Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гематология қаз оконч..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660 Кб
Скачать
☆

Гематологиядан ситуациялық есептер

№ 1 есеп.

25 жастағы әйел адам шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке, бас айналуына, физикалық жүктеме кезінде жүрегінің қағуы мен ентігуге шағымданады. Анамнезінде: бірнеше жылдан бері терісі құрғаған, тырнақтары сыңғыш. Әлсіздік пен бас айналуы осыдан бір жыл бұрын жүктілік кезінде байқала бастаған. Етеккірі 13 жасынан, тұрақты түрде, 5-6 күнге созылады және алғашқы 3-4 күн бойы қатты келеді. Қазір бала емізеді.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өңі бозарған; тырнақтары көлденең жолақтанған, жарықшақтанған. Шаштары сынғыш. Жүрек тондары ырғақты, минутына 90 реттен, АҚ сынап бағанасы бойынша 110/70 мм. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. ҚЖА: Hb 75 г/л, эр. 3,3х1012/л, лейко-формуласы өзгермеген, ЭТЖ 12 мм/сағат, MCV 70 фл., MCH 21,0 пг, анизоцитоз, пойкилоцитоз анықталады.

Шешетін сұрақтары:

1. Негізгі синдромдарын анықтаңыз

2. ҚЖА талдаңыз

3. Диагнозын тұжырымдап атаңыз

4. Зерттеу жоспарын құрыңыз

5. Емін құрыңыз

№ 2 есеп.

28 жасар жігіт эпигастрий аймағында түнгі мезгілдегі ауырсынуларға, шаршағыштыққа, басының айналуына, физикалық жүктемеде жүрегінің қағуына шағым айтады. Анамнезінде: 17 жасынан ұлтабардың ойық жара ауруымен ауырады, екі рет стационарда емделген. Соңғы 3 ай шамасында көңіл-күйінің нашарлағанын, әлсіздік пен бас айналуы және нәжісінің қара түсті екені мазалайды.

Объективті: жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Өңі бозарған. Жүрек тондары ырғақты, минутына 80 реттен, АҚ сынап бағанасы бойынша 110/70 мм. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Іші жұмсақ, эпигастрий»нде әлсіз ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.

ҚЖА: Hb 73 г/л, эр 3,2х1012/л, ТК 0,71, ретикулоциттер 1%, лейкоциттер 6,0х109/л, лейкоформуласы қалыпты, ЭТЖ 10 мм/сағат, қан сарысуындағы темір 7,0 мкмоль/л (N 9-31,3 мкмоль/л), ОЖСС 115 мкмоль/л (N 44,8-80,6 мкмоль/л). ФГДС: ұлтабар басының диамтері 0,8 см болатын ойық жарасы.

Сұрақтары:

1. негізгі синдромдарын атаңыз

2. Лабораторлық зерттеулерді бағалаңыз

3. Диагнозын тұжырымдап атаңыз

4. Емін құрыңыз

№3 есеп.

70 жастағы әйел адам, зейнеткер, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүрегінің қағуы мен ентігуге, жүрек айнуы мен кекіруге, эпигастрийіндегі ауырлық сезіміне шағымданады. Асқазан диспепсиясы белгілері 15 жылдан бері мазалайды. Осы жарты жыл бойы әлсіздік, жүрегінің қағуы мен ентігу және аяқтарының жансыздануы мазалайды. Қаралмаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өңі бозарған және лимон тәрізді көз ақтығы мен терісінің әлсіз сарғайғаны байқалады. Беті ісінген. Бойы 160 см, массасы 68 кг. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек тондары солға қарай 1 см кеңіген, тондары аздап тұйықталған, ЖСЖ минутына 90 рет, АҚ сынап бағ. б/ша 130/80 мм. Тілі Язык ашық қызыл түстес, бүртіктері жайдақталған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры 1 см ұлғайған, көкбауыры ұлғаймаған.

ҚЖА: эр. 2,9х1012/л, Hb 70 г/л, ТК 1,3, лейкоциттер 4,0х109/л, эритроциттер 0, п. 4, с. 60, л. 30, м. 6, СОЭ 30 мм/час, ретикулоциты 0,1%. В мазке крови обнаружены гиперсегментированные нейтрофилы, тельца Жолли и кольца Кебота.

эр. 2,9х1012/л, Hb 70 г/л, ЦП 1,3, лейкоциты 4,0х109/л, эритроциты 0, таяқшалы нейтрофильдер 4, сегментті нейтрофильдер 60, лимфоциттер 30, моноциттер 6, ЭТЖ 30 мм/сағат, ретикулоциттер 0,1%. Қан жағындысында гиперсегментті нейтрофильдер, Жолли денешіктері мен Кебот сақиналары анықталған.

Сұрақтары:

1. Негізігі синдромдарын атаңыз

2. ҚЖА бағалаңыз

3. Диагнозын тұжырымдап атаңыз

4. Емі мен қадағалау тактикасы

№ 4 есеп.

19 жастағы жігіт жалпы әлсіздікке, бас айналуына, терісі мен көз ақтығының сарғайғанына шағым айтады. Апта бұрын тоңғаннан соң дене қызуы 38оС дейін көтерілген, 3 күндей жоғарғы тыныс жолдарында катар белгілері мазалаған соң бисептол ішкен. Температурасы қалыпқа түскен, бірақ терісі мен көзақтығының сарғайғаны мен әлсіздік байқалған. Бұрын да осындай сарғаю белгілері байқалатын. Объективті: орташа аурылықтағы жағдай, өңі лимон тәрізді әлсіз сарғайып бозарған, көз ақтығы иктериялы. Тамыр соғысы минутына 90 рет, ырғақты, АҚ сынап бағ. б/ша 110/80 мм. Өкпесінде везикулярлы тыныс естілдеі. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасы бойында, көкбауыры 3 см ұлғайған.

ҚЖА: Hb 90 г/л, ТК 0,9, ретикулоциттер 3%, ақ түйіршіктері өзгеріссіз. Қандағы билирубин 33 мкмоль/л, тура емес реакциялы.

Сұрақтары:

1. Негізгі синдромдарын атаңыз

2. Лабораторлық зерттеу нәтижелерін бағалаңыз

3. Алғашқы диагнозын құрыңыз

4. Қандай қосымша зерттеулер қажет

Гематологиядан ситуациялық есептердің жауаптары

№ 1 есеп жауаптары.

1. Синдромдары:

a. Сидеропениялық (терісінің құрғауы, тері дериваттарының өзгерулері

(шаштары мен тырнақтары)

b. Циркуляциялық-гипоксиялық (жалпыанемиялық): әлсіздік, бас

айналуы, жүрегінің қағуы, ентігу

c. Анемиялық гематологиялық (гемоглобин деңгейінің төмендеуі,

эритроцитопения)

2. ҚЖА: гипохромды микроцитарлы анемияның орташа ауырлық

дәрежесі (ТК 0,7; MCV 70 фл; MCH 21,0 пг)

3. Алғашқы болжам диагнозы: Темірге мұқтажды анемия, орташа ауырлық дәрежесі, аралас генезді. Пациент – ТМА дамуының рисктік факторлары бар жас әйел адам (гинекологиялық анамнезінде – гиперполименоррея, жүктілік, бала емізу). Гипохромды микроцитарлы анемия, анизоцитоз, пойкилоцитоз белгілері ТМА тән.

4. Диагнозды нақытлау үшін қандағы темір деңгейін және ОЖСС анықтау қажет. Гинеколог кеңесі – гинекологиялық диагнозды анықтау үшін керек.

5. Медикаментті емі: темір дәрілерін тәулігіне 200 мг аскорбин қышқылымен қосып 4 апта бойы ішу (сорбифер дурулес 200 мг тәулігіне 1 рет), содан соң темірдің қорын болтыру мақсатында 100 мг/тәулігіне – үш ай бойы ішу. Қажеті болса (гиперполименоррея) алдын алу мақсатында 5 күндік қайталау емін жүргізу. Диета сақтау (ет тағамдары, жеміс-жидек, итмұрын қайнатпасы.

№ 2 есеп жауабы.

1. Синдромдары:

a. ауырсынулық – ойық жаралы диспепсия

b. Циркуляциялық – гипоксиялық

c. Анемиялық (гематологиялық)

2. ҚЖА: гипохромды анемияның орташа ауырлық дәрежесі. Қан сарысуындағы темір деңгейі төмендеуі мен ОЖСС артуы темірге мұқтажды анемия бар екенін дәлелдейді.

3. Ұлтабардың жара ауруы, ұлтабар басының ойық жарасы, өршу фазасы. Асқынуы: екіншілік постгеморрагияық темірге мұтажды анемия.

Ұлтабардың жара ауруы диагнозын эндоскопиялық зерттеу мен клиникалық көрінісі арқылы дәлелденген.

Постгеморргаиялық генездегі анемия синдромының алдыңғы 3 ай арасында асқазан-ішектен қан кетулерінің (мелена) анамнезінде болулары анықтады .

4. Ауруханаға жатқызу. Негізгі ауруын емдеу (жара ауруы), №1 ем-дәмді сақтау, үш компонентті емдік кестеге жүгіну (омепразол, метронидазол, кларитромицин). Анемияны емдеу үшін темір дәрлерін егу арқылы тағайындау (феррум-лек б/етке).

№ 3 есеп жауабы:

1. Асқазан диспепсиясы синдромы, жалпы анемиялық (циркуляциялық - гипоксиялық), гематологиялық.

2. Гиперхромды анемияның орташа ауырлық дәрежесі, гипорегенерациялық сүлелі а типтегі гастрит.

3. Идиопатиялық анемияның орташа ауырлық дәрежесі.

4. Қажет емі: Секрециялық қабілеті төмен гастриттегі алмастыру емі. В12-витмаминіне мұқтажды анемияның патогенездік емі – цианкобаламин 500 мкг күніне 1 рет тері астына егу 4 апта бойы, содан соң аптасына 1 реттен 2 ай бойы және айына 2 реттен жарты жыл бойы.

Профилактикалық мақсатта жылына 1-2 рет 5-6 инъекциялар қабылдау керек.

№ 4 есеп жауабы.

1. Синдромдары:

a. Жалпы анемиялық (циркуляциялық - гипоксиялық)

b. Гемолиз синдромы

c. Анемиялық гематологиялық

2. Нормохромды гиперрегенерациялы анемияның жеңіл дәрежесі, байланыспаған гипербилирубинемия

3. Аутоиммунды гемолиздік анемия

4.Диагнозды нақтылау үшін Кумбс сынамасы мен агрегат - гемагглютинациялық тест жасау керек.

ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

1. Панцитопения, эритроциттердің макроцитозы, гиперхромды түсті көрсеткіш, ретикулоцитопения қандай ауруға тән:

1. темір жетіспеушілік анемия

2. аутоиммундық гемолитикалық анемия

3. В 12 жетіспеушілік анемия

4. жедел лейкоз

5. тұқым қуалаушылық микросферцитоз

2. Темирге мұқтажды анемияларға тән лабораторлық көрсеткіштер:

1.десфералды тест көрсеткіштерінің жоғарлауы

2. ОЖСС көрсеткіштерінің төмендеуі

3.ферритин сары суындағы қалыпты деңнейе

4.трансферриннің темірмен қанығуы

5.қанның түсті көрсеткішінің жоғарлауы

3. Қандай ауру кезінде сүйек миының қан түзу тіндерінің маймен алмасуы жүреді?

1.жедел лейкоз

2.апластикалық анемия

3.гемолитикалық анемия

4.мегалобласты анемия

5.темірге мұқтиажды анемия

4. Қан анализінде созылмалы лимфолейкозға тән өзгерістер:

1. лимфобластоз

2. абсолютті лимфоцитоз

3. тромбоцитопения

4. нейтрофилді лейкоцитоз

5. анизо – және пойкилоцит

5. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға тән лабораторлық көрсеткіштер:

1.қан ұю уақытының ұзаруы

2. тромбоциттердің өмір сүру уақытының қысқаруы

3.лейкопения

4.лейкоцитоз

5.қан ағу уақытының қысқаруы

6.Филаделфиялық хромосоманың анықталуы қандай лейкозға тән.

1. жедел лейкоз

2. миеломды ауру

3. эритремия

4. созылмалы миелолейкоз

5. созылмалы лимфолейкоз

7. Науқас басының айналуына, жүрегінің қағуына, тырнақтарының сынғыштығына шағымданады. Анамнезінде жатыр фибромиомасы, жатырдан қан кетулер. Қараған кезде бозарған, тахикардия. Анализінде гипохромды анемия. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.В-12-мұқтажды анемия

2.Фоли мұқтажды анемия

3.Темірге мұқтажды анемия

4.Гемолитикалық анемия

5.Апластикалық анемия

8. әйел адама мұрыннан, жатырдан қан кетулерге, тері аксты қанталаулардың пайда болғанына, әлсіздікке шағымданды. Тексеру кезінде анықталды: гемоглобин – 80 г/л, эритроцит – 2,4х1012 /л, лейкоцит – 22х109/л, тромбоциттер бірен саран, бласттар – 10%, сегментоядролы – 25%, лимфоцитв – 56%, моноцит – 5%, эозинофил – 4. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

2.лейкемоидтық реакция лимфоцитарлы типте

3.жедел лейкоз

4.сүлелі лимфолейкоз

5.миеломды ауру

9. Науқас, 45 жаста, әлсіздікке, жүрек аймағының ауырсынуына, басының айналуына, терісінің бөртуіне шағымданды. Анамнезінде – жиі мұрыннан қан кетулер, терісінде жиі көгерулер, мұрыннан қан кетуден кейінгі жағдайының нашарлауы. ҚЖА: эритроцит – 4 млрд./мл, гемоглобин – 87 г/л, ТК– 0,6, лейкоцит – 7,4 млрд./л, э – 2, п – 3, с – 70, л – 20, м – 5, тромбоцит – 12 млрд./л, СОЭ – 18 мм/с. Сіздің болжам диагнозыңыз ?

1.темірге мұқтажды анемия

2.гемофилия

3.апластикалық анемия

4.геморрагиялық васкулит

5.тромбоцитопениялық пурпура

10. Науқастың анамнезінде темір жетіспеушілік анемия, келесі коиникалық көріністер осы ауруға тән:

  1. Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну, оң жақ қ/а ауырсыну

  2. Спленомегалия, гепатомегалия, асцит

  3. сарғаю, терінің қышуы, шаштың түсуі

  4. дәм сезудің бұзылуы, койлонихия, майда жылтыр тіл

  5. Башенный череп, ершік тәрізді мұрын, балтырдың ісігі

11. В-12-мұқтажды анемия кезіндегі қызыл сүйек миындағы өзгерістерді атаңыз:

1.сидеробластар деңгейінің төмендеуі

2.мегалобластық типті қанның түзілуі

3.бластар санының көбеюі

4.миелоидтық пролиферация

5.лимфоциттер санының көбеюі

12. Сидеропениялық синдром келесі ауруға тән:

1.апластикалық

2.гемолитикалық

3.жедел постгеморрагиялық

4.пернициозды

13.В-12-мұқтажды анемия кезінде қандай лабораторлық өзгерістер анықталады?

1.микроцитоз эритроциттердің

2.макроцитоз эритроциттердің

3.гипохромия

4.лейкоцитоз

5.тромбоцитоз

14. Жедел лейкоздың патогендік емдеу әдісін көрсетіңіз:

1.антибиотикотерапия

2.курстық монохимиотерапия

3.курстық полихимиотерапия

4.гемотрансфузия

5.глюкокортикоидтық ем

15.Васкулиттік-пурпуралық типті қанталауға тән:

1.гемофилия

2.геморрагиялық васкулит

3.идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

4. Х фактордың тұқым қуалаушылық жетіспеушілігі

5.тромбоцитопения

16. Қан анализіндегі лейкемиялық құлдырау(провал) симптомы қанадай ауруға сәйкес келеді:

1. апластикалық анемия

2. сүлелі лейкоз

3. жедел лейкоз

4. миеломды ауру

5. эритремия

17.Қандай ауруға қан ағудың гематомды түрі тән:

1.геморрагиялық васкулит

2.гемофилия

3.идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

4.апластикалық анемия

5.қан ұюдың 2 факторының тұқымқкалаушылық жетіспеушілігі

18.Науқас, 68 жаста, дәрігерге қаралды. Тексеру кезінде анықталды: гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер - 3,0х1012 /л, лейкоциттер – 48,0х109 /л, лимфоциттер – 60%, Гумпрехт көлеңкелері. Миелограммада – 40% лимфоциттер.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  1. жедел лимфолейкоз

  2. сүлелі лимфолейкоз

  3. Лимфосаркома

  4. Лимфогранулематоз

  5. Миеломды ауру

19. профилактикалық тексеру кезінде, жұмысшы А., 62жаста, анықталды лейкоцитоз 50,0х109 /л, миелобласт – 1%, промиелоцит – 1 %, нейтрофилді метамиелоцит – 8%, таяқша ядролы – 12%, сегмент ядролық – 52%, эозинофил – 8%, базофил – 2%, лимфоцит – 12%, моноцит – 4%, гемоглобин – 100 г/л.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.жедел лейкоз

2.сүлелі миелолейкоз

3.сүлелі лимфолейкоз

4.бауыр циррозы

5.темірге мұқтажды анемия

20. Ер бала тізе буынының ісінуіне және гематоманың пайда болуына шағымданды. Анамнезінде: бала кезінен ауырады, тіс жұлғаннан кейін қан ағудың пайда болғанын айтады. Қараған кезде жұмсақ тіндердегі қан құюлулар, тізе буынының деформациясы және ісінуі анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1.идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

2.геморрагиялық васкулит, тері-буындық түрі

3.гемофилия

4.ревматоидты артрит

5.тромбоцитопатия

21. Науқас Д. 28 жаста, стоматитке байланысты 3 апта емделген, нәтижесіз. Әлсіздік және тершеңдік күшейе түскен. Объективті: дене температурасы 38,8Стері жабындылары бозарған, ылғалды. Қызыл иектің гиперплазиясы, жаралы-некроздық стоматит. Жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ауырсынусыз. Қанда: эр. – 3,0 х 10 12 /л, Нв – 95     г/л , ЦП-0,95, лейк. – 14,5 х 10 9 /л, бласты – 32 % пал. – 1 %, сегм .– 39 %, лимф. – 20 %, мон. – 8 % , тромб. – 90,0 х 10 9 /л. ЭТЖ – 24 мм/с. Цитохимиялық тексеру: пероксидазаға реакция оң. Кандай диагноз:

  1. Жедел миелобласты лейкоз

  2. Жедел лимфобласты лейкоз

  3. Жедел дифференцирленбейтин лейкоз

  4. Жедел монобласты лейкоз

  5. Жедел промиелоцитарлық лейкоз

22. Пойкилоцитоз деген не?

  1. эритроциттердің әрқилы өлшемдері

  2. эритроциттер өлшемдерінің ұлғаюы

  3. эритроциттердің әртүрлі пішінде болуы

  4. эритроциттер өлшемдерінің кішіреюі

  5. орақ пішінді эритроциттер

23. Анемия синдромы кезінде ентігу дамуының негізгі механизмі?

1. вентиляциялық тыныстық жетіспеушілік

2. вентиляциялық тыныстық және сол қарыншалық жетіспеушілік

3. оң қарыншалық жүректік жетіспеушілік

4. тыныс пен қанайналымының компенсаторлық интенсификациясы

5. сол қарыншалық жүректік жетіспеушілік

24. "Рica chlorotica" деген не?

1. темір дефицитті анемиясы бар адамдағы ахлоргидрия мен ахилия.

2. дәм сезінуінің бұзылуы

3. тіл ұшының ащуы

4. темір дефицитті анемиясы бар адам өңінің жасылтым түсті реңді

бозаруы

25.Темір дефициті белгісіне қайсысы жатпайды:

1. шаштың түсуі

2. тырнақтың сынғыштығы

3. сарғаюы

4. койлонихийлер

5. дәм сезінуінің бұзылысы

26. В]2 витаминімен емдегенде қайсысын ескеру керек:

1. міндетті түрде фоли қышқылымен қоса беру

2. ретикулоциттік криз ем басталуынан 12-24 сағаттан соң дамиды

3. ретикулоциттік криз ем басталуынан 5-8 күннен соң дамиды

4. барлық емделушілерге гемотрансфузия қолданылуы тиіс

27. Қайсысы сидеропениялық синдром белгісіне жатпайды:

1. гепатомегалия

2. ангулярлы стоматит

3. шаштың құрғауы мен түсуі

4. койлонихийлер

28. В12-витмаминінің сіңуіне қай фактор қажет?

1. тұз қышқылы

2. гастрин

3. фоли қышқылы

4. пепсин

5. гастромукопротеин

29. В12-дефицитті анемияда болатын табандарындағы парестезиялар

мен жүріс-тұрысына сенімсіздіктің болуын қалай түсіндіресіз?

1. гипокалиемиямен

2. фуникулярлы миелозбен

3. алкогольдік энцефалопатиямен

4. ми қанайналымы бұзылыстарының қалдықты өзгерістерімен

5. аяқ артерияларының ангиопатиясымен

30. Науқас адамды қараған кезде анықталатын койлонихий қалай пайда болады:

  1. геморрагиялық синдромында

  2. организмнің сусыздануында

  3. гиперэстрогенемияда

  4. сидеропениялық синдромда

  5. бауырдың синтездік функциясы бұзылғанда

ДҰРЫС ЖАУАП ЭТАЛОНДАРЫ

1.-3

16.-3

2.-4

17.-2

3.-2

18.-2

4.-2

19.-2

5.-2

20.-3

6.-4

21.-1

7.-3

22.-3

8.-3

23.-4

9.-5

24.-2

10.-4

25.-3

11.-2

26.-3

12.-5

27.-1

13.-2

28.-5

14.-3

29.-2

15.-2

30.-4

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. В. С. Моисеев, А. И. Мартынов, Н. А. Мухин Внутренние болезни: в 2-х т.- 3-е изд. - М : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 960 с.

  2. Болезни крови в амбулаторной практике: руководство / ред. И.Л. Давыдкин. - М : ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 192 с.

  3. Рациональная фармакотерапия заболеваний системы крови: руководство для практикующих врачей. Воробьев А.И., Аль-Ради Л.С., Андреева Н.Е. др./под ред. А.И.Воробьева.2009.-688с.

Оқыту-әдістемелік құрал

Жұмаділова Зауреш Кенжекановна

Қасқабаева Алида Шариповна

Шаханов Тұнғышхан Егизханович

Баспаға рұқсат етілген 28.05.15

Форматы 60х84 1/16

Офсеттік қағаз

Көлемі 5,0 баспалық қағаз

Тиражы 100___

Басылған Семей қ. ММУ

71

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]