саңылаулы байланыстар) аймағы-бір жасушадан екіншіге қозуды өткізу орны, кардиомиоциттердің химиялық әсерлесуін камтамасыз етеді ендірме дисктердің бойлай орналасқан аймақтарында табылады.

3.Бұлшық ет жіпшелерінің беку аймағы. Ендірме дисктердің көлденең аймақтарында болады. Актинді жіпшелердің кардиомиоцит сарколеммасында бекитін орны қызметін атқарады. Бұл сарколемманың ішкі беткейінде болатын және Z-сызықтарға ұқсас Z-жолақтарға бекіну жүреді. Ендірме дисктер аймағында көп мөлшере кадгериндер табылады (кардиомиоциттердің бір-бірімен кальциге бағынышты адгезиясын жүзеге асырушы адгезивті молекулалар).

Кардиомиоциттердің типтері

Кардиомиоциттердің жүректің әр аймағында әртүрлі қасиеттері болады. Жүрекшелерде олар митоз жолымен бөлінуі мүмкін, ал қарыншаларда ешқашан бөлінбейді. Бір-бірінен құрылысы жағынан да, қызметі бойынша да ажыратылатын кардиомиоциттердің үш типін ажыратады: жұмыскер, секреторлы, өткізгіш.