- •«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.
- •2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.
- •3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.
- •Тоталитарлық жүйе түрлері «итальяндық фашизм»
- •«Ұлтшыл – социализм»
- •«Испандық фалангизм»
- •«Чучхе идеологиясы»
- •«Темір гвардия»
- •«Жапондық милитаризм»
- •«Сталиндік режим»
- •4.Сталиндік репрессиялар мен депортациялар.
- •5 Тоталитаризмнің алғы шарттарының жалпы мінездемесі. Тоталитарлық ойлау қисыны.
- •1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.
- •2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура
- •3. Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
- •2. Коммунистік партияның х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту.
- •3. Рксфр Қылмыстық Кодексінің 58 – бабы.
- •1940-Жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында да 58-бап күшін жойған жоқ.
- •1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Съезге хат» («Завещание Ленина»).
- •2. И.Сталиннің билік басына келуі.
- •3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.
- •1. 1926-1928 Жж. Зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі.
- •2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.
- •1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.
- •2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.
- •3. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.
- •1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.
- •1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.
- •2. Аштыққа қарсы күрес және Қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға тағытталған шаралар.
- •3. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары.
- •1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.
- •2. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жерлеріне депортациялануы.
- •3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
- •1. Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •2.Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.
- •1. Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты.
- •2. Сталиннің өлімі. Партияның хх съезі.
- •3. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •4. Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.
- •2. Ксро ок 1985 ж. Сәуір пленумы және қайта құру.
- •4. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
- •1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
- •2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.
«Темір гвардия»
«Темір Гвардия»« (рум. Garda de Fier) – 1927 -1943 жылдары Румынияда билікте болған ультра – оңшыл саяси партия. Партияның идеологиясы негізінде – ультра – ұлтшылдық, антикоммунизм, антикапитализм, антисемитизм жатты және де олар Румын православтық шіркеуін қолдап отырды. Корнелиу Зеля Кодряну құрған бұл ұйым алғашында «Архангел Михаил легионы» деп аталды. 1930 – жылдары Германиядағы нацистік режиммен байланыс орнатылды.
Легионның негізгі символикалық түсі жасыл түс, яғни қайта жандану, қайта жаңару деген мәні бар. Сондықтан да легионерлерді «жасыл жейделер» « (рум. Cămășile verzi) деп атады.
Легионның символы түрме торы формасындағы үш қырлы айқыш болды, немесе оны қысқаша «Архангел Михаилдың айқышы» (рум. Crucea Arhanghelului Mihail) деп аталды. Легионерлер бір – бірімен «Римдік салютпен» сәлемдескен.
Легион өзінің идеологиясы жағынан басқа европалық идеологиялардан қатты ерекшеленгені сонша, жапондық милитаризм идеологиясы оған жақынырақ болды.. Идеологияда қатаң тәртіп, еңбекқорлық, білім, намысшылдық, қолғабыс ету, мақсатқа жетуге ұмтылу қатты дәріптелді.
«Темір Гвардияның» идеологиясының негізінде антисемитизм жатты. Олар еврейлерді христиан әлемін құртушылар деп қудалады. Легионерлер франкомасоншылдықты, Зигмунд Фрейдтің идеяларын, марксизм мен большевизмді, атеизмді, фалангизм мен гомосексуализмді айыптап, олар қоғамды құртады деп ойлады.
«Жапондық милитаризм»
Милитари́зм (фр. militarisme, лат. militaris — әскери) – мемлекеттің әскери күшін ұдайы түрде өсіруді дәріптейтін идеология. Милитаристтер халықаралық және ішкі конфликттерді тек қана соғыс арқылы шешуге ұмтылады. Милитаризмге жаппай қару шығару жарысы, мемлекет бюджетінің едәуір бөлігінің әскери қажеттіліктерге жұмсалуы тән.
1927 жылдың 20 сәуірінен бастап Жапония премьер – министрі Вакацуки Вейдзироның орнына Гиити Танака келіп, бірінші күннен бастап – ақ «қан мен темір» саясатын жүргізе бастады.
Жапониядағы билікті фашистік билікке жатқызуға болмайды, өйткені фашизмге әдетте бірпартиялық жүйе мен диктатордың билігі тән. Керісінше, 1936 жылы Жапонияда фашистік қозғалыстар басталғанда император Хирохито Сева олардың барлығын да жаппай қырып тастады. Тіпті Жапонияда 1942 жылы фашизмге тән емес партияға бүкілхалықтық сайлау жүрді. Жапониядағы идеологияға негізінен императорды құдайдай дәріптеу, синтоизм, шовинизм, тоталитарлық идеялар және ұлтжандылық пен патриотизм тән.
Тарихшылар Жапониядағы милитаризмнің орнауын 1910 жылмен байланыстырады. Өйткені сол жылы жапондықтар Кореяны басып алды.
Синтоизм – милитаризм идеологиясының негізгі бөлшегіне айналды. Император – Аматэрасу құдайдың тікелей ұрпағы, оған бағынбау Құдайға бағынбаумен бірдей. Сондықтан да халық ұлтшылдық пен тоталитаризмнің орнауын қуана қарсы алды.
«Чучхе идеологиясы»
Чучхе́ (кор. 주체?, 主體) - корей революционері Ким Ир Сен қалыптастырған марксистік идеология. КХДР – да қалыптасқан идеология – бұл марксизм-ленинизм мен гармониялық тұрғыда байланысқан ежелгі корейлік философиялық ой. КХДР –да чучхе идеясы кейде – «кимирсенизм» деп аталды.
«Чучхе» иделогиясының негізгі постулаттары мыналар:
Қоғамдық іс-әрекеттін негізгі субьекті – халық бұқарасы;
Ұлттық абырой мен революциялық құндылықтарға ие ұлт – жеңілмейтін ұлт;
Әр мемлекеттін халқы агрессия мен құртып-жоюшылдыққа қарсы күресіп, империализм мен доминационизмнің алдын алуы керек.
Бүкілхалықтық және бүкілмемлекеттік қорғаныс жүйесін орнату үшін, барлық халық пен мемлекетті қаруландыру керек.
Революция – халық бұқарасының қажеттілігі мен дербестігін орнататын күрес;
Пайдаға кенелуге бағытталған капиталистік экономикаға қарағанда, социалистік экономика – мемлекет қажеттіліктері мен халықтың игілігін қанағаттандыратын экономика.
Философиялық принциптері:
Адам – әлемнің және өз тағдырының қожайыны;
Сана – адам миының жоғарғы функциясы;
Табиғат – адам еңбегінің объектісі және адам өмірінің материалды қайнар – көзі;
Құлдық санамен уланған адам, шындықты қате түрде қабылдай бастайды.
«ҚЫТАЙЛЫҚ МАОИЗМ»
Маои́зм (қыт. 毛泽东思想) – идеологиялық құрылымдарын Мао Цзэдун қалыптастырған саяси теория мен практика. Қазіргі таңда «Дэн Сяопин теориясымен» және де «Цзэн Цзэминнің үш өкілдігі идеясымен» қатар Қытай Коммунистік Партиясының негізгі идеологиясын құрайды.
Идеологияның негізгі принциптерін Мао Цзэдун қалыптастырды. Олар:
Философия облысында – қоршаған ортаны тануда қоғамдық практиканың рөлін;
Политэкономика облысында – социализмнің жоспарлық – тауарлық сипатын;
Ғылыми социализм облысында – «Жаңа демократия», «Қаланы ауылмен қоршау» және де «Қытайлық нұсқадағы саяси билікті дұрыс алу» стратегияларын қалыптастырды;
Экономика облысында – «Жаңадемократиялық революция» бағдарламасын, яғни қоғамдық-экономикалық параллельді дамудың формасын жасап шығарды;
Халықаралық қатынастарда – «үш әлем» теориясы, тәуелсіздік пен дербестік принциптері.
Маоизмде коммунистік идеялар ханьдік шовинизм және китаецентризммен араласқан.
