Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №8.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Теріні қорғау құралдары

Бұл құралдар радиоактивтілік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буынының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғайдың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізігі мақсаты – адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтілік шаңның бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғау құралдарын арнайы химиялық затар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткенде ұсталады. Бір жағдайда жұту (сорбция) өтеді.

Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамаларын АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскерлер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері жалпы әскерлік қорғау жиынын (ЖҚЖ), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын және костюмды пайдаланып келеді.

Сүзгілік қорғаныс киімін де ұмытуға болмайды, оның оқшаулағыш құралдарына қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды іс –қимылдары жинақы.

Теріні қорғау құралдарын зақымдалмаған жерлерде киеді.

Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды. 15°С –тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылыығн арттыру үшін теріні қорғай құралын сыртынан киетін, мақта-қағаз матасынан жасалынған ылғалдағыш комбинезон қолдаылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.

Теріні қорғау құралдарын зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс құралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қорғалмаған бөліміне тимейтіндей етіп авариялық жұмыстардан алшақ жерде жүргізіледі.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары

Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шұғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгіі бір уақыт бойында тамшылы-сұйық улағыш заттарды да жібермеуге қабілетті.

Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тікелей аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн.

Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтілік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары аранйы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата – материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді сіңіруге болады.

Киімнің бір данасына ерітінді сіңіру үшін 2,5л ерітінді жеткілікті. Сіңіру үшін К-4 арнайы пастасын немесе май-сабын эмульсиясын пайдалануға боалды. Оны 250-300г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содан соң 0,5л минералдық немесе өсімдік майын қосады.

Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуге болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]