- •Жинақтау және эвакуация
- •Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Көшіру шараларын жүргізу
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Тыныс алу органдарын қорғау құраладары
- •Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Оқшауланған газқағарлар
- •Теріні қорғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
- •Глоссарий .
Көшіру шараларын жүргізу
Көшіру органдары халықты қоныстандыру мен көшіруді ҚР үкіметі арнайы өкімет алғаннан кейін ұйымдастырылып жүргізіледі.
Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда құрылатын көшіру коммисияларының басшылығы айналасады.
Көшіру оны хабарлағаннанкейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізу өндірістікі және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері, сондай-ақ жеке меншік көлік пайдаланады. Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.
Көшіру өткізу туралы өкімді алған сәтте, АҚ бастықтары және қалалық ТЖ басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру коммисияларымен бірлесіп, әзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу орындардың, КМК және т.б. басшыларына. Ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қызметшілерге, олардың отбасыларына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлайды. Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары – радио, телевидение, баспасөз және т.б. қолданылады.
ПИК басшылары жұмыс істемейтін халықты хабарлау мен жинауды ұйымдастырады, жалғыз бастылар мен басқаның көмегіне мұқтажды көшіру органдарына жеткізіледі.
Әскери басшылық ықпалдастық жоспарына сәйкес көшіру шараларын қамсыздандыру үшін көлік бөледі, көпірлер мен өткелдерді пайдалануды нақтылайды, ахуалдың өзгерісі туралы хабарлайды және қажет жағдайда ТЖ бойынша басқару органдары мен көшіру органдарына жоспарға өзгеріс туралы ұсыныс береді. Ол қоғамдық тәртіпті, коменданттық қызметті, қозғалысты реттеу мен бағытты барлауды ұйымдастыру мен іске асыруға көмек көрсетеді. Кеткен әскерлердің бос орны мен әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлік халықты қоныстандыруға және оны тіршілік көзімен қамсыздандыруға бөледі.
Жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынынан, тасшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның , ауру тудырғыш микроптар мен токсиндердің түсуінен қорғайды, олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құраладары
Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта - мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш газқағарлар жатады.
Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері
Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына , ауаны қорапшаны айнала өтіп, үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады.
Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізеді.
Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газқағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбдент болып табылады.
Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.
Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс пен хром тотығы пайдаланады.
Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қаңылтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.
Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады.
ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтілік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған.
Осы сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді.
Шлемнің қажетті өлшемін таңдау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшемін алынады, 63,5-тен 63,5 см дейінгі – бірінші, 66-дан 68-ге дейін – екінші, 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші, 71см бастап одан жоғары – төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынады.
Шлем маскадан жәй шыныдан жалпақ көз әйнек істелінген. Шынымен бірге көз әйнек манжетіне серіппелі жүзікпен резиналық төсем жапсырылады.
Жұтқыш-сүзгіш (газдан қорғайтын) қорапта қаңылтырдан жасалынады, дөңгелек болып келеді. Қорапша қақпағының газқағарының үстіңгі бөлігімен қосылу үшін арналған таңылған ауызы бар.
Қорапшаның астыңғы дөңгелек саңылау орналасқан ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады.
Металлды қораптың тоздыруынан сақтау үшін сырлайды, ал ішіне қара лак жағадй. Түтіннен қорғайтын сүзгімен және көмірмен (ауа ағыны бойынша) және катализатормен (шахтамен) жабдықталады.
Клапандық қорапша жұтылған және шыққан ауа ағыны бөлу үшін қызмет етеді. Онда бір жұту және екі үрлеу клапаны бар.
ГП-7 газқағары – ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі. Газқағарлардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді. ГП-7 –ні ГП-5- пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бірқатар артықшылықтары бар. Сүзгілік жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тәуелсіз обтюратор берік қымталуды қамтамасыз етеді және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымымен азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуі газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек тамыры сырқатына шалдыққан адамдар кие алады.
Газқағарда сөйлесу қондырғысының (мембранасының) болуы айтылған сөздің анық жетуін қамтамасыз етеді, байланыс құралдарын (радио, телефон) пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді
ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей тапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсірігінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектеледі. Екі өлшемніңжиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің (ғ) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі.
Жастықша ілме бауының жағдайы газқағарды қиюластырған кезде белгіленеді.
