- •Жинақтау және эвакуация
- •Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Көшіру шараларын жүргізу
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Тыныс алу органдарын қорғау құраладары
- •Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Оқшауланған газқағарлар
- •Теріні қорғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
- •Глоссарий .
Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
Алдыңғы бөліктің өлшемі |
1 |
2 |
3 |
||||||
Ілме бау тіректерінің жағдайы |
4-8-8 |
3-7-8 |
3-7-8 |
3-6-7 |
3-7-7 |
3-5-6 |
3-4-5 |
||
Басты көлбей және тікелей қапсыру жиыны, мм |
1185 дейін |
1190 - 1210 |
1215 - 1235 |
1240 - 1260 |
1265 - 1285 |
1290 - 1310 |
1315 Және Т.к. |
||
Оқшауланған газқағарлар
Оқшауланған газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5 жатады.
Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез келген қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады.
Газқағарлар АҚ арнайы құрамаларының, барлау, өрттен қорғау, залалсыздандыру құрамаларының жабдықтау құрамаларының тұрады.
Оқшаулағыш газқағардың қорғаныс іс-әрекетіінң принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдаланылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процесінде генеративті, патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.
Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу иекмдігіші бар регенермтивті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады. Газқағар жиынына артық қобдишаға жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғанданбайтын пленка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді.
Жіберу брикеті газқағарды пайдаланудың бас кезінде тыныс алу үшін қажетті оттегіні алу және регенеративті патронды қимылға келтіру үшін қызмет етеді.
Жіберу икемделгішін қысқан кезде оттегі жіберу брикетіне түседі және оның үстіңгі қабатын ыдыратады. Нәтижесінде брикеттің ыдырау процесі бұдан әрі қабаттан қабатқа беріліп өз бетінше жүреді.
Брикет ыдыраған кезде оттегі, су буы мен жылу бөлінеді. Су буы мен жылудың әсерімен регенеративтік патрондағы затпен оттегі бөліне бастайды. Оттегінің бұдан әрі бөлінуі адам шығарған көмірқышқыл газ бен су буын жұту арқылы өтеді.
Өнеркәсіптік газқағарлар
Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылуы аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы заттар немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.
Өнеркәсіп газқағарларының жіктелісі
Қорапшаның түрі |
Қорапшаның түсі |
Қандай заттардан қорғайды |
А
|
Қоңыр |
Фосфорлы және хлорлыорганикалық улы химикаттардан, органикалық қосылыстар, буынан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкірті көміртегі, тетраэтилқорғасын, толуол, ксилол, спирт, эфир) |
Б |
Сары |
Фосфорлы және хлорлыорганикалық улы химикаттардан, қышқыл газ бен булардан (хлор, күкіртті газ, синил қышқылы, азот тотығы, фосген, хлорлы сутегі) |
В |
Қара |
Сынап буынан этилмеркурхлорид негізінде органикалық улы химикаттардан |
Г |
Бір жағы қара, бір жағы сары |
Мышьякты және фосфорлы сутегінен |
Д |
Қара |
Аммиактан, күкіртті сутегін және оның қоспасынан |
Е |
Қорғаныс |
Органикалық заттар буынан,мышьякты және Фосфорлы сутегінен |
Ж |
Қызыл |
Аммиактың, органикалық қосылыстар буының , күкіртті сутегінің, мышьякты және фосфорлы сутегінің, мышьякты және фосфорлы сутегінің шағын мөлшері бар көміртегі тотығынан |
Соңғы шыққан өнеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87 жатады.
Тыныс алу органдарын қорғайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-мата дәкісін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады.
Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде Р-2 респираторлары қолданылады.
Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады.
Р-2 респираторлы үш өлщемде шығарылады.
Р-2 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР-5, ПРБ-5, ШБ-1, У-2К, РУ-60, Ф-62М, ПРШ-2-59, РПА-1, ЛУР-ГП, РПГ-67 және т.б.)
ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата маска
Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады, үстіңгі қабаты үшін штапель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусы мен бекіткіші жасалады, ұзындығы 0,8-1,5 см жоғарғы және көлденең резинасын даярлап, масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады.
Мақта-мата таңғышы 100*50 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30*20 см қалыңдығы 2 см мақат қабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жағын 30-35 см етіп қияды.
Киілген маска иекті ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіндегі желкеде болатындай етіп байлайды.
