Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №8.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қозғалыс ған адамдарды түсірудің бастапқы үұктелері жабдықталады.

Көшіру комиссиялары (КК) республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведосмтволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға жөне осы шараларды жан- жақты қамтамысыз етуге жауап береді.

Көшіру комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі көшіру комиссияның төрағасы болып тағайыңдалады. Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамысыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

КК-нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін халықты қарсы алуды, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау.

Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір объекті негізінде құрылады. КЖП әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға бағынады.

Құрылатын көшіру-жиналу пункттерінің саны мен олардың тұрған жерлері бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықтың санын, көшіру маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтетін пайыздар мен кемелердің үдемелілігін ескере отырып белгіленеді. Көшіру жиналу пункттері әдетте халықты кешіру маршрут- тарына, теміржол станцияларына теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды көшіру маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункттеріне жиналу мен уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады.

Әрбір көшіру-жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі жоне оған шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Көшіру- жиналу пункті қалалық, аудандық, объектлік көшіру комиссиялармен, жаяу көшіру маршруттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі.

Көшіру қабылдау пункттерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді.

КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен және ПИКтермен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың КЖЛ-ға келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адамдарға медициналық көмек көрсету қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-ға хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамсыздандыру.

Аралык көшіру пунктері (АЭП) елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан дер кезінде даярланады және кошірілетін халықтың сәл дамылдауына, оларды тіркеуге қажет жағдайға дозиметрлік және химиялық бақьшау жасаута, адамдарды санитарлык тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге арналған. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ-киім айырбасталады немесе тазартылады.

АКП-тің негізгі міндеттеріне елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, аудандар КЖП-ларымен қауіпсіз аймақты, көлік қозғалысының кестесін келісу адамдарды соңғы баратын нүктеге жөнелтуді, дәрігерлік көмекті көрсетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жөнелту уақыты туралы баяндайды.

Көшіру-қабылдау комиссиялары (КҚК) селолық аудандар мен көшірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында құрылады, селолық аудандар меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық кәсіпорындары бастықтарының шешімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауыл- шаруашылық кәсіпорыңдары бірінші басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті атқару органдары мен АҚ жене ТЖ қызметтерінің, келген халықты, қабылдауға, орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзге де ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпеп қамсыздандыру топтары құрылады.

КҚК -нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің саның, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумагындагы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.

Көшіру-қабылдау пункттері (КҚП) келген халықты қабылдауға, есепке алу мсн орналастыруға. Олар қоғамдық және әкімшілік гимараттарындағы тұсіру нұктелеріне жақын ор- наласады. КҚП саны мен құрлымын КҚП басшысы анықтайды. КҚП құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, жөнелту және шыгарып салу, қогамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама стөлі медициналық нүкте бала мен ана нұктссі, коменданттық қызмет кіреді.

КҚП негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет болса келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік қызметімен бірлесе отырып тұрақты орналасу нүктесіне жөнелту, аудан КҚК-ларына келгендердің саны, оларды жөнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп сақтау, адам- дарды паналату туралы баяндайды.

Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсыздандыру үшін халық арасынан жаяу колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын, көшіру поездарының, кемелердің бастықтары тағайындалады.

Жаяу бағыттар бастықтар жағынан басқару топтар құрылады. Бағыт бастықтарына қоғамдық тәртіп сақтау мен барлау жүргізу үшін күш пен қаражат беріледі. Берілген күштер құрамында қозғалыс реттеу нүктелері құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]