Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470 Кб
Скачать
☆

I Ұйымдастыру кезеңі.

Iі Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

Қаратпа сөз – адамдар өзара қарым-қатынасқа түсіп, пікір алысу кезінде өз сөзіңді қарата айтқан адамның көңілін аудару үшін қолданылады.

Қаратпа сөздің мағынасын ашу кезінде оның дербес сөйлем мүшесі бола алмайтынын, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленіп айтылатынына көңіл аудару. Бұл жерде қаратпа сөздің мағынасы бір сөзге қатысты емес, сөйлемде айтылып отырған негізгі ойға байланысты екені ескерту.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуда Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру.Мағыналары мен тыныс белгілеріне назар аудау.

Бағдат ертегі оқыды. Бағдат, ертегі оқы.

Оқушылар мектепте тәртіп сақтауға міндетті. Оқушылар , мектепте тәртіп сақтаңдар.

2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, қаратпа сөздің астын сызу.

-Ата, жаңғағымды шағып берші!

-Ата, портфелімді алып берші!

-Балам, неге күлесің?

3-жаттығу. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

-Қызым-ау, бәрін жей салмадың ба?

-Апа , мен жылағанда жеймін.

4-жаттығу. Мәтінді оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемді көшіріп жазу.

III. Сабақты қорытындылау.

  1. Қаратпа сөз дегеніміз не?

Дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың білімін бекіту.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:3 «А»

Күні: 19.11.2014ж.

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. Құстардың қысқы тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жоспары.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс. Шағындау мәтін таңдап алу. Мәтін бір бет қағазға жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып жайылып қойылады.

Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызу.

Ережелерді «Ақ сүйек» ойыны арқылы қайталау.

II. Негізгі бөлім.

Шығарма

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі»

Жоспарын құрастыру:

  1. Қыс мезгілі.

  2. Құстардың қысқы тіршілігі.

  3. Адамдардың қамқорлығы.

Тірек сөздер: қыстап қалатын құстар, тал бүршіктері, қайың ағаштың сырға гүлдері, жемсауыт, т.б.

III. Сабақты қорытындылау.

Дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқушылардың білімін бекіту.

IY. Үйге тапсырма. қайталау.

Y. Бағалау.

Сыныбы:3 «А»

Күні:.

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант. Әуетаяқ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы грамматикалық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ережелерді «Ақ сүйек» ойыны арқылы қайталау.

II. Негізгі бөлім.

Диктант