- •«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.
- •2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.
- •3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.
- •Тоталитарлық жүйе түрлері «итальяндық фашизм»
- •«Ұлтшыл – социализм»
- •«Испандық фалангизм»
- •«Чучхе идеологиясы»
- •«Темір гвардия»
- •«Жапондық милитаризм»
- •«Сталиндік режим»
- •4.Сталиндік репрессиялар мен депортациялар.
- •5 Тоталитаризмнің алғы шарттарының жалпы мінездемесі. Тоталитарлық ойлау қисыны.
- •1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.
- •2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура
- •3. Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
- •2. Коммунистік партияның х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту.
- •3. Рксфр Қылмыстық Кодексінің 58 – бабы.
- •1940-Жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында да 58-бап күшін жойған жоқ.
- •1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Съезге хат» («Завещание Ленина»).
- •2. И.Сталиннің билік басына келуі.
- •3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.
- •1. 1926-1928 Жж. Зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі.
- •2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.
- •1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.
- •2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.
- •3. Шаруаларға қарсы сталиндік репрессия және кулактардың жойылуы.
- •1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.
- •1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.
- •2. Аштыққа қарсы күрес және Қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға тағытталған шаралар.
- •3. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары.
- •1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.
- •2. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жерлеріне депортациялануы.
- •3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
- •1. Сталиндік лагерьлер жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •2.Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.
- •1. Сталинизм идеологиясы және қуғын-сүргін саясаты.
- •2. Сталиннің өлімі. Партияның хх съезі.
- •3. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •4. Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға.
- •2. Ксро ок 1985 ж. Сәуір пленумы және қайта құру.
- •4. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.
- •1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
- •2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.
1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.
В.Ленин 1917 жылы 4 сәуірде партияның Орталық Комитетінің, Петербург комитетінің мүшелері алдында, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің бүкіл Ресейлік большевик делегаттары алдында «Пролетариаттың үстіміздегі революциядағы міндеттері туралы» баяндамажасады. Баяндаманың тезистері 7 сәуірде «Правдада» жарияланды. Ол тарихта «Апрель тезистері» деген атпен қалды. Онда айтылған басты мәселе «буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру». Ленин өз серіктеріне «бұрынғы большевик» қалпында, яғни 1905-1907 жылдардағы саяси-идеялық деңгейдеқалып қоймауды ескертті. Ол революцияның мақсаты буржуазиялық-демократиялық болатын. Тоталитарлы мемлекеттің болашағын болжап берген В.Лениннің «Мемлекет және революция» деген еңбегі болды. Ол «жаңа пролетарлық мемлекет... «жаңа диктаторлық» мемлекет» - деп атады. Диктатурада басшылық жасап, бағыт беруші коммунистер партиясы болатынын атап көрсетті. В.Ленин өз хаттарында партияны көтеріліс ұйымдастыруға шақырды. Оның нәтижесі 1917 жылғы 25 қазанда (7 қараша) көрінді. Осы күні Кеңестердің ІІ съезі В.Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға!» үндеуін қабылдады. 2 қарашада «Ресей халықтарының деклорациясы», «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі және жер туралы, бітім туралы, сауатсыздықты жою туралы бірқатар дектреттер қабылданды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауының орталықтан басқаша өзіндік ерекшеліктері болды. 1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының барынша жанданған кезеңі болды.
Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің Ақпан төңкерісінен кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты. Либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқай Ақпан төңкерісі жеңісінен кейін қазақ интеллигенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылым қызметіне ұсыну қажет деген мәселе төңірегінде кеңесе бастады. Олардың ұсынысы бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып А.Бірімжанов, Ғ.Кенесарин, А.Тұрлыбаев, М.Саматов т.б. тағайындалды. Елде қос үкіметтің жергілікті органдары және қазақ комитеттері құрылды, сонымен қатар еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары да құрыла бастады.
Көптеген құжаттар В.И.Лениннің Бүкілодақтық төтенше Комитеттің қызметіне терең енгенін көрсетеді, бұл, әсіресе, қылмыс жасады деп кінә қойылған тұлғалардың жауапкершілікке тартылған, ұсталған істерінен көрінеді. В.И.Лениннің Бүкілодақтық төтенше Комитетті басқарудағы қызметі аталған мекеме және оның органдары туралы құжаттық мәліметтерде анық көрінеді. 1917 жылғы 5(18) қарашадағы «ХКК-інің тұрғындарға жолдауында» былай делінеді: «Революциялық халық сотына халық ісіне зиян келтіретіндерін бәрін ұстаңыздар және қамаңыздар». Ал, 1917 жылғы 7(10) желтоқсанда В.И.Ленин Дзержинскийге жазған хатында контрреволюционерлермен күрес жолдарын анықтайды.
Бүкілодақтық Төтенше Комитеттің қызметін В.И.Ленин өзі бақылап, нұсқау беріп отырды.
Кеңес өкіметінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде, революциядан соң 1918 жылдың аяғына дейін кеңес құқықтық деректері Кеңестердің Бүкілресейлік Кеңестер съезі декреттері, БОАК, БРК халық комиссарлар бұйрықтары, жергілікті кеңестер актілері болып табылады. 1917 жылғы 28 қарашадағы ХКК-інің «революцияға қарсы азамат соғысы көсемдерін қамау туралы» декретінде «халық жауы» термині кадет партиясы мүшелеріне байланысты ресми енгізілді. Ал 1918 жылдың 5 қыркүйектегі ХКК-інің «Қызыл террор туралы» үкімінде «террор», «концлагерь» терминдері енгізіледі және жазаның жоғары түрі – атутуралы сөздер жиі қолданады. «Қызыл террор» идеясын жазалаушы органдар мүшелері де қолдады. «Қызыл террор» туралы үкім революцияға қарсы күштер жөніндегі Төтенше Комиссия төрағасының баяндамасы арқылы қабылданды. Бұл Төтенше Комиссияның репрессиялық шараларын күшейту мақсатында жүргізілді. Ашық көрсетілді: аталған жағдайда тылды террор жолымен қамтамасыз ету тікелей қажетті болып табылады; Бүкілресейлік Төтенше Комиссия қызметін күшейту үшін және оған жауапты партиялық қызметкерлерді көптеп жіберу қажеттілігі; тап жауларын концентрациялық лагерьлерге қамау жолымен Кеңес Республикасын қамтамасыз ету; ақгвардияшылдар ұйымдарына, бүліктерге қатысы бар тұлғалар атылуға жатады; барлық атылғандардың атын және оларға осы шараларды қолдану негізін жариялау керек.
«Қызыл террор» тек қана азамат соғысы кезінде жүргізілді деп атап көрсетеді. Шын мәнінде осы үкімнің шаралары Кеңес өкіметінің жазалау репрессия саясатына негіз болды. И.Сталин «Қызыл террордың» шараларын түгел жүзеге асырды. Бұл Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы заңдары үлкен террорға жол ашып бергенін дәлелдейді.
1918 жылы 1 желтоқсанда Бүкілодақтық төтенше комитет коллегиясы мүшесі Ланин мақаласында былай деп жазды: «Біз жекелеген тұлғаларға қарсы соғыс жүргізбейміз. Біз буржуазияны тап ретінде жоямыз. Қудалау материалдарында Кеңес өкіметіне қарсы сөзімен және ісімен әрекет етті деп дәлелдер іздемейміз. Оған қоятын бірінші сұрақ, оның тегі, тәрбиесі, білімі немесе мамандығы болуы керек. Бұл сұрақтар қудаланушының тағдырын анықтауы тиіс. Бұнда «Қызыл террор» мәні мен мазмұны жатыр». Лацистің бұл сөздері большевиктердің террорлық қызметінің эпиграфы болды.
Осындай большевиктер мемлекетінің негізін В.И.Ленин қалады. Большевиктер мемлекетінің жан-жақтан төнген қауіп – қатерге қарамастан, аздаған жылдарда бекуінің өзін аталған шараларды алғашқы күндерінен енгізгеннен болды.
Кеңес өкіметін заңдастыратын, заңдық құжаттар кешенін даярлауға байланысты Ленин 1922 жылғы 15 мамырда өзінің қылмыстық кодекске қосымша жобасын және заң наркомы Д.И.Курскийге хатын жолдады. « РСФСР қылмыстық кодексіне енгізілетін заң» ... Алда Кеңес өкіметін контрреволюциялық қол сұғушылықтан кепілдік беру үшін жағдай қалыптасқанға дейін революциялық трибуналға қылмыстық кодекстің 58, 60, 61, 62, 63, 64... баптарында қаралған, яғни қылмыстар бойынша ату жазасын – жазалаудың жоғары шарасы ретінде қолдану құқығы беріледі. Қылмыстық кодекстің жобасында «Алда Кеңес өкіметін оған контрреволюциялық қол сұғушылықтан кепілдендіретін жағдай орнағанға дейін революциялық трибуналға жазалаудың жоғары шарасы ретінде – ату жазасын қолдану құқығы беріледі» деп көрсетеді. Бұл құжатқа Ленин 15 мамырда қол қойған.
Шын мәнінде, ВЧК–ОГПУ– НКВД – КГБ органдары бір-бірін жалғастырушы болды. Олардың басты мақсаты – Кеңес өкіметінің бастау көзінде жүргізілген жаппай қудалауды қоғам өмірінде орнықтыру болды. Большевиктердің мақсаты орындалды, олар миллиондаған адамдардың тағдырын талқандауда теңдесі жоқ мемлекеттік аппарат құрды. Бұл мемлекеттік аппарат жылдан – жылға күшейіп, шарықтау шегіне И.В.Сталиннің кезінде жетті.
ОГПУ-дың құрылуы Бүкілресейлік Төтенше Комитеттің қызметін өзгертпеді, тек қана аты өзгерді. Террор әрі қарай жалғаса берді.В.И.Ленин өзі құрған большевиктер өкіметін қандай да жолмен болсын орнықтыруды көздеді. Сондықтан да қарсы шыққан адамдар қатаң жазаланды. Революцияға дейінгі интеллигенция Кеңес өкіметін мойындағысы келмеді. Олар большевиктерге қарсы шықты, сондықтан Кеңестік Ресейде эмиграцияға кетушілер саны көбейді.
Большевиктік үкіметтің бұл акциясы елдегі еркін ойды қудалаудың бастауы болды және тарихқа «философиялық кеме» деген атпен енді. ХХ ғасыр тарихында бұл түсінік орыс эмиграциясының өзіндік символы еді. “Философиялық кеме”- орыс мәдениеті тағдырында ауыр бейнеленген тарихтың трагедиялық эпизоды. Жер аударудың жағымсыз жағы болып көрінді: идеология саласындағы партияның жүгенсіз өктемдігінің құрылуы, саяси өмірде демократиялық бастаулардың жойылуы және жас республикалардың жалпы мәдени дәрежесінің біршама төмендеуі.
