Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470 Кб
Скачать
☆

III. Сабақты қорытындылау.

«Синтаксистік карта» ойынын ойнату. Оқушыларға сөз және сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар сөйлемдерді карточка бойынша логикалық байланысты мәтін етіп құрайды. Құраған сөйлемдеріндегі бастауышты тауып, оның сұрағы жазылған карточканы тиісті қалташаға салады. Бұл ойынның тәртібін керісінше өзгертуге де болады, яғни сөйлемде бастауыш берілмей, оның сұрағы ғана беріледі де, бастауыш жеке карточкаға жазылады. Ал балалар сөйлемнің мағынасымен берілген сүрағына бастауышты (карточканы) қалташаға салады.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:3 «А»

Күні:12.11.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру; баяндауыштарды сөйлем ішінен тауып, оларға сұрақ қоя білуді; сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай білуді үйрету.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

II. Жаңа сабақ.

Кестені пайдалана отырып, баяндауыштың өзіндік белгілерімен танысып, анықтамасын жаттау керек. Баяндауышқа қойылатын сұрақтар: не істеді? не қылды? қайтті?

Баяндауыштың етістіктен ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалынатыны айтылып, мысал келтіреді.

Кестемен жұмыс. Осы кестедегі сөйлемдер арқылы баяндауыштардың тұлғасы, сұрақтары, қай сөз таптарынан болатыны танытылып, оқушылармен мынадай қорытынды жасалады:

1. Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.

2. Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, заттық, сындық сапасы мен санын білдіреді де, не істейді? не қылды? қайтеді? деген сұрақтарға жауап береді.

3. Баяндауыш дара және күрделі болады.

Осы белгілерімен танысқаннан кейін оқушылар баяндауышқа толық анықтама береді.

Оқулықпен жұмыс

«Жалғастыр» дидактикалық ойыны. Тақтаға бірнеше аяқталмаған сөйлем жазылады. Оқушылар сөйлемді аяқтап жазулары тиіс. Сөйлемдерді оқыту

IV. Сабақты қорытындылау.

«Сөз қуаласпақ» ойыны жүргізіледі. Партаның бір қатарындағы «бастауыш», екіншілері «баяндауыш» болады. «Бастауыштар» сөйлемдегі бастауыш сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған іс-қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды. Сөйлемдердің кейбірін тақтаға жазып, оқушыларға талдату.

IY. Үйге тапсырма. 4-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:3 «А»

Күні: 13.11.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты: Баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметін тұсіндіру; баяндауыштарды сөйлем ішінен тауып, оларға сұрақ қоя білуді; сөйлемдегі негізгі мүшелерді анықтай білуді үйрету.

Сабақтың түрі: Өткенді пысықтау.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіндер ме, балалар?

Оқушыларды сабаққа даярлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаттығуды дәптерден тексеріп шығу. Ережені сұрау.

III.Жана сабақ. Өткенді пысықтау.

Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып , сөйлемдерді көшіріп жазу.

Құрылысшылар мектептің шатырын жөндеді. Шахтеррлер шахтада көмір өндіреді.

Баяндауышын тауып сұрақ қою, астын сызу.

Сурет бойынша жұмыс: 2-жаттығу. Ауызша. Сурет бойынша сөйлем құрастырау.

Сергіту сәті:

Тақтамен жұмыс: 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ол сөздер қай сөйлем мүшесі болады?

Болат ерте... . Төсегін өзі ... . Болат- өте ұқыпты бала. Ол киімдерін кешке ... . Болат сабақты жақсы ... . Бос уақытында ата-анасына ... .

Керекті сөздер: Оқиды, көмектеседі, жинайды, тұрады, даярлап қояды.

Есте сақтауын тексеру. 4-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа жаз.

Гауһар жеңін түрінді,

Газға балық қуырды.

Гүлзарға су себелеп,

Газетке де үңілді.

Баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.

Терме диктант: Торы бие құлындады. Құлыншақ аяғын әрең басады. Ол біраз жүрді. Құлынның қасында енесі тұр. Құлыншақ ақырындап енесіне жақындады. Ол енесін емді.

Бастауышпен баяндауышты табу.

IV.Үй тапсырмасы. Баяндауышты қайталап келу.5-жаттығу

V.Қорытынды. Сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

VI.Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың бастауыш пен баяндауыш бойынша алған білім, дағдаларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрену.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «ЖИГСО - 2» стратегиялары.

Сабақтың барысы: