Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Қазақстандағы тоталитаризм және саяси-кугын 5В020300, 5В011400 Тарих.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269 Кб
Скачать
☆

Тоталитарлық жүйе түрлері «итальяндық фашизм»

Бенито Муссолинидің 1922 – 1943 жылдары Италияда жүргізген мемлекеттік капитализмнің ұлтшыл – тоталитарлық саясаты тарихта «итальяндық фашизм деген атпен белгілі.

«Фашизм» (латынша «fascio» - бума, одақ деген мағына береді). Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Бенито Муссолини Рим Империясын жандандырмақ болып, өзінің фашистік партиясының «fasci di combattimento» символы ретінде фасцияны қабылдайды.

Итальяндық фашизмнің негізгі белгілеріне – көсемге бағыну, бірпартиялы жүйе, социалды дарвинизм, элитаризм, шовинизм жатады.

Итальяндық фашизмнің негізгі идеялары - Бенито Муссолинидің «Доктрина фашизма» деген еңбегінде және Джованни Джентиленің шығармаларында сипатталған. Доктрина адамзат қоғамы іс-әрекет жүзінде ғана өмір сүре алады – деп, баяндайды, «мәңгілік бейбітшілікті» фантастикалық құбылыс деп жоққа шығарады.Фашисттер адам да, адамзат та соғыссыз тіршілік ете алмайды деп айтады.

«Ұлтшыл – социализм»

Ұлтшыл - социали́зм (нем. National sozialismus, қысқаша – нацизм) – социализмді ұлтшылдықпен, нәсілшілдікпен, араластыратын қоғамдық құрылым. Ұлтшыл - социали́зм мемлекеттік идеология болған ел – Үшінші Рейх.

Германиядағы ұлтшыл – социализмнің негізгі элементтері – национализм, расизм, фашизм және антисемитизм. Ұлтшыл – социализмнің негізгі мақсаты – басып алынған территорияларда «арийлерді» қоныстандыру және де «мыңжылдық рейхті» орнату. Германиядағы ұлтшыл – социализм – тоталитаризмнің бір формасы.

Адольф Гитлер өзінің «Mein Kampfe» атты еңбегінде ұлтшыл – социализмді түсіндіру үшін былай деп жазады:

  • Социализм – коғамдық игілікті іске асыратын құбылыс. Коммунизм – социализм емес. Марксизм – социализм емес. Марксистер бұл ұғымды ұрлап алып, оның мағынасын өзгертіп жіберген. Мен социализмді олардың қолдарынан жұлып аламын...

  • Социализм – бұл ежелгі арийлік германдық дәстүр. Біздің аталарымыз жерді біріге отырып, қолданған. Олар қоғамдық игілік идеясын дамытты. Марксизмнің социализмнің артына жасырынуына құқысы жоқ. Марксизмге қарағанда, социализм жеке меншік пен адам даралығын жоққа шығармайды. Марксизмге қарағанда, социализм патриоттыққа толы....

  • Біз өзімізді Либералдық партия деп атаушы едік. Бірақ біз өзімізді Ұлтшыл – социалисттер деп атауды шештік. Біз интернационалисттер емеспіз. Біздің социализм – ұлттық социализм. Біз үшін нәсіл мен мемлекет – бөлінбейтін тұтастық......

1920 – 1945 жылдары ұлтты біріктіру мақсатында ұлтшыл – социалистер өте эффективті лозунгты қолданды: «Бір халық, бір мемлекет, бір көсем» (Ein Volk, Ein Reich, Ein Führer).

«Испандық фалангизм»

Испа́ндық Фала́нга (исп. Falange Española) – Испаниядағы оңшыл саяси партия. 1933 жылы Хосе Антонио Примо де Ривераның басшылығымен құрылып, Франциско Франконың авторитарлық режимі кезінде (1936 – 1975 ж. ) мемлекеттегі жалғыз заңды партия.

Фаланганың идеологиясы (ұлтшыл - синдикализм) итальяндық фашизмге тарихи тұрғыда өте жақын. Фаланга идеологиясының негізгі идеясы – Испанияда көсем басқаратын, партиясыз, корпоративті мемлекет құру, Испания империясын қайта жаңғырту. Бірақ негізінен Фаланганың ұлтшылдығы – этникалық сипатта емес, азаматтық – патриоттық тұрғыда болды. Фалангизм итальяндық фашизмге қарағанда барлық саяси партияларды жоққа шығарды және де оңшыл да, солшыл да қозғалыстарға қарсы шықты. Примо де Ривера тіпті фалангизмді фашизмнің тармағына жататындығын жоққа шығарды.

Фаланганың эмблемасы ретінде жебе мен ярмо алынды, бұның өзі жай кездейсоқтық емес. Жебе мен ярмо Изабелла Кастильская мен Фердинанд Арагонскийдің символы болып табылды. Фалангашылдар бір-бірін «жолдас» (camarada) деп атады.