Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гематология қаз оконч..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660 Кб
Скачать
☆
    1. Сүлелі миелолейкоз

Сүлелі миелолейкоз (СМЛ) – клонды сипаттағы, миелопоэздің өте жас клеткаларынан дамитын,көбіне нейтрофильдер, оған қоса, толықтай жетілмеген және жетілген лейкемиялық гранулоциттер морфологиялық субстраты болып табылатын қатерлі ағымдағы миелопролиферациялық ауру.

Таралымы: жылына 100 мың тұрғынға 1 науқас адам немесе жылына 700 жаңа науқастанған адамдар. 40-60 жас арасында өте жиі кездеседі, ал балаларда өте сирек байқалады.

Нақты белгілі бір ғана себепкер факторы бар, ол – радиациялық сәулелену (дәлелі — Хиросима мен Нагасакиде атом бомбасын жарғаннан кейін СМЛға шалдыққан адамдар саны күрт артқан).

Клиникалық ағымында 3 фазаны бөледі: сүлелі, үдемелі (өршуінің дамуы) және терминалды (бластты криздің болуы).

Бастапқы кезеңінде тұрақсыз дегбірсіздік, әлсіздік, тершеңдік; кейіннен шағымдары тез үдей түседі де, тәулік ортасында пайда болатын ерте шаршағыштық пен субфебрилитет, оссальгиялар, сол және оң жақ қабырға астарындағы ауырлық сезімдері, жүрегінің қағуы. Тісін жұлғанда немесе басқа да ұсақ оталар кездерінде қатты қан кетулердің болуы анықталады.

Анамнезінде орта жастағы адам (СМЛ анықталуы көбінесе 45 жаста), канцерогенді химиялық заттармен қатынаста болуы не иондаушы радиацияның әсері мен тұқым қуалауға бейімділік. Кейде осыдан 1-2 жыл бұрын ҚЖА лейкоциттер формуласының солға қарай себебі түсініксіз ығысуы байқалуы мүмкін.

Аурудың бастапқы кезінде пациент жағдайы қалыпты және есі анық болады. Кейіннен жағдайы нашарлай бастайды: өңі бозарады, терісінде петехиялар мен гематомалар, лимфотүйіндері басында өзгермесе де, кейіннен тығыздаады бірақ ауырсынбайды; Артриттер мен сйек маңайындағы инфильтраттар жоқ болса сүйектері мен буындарында өзгерістер болмайды.

СМЛ шалдыққан адамдар тыныс ағзаларының қабынуларына, пневмонияға бейімдеу болады.

Асқазан мен ішектердің шырышты қабаттарының жартылай лейкемоидты инфильтрациясы салдарынан ішінің ауырсынулары мен іш өтулері, кекіру мен тәбетінің нашарлауы байқалады.

Сүлелі миелолейкозға бауыр мен көкбауырдың айқын ұлғаюлары өте тән саналады (миелопролиферация синдромы).

Шеткі қанда мынадай өзгерістер болады:

Лейкоциттер санының өте артулары (30 - 400 • 109/л), жетілудің барлық кезеңдеріндегі гранулоциттер болады және бластты клеткалар саны - 10% дейінгі санды құрайды; эритроциттер мен гемоглобин саны азаюлары мүмкін, эритроциттер морфологиясы көбінесе өзгере қоймайды, кейде жетілмеген эритроциттер болуы мүмкін; кейде тромбоциттер саны артады (300 - 6000 *109/л).

Сүйек кемігінде: миелоидты гиперплазия, яғни әрқилы жетілу сатыларындағы лейкоциттер санының артуы; эритроциттердің алдыңғы жетекші клеткалары саны азаяды; мегакариоциттер (тромбоциттердің алдыңғы жетекші клеткалары) көлемдері кішірейсе де сандары көбейгені анықталады.

СМЛ анықтауда, әсіресе аурудың бастапқы кезеңінде, Ph’ (филадельфиялық) хромосоманың сүйек кемігіндегі гранулоциттерде, моноциттерде, эритроциттер мен мегакариоциттерде анықталуы маңызды орын алады. Алайда СМЛ-дың Ph’ (филадельфиялық) хромосомасыз түрінің бар екенін де естен шығармаған жөн.

Бластты криздің алдын- ала білдіретін белгілеріне химиотерапияның тиімсіздігі (емге резистенттіктің дамуы) мен лейкозды клеткалардың криологиялық профилінің өзгеруі жатады. Аурудың осы кезеңінің клиникалық көрінісінде клиникалық симптоматикасының – (анемиялық, геморрагиялық, миелопролиферациялық) – тасқын тәрізді құтыруымен ерекшеленеді. Яғни ауру ағымы фатальды сипат алады. Қан анализінде бласттарға дейінгі солға ығысыуы айқын лейкоцитоз болса да, лейкемиялық құлдыраусыз, айқын анемия мен тромбоцитопения анықталады.

СМЛ емі. Ауру кезеңіне байланысты жүргізіледі. Әлсіз білінетін клиникалық-гематологиялық көрінісі бар СМЛ жеткілікті дұрыс тамақтану, диспансерлік қадағалау ұсынылады. Лейкоцитоз дамыған кезде алғашқы тоқтату емі (первичносдерживающую терапию) жүргізіледі: а-интерферон, гидроксимочевина, миелосан, миелобромол. Кейбір жағдайларда сүйек кемігінің ауто- немесе аллогенді трансплантациясы жүргізіледі. Сәулелендіру емі алғашқы қолданылатын ем ретінде тек қана негізгі клиникалық симптомы спленомегалия болғанда ғана қолданылады.

СМЛ үдемелі кезеңінде бағдарламалы химиотерапия жүргізіледі. Бластты кризді емдеу, жіті миелобластты лейкоздағы секілді, бағдарламалы полихимиотерапия әдісімен жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]