Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
О-К философия п-нінен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.2.Дәрістік сабақ конспектілері

Дәріс тақырыбы

Дәріс 1. Философия пәні мен қызметі

Философия –адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Ол әрқашан дәстүрлі және уақытына сай келеді. Философия деген не? Дүниеге қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты

Көзқарастың тарихи түрлері: Миф, дін, философия. Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі- миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр mythos - аңыз, logos - ілім) қоғамдық сананың түрі. Миф - қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Миф - мына негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болу жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік, т.б.

Дін - көзқарастың бір түрі. Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік - эмоциональдық түрде қабылдауды сипаттайды.

Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды - «философ» деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығыз байланысты. Philo - сүйемін, sophia- даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде «фәлсәфа» деп аталады.

Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):

  1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) - болмыс туралы ілім.

  2. Гносеология (гр gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.

  3. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.

Философияның пәндері:

  1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері).

  2. Антропология философиясы - адам болмысы.

  3. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.

  4. Тарих философиясы.

  5. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.

  6. Дін философиясы.

Дүние негізінің сапасына сай, философия материализм және идеализм болып бөлінеді.

Материализм - бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде материяны (табиғатты) мойындайды.

Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан өтті:

  1. Стихиялық материалистер - ертедегі Үндістанда, Грекияда құлдық қоғам тұсында, ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған кезінде пайда болған. Фалес суды, Анаксимен ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит отты, Ксенофан топырақты дүниенің негізі деп ойлаған.

  2. Метафизикалық (немесе механикалық) материализм XVII-XVIII ғ жаратылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған. Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік құбылыстарды да механика заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан, бұл материализм механистік деп аталған. Оның өкілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди, Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах, т.б.

  3. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да сапалы, жан-жақты дамыған. Материализм мен диалектиканың органикалық бірлігіне сүйеніп, қоғамдық құбылыстарды да қамтиды.

Идализмнің екі түрі бар: субъективтік, объективтік идеализм:

Субъективтік идеализм – дүниенің, болмыстың негізі ретінде адамның санасы, адамның «менін» мойындайды. Бізді қоршаған дүние біздің түйсіктеріміздің жиынтығы деп санайды. Олар: Беркли, Мах, Авенариус, Фихте, Юм, Кант, экзистенциализм және феноменология жақтастары.

Объективтік идеализм - бұл философия ағымында дүниенің негізі ретінде объективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт және тәуелсіз өмір сүретін рух (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл, т.б.) саналады

Ежелгі заманда агностицизм түріне :софистика, скептицизм және релятивизм жатады.

Софизм – ақиқат білімнің барына сенбей, елді өзіне қарату үшін мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы дәлелдеу мақсатымен құрылған ой қорытындылары.

Скептицизм - объективтік дүниені танып білу мүмкіндігіне сенбей, күдікке көп орын беретін философиялық ілім (Пиррон).

Релятивизм (лат relativus - относительно, салыстырмалы) – объективтік болмысты білу мүмкін емес деп қарайтын және барлық білімді болжам деп есептейтін философиялық ілім.

Философия ғылымының таным теориясында өзіндік төмендегідей ерекше ағымдар пайда болды.

  1. Эмпиризм - танымның негізінде тек тәжірибе және сезімдік түйсіктер жатыр деп санайды. Оның негізін салған Ф.Бэкон: «білімнің қайнар көзі - тәжірибе», - деді.

  2. Рационализм - (лат. ratio - ақыл) танымның негізі ақыл деп санайтын философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі - ақыл. Рационализмнің негізі - антикалық философияда (Парменид, Платон, т. б. жасалады, ал философиялық бағыт ретінде ол Жаңа Заманда қалыптасты. Оның өкілдері - Декарт, Спиноза, Лейбниц. Рационализмге иррационализм де, сенсуализм де (эмпиризмде) қарсы тұрады.

  3. Сенсуализм (лат sensus- сезім) - танымның көзі сезім (түйсік), ол ақиқаттың өлшемі деп санайды. Сенсуализмнің негізі антикада (Демокрит, Эпикур) ерекше бағыт ретінде Жаңа Заман философиясында қалыптасты (материалистік сенсуализм - Гоббс, Локк, Дидро, т. б.) идеалистік сенсуализм - Беркли, Юм,т.б. Ағартушылық дәуірде рационализм мен сенсуализм философияда өте маңызды рөл атқарады.

  4. Иррационализм (лат. irrationalis - ақылсыз, санасыз, ақыл жетпейтін) - философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтіндігін уағыздайды. Иррационализмге субъективтік-идеалистік ілім жатады, М: Өмір философиясы (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Шпенглер), экзистенциализм (Сартр, Камю, Хайдеггер, т.б.) және басқалар.

Диалектика және метафизика. Болмыстың мәні өзгермейтін, тұрақты, қозғалмайтын немесе құбылмалы әрі жылжымалы бола ма? - деген сұрақтарды шешу негізінде ол метафизика мен диалектикаға бөлінеді. Диалектика - ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - «пікір таласы, әңгіме жүргізу өнері». Бұл мәнінде диалектика метафизикаға қарама-қарсы. Оның өте ірі өкілдері: Шеллинг, Гегель, Маркс, Ленин, Бергсон. Бірақ дамудың өзі әртүрлі түсіндірілуі мүмкін: «Тұйықталған шеңбер бойынша» даму (Шеллинг, Гегель) және шексіз үдемелі қозғалыс ретіндегі даму (Маркс, Бергсон)

Негізгі әдебиеттер:1(68-85),3(14-26),5(25-40)

Қосымша әдебиеттер:1(101-125),2(39-41),3(12-19),4(68-78),8(39-41)

Бақылау сұрақтары:

1.Көзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты.

2.Мифологиялық және діни көзқарас философияның алғышарты.

3.Философиялық көзқарастың мәні. Философияның пәні.

4.Философияның негізгі қызметі. Қазіргі замандағы философияның рөлі.

Дәріс 2. Ежелгі шығыс философиясы.

«Ежелгi шығыс» деген не? Географиялық жағынан «Ежелгi Шығыс» -

Таяу шығыс - Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;

Орта шығыс - Үндi, Иран, Ауғаныстан;

Қиыр шығыс - Қытай, Вьетнам, Корея, Жапония.

Ежелгi Үндi мен Қытай философиясының ерекшiлiгi туралы жүз жылдан артық уақыт екi түрлi көзқарас арасында (дискуссия) пікірталас жүрiп жатты.

1) Үндi мен Қытай нағыз философияны жасаған жоқ, олар оған жете алмады. Сондықтан, оларды философияның алдындағы немесе дiни-философиялық көзқарас деп атау керек дейдi.

2) Үндi мен Қытай ең жоғарғы философияны әлемге алып келдi. Батыс бұл деңгейге әлi жеткен жоқ дейдi.

Бұл секiлдi қарама-қарсы пiкiрдiң өмiр сүру себебi - философияның эталондық үлгiсi ретiнде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының алынуына байланысы. Ал Үндi мен Қытайлықтардың ойлау тәсілi бұл жүйеге келмейтіндіктен оны «алдыңғы» немесе «жоғарғы философия» деп атады. Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе, ол олардың бай мифологиялық түсiнiгi тәсiлдерiне қатысты. Қытайда мифологиялық сананы қатаң салт-жоралар ығыстырады. Философияда аңыз, ғылыми-теория, миф және логос арасындағы байланыс үзiлмедi. Қытай философиясы мифтан пайда болған, бiрақ Грек философиясындағы секiлдi оны тастап кетпейдi. Миф қытайлықтар үшiн танымның, өнердiң көкжиегi, ондағы ұлттық психология мен философияның қалыптасуының негiзi болды.

Б. з. д. II мыңжылдығында солтүстiк Үндiстанға көшпендi мал шаруашылығымен шұғылданатын тайпалар қоныстана бастады. Олар Орта Азиядан, Ираннан, Волга бойынан келгендер деген де пiкiрлер бар. Олар өздерiн арийлықтар деп атады.

Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе, ол олардың бай мифологиялық түсiнiгi тәсiлдерiне қатысты. Қытайда мифологиялық сананы қатаң салт-жоралар ығыстырады. Философияда аңыз, ғылыми-теория, миф және логос арасындағы байланыс үзiлмедi. Қытай философиясы мифтан пайда болған, бiрақ Грек философиясындағы секiлдi оны тастап кетпейдi. Миф қытайлықтар үшiн танымның, өнердiң көкжиегi, ондағы ұлттық психология мен философияның қалыптасуының негiзi болды.

Алғашқы Қытайдағы философиялық бағыттардың саны көп болды. Ежелдегi қытайлықтардың өздерi де “жүз мектептiң” барлығын мәлiмдеген. Ежелгi кездiң өзiнде бұл мектептердi топтастыруға әрекет жасалды, солардың бiрi ең белгiлi Қытай тарихшысы Сым Цань (б.з.д.II ғ), ол алты негiзгi бағытты көрсеттi. Инь мен Ян мектебiнiң негiзгi мәселелерi табиғат философиясы (натурфилософия), Инь мен ЯН-ның табиғатта көрiнуi және олардың өзара әркетi. Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірілік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді: «Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен баяндап тұрмын». Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі бо­лып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де қеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық діни үштікті (сань цзяо) құрады.

Даосизм адамзатты табиғатпен "бірлікке шақырды."Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сондықтан да қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы - Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, «Кәрі дана» Конфуцийді «Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің,оның барлығы да бос әурешілік» деп қатты сынға алады. Лао-Цзының тұжырымдауынша, халық даоны (дао — жол деген мағынаны береді) негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп пайымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанга тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао,- адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәмекершісі болып табылады. Дао - жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі - озін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық діни қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.

Қытай философиясының екінші бір қайнар бұлағы - Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун - ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы - ата-бабалар дәстүрлері мен заңдарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды, әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бұл қағида - оның этикалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.

Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз «цзюнь цзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін тағы да басты қасиет - парыз сезімі (и) керек. Парыз - бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді. Осы орайда Конфуций «Қайырымды ердің» бейнесін жасап, оны «қасиетсіз ерлерге» (сяо жень) қарама-қарсы қойды. «Қайырымды ер» өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындайды, ол «қасиетсіз ер» болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасып ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп тапсыруға болады, адамдармен татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы мен қуанышқа ортақтаса біледі, қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және қандай құрбандықтарға болса да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. «Қайырымды ер» үш нәрседен қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал. «қасиетсіз ер» көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз қалдырады.

Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай қоғамында ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігінде де берік орныға түсті. Б.з.б. III ғасырда және

б.з. III ғасырларында оның ілімі Хань династиясының тұрақты идеологиясына айналды, тіпті жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы ұстаздың ілімін терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлі терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға айналуына байланысты бұл ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда, өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасандылық сипат алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа, пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни ортағасырлық Қытайда біртіндеп әрбір адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты тұрақты ережелер мен стеротиптердің белгілі бір жүйесі қалыптаса бастады. Бұл заңды қағидалар қытай салтанаттарында айқын аңғарылды. Өмірдің әрбір жагдайына байланысты барлық адамдар үшін міндетті түрде орындалуға тиісті тәртіп ережелері қалыптасты. Конфуцийлік ержелер бойынша адам қандай жағдайда болса да өзін тежеп ұстауы керек, ішкі жан-сезімдерін ақылға билеттіруі қажет. Демек, адамның еркі қалыптасқан ережелерге тәуелді болды, өз дегенін жүзеге асыра алмады. Конфуцийдің ілімі бо­йынша, әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі қажет. Адамдар өз қүқын, өзіне тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу қажет екендігін толық білгенде ғана қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық-әлеуметтік тәртіпті Конфуций және оның жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп, қытай қоғамы жоғарыдағылар және төмендегілер болып екіге бөлінді, алғашқылары мемлекетті басқару істерімен шұғылданса, соңғылары қарапайым еңбекпен шұғылданып, бағыныштылық жағдайда болулары тиіс болды. Қоғамды жоғарыдағылар және төмендегілер деп жікке бөлудегі басты өлшем тек қана байлық қана емес, сонымен қатар қытай азаматтарының «цзюнь-цзы» идеалдарына жақындығы және оған жан-тәнімен берілгендігі болып саналады. Формалды түрде бұл жағдай кез келген қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол ашқанымен, шын мәнісінде, мүлде олай емес еді, өйткені шенеуіктер сословиесі қарапайым халықтан алынбас қамалмен бөлінген болатын. Ол қамал - сауаттылық, яғни «иероглифтер» қамалы болатын. Қытай елінің бүкіл тарихында адамның қоғам­да алатын орны мен оның әлеуметтік жағдайы сауаттылықпен өлшеніп келгендігін еске алсақ және қарапайым халықтың бұл межеге шыға бермейтіндігін ескерсек, қалыптасқан жағдайдың сырын түсінуге толық мүмкіндік аламыз.

Конфуций ел басқарудың басты мақсаты - халықтың мүддесі деп жариялады. Оның әрбір қағидасын ескере отырып, ұлы уағызгердің ізбасарлары мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі - халық, екіншісі - құдай, үшіншісі - әмірші- патша. Бірақ, халықты бірініші орынға қоя отырып конфуцийшілдер «қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің көмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды» деп санады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі - үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болса олардың айтқандарын мүлтіксіз орындап, еркіне бағыну - мемлекет ішіндегі мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептелінеді. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар, Конфуцийдің «Мемлекет дегеніміз - үлкен отбасы, ал отбасы - кіші мемлекет» деген қағидасы, Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. Отбасылық мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршеңдігін 1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы (Пекипдс) студенттер қозғалысының жеңілісінің қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар бойы үлкендер мен ата-ана­сын сыйлауды дәріптеген қытай қоғамы саяси билікте мемлекеттік даналықты бойына жинактаған ел басшысына қарсылықты батыл айыптады.

«Ата-бабаларға» табыну - ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген «Сяо» - яғни «Балалар құрметі» ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо» - адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері - ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді: «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.

Негізгі әдебиет:1(6-68),2(3-17),3(5-14),4(5-13),5(11-22)

Қосымша әдебиет:1(3-43),2(11-20),4(7-40),5(3-5,19-33)

Бақылау сұрақтары:

1.Ежелгі Египет және қос өзен философиясының мәдениет типі ретінде қалыптасуы.

2.Ежелгі Үнді және Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.

3.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.

4.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық мектептері мен бағыттары.

Дәріс 3. Антика философиясы.

«Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. ҮII ғ. соңында ҮI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды. Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:

  1. Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар - Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.

  2. Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi - софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.

Эллиндiк кез (б.з.д. IҮ – б.з. Ү ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих). Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын физиктер, ал философияны натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы мәселесi қалыптасты.Көне грекияның атақты философы – Фалес. Фалестiң пiкiрiнше барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi таста осының нәтижесi . Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi және байланысының айрмашылығы осыдан алғашқы орынға шығады.

Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таң қалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн ашады, - дейдi. Сұрақтарға жауабы: дүниедегi қиын не? – «Өзiңдi тану». Ең оңайы не?- «Басқа бiреуге кеңес беру». Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? – «Жауыңа сенен де қиын болғанда».

Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлде бiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi. Анаксимен – материалист . Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат. Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешiлiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460ж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылардың күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде онда жаңарған су болады. Пифагор (б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы және математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады»,- дейдi. Элеаттар – Элей философия мектебi б.з.д. VI–V ғғ – ежелгi Элейде, қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi. Өкiлдерi: Парменид, Зенон Элейский, Мелисс Самосский.Парменид – бiрiншi болып «болмыс» түсiнiгiн еңгiздi. Оның пiкірiнше дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. «Болмыс бар, биболмыс – жоқ». Биболмысты тану, немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан әлем болмыспен тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi бермейдi. Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар тану мәселелерiнде, сезiмдiк таным («докса» – пiкiр) және идеалдың жоғарғы рухани таным деп қатал түрде бөледі. Егер Парменид философиялық тезистердi дәлелдесе, Зенонды Аристотель диалектиканың атасы деп атады (қарсыластың пiкiрiн терiске шығаратын диалогты пайдалануына байланысты). Зенон әдiсi – жағымсыз жағдайды дәлелдеу. Парменидтың “Қайшылық заңына” ол “Үшiншiнi жоққа шығару” заңын қосты. Зенонның “Ахилес”, “Дихотомия”, “Жебе”, “Стадион” және басқа апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн алынбас қамал болды.Зенонның “Ахилл және Тасбақа” апориясы (апория – түсiнiксiз қайшылық).Алғашқы шарт. Ахилл мен Тасбақа бiр-бiрiнен А аралығындағы қашықтағы жол бойында тұр. Олар бiр кезде бiр бағытқа қарай қозғалады. Ахилл барлық күшiн салып жүгiредi, ал тасбақа болса, бауырлап жылжиды.Тезис: Ахилл ешқашанда Тасбақаны қуып жете алмайды.Дәлелдеу: Тасбақаны қуып жету үшiн Ахилл алдымен қозғалыс басталардағы бөлiп тұрған А аралықты жүгiрiп өтуi керек. Осы уақытта тасбақа да А аралығын өтедi. Демек, ендi Ахилл тасбақаны қуып жету үшiн тағы да А аралығын жүгiрiп өту керек және т.т. Себебi кеңiстiктегi жол шексiздiкке дейiн бөлiнедi, онда Ахилл мен Тасбақа арасында азда болса аралық қалып отырады, оны Ахилл жүгiрiп өтуi керек.

Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Кеңiстiкте шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың (аралықтар) өмiр сүруi мүмкiн болса, онда қозғалыстың болмайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.Зенон бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық), немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.

Ежелгi Грециядағы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде Демокриттiң (б.з.д. 460-370 жылдар шамасы) философиясынан толығырақ көрiндi. Демокриттiң көзқарасы бойынша, нақты дүниенi, негiзгi кеңiстiктi толтырып тұратын атомдар. Олар табиғаттың бөлiнбейтiн және мәңгi өмiр сүретiн ең кiшi бөлшектерi. Олар сапа жағынан емес, саны, түрi, формасы, ретi, тәртiбi немесе орналасуы және көлемi жағынан бiр-бiрiнен өзгеше келедi. Соларға байланысты денелер белгiлi бiр сапаға, қасиетке ие болады, жылы не суық, ауыр не жеңiл, қатты не жүмсақ болып келедi. Атомдар мәңгi қозғалып тұрады, бiр-бiрiмен соқтығысып шағысып жатады.

Классикалық кезең. (Б.з.д. Vғ.). Классикалық кезең тақырыбы – адам мәнi, оны танудың ерекшелiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiм түрiнiң басқаларына қарағанда алғашқы болды. Теориялық философия принципiнiң негiзiнде құрылған классикалық кезеңнiң негiзгi проблемалары: онтология, антропология, гносеология.Сократ (б.з.д. 469-339 жж) туралы Аристотель мен Платонның айтуы бойынша бiлемiз. Сократ әлем құрлымын, заттардың (физикалық) табиғатын танып бiлуге болмайды, тек өзiмiздi ғана бiлуiмiз мүмкiн дейдi. Мұны “өзiңдi танып бiл” формуласы түрiнде өрнектедi. Бiлiм - дегенiмiз ой, жалпы туралы ұғым. Ұғым анықтау арқылы айқындалады да, индукция арқылы жалпыланады. Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстарымен шұғылданған. “Менiң бiлетiнiм – еш нәрсе бiлмейтiнiм” – дейдi ол. Сократ этика саласында өнегелiктi ақиқат және даналық пен теңестiрдi. Тек ақылды адам ғана өнегелi, себебi ол iзгiлiктiң, жақсы мен жаманның не екенiн бiледi. Әсiресе Сократ үш iзгiлiктi бағалайды: сабырлық - сабырлы адам құмарлықты қалай басуды бiледi; батылдық - батыл адам қиындықты қалай жеңудi бiледi; әдiлеттiлiк - әдiл адам адамдық пен құдайлық заңдарды қалай ұстауды бiледi. Сократтың ойынша даналық тек қана “мейiрбан адамдарға” ғана тән.

Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз идеялардың көмескi бейнелерi болып табылады. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана. Негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист» т.б.

Аристотель (б.з.д. 384 –322 жж) Стагирда туған, Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi. Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары:Дұрыс ойлаудың заңдары мен түрлерi туралы формальды логиканы жасауы.. Ғылыми бiлiм жалпыны оқу, яғни сезiммен қабылдаудан емес, оймен дәлелдеуден басталады деп, дәлелдеу туралы iлiмдi тұрғызды. Ол бiлiмдi деректердi жинап қорытындылаудан, индукциядан дедукцияға өтуден туатынын көрсеттi.

Аристотель антикалық философ-ойшылдарының iшiнде алғашқы болып философиялық бiлiмдi нақты ғылымнан бөлдi. Екi түрлi философия бар екенiн, “алғашқы философия” - табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтiн, қозғалмайтын мәңгiлiктi зерттейтiн метафизика, “екiншi философия” – үздiксiз қозғалыста және өзгерiсте болатын сезiмдiк заттар дүниесiн табиғат пен материяны физика зерттейдi дейдi. Негiзгi еңбектерi: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика».

Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ аяғы – б.д. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, философияның орталық мәселесi этика болды. Философияның мақсаты көбiне дұрыс әрекет арқылы бақытқа жетуi болып түсiнiлдi. Адамдардың араласуы, өзiнiң кiм екенiн және әлемдегi орнының бар екенiн бiлудi қажет еттi. Этикалық мәселелер, сондықтан табиғат iлiмiмен байланысты талданылады.

Эллинизм дәуiрiнде философиялық ойлар негiзiнде көп мектептер мен бағыттар пайда болды. Олар:Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар),Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий)Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик),Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет),Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл,),Эпикуреизмнiң негiзiн салушы Эпикур (б.з.д 341-270 жж) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттың атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж), римдiк философ әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттады, эпикуреизмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады. Стоицизм - өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа - гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенеканың көптеген еңбектерi ұзақ сақталған. Оның “Нравственные письма к Луцилию” және император Марк Аврелийдiң “Наедине с собой” шығармалары бізге белгiлi.

Скептицизм ─ Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүние танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану. “Скептицизм” терминi ежелгi гректiң “скепсис” деген сөзiнен шыққан. Ол “ойлау, талдау, тербелу” ретiнде аударылады. Скептицизмде – әмбебаптық күмәндану ─ негiзгi философиялық қағида, яғни қандай да болмасын бiлiмнiң анық еместiгi туралы идеяны жүргiзедi. Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Ол космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас Игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан - көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан - бiртұтас.

Негізгі әдебиет: (132-159),2(27-40),3(36-52),5(101-131)

Қосымша әдебиет:1(125-148),3(132-137),8(75-77)

Бақылау сұрақтары:

1. Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.

2. Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.

3. Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі.

4. Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.

Дәріс 4. Орта ғасыр философиясы

Орта ғасыр философиясы негізінен шіркеу догматымен есептесе отырып дамыды. Сол кездегі философияның өмір сүруі ─ шiркеу билiгiнiң ыңғайына, тарихи жағдайға байланысты болды. Шіркеу мен дін, қоғамдағы әлеуметтік өмірдің табиғи көрінісі болды. Олардың абсолюттік үстемдігi философияның және бүкіл мәдениеттің ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызбады. Ойшылдар шіркеу мектептерінде және діни қызмет атқару арқылы ғана философиямен шұғылдануға мүмкіндік алды. Орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселелер: Онтология, антропология, гносеология.

Онтология (болмыс). Барлық тіршіліктің алғашқы себебі ─ Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Айырмашылығы ─ орта ғасыр философиясы теоцентрлік, яғни, шындық ─ табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш - Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. «Құдай дүниені жоқтан жаратты» ─ делінген көзқарасты Креационализм (лат.creatio-жасау) дейді. Ол әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бәрi бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы идеалистік ілім.

Антропология – ол адам туралы ілім. Осы ілімде адамды құдай жаратқан және өзіне ұқсас етiп жасаған. Бірақ, адам табиғаты екіжақты. Яғни, жан мен тән. Жан ─ рухани ғана емес, құдай берген игілік, дене ─ шайтан қонысы. Адам өз күнәсі мен шайтанның арам пиғылынан құтылу үшін, туған күнінен өлгенше шіркеу мен діннің қолдауына зәру болуы керек. Батыстық орта ғасыр философиясы екі кезеңінен тұрады:

Патристика (Pater-әке, шіркеу әкейлерінің діни философиясы).

Схолостика (латын тілінде «мектеп» деп аталады ). Қазір схоластика деген ұғым ─ өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз сөзге үйір дегеннің синонимі.

Философия тарихы Патристика кезеңін І ғ-VІ ғ болды деп анықтайды. Христиан дінінің догматын (қағидасын) жасаушылар ─ Тертуллиан Карфагенский (160-220жж.) Климент Александрийский (150-215жж.) Аврелий Августин (Блаженный) (354-430жж.), Ориген (185-253жж.), Боэций (480-526жж.)болды.

Апостолдық патристика кезеңі (б.д II ғ. ортасына дейiн). Апологеттер II-III ғғ. Христан дiнiн оның көптеген жауларынан - Рим мемлекетiнен, пұтқа табынушылар философиясынан қорғап, христиан-дiни көзқарасын түсiндiру арқылы қалыптастырды. Негiзгi мәселе, пұтқа табынушылардың философиясы мен мәдениетiне байланысты, Тертуллиан, т. б. оларды шайтан жаратқан десе, Ориген және басқалар пұтқа табынушылардың данышпандығы (гректер мен римдiктер) мен христан дiнiнiң бiрлiгiн көрсетуге тырысты.

Классикалық патристика, IV-V ғғ. ортасы - христиандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды. Христостың табиғаты ─ құдайлық, адамдық немесе құдай-адамдығы (христология), Құдай берген игiлiк, адамның күнәға батуы, одан оны құтқару және күнәдан арылу мәселесi. Бұл мәселелер жаңа христиан мәдениетiнiң рухани негiзiн iздеу, әрi қалыптастыру болды.

Ең соңғы кезең (VI-VIII ғғ.) - теологиялық мәндегi энциклопедиялық жүйелердi жинақтау, догматтарды қалыпқа келтiру.

Енді патристиканың iрi өкiлiнiң бiрiне тоқталайық. Августин (Блаженный)-354-430, Христиан теологі, епископ, Гиппон қаласында (солтүстік Африка, Рим империясы) Христиан дініндегі католицизм ағымының негізін салды. Негізгі шығармасы «Құдай қаласы туралы». Бұл еңбек жүздеген жылдар бойы діни ілімді таратуда, зерттеуде және оны оқуда басты құрал болып саналды.

«Схоластика» кезеңі - философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский, т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ, бұл мәселелер өзінің әдісі мен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ─ ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдарының ара қатынасы көп орын алды.

Орта ғасырлық схоластикада әмбебаптылық (Универсалии лат. ─ niversalis-жалпы). Әмбебаптық нақты объектiге тән, оның анықталған түрi болады. Бұл мәселе төңірегіндегі дау-жанжал кең орын алды. Схолатикадағы орталық айтыс, номинализм мен реализм арасында жүрдi. Ол христиан дініндегі құдайдың үштік мәні туралы догмат пен және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.

Номинализм (лат. Nomina - есім, атау) дегенiмiз ─ философиялық ағым, ол бойынша жалпылық, жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана, шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу - ызасын тудырды.

Реализм (лат realis ─ шындық, заттық) жалпы ұғымдар, әмбебаптық (универсалийлер) реалды, әуелбастан өмір сүреді – дейдi. Ансельм Кентерберийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы бiр құдай, демек жеке заттардың болуы, жаратушы құдайға байланысты.

Араб философиясы. Батыста философия, өнер және ғылымның дамуы орта ғасырда біршама тоқтап қалды, ал Шығыста араб ойшылдарының арқасында ерекше дами бастады. Арабтардың ұлттық сана-сезімiнің оянуы, мәдениетінің кең өріс жаюы, VII ғасырда Араб жерінде жаңа, ислам діннің пайда болуымен тікелей байланысты.

Ислам Шығыстық дәстүрді сақтап, Құдайды табиғаттың объективтік заңдарын орындаушы, оларды адамдарға жеткізуші құдіретті күш ретінде таныды. Ал адамды көп тіршілік иелерінің тең бірі деп санап, қанағатшылды, руханилыққа шақырды. Иудаизм діні Құдайдың Жерді адам үшін жасағаны, адамды өзіне ұқсас етіп жасауы сияқты, т.б. идеяларын қабылдаған және «адам-құдай» ілімімен оны тереңдете түскен Христиан дініндей, Ислам табиғатқа немқұрайлы қарамайды. Оны бар күнәнің көзі демей, керісінше, дәріптеп пір тұтады. Бұл табиғатпен, байлық үшін басқалармен соғысудан құтқарады, табиғаттану ғылымдарынан гөрі, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың көп жетілуіне жол ашады. Исламда «пантеистік» (табиғаттың өзін құдай деп тану) сарын басым (Ибн Сина, Ибн Рушд ілімдерінде) болғандықтан, Крест жорықтарының нәтижесінде фундаменталдық күйге түскен кезге дейін, «құдайды тану - табиғатты оқу» қағидасына сүйеніп, араб тілді елдерде барлық ғылым салалары, мәдениетте ерекше дамыды. Орта ғасырдағы Шығыс ─ дін мен ғылымның үйлескен кезеңі, әрі ғылымның қайта жаңғыруының негізгі себебіне айналды.

Орта ғасырда Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платон, Аристотель, Гипократ, Гален, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Х ғасырдың екінші жартысында олар Испанияға, орталық Пиреней түбегіндегі Кордово қаласына ойысты. Араб әлемінде танымал болған шығармалар, бұл жерде латын тіліне аударылып, батысеуропалық ғылым дамуының қайнар көзі болды. ІХ-ХIІ ғасырда мәдени даму ─ өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Осы кезде Аристотель ағымның ықпалы өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизімінің (гр. Peripatetikos - серуен кезінде бiлiм алу) негізі қаланды. Ол негізінен екі ағымға бөлінген.

Шығыстық Аристотелизм: Әль-Кинди, Әл-Фараби және Ибн-Сина (Авиценна).

Испан Аристотелизімі: Ибн Рушд (Аверроэс) және Ибн Туфайль.

Осылар арқылы мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды. Мұсылмандық шығыс перипатеизмнің алғашқы өкілі Әль-Кинди (шамамен 800-870 ж) «араб философы» деген құрметті атаққа ие болды. Ол астролог, математик әрі дәрігер, сонымен қатар Аристотель шығармаларына түсініктемелер берді. «Органон» және «Метафизика» еңбектеріндегі мәселелер бойынша бірқатар трактаттар жазды. Ол өзінің дүниетанымына негіз етіп, жалпыға ортақ себепттік байланыс идеясын алды. Бұл идея ─ «егер кез-келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болсақ, онда бүкіл ғаламдық нәрсені айнадағыдай тануға мүмкіндік туады» ─ дейді. Ол ғылыми танудың үш сатысын көрсетіп, бірте-бірте керек жағдайда білімнің ақиқатына жетуге болатынын айтты.

  1. Логикалық-математикалық сатыда.

  2. Ғылыми жаратылыстануда.

  3. Метафизикада (философияда).

Ол өз уақытында дүниені адамның ақыл-ойымен тануға болады деген революциялық идеяны ұсынды. Оның ойынша танымның көзі және эталоны ─ ақыл-ой.

Араб елдерiнде перипатетизмнен басқа неоплатонизм мен неопифагореизм iлiмiн жалғастырушы «таза бауырлар» мектебi, ресми дiннiң көптеген рәсiм-салтына қарсы болған, құдайға сырт пiшiнмен емес жүрекпен сенуге шақырған, гностицизмнiң сезiм көрiпкелдiгi идеясын ұстанған сопылар (суфизм) мектебi және мұсылман - дiни философиясының мектептерi болды. Ең бiр ерекше есте ұстайтын жәй: барлық мектеп өкiлдерi ғылыми iзденiстердi қолдап, өнер салаларында да белсендi болды. Мысалы, суфизм ағымын жақтаған Фирдоуси, Низами, Саади, Руми, т.б. шығармашылығы бүкiл әлемге әйгiлi болды. Ол дiни философия мектебiнiң атақты өкiлi Әл-Ғазалидiң атом теориясын қолдап, дамытуға ат салысқаны да белгiлi. Бұл Шығыс елдерiндегi ежелгi менталитеттiң, «алтын орта» қағидасының ғылым мен дін үйлесiмдiлiгiнде көрiнуi едi. Ежелгi Үндi, Қытай елдерiнде де дiннiң орта ғасырда бiрталай күшейгенiне қарамай, барлық философиялық мектептер сақталып, жеке философтар мен ғалымдардың материалистiк көзқарастарына, iзденiстерiне ешбiр кедергi келтiрiлмедi. 

Негізгі әдебиет: (132-159),2(27-40),3(36-52),5(101-131)

Қосымша әдебиет:1(125-148),3(132-137),8(75-77)

Бақылау сұрақтары:

1.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.

2.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм.

3. Араб философиясындағы орта ғасырдағы антикалық мұра.

4.Шығыс орта ғасырындағы классикалық философиясының дамуы. Араб тілді философиядағы әмбебаптық, пантеизм, перипатетизм.

Дәріс 5. Қайта өрлеу, Жаңа заман және Ағартушылық кезең философиясы

Қайта өрлеу бір замандағы, яғни б.з.д. V ғ., шарықтаған грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің, әдебиетінің 1500 жыл бойы қыспақта болып, енді жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. «Ренессанс» - «Қайта өркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу. Қайта өркендеу деп ─ Батыс және Орталық Еуропадағы мәдениеттің XIV-XVI ғғ даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылдар шіркеу догмалары мен Орта ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тәуелді екендігі туралы түсінікке күмән келтіреді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс-әрекеттерінің де мәнін жоғары көтерді.

Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер туғызатын Космосты, ортат ғасырда Құдайды, Қайта өрлеу дәуірінде Адамды қойды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі - антропоцентризм. Енді зерттеудің орталық мәселесі - Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді ойшылдарды толғандырды. Адам мен оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл аударғаны үшін, оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.

Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «Гуманизм» терминін (латынның humanitas ─ адамшылық) белгілі Римнің саяси қайраткері, Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі рөл грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренессанс мәдениетінің теориялық негізі ─ осы пәндер. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады.

Пантеизм - (pan - бәрі және tcheos - Құдай) - Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, Құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты философ ─ Николай Кузанский (1401-1464), шын аты Кребс. Ол «Білместік ғылымдары туралы», «Шығу тегі туралы», «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы» еңбектерін жазды. Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады және адамның бұл қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ дүние шексіз, материалды және қарама-қарсылық арқылы қозғалады. Адамды Н. Кузанский аса жоғары қояды. Сонымен бірге Құдайдың адамға қатысы барлық құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай - әлемнің ортасы және оның шегі. Ол бүтін, ал дүние әлемі - оның бір бөлігі. Дүние әлемі Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат барлық кезде таным процессі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да құдай жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, Жаратушының өзін табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді, шын мәнінде Жаратушының рөлін жоққа шығарды. Коперник Николай (1473-1543 жж.) поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы. Негізгі еңбегі - «Аспан денелерінің айналуы туралы». Схоластар және шіркеу өкілдерінің ортағасырлық дәстүріндегі Аристотель - Птолемейдің геоцентристік теориясына қарсы шықты. Жердің Күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теориясын ежелгі грек ғалымы Аристрах Самоскийдің пікіріне сүйеніп ұсынды:Жер әлемнің орталығы емес. Күн жерге қарағанда ортада тұр, Жер Күнді айналады; Барлық ғарыштық денелер өзінің траекториясы бойынша жылжиды. Ғарыш шексіз; Ғарыштағы процестер, табиғи көзқарас бойынша түсінікті, «қасиеті» қағидалар мәтінінде түсініксіз. Джордано Бруно (1548-1600 жж.). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмыстың болу себебі және болмыс заттарының өзі. Бруно: «Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі құдай, не құдай заттардың ішінде»,- дейді. Тұтастық материя түрімен үйлеседі, ал руханилығы денемен сәйкес болады. Материяға келетін болсақ, ол бұл жағдайда әлемдік заттардың басы мен соңы болады. Онда түр пайда болады және жоғалады, материяның өзі мәңгілік, «себепсіз себеп» бола береді.

Табиғат өздігінен табиғи қозғалыста болады. Күн жерге қарағанда ортада, бірақ әлем дүниесінің ортасы емес, әлем - шексіз. әлем дүниесі галактикадан тұрады. Барлық аспан денелері және ондағы бардың бәрінің қозғалу қасиеті бар. Әлем дүниесінен бөлек құдай жоқ. Бруноның көзқарасын шіркеу идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 ж түрмеге жабылды. Инквизация одан өз көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Ол көнбеді. 1600 жылы Римде Орталық «Гүл» алаңында оны отқа өртеп жіберді. Негізгі еңбектері: «Себептілік бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы».

Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «Гуманизм» терминін (латынның humanitas адамшылық) белгілі Рим саяси қайраткері, шешен Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі роль грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренесанс мәдениетінің теориялық негізі осы пәндер болады. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады. Гуманизмнің негізін қалаушы - ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374 жж.). Өз шығармаларында католік шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Петрарка антикалық мұраны бағалауда жаңа тәсіл қолданды. Ол әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін, негізін қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғарғы сатысына ұмтылуды, сонымен бірге, қайта ой толғай отыра, кей жағдайда одан басым болуға шақырды. Петрарка салған жолда антикалық мұра гуманизмнің жетекшісі болды. Қайта өрлеу дәуірдің басты субъектісі ретінде адамды қойды.

Джованни Пико Дела Мирандолла (1463-1494 жж.). Шіркеу қағидаларына қарамай, ол адамды құдай өзіне ұқсас етіп жаратпаған, адам өзін-өзі жасаған деді. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді биік дәрежеге көтеру, абыройын қорғау - әр адам алдына қойылған мақсат, ол оның ғана жетістігі мен бақыты болып есептеледі. Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.) Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік- философиялық ойлау өкілі, ортағасырлардағы Құдайдың бәрін алдын ала болжауы концепциясын «фортуна» (кез, бақыт) идеясымен ауыстырды, адамды қажеттілікке байланысты әрекеттенуге, пайда болған жаңа жағдаймен санасуға шақырды. Тағдыр адамды жартылай билейді, сондықтан қалыптасқан жағдаймен күресу керек дейді. Фортунамен бірге ол тарихтың қозғаушы күші ретінде Виртун (virtu) – адамның жігерлігін, іскерлігін талантын іске асыру - терминін енгізді.

Жаңа Заман философиясында XVIII ғ. ерекше орын алған бағыт, ағартушылық кезең. Көрнекті өкілдері: Францияда - Вольтер, Руссо Ж., Гельвеций К., Ламетри Ж., Дидро Д., Гольбах П., Германияда - Лессинг, Гердер И., Англияда - Локк Д., Толланд Д., Юм Д. Ағартушылық кезеңдегі ойшылардың бәрін қайта өрлеу дәуіріндегі адамның шексіз мүмкіндігіне сену, өмірді ақылға сүйеніп өзерту, жаңа ғылым жетістігіне ұмтылу біріктіреді. Ағартушылар шіркеуді, дін ұстанымдарын сынап, абсолютизм мен метафизикаға қарсы шықты. Дін атаулының бәрі - надандықтың, жоққа нанудың және қаталдықтың ертедегі ескерткіші деді Гольбах.

Француз ағартушыларының өкілі Вольтер (1694-1778 жж.) жазушы, философ және публицист. Аса қатаң түрде шіркеуді сынады, оны үстем таптың мүддесін қорғаушы, ғылым мен білімнің жауы деп санады. Ол әрекетсіз оптимизмге күлді, еркін ойшылдыққа, өз бақыты үшін күресетін іскер адам болуға шақырды. Ол материяның мәңгілік және таралмайтындығы, тәуелсіз өмір сүретіні және мәңгі қоғалыста болатыны, табиғи және қоғамдық құбылыстардың себептілікке бағынатындығын мойындады.

Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) феодалдық қоғамды қатаң сынады, адам теңдігін, демократияны, азаматтық қоғам идеяларын дамытты. Теңсіздікті жекеменшіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Педагогика ғылымының теоретигі, еңбек арқылы белсенді азаматтарды тәрбиелеуге шақырады. Оның «Қоғамдық келісім» (1762), атты еңбегі бар.

Ағартушылық кезеңде француз материалистері қоғамда ерекше орын алады. Дени Дидро (1713-1784 жж.) материя мен қозғалыстың бірлігін қуаттап, абсолюттік тыныштықты қолдамады. Барлық табиғат мәңгі қозғалыс пен дамуда болады, «қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі» деген идеяны қолдады. Ол адамды сезгіштік пен ес дарыған құрал-сайманға ұқсатады.

Ағартушылар ─ «адамның мінез-құлқы мен қылықтарына қоғамдық орта мен тәрбиесі жауапты» - деген өте прогресшіл қағида ұсынды. Адамды қоғамдық орта қалыптастырады. Осыдан ─ ағартушылар адамды, оның мінез-құлқын өзгерту үшін, ең алдымен ортаны өзгерту керек деген революциялық қорытынды шығарды. Ағартушылар философиясы XVIII ғасырда ең прогресшіл философия болды.

Негізгі әдебиет:1(159-180),2(40-43),3(52-74),4(26-44,45-56,76-93)

Қосымша әдебиет:1(149-170),3(138-152),8(94-96)

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.

2.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.

3.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.

4.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы

Дәріс 6.Немістің классикалық философиясы.

Немістің классикалық философиясы ─ адамзат мәдениеті мен философиялық ойлау дамуының маңызды сәті. Бұл философияның негізін салған Иммануил Кант (1724─ 1804 ж.), Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж.), Фридрих Вигельм Иозеф Шеллинг (1775-1854 жж.), Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831жж.) және Людвиг Андреас Фейербах (1804-1872 жж.). Аты аталған философтар өз жүйелерін жасады, олардың идеялары мен тұжырымдары аралығындағы ерекшеліктердiң болғанына қарамай, бір рухани ортаны қалыптастырды.

XVIII ғасырдың аяғымен XIX ғасырдың басында Германия экономикалық, саяси жағынан артта қалған бытыраңқы жартылай феодалдық ел болды. Ұлт буржуазиясы әлсіз болғандықтан, өкіметке қарсы ашық күресе алмады және революциядан қорықты, сондықтан феодалдармен ымыраға келді. Неміс классикалық философиясының өкілдері де, жай қала халқынан (бюргер) шыққандықтан, тек жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар өз заманының білімді адамдары болды, университеттерде сабақ беріп, ғылыммен шұғылданды; сол кездегі Англияда болған өнеркәсіп төңкерісi, оның негізінде табиғаттану ғылымының дамуы, 1748-1794 жылдары Францияда болған буржуазиялық революцияның прогресшіл идеяларының Герман буржуазиясына тигізген әсеріне көп көңіл қойып, ой қозғады. «Неміс классикалық философиясы» деген атауды Энгельс беріп, оны былай деп түсіндіреді:

1.     Сана, сезім, ақыл-ой, таным мәселелерін зерттеу;

2.     Ертедегі көне диалектиканы жаңа негізде көтеру;

3.     Субъективтік идеализмнен объективтік идеализмге революция жолымен көшу.

Иммануил Кант 1724 ж. қарапайым қолөнерші семьясында Кенигсберг қаласында дүниеге келді. Әкесі тері илеуші, қайыс сайман тігіншісі болып жұмыс істеді. Отбасындағы 9 баладан 3 қызбен інісі екеуі ғана тірі қалды, бала кезінде өте көп ауырды. Өмір бойы бойдақ болып өттi. 1745 жылы Кенигсберг университетінің теологиялық факультетін бітірді. Сонымен бірге Университетте бірқатар жаратылыстану және философиялық пәндерді зерттеп таныды. Университеттен кейін 9 жыл үйде сабақ беретiн мұғалім болды және өзінің білімін жетілдірумен айналысты. 1755 жылы приват-доцент болып орналасқан соң логика, метафизика, математика, табиғи құқық, философия, механика, минерология, теология, этика, география, антропология, дін және физикадан дәріс берді. Философия мамандығымен 47 жыл бойы шұғылданды. Өзінің жеке басында философиялық әңгімелерге көңіл бөлмеген. Оның ойынша ол тыңдай білмейді, оқыта біледі. Бүкіл өмірі есептеліп өзіне ыңғайлы өтіп жатты. Кешкі сағат 1000-да ұйықтап, таңғы 500-те тұратын болған. Ол 1900 сағатта қыдыруға шыққанда, қала тұрғындары онымен сағатын туралайтын деген аңыз бар. Бұл әдет соңғы 30 жыл бойы бұзылмаған.

Негізгі еңбектері: «Жалпы бiрдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» (1755 ж.), «Таза ақыл-ойды сынау» (1781 ж.), «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.), «Пайымдау қабілетін сынау» (1790 ж.), «Логика» (1800 ж.), «Кіршіксіз таза парасатты сынау» (1781 ж.). «Пролегомендер» Канттың өз философиясының жай-жапсарын қысқаша баяндап берген шығарма. Алғаш рет 1783 ж. басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни кезеңдегі».

Сыни кезеңге дейінгі кезеңінің мәні. «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:

1.     Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.

2.     Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза ұсынды:

а) Күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.

б) Тасқындардың салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.

3. Дүние жаратылды деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану туралы еңбегінде материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар ұсынды.

4. Кант философиясының тарихы маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында болды.

Кант екінші кезеңде өзінің философиялық жүйесінің орталық мәселесі етіп адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ ол адамда жоқ. Адамда бардың бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында қалыптасты. Адамның рухани тілегі мына философиялық сұрақтарға байланысты:

1. Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). «Таза ақыл-ойды сынау». (1781 ж.)

2. Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.)

3. Неге сенуге болады? (Дін) «Ақыл шеңберіндегі дін» (1793 ж.). «Антропология» (1798 ж.).

4. Адам деген не? (антропология).

Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.

Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.

«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.

Фихте Иоганн Готлиб 1762 жылы Раменау, Лужицк өлкесінде тоқымашы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап станокта жұмыс істей бастады.Оның білім алуына кездейсоқ жағдай әсер еткен фабрика иесі, барон ─ Милиц байқап қалды. Соның арқасында гимназияға қабылданды, кейіннен Иен университетінің теология факультетін бітірді. Фихте шығармалары: «Ғылым туралы ілім» (1794), «Адамның міндеті», «Әрқилы жауаптылықты сынау».

Фихте тарихи тұрғыдан алғанда немістің классикалық философиясына жаңа импульс берді. Фихте - субъективтік идеалист. Оның пікірінше, нақты өмір сүретін біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат - тек біздің санамызда, сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. «Мен» (Субъект-сана), «Мен еместің» (табиғат-объект) анықтаушысы. «Мен» алғашқы бастама кезінде, ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдайда, «Мен емеске», одан кейін екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Енді «Мен де» - рух, жігер, өнегелік, сенім ұғымдарды қалыптасады, «Мен емес» нақты өмір сүреді және «Менге» әсер етеді, кейде оның іс-әрекетін айқындайды.

Шеллинг Фридрих Вилагельм Иозеф (1775-1854 жж.) 1775 жылы Леонбергте, протестанттық пастордың отбасында дүниеге келді. Сол кездегі философия мен әдебиеттегі бостандық оны қанағаттандырды. Ол құпия түрде Спинозаны, Руссоны және Шиллерді оқыды. 19 жастағы студент кезінде өзінің бірінші трактатын жазды. «Философия түрінің жалпы алғандағы мүмкіндігі» деген еңбегі таң - қалдырды.

Оған сол кездегі саяси оқиғалар өте үлкен ықпал жасады, әсіресе француз революциясының рөлі ерекше болды. Рухани құбылыстардан, Кант философиясы әсері айтарлықтай болды. Канттың сыни еңбектерінің арқасында оның теология мен шіркеуден алшақтауына тура келді.

Алғашқыда Фихте философиясын жалғастырғанымен, көп ұзамай субъективтік идеализмнің мүмкіндігінің жоқтығын түсінді.

Шеллинг философия эволюциясының ең маңыздысы ─ табиғат философиясын жасады.

Шеллингтің табиғат философиясының жетістігі ─ ол табиғат пен оның құбылыстарын зерттеуде диалектика әдісін кіргізді. Ол табиғатты зерттеуде ізденудің қажеттілігін, табиғат реальдығын, динамикалық қарама-қарсылығын көрсетеді. Шеллингтің табиғат философиясы, табиғаттың идеалистік диалектикасына айналды.

Натурфилософияның мақсаты ─ табиғаттың дамуындағы ең төменгі түрден, жоғарғы түрге бірте-бірте өтуді ашу. Мұнда табиғатты ақыл-ой өміріндегі сансыздықтың көрінісі ретінде баяндайды. Объективтік дүние алғашқы санасыз рухтың поэзиясы дейді.

Жаратылыстанудағы механистицизмді сынап, барлық құбылыстарды табиғаттағы өмір негізінде жатқан бiр принциптің көмегімен түсіндіруге ұмтылды.

Эмпирикалық нақтылықта табиғат заттары кейбірде рухани көріністе табылады. Демек, олар бір-бірімен тепе-теңдік жағдайда болады. Бұл идея оның басты және негізгі мәселесі.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.). Гейдельберск, одан соң Берлин университеттерінде профессор. Бірінші болып қызмет атқарды өз заманның атақты, әрі бүкіл Еуропаға белгілі беделді философы, әрі неміс классикалық философиясының шоқтығы биік өкілі.Гегель философиясының үлесі және ерекшелігі:

Ол объективтік идеализм теориясын жасады. Оның философиясының негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.

Гегель, Канттың, Фихтенің және Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасап, және оны білімнің әртүрлі салаларына қолданды.Өзінің диалектикалық әдісінде ол қозғалыс дамуының үздіксіз екенін үйретті.

Гегель өз философиялық жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір-біріне қайшы, кер тартпа. Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты (немесе бүтін болмысты) түсiнуде, идеяның мәні ретіндегi - әлемдік ақыл-ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні -Абсолют деп атады (барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы). Абсолюттың маңызды қасиеті - шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі болады. Ол өзінің дамуында әр түрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасында әр түрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты - өзін-өзі тануға ұмтылады.

Абсолют үштік түрде құрылған, Еуропалық философияда ертеден бар және дәстүрлі христиан діні іліміндегі үштікпен байланысты. Абсолюттік идеядан Табиғат, Табиғаттан Рух туады, бірақ, қалай тууы түсіндірілмейді, тек шыққан нәтижені факт ретінде көрсетеді.

Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат - әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болып табылады. Содан пайда болу, «туу» деген ұғым шығады. «Нақты болмыстың пайда болуы» - заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады: механикалық құбылыстар, химиялық қосылыстар, тіршілік, адам мен адамзат қоғамы түрiнде дамиды.

Адам пайда болғаннан кейін, идея адамның санасында ойлау формасына қайта айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп алшақтай береді. Ол өзінің бүкіл өткен жолын ұғына келе өз дамуын аяқтайды, бастапқы өз күйіне келеді. Ендi «Таза болмыс» ретінде емес, бүкіл өз мазмұнын барынша өрістеткен, болмысқа айналады. Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын тек идея. Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені - табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды - шексіз қозғалу, өзгеру және даму процессі деп көрсетуге тырысты. Ол диалектиканың негізгі принциптерін, заңдарын, категорияларын белгілеп берді. Табиғаттың, қоғамның, ойлаудың дамуы диалектиканың заңдарына бағынады деген оның идеясы өте игілікті болады. Алайда, объективті идеалист болғандықтан, Гегель дүниенің барлық құбылысының негізінде қайдағы бір абсолюттік идеяны, әлемдік рухты алды. Ұғынудың жоғарғы сатысы өзiнiң философиясында берiлген деп, Гегель ендi басқа философияның болуы мүмкiн емес деп өзiнiң диалектикалық iлiмiне қайшы пiкiр айтады. Бұл оның философиялық жүйесi мен ойлау тәсiлiнiң арасындағы қарама-қарсылық. Ең маңызды еңбегінің бірі «Логика ғылымы» үш бөлімнен тұрады: 1. Болмыс. 2. Мән. 3. Ұғым.

Л. Фейербах 1804 жылы Лансугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді. Фейербах: «Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты жасаушыға айналдырды», - дейдi. Фейербахтың пікірінше, жаңа философия теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі, сондықтан ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғамнан және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.

Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі - іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды» - дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды - бұл практикалық іс-әрекеттің рөлінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процесстің қозғаушысы деп объективтi заңды емес ақыл-ойды мойындайды.

Фейербах адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербахтың материализмнің күшті жағы - оның дінмен ашық күресуінде, діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.

Негізгі әдебиет: 3(138-152),8(94-96)1(68-85),3(14-26),5(25-40)

Қосымша әдебиет 3(52-74),4(26-44,45-56,76-93)1(149-170),

Бақылау сұрақтары:

1.Классикалық неміс философиясының әлеуметтік, тарихи алғышарттары.

2. Классикалық неміс философиясындағы метафизика мен натурфилософия.

3. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.

4.Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм

Дәріс 7.ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі бей классикалық философиясы.

XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды.

Марксизм филрсофиясындағы принциптік жаңалық адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның барысында өзі де өзгереді. Бірақ, марксизмде адам мәселесін, оның өмірінің мәнін, бостандығын, т.б. мемлекет, тап басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктер мүдесінің көлекесінде қалдырды.

XIX ғасыр философиядағы екінші бір философиялық ағымдар, ақыл-ой және сананың дүниені танудағы мүмкіндігіне шек келтіретін идеялар мен тұжырымдар туғызады. Осының нәтижесінде классикалық философияда ақыл-ой күшіне, жеке сананың құдіретіне толық сенуін, ол ақыл-ойдың жетілуі ─ ғылымның дамуына алып келді деген тұжырымның орнына ырық, интуиция, инстинкті қойды.

Неміс философтары Шопенгауэр мен Ницше ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені тануға болмайды деген тұжырымды айтты. Бұлардың көзқарасына сабақтас санасыздықты – психикалық ақиқат пен адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп, оны билейді деген ілімді З. Фрейд ұсынды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.

Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалек­тиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ «Капитал» пайда болды.

Өмір философиясының өкілі─А.Шопенгауэр, «Үрей метафизикасын» пайымдаушылардың бірі.

А.Шопенгауэр дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция, медицина, кейін философиямен шұғылданды. Ол Берлин университетінде приват-доцент болып орналасқан соң, әйгілі Гегельмен бақталастырды. Шопенгауэр Гегельдің сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қояды. Әрине, студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз қалса да, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.

Фридрих Ницше (1844-1900 ж.) қазіргі батыс философиясындағы «Өмір философиясы» тұжырымдамасының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік». Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады.

Зигмунд Фрейд (1856-1939 ж.) - австриялық дәрігер, психотерапевт, нервопатолог, психолог, психоанализмнің негізін салушы. Фрейд: Санасыздық мәселесі бұрын зерттелмеген деп санайды. Санасыздық дегеніміз ─ психикалық ерекше ақиқат және адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп оны билейді. Санасыздықтың өмірдегі кең тараған түрі - түс. Түс ─ адамның ақиқат өмірде іске аспаған, жасырын ұмытылысының арқасында туады. Психологияның қорғану тәсілі - жағымсыз эмоцияның, тәжірибенің денсаулық пен тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты, санадан санасыздыққа ығысу реакциясы. Фрейд бойынша психика үш қабаттың қосындысы: 1. «Мен» адамның санасы, психиканың барлық құрамындағы бөліктерінің арасындағы келістіруші. 2. «Ол» (оно) - санасыздықтың әлемі, онда адамның жасырын ойы, арманы, тілегі бар. 3. «Шектен тыс - Мен» - жеке адамдарға қысым жасап, әсер ететін сыртқы орта, «сыртқы цензура»: заңдар, тиым салу талаптары, мораль, мәдениет дәстүрлері. «Мен» өзіне «Оны» бағындыруға тырысады. Бірақ бұл жерде нәтижеге сирек қол жетеді. әдетте «Ол» жасырын немесе ашық түрде «Менді» бағындырады. Фрейд мұны былай суреттейді: ат және оның үстіндегі адам, Адам «Мен» - атты бақылайды, әмір береді, ал ат (Ол) болса адамнан басым, себебі оны алып бара жатыр. Кейде адам бақылауды жоғалтып алғанда, ат оны ала жөнелді, қайда алып кететіні белгісіз.

Адам психикасын анықтаушы факторлар: Негізгі фактор - қанағаттану, адам психикасын басқарады және бағыттайды. Көңіл көтеру - психикадағы компас секілді, қалай болғанда да, көңіл көтеруге жол іздейді. Психикада қабылданбайтын, тиым салынған тілектер мен идеяларды (қоғамға қарсы істерді, жыныстық қатынастарды) ығыстырады. Санасыздыққа ығыстырылған, сыннан (цензурадан) өтпеген тілектер, ойлар сублимацияға ұшырайды, яғни «рұқсат етілген» әлеуметтік әрекет типіне өтеді және мәдени шығармашылық болып өзгереді.

Фрейд өзінің бірінші психологиялық жүйесіне байланысты (1905 ж-1920 ж) санасыздықтың негізінде «Либидо» - жыныстық (сексуалдық) құштарлық, жыныстық инстинкт жатыр деді. Либидо өз көрінісін жыныстық әркеттен іздейді. Фрейдтің пікірі бойынша, сексуалдық импульс үш жақты іске асады: біріншіден - сексуалдық және сексуалдық емес әрекетті тікелей бостандыққа жіберу арқылы, екіншіден - санасыздыққа ығыстырылады, үшіншіден – реакция туғызу қабілеті арқылы пайда болып ұят, моральға айналып, өз энергиясынан айырылып басылатын болады.

ХХ ғасырда Фрейд өзінің екінші психологиялық жүйесін жасады, мұнда санасыздық энергиясының пайда болуына жаңаша қарайды. Эрос (өмір инстинкті) - адам мінез-құлқының конструктивті негізінде жасампаздық жатыр. Адам осыған байланысты өзінің қажеттілігін қамтамасыз етеді және тұқымын жалғастырады. Танатос (өлу инстинктісі) - ол адамды деструктивтік әрекеттерге, өзіне «жат» және қатерлі болатындардың бәрін қиратуға итереді. Адам өмірі - әрдайым Эрос пен Танатостың арақатынасы болады. Фрейдтің ойынша психика өзінше дара және материалдық процесстермен қатар жүреді. Ол санадан тысқары мәңгілік психикалық күштер арқылы басқарылады (санасыздық). Адамның еркінен тыс психикалық конфликтер, ұдайы қақтығыстар жасап тұрады. Қақтығыс құмарлыққа ұмытылу (либидо), санасыздық және саналы қалыптасқан «шындық принципі» арасында болады

Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Оның тарихи кезеңдері мен өкілдері:

Бірінші - классикалық кезең. 1830 ж - ХІХ ғ. аяғы. О. Конт, Дж. С.Милль.

Екінші – эмпириокритицизм немесе махизм кезеңі ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ басы. Э. Мах, Р. Авенариус.

Үшінші – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. 1920─1960 ж. Л. Витгенштейн, Б. Рассел, М. Шлик, Карнап.

Постпозитивизм (лингвистикалық, аналитикалық философия ) – 1960─1970 жж. – қазіргі кезеңге дейін.

Неотомизм – ХІХ ғасырдың 70 жылдары пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышартылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен Жильсон т. б. Томизмнің негізгі мәселесі - құдайдың болмысын дәлелдеп, дүниедегі орнын анықтау болса, ал неотомистер оны адам болмысы мәселесімен толықтырды. Олар қазіргі заманның жаратылыстану теорияларын түсіндірумен шұғылданды, кейде өзіндік жемісті идеялар айтты. Соның бірі ─ Тейяр де Шарден әлемнің эволюциясы туралы ойлары.

Неотомизмнің орталық мәселесі ─ Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз, діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырда адамдардың өмір сүру жағдайлары өзгеріп, олардың түсінігі ғылыми білімдерге сүйене бастады, осыған байланысты діни философияның міндеті күрделенеді. Діннің негізі болып келетін догматтарға сенуді сақтау мен оларды жаңаша түсіндірудің қажеттігі арасында қайшылықтар көбейіп, діни идеология тиянақсыз күйге түсті.

Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

Негізгі әдебиет: 1(180-217),2(43-48),3(74-87)4(14-23,45-56,76-93),5(173-190,381-441)

Қосымша әдебиет: 1(171-207),3(158-180),8(97-100)

Бақылау сұрақтары:

1.Маркстік философия: негізгі идеялары мен қағидалары. Марксизм және қазіргі заман.

2.Позитивизм және оның тарихи түрлері.

3.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, Ф. Ницше.

4.Фрейдтің психоанализ теориясы.

5.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.

Дәріс 8. Отандық философиясы.

Дүниежүзілік тарихта адамзаттың көшпелі тұрмысы, номадтық мәдениет - бірегей құбылыс. Кейбір ғалымдар мұндай құбылысты артта қалғандық, сананың жетілмегені деп келді. Ежелгі және орта ғасырдағы көшпенділікті қажетті тұрмыс салты ретінде қарастыру керек.

Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақал-мәтелдер, адамның табиғи және әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларын, ізгілік мақсаттарын танып білуге мүмкіндік берді. Рухани және материалдық ескерткіштерді зерттеу ─ халқымыздың танымдық, адамгершілік-тәрбие және дүниеге деген көзқарастық ерекшелігін білуге көмектеседі. Қазақтың мақал-мәтелдерін алайық. Олардың әрқайсысын философиялық афоризм (түйінді ой) деуге болады, олар арқилы дәуірдің ауыр сынынан өткен, жан-жақты шыңдалған. Айталық: «көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Көп көрген біле ме, көп жасаған біле ме?», «Өнер алды - қызыл тіл», «Сөз - өмір, сөйлеу - өнер», «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады», «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас», «Ат шаппайды, бап шабады», «Байлық қолдың кірі, жусаң кетеді», т. б. Қазақ жерінде дүние туралы жүйелі философиялық ой-пікір айтқан данышпандар жетіп жатыр. Қорқыт ата, әл-Фараби (Оңтүстік Қазақстан жерінде Отырарда дүниеге келген. Ол ұрпақтарына 160-тай философиялық трактат жазып қалдырған), Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Қожа Иассауи, қазақ философиясының қайнар көзі болды.

Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) қазіргі Жамбыл облысында өмір сүрген. Ол араб әріпімен түркі тілінде жазған, ақын әрі философ. Ақынның негізгі дастаны - «Құтадғұ білік» («Құтты білік») (1069 ж.) деп аталады. Бұл дастанды саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Адам баласының қадір-қасиеті, білім мен ақыл деп дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырды. «Құтты білігінде», төрт кейіпкер бар: Әділет,Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтұды бек-әділет, Айтолды уәзір-бақыт, Өгдүлміш уәзірдің баласы ─ ақыл-ой, Одғұрмыш уәзірдің бауыры- қанағат бейнесінде беріледі. Әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ жауаптары арқылы дамиды.

Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» (түрік тілдерінің жинағы). Тұрмыс-салт жырлары, түркі халықтарының фольклор жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседіМахмұт Қашқари еңбегінің құндылығы ─ ондағы орта ғасыр түркілер өлең- жырларының бар болуы. Ерлік жырларының тақырып- мазмұны, суреттеу тәсілі жағынан қазақ эпос-жырларына ұқсас. Онда сопылық поэзияға тән көзқарастар, дүние жимай ақыл білім жинауға, өмірдің мәнін түсініп, оның бәрі өткінші кететінін ұғынуға шақырады. Махмұт Қашқари: «Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болады», «Көзден алыстаса, көңілден де алыстар», «Құс тұзаққа жем үшін ілінер», «Берекесіздіктен құт қашар».

Ахмет Қожа Иассауи (1094-1167 жж.) - ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны «Әзірет Сұлтан» деп атаған. Оның басты еңбегі - «Диуани Хикмет». Келесі аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, ─ Асан Қайғы (ХV ғ.) атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: «Көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп атады.

Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан Қайғы, Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп жүрген тұрмысына қанағаттанбай, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. «Жерұйық» оның орындалмаған арманы. «Жерұйық» ─ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны ешжерден таба алмай қайғырады.

Мұхамед Хайдардың (1499-1559) «Тарих и Рашиди» еңбегінде адамгершілік,әлем, дүние өз замандастары туралы дәлелді деректердің негізінде мазмұны мәнді, философиялық тұжырымдар жасап, қазақ хандығының қалыптасу кезеңін баяндай отырып, оның халықтық мемлекет болуына, ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу барысында өмір сүріп, қоғамдық ойдың дамуына ұлттық философиялық білімнің қалыптасуына ат салысты.

Бұхар жырау (1684-1781жж.) ─ қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Абылай ханның кеңесшісі. Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетті. Мұндай өзгерістер тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған ортада, табиғатта да жүріп жатады. Бұхар жырау шығармалары нақыл сөздер, мен филсосфиялық ой- толғауларға толы, ол өз заманының көкейтесті мәселелерін көтерген отрыған азамат ақын болды.

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) ─ барлық қазақ жырауының атасы деуге де болады. Ол ел билеушінің опасыздығын, қара басының қамы үшін бүкіл халықты сатып жіберуге баратынын бетіне айтып, сені хан көтерген халық еді, асып-таспа, халықтан қол үзбе, «көп қорқытады, терең батырады» - деген өзекті ақыл кеңестер айтты.

Шалкиіз-шығармаларында философиялық толғау көбірек орын алған. Қиынан қиыстыру, нақтылық сонымен қатар, ойларындағы тереңдік оның шығармаларына тән. « Көп түкірсе ─ көл» деп жауға айбар, елге қорған болатын бірлікке шақырады

Орыстың отаршылдық саясатына ашық наразылық білдірушілер «Зар заман» ақындары деп аталды. Олар: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Канайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906). Бұлар өз өлеңдерінде Қазақ елінің Ресейге қосылуы нәтижесінде болған жаңалықтарды қабылдамай, өткен заманды «алтын заман» деп атады. Өз заманындағы кейбір жексұрын мінездерді, бай мен болмыстың, қожа мен молданың озбырлықтарын, кедей шаруаның ауыр халін реалистік тұрғыдан суреттеді.

Сол себепті, көп уақыт бойы олардың аттары аталмай, шығармалары тарихтан бетінен алынып тасталды, олар Ресейге қарсы болған кертартпа идеология деп қаралды. Тікелей осының әсерінен, қазақ жерінде, әр кезде, жер-жерде ұлтазаттық көтерілістер болып жатты. Оларды: Сырым Датов, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедов, т.б. басқарды. Бұл көтерілістерді патша өкіметі арнайы әскер жіберіп басып тастап отырды. Патша өкіметі оларды қарақшылар деп атаса, жергілікті халық «батыр» деп дәріптеді. Кеңес өкіметі қазақ халқының отаршылыққа қарсы күресін орыс халқына қарсы күрес, реакцияшыл (кертартпа) қозғалыс деп, дұрыс баға бере алмады. Тек қазақтың тәуелсіз мемлекетінің пайда болуына байланысты кеткен қателіктер жөнделе бастады.

Ресейдің басқа ұлт аймақтарында сияқты қазақ жерінде де білімге, прогреске ұмытылған алдыңғы қатарлы ойшылдар болды. Бұлар: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904), т.б. Оларды революционер-демократ, утопист деуге болмайды. Оның себебі: олар өмірді өзгерту үшін революция жасауға шақырған жоқ, социализм орнатуды армандамады. Осының нәтижесінде, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан орын алды.

Қазақ жеріндегі ХІХ ғ. қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірдің өкілі - қазақтың тұңғыш ресми ғалымы, көрнекті ұлы Ш. Уәлиханов (шын аты Мұхаммед - Ханафия), ағартушы-демократ. Ол: ориенталист (шығыстың тілі мен мәдениетін зерттеуші ғалым), этнограф (қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы), фольклорист (халық ауыз әдебиетін зерттеуші, жинаушы), географ және тарихшы.

Оның дүниетанымдық көзқарасы көп жағдайда, материалистік көзқарасқа жақын келеді. Материя мен сананың арақатысын материалистік тұрғыдан шешті. Мәңгілік, шексіздік идеяларының негіздерін дамытты. Дін түрлерінің ішінде ислам мен христандыққа қарағанда буддизмді «гуманистік ілім» деп бағалады. «Даладағы мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Исламды «Қазақтың ойы мен сезіміне кедергі жасайды, орта ғасырлық қараңғылықты уағыздайды, орыс мәдениетінен бездіреді» - деп жазды. Қазақ халқының прогреске жетуі үшін ислам дінін таратушы татар молдалардан құтылу, ислам дінінің ықпалынан халықты босату, қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, қазақтарды оқытуды ұсынды. Жалпы алғанда, оның дүниетанымы, шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.

Ыбрай Алтынсарин. Ыбрай, надандыққа, сауатсыздыққа қарсы болып, халықты еңбекке, білімге шақырады. Оның шығармалары: «Надандық», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Лұқпан Хәкім», «Қыпшақ Сейтқұл» және «Асан мен Үсен». Ыбрай еңбектерінде халықты егін салумен айналасуға, өнеркәсіпті дамытуға және білім алуға шақырады.

Қоғамдық-саяси және философиялық көзқарасында утопиялық түсініктер басым болды. Материалдық өндірістің қоғам өміріндегі шешуі күш ретіндегі орнын түсінбеді. Мәселені шешу кілті оқуда, ағарту ісінде деп санады. Білім мәселесінде мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы болды. Білімнің өзін ол заттар мен табиғи құбылыстар туралы ілім деп есептеді. Білім көзі ғажайып рухқа сенуде емес, табиғи әлемде, сондықтан білім ғажайып жол. Ол Құдай арқылы емес, адамның қабілеті мен еңбегінің арқасында жиналады дегенді ұстанды. Табиғат қатынастарын түсіндіруде стихиялық материалистік көзқараста болды. Тәжірибелік тұрғыдан танып-білу қажеттілігін атап көрсетеді.

Абай Құнанбаев. ─ қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы гуманист, ойшыл, философ, қоғам қайраткері әрі сазгер. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбағанымен. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.

Шығармалары өлең түрінде жазылған, 45 қара сөзі (ғаклиясы) де бар. Абай қазақ фольклорын жетік меңгерді. Абайдың қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлерінің негізіне: қазақ халқының әлеуметтік деңгейі, тұрмысындағы кемшіліктері, эстетикалық мәселелер, өнерді, білімді игеру, еңбекке баулу, өзбектер мен татарлар секілді белсенді саудаға араласу, дүниетанымында - Құдай мен Табиғат, Адам мен Құдірет, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім мәселелері қойылды.

Танып-білу құмарлығы туралы отыз екінші сөзінде, дүние тану сатыларын былай белгілейді:

  1. Білу үшін ынтық болу, білуді дәулет көру;

  2. Білгеніңді жадыңда ұстап, тағы да жаңа білім алуға ұмтылу;

  3. Білгеніңді жақсы ұғып, оның анық суретін іште, санада жайғастырып қою;

  4. Білу мен құмарлықты игеру, ақиқатқа ұмтылу. Ақиқатқа көзің жетсе, соны пір тұту, өлсең де айырылмау.

Ол білімнің екі жолын көрсетті: мулахиза - барлық күш қуатыңды білу үшін қызмет етуге жұмылдыру; мухафаза - білгенді сақтау, оны дәріптей білу.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде материалистік және идеалистік көзқарастар, ой-пікірлер араласып жатады. Абай - деист. Құдайдың құдіретін тек жарату әрекетімен шектейді. Таным мәселесіне материалистік тұрғыдан қарайды, адамның танымы априорлық (тәжірибесіз ой жорамалдаушы) емес, шындықтың заттары мен құбылыстарының өзін білу, таным көзі объективтік дүние дейді. «Еңбек таным қабілетін дамытады. Елден естігенді санада (жадыда) сақтауға көмектеседі. Еңбек процесінде адам өз білімін ретке келтіреді, керекті білімді керексіз білімнен бөліп, ақылын арттыра түседі» - дейді. Бірақ Абай үшін ақиқаттың критерийі (дәйегі) ─ сайып келгенде практика емес, ақыл-ойдың өзі болып шығады. «Бұдан көсемсіз ел көгермейді, басшысыз ел азады, жер тозады, берекелі жердің көрікті болашағы басшыға, ел ағасына байланысты, сондай-ақ азаматының қадірін біл» - деген тамаша асыл ойлар туындайды.

Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - бірлік: бірлік алды тірлік, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не пайда, не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.

Міржақып Дулатов (1885-1935). Алаш елінің келешегін ойлай келіп, 1909 жылы Уфа қаласында Каримов-Хұсайновтар баспасынан жарық көрген, «Оян, қазақ» дастанын жазды. Бұл шығармасы үшін Патша Өкіметі 1913 жылы оны түрмеге отырғызды, ол түрмеден февраль (ақпан) революциясынан кейін ғана босатылды..

Осы өлеңде Россияның отаршылдық саясатының негізінде қазақтың кең даласы тарылып, оның халқы жерінен айырылып қалу мүмкіндігін ашына жырлайды. Мұнда елге сүйіспеншілік-патриотизм мәселелерін көтереді. Оның айтқандары сол кездегі қазақ азаматтарының көкейтесті, бостандық тілеген ой-армандары еді. Ол 1916 жылы Ұлт азаттық қозғалысқа алып келді, Алаш өкіметін орнатуға мүмкіндіктер жасады.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937). Ақын, лингвист, түркі әлемін зерттеуші,ғалым, талантты аудармашы. Ол қазақтың Тәуелсіз мемлекет құрып, өндірісті дамытып, қалалар салып, мәдениет ошақтарын ашуын, мектептер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жолға қоюын, ұлт интеллигенциясын қалыптастыруын армандады. Байтұрсынов: «Біз кейін қалған халық, алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деді. Демократиялық мемлекет құру үшін. 1. білім; 2. кәсіптік дайындық; 3. байлық; 4. күштілік; 5. ұлт бірлігін ұсынды. Оның тәуелсіздік туралы осы идеялары әлі өзінің құндылығын жоймағанына, ақыл-парасатымызбен, танымдық сезімімізбен бүгін де қайран қаламыз.

Қазақ халқының тағдыры көп толғандырған азамттарың бірі ─ Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). Дене азығы дегеніміз ─ ғылыми-техникалық прогрестің табыстарын пайдалану. Ар азығы дегеніміз - әділдік. Өзінің талап-тілегі жөнінен Торайғыров бір жағынан Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби секілді қайырымды қала тұрғындары, әділ әкім халқындағы утопиялық ойды дамытушы. Екіншіден, Жан Жак Руссо, Л. Н. Толстой секілді өркениеттің дамуын көзбен көрген ағартушылар идеясын жалғастырушы, жақтаушы. Жаңа адамзатқа қажетті үйлесімдікті іздеуі ─ игілікті талап етуі. Ол қоғамдағы әрбір өзгерістен үміткер болған, халқының қолын теңдікке, бостандыққа социализм жеткізеді деп сенген. Социализм ақынның кезекті үміті еді. Бұған дейін ол Алаш партиясының мүшесі, хатшы болған. Тәтті тілек, әрбір жаңалық халқыма жақсылық болып оралса деп бар жан-тәнімен тіледі. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарында ғасырдан келе жатқан әлеуметтік теңсіздікті әшкерледі.

Басқа да халқының зиялы өкілдері өз шығармаларында халықтың сана-сезімін ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылуды сөз етті. Мұны С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, М. Дулаттың «Бақытсыз Жамал» романы, М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесі терең күрсініспен қозғады.

Мағжан Жұмабаев (1843-1938). Мағжан халық ауыз әдебиетінің сюжеттерін пайдалана отырып, халқымыздың бостандығы үшін күрестегі ерліктерін кейінгі ұрпақтарға мирас еткен, сол арқылы халықтың рухани сезімін оятқысы келген. Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт» поэмасында Қорқыттың адамзат баласы үшін «мәңгілік өмір іздеуі», Мағжанның ел егенмендігі идеясымен сай келеді. Мәңгілік өмірді аңсау ─ адам жаратылысынан келе жатқан арман. «Көлдің суалғысы, гүлдің солғысы келмейді». Бұл табиғи шындық. Бостандық аңсаған халық мақсаттарына жетпей қоймайды. Бұл қажеттілік. Ол: «Қорқыт жан күйзелісін, арман шерін қобыз сарынымен білдірсе, мен өлеңмен аңғартамын, соны түсініп жаныңмен ұқ» ─ деп оқырмандарға кеңес береді. Сондықтан Қорқыт зары ақын мұңымен үндес.

Қазақ халқының қарапайым ой-пікірін алғашқы болып жүйелі философиялық деңгейге көтерген Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Ол орыс, араб, парсы, түрік тілдерін тектік білген. Еуропалық қоғамдық ойлармен және орыстың революцияшыл-демократ ойшылдарымен таныс болған. Ол Абайдың қара сөзіндегі ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан 1928 жылға дейін, яғни 30 жыл бойы табанды ізденістің нәтижесінде қазақтың алғашқы жүйелі философиясының жолын салды, «Үш анық» деген еңбегін шығарды.

«Үш анық» деген не?

  1. Заттық дүниені ғылыми жолмен тану.

  2. Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм, спиритизм, телепатия).

  3. Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім деп оны бөліп, адамның моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша ─ совесть деп атап келіп, Шәкәрім: «Совесть - жанның тірегі»,- дейді.

Негізгі әдебиет:15(217-225),2(48-49),3(87-97),14(14-25,45-55,57-75,76-93,

Қосымша ¸әдебиет:14(249-270),8(101-102), 24-107,108-119,120-127)

Бақылау сұрақтары:

1.Дәстүрлік көзқарастар мен наным-сенімдердегі (шамандылық, тәңіршілдік, Жер-Су, Умайға табыну, т. б.) философиялық аспектілер.

2.Бұхар жырау, Шалкиіз, Дулати және Асан-Қайғының философиялық шығармалары мен көзқарастары.

3.Сопылық дәстүр және оның қазақ философиясының қалыптасуындағы рөлі.

4.ХІХ ғ. қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастары. Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин.

5ХІХ ғ. соңы – ХХ ғасырдың. бірінші жартысындағы қоғамдық-саяси жазушылар мен ақындардың әлеуметтік-философиялық және этикалық-гуманистік көзқарастары (Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, т. б.).

6.Қазақстандағы қазіргі замандағы философияның даму ерекшелігі мен негізгі ағымдары.

Дәріс 9. Қазіргі заман философиясы

ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. Осы өзгерістер қоғамның әлеуметтік және рухани саласында да көрініс тапты. Философияда ескі мәселелермен айналысумен қатар, заман талабына сай оларға жаңаша қарап, жаңаша шешуге ұмтылыстар пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық бағыттарда «Нео» деген қосымша сөз жалғанады. Ол ілімдердің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді және классикалық философия үлгісінен оның айырмашылығына көңіл аударады.

Қазіргі заман философиясының ерекше сипаты және белгілері:

  1. «Практицизм» - дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың нақты шынайы өмірге бағытталуы.

  2. «Эволюционизм» - табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция идеясының кең таралуы.

  3. «Релятивизм» - адам білімінде салыстырмалылық (относительдік) идеясының көп орын алуы.

ХХ ғасыр философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады. Біріншісі - сциентизм (лат scientia–ғылым), екіншісі – антисциентизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар: сциентизм, яғни рационалдық–ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада - психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін қолдана отырып, ақыл-ойға сенім білдіреді. Антисциентизм керісінше, ақыл-ойға және ғылымға сенбейді.

Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді:

- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;

- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.

Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды.

Позитивизмнің үшінші түрі - неопозитивизм. Қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Оның өкілдері: «Вена үйірмесінің» философтары: М. Шлик – негізін қалаушы, оның ізбасарлары Р. Карнап, О. Нейрат, Б. Рассел (1872-70 жж.); Львов – Варшава мектебінің өкілі Тарский Альфред (1902-84 жж.). Олар философияның күрделі әрі маңызды әдістемелік мәселелерін шешуде, өздерінің нақты үлестерін қосты. Неопозитивизмнің басты идеясы: философия ғылым тілі - логиканы талдап, жетілдірумен шұғылдануы керек. Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.

Герменевтика (грекше germenututios- түсіндіру). Герменевтика ілімі антика заманынан басталған. Оны Аристотель еңбегінің (Об истолковании - Түсіндірме туралы) атауынан-ақ көреміз. Бұл ілімнің мақсаты, мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағынасында адамның рухани дүниесін түсіну болып саналады. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған Реформация кезеңінде (ХVI) гермевтиканың рөлі арта түсті. Герменетивканың қазіргі замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф. Шлейермахер, бұл ілімді ары қарай дамытқан және оған зор әсер еткен ойшылдар: В. Дильтей, Г. Зиммель, Э. Гуссерль, М. Шеллер, Э. Бетти, Г. Гадамер, М. Ландман, Г. Рикер, М. Хайдеггер.

Структурализм - (лат structura - құрылым) объектінің тұрақты байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кезкелген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатынын мойындау жатыр. Структурализм “адам-субъект” және оның бостандығы деген қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты. Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994),Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74).

Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғылыми жаңалық ашу логикасы» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Рационализм ағымы өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжам (гипотеза) қорытындысының жалған болуынан еш уақытта қорықпауы керек. Неофрейдизм ─ Фрейд ілімі негізінде философиялық ағым ретінде пайда болды. Бұл ілімді жалғастырушылар оның шәкірттері: ─ Альберт Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг және Эрик Фромм болды.

Юнг Карл Густав (1875-1961 жж.) – Швейцария психологі, мәдениеттанушы, «аналитикалық психологияны» жасаушы, негізін қалаушы. Фрейдтің жақын жақтаушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қарсы болды. Ол: «психоанализ нақты, оны әрдайым жалғыз берілген схемамен жүргізуге болмайды»- дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығымен қатар, «Ұжымдық санасыздықтың» терең қабаттары болатынын айтады. Архетиптер («бастапқы» психикалық құрылымдар түрінде сақталған ежелгі тәжірибе) дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорилық әзірлікті қамтамасыз етеді. Архетиптер, тәжірибеге дейінгі кейбір құрылымдар, шығармашылық, материалдық қатынастардың қалыптасу қағидасын реттеуші болады. Феноменология - батысеуропалық ХХ ғасыр философиясының жетекші ағымдарының бірі .Оның негізін қалаушы ─ Эдмунд Гуссерль (1859-1938жж). Феноменологияның пайда болуына Декарт, Лейбниц, Беркли, Кант пен Марбург мектебінің ілімдері ықпал жасады, оған Вильгельм Дильтей де өз үлесін қосты. Феноменологияның орталық мәселесі ─ сананы болмыстың ерекше өңірі ретінде қарау. ХХ ғасырда Батыс философиясының белгілі бағыты ─ экзистенциализм болды. Оның негізін дат теологі, әрі философы С. Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық философияны реализмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты - рухты, материяны, құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол философиядағы негізгі мәселе - адам екенін ұмытып кетті деді. Постструктурализм -ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында дамыған әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі структурализмнің «екінші толқынын» сынау мен қиындығын жеңу барысында қалыптасқан плюралистік бағыт. Структурализмдегі бинарлық (екі бөлімнен, екі компонентен тұру) және иерархиалық түсініктер постструктурализм мен постмодернизмде қандай болмасын бірлікке негізделінбеген көпттік ұғыммен ауыстырылады. Ол Ж.Делез бен Ф. Гваттридің «Кафке» (1974) еңбегінде енгізілген «Ризома» терминінде анық көрінеді. Ризома (гр.rihiza –тамыр) тармақталынған тамырлық жүйенің көптеген «түйінін» білдіреді. Олардың пікірінше «ризома» нақтылықты бейнелеуде құрылым ұғымынан гөрі қолайлы және жеке элементтердің қатал иерархиясын жояды. Постструктурализмнің негізгі ерекшелігі –децентрация, деконструкция, мәдениет тілін дискурсивтік талдауды мәдениет кеңістігінде мәтін мен мәнмәтіннен тұратын таңба жүйесі ретінде түсіндіру. Ж.Деррида бойынша: «ешнәрсе мәтіннен тыс өмір сүрмейді». Ж.Деррида орталықтандыруды сынап, мәтін мен жазуды қызмет ретінде түсіндіріп, «Өзіндік референция» еңбегінде оның өрісін кеңейтті. «Қанша парадоксальді болғанымен, орталық құрылымның ішінде және сыртында орналасқан орталық ─ орталық емес».М. Фуко постструктурализм мәселелерін қарастыруда, білімді әлеуметтік құрылымдау саласындағы зерттеулерінде өзінің «Сөздер мен заттар» еңбегінде көп үлес қосты. Еуропалық эпистемологияда (таным теориясы) ол үш эпистеманы (таным өрісі): қайта өрлеу, классикалық рационализм, қазіргі заман деп бөледі. Егер қайта өрлеуде тіл заттар ішіндегі зат ретінде болса, классикалық рационализмде ( модернизм) тіл ойды жеткізетін құрал, қазіргі замандағы эпистемада тіл дербес күшке айналады.Постструктализм өкілдері: Ж.Деррида, Ж.Делез, Ж.Бодрийар, Ж.Лиотар, Ю. Кристева, М.Фуко – биліктің іске асу тәсілдерін анықтап оған көптілікті, бірегейлікті және ыдыраңқылықты қарама–қарсы қоюды өз міндеттері деп таниды. «Постмодернизм»- «Қазіргі заман» ұғымына сай, модерннен кейін деген француз сөзі. Постмодернизм әдетте жаңа дәуірдегі рационализм мен ағартушылық философиясының мәселелеріне қарсы тұратын философия. Постмодернизм ұғымы француз философы Ж.Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің арқасында жоғарғы мәртебеге ие болды. Постмодернизм термині 1917-1920 жылдары архитектурадағы стиль ретінде, ал 1960 жылы терең түсіндірілу негізінде ғылыми айналысқа енді. Модерн мен постмодернизм арсындағы қайшылық көптеген пікірталастың тууына әкелді, оның ішінде әсіресе, Ю.Хабермас пен Ж-Ф. Лиотардың пікірталасы маңызды болды. Бұл пікірталасқа М.Фуко, Ж.Деррида мен Р.Рорти, т.б. қатысты. Қандай болғанда да олардың көбі ғылымның объективтілігі, мораль мен құқықтың әмбебаптылығы, өнердің автономиялығы, ғылыми прогресс, адамның азаттық ұраны ─ қанаудың әмбебаптық жүйесіне, адамның жатсынуына жеткізгенін мойындайды. Ж. Делез бен Ф.Гвартари қазіргі замандағы капитализм экономикасы мен өндіріс деңгейінде субъективтік тілек машинасын жасап, адамды, олардың құрылымдарын әлеуметтік винтиктеріне айландырғанын анықтады. Ж. Бодрийар өз еңбегінде қоғамдағы әлеуметтік кеңістіктегі жағдайды сипаттай отырып, оның ерекшелігінің дамуын «симулякр» және «симуляция» түсінігі арқылы көрсетеді. Симулякр дегеніміз көшірме немесе ұқсастық ( үйлестік), түпнұсқаны ығыстырып, түпнұсқадан маңызды болады. Симулякр қазіргі заман мәдениетінде үстемдік етеді, ал оның репрезентациясы кино, теледидар, аспаздық, көңіл көтерудің көмегі арқылы іске асырылады. Олардың шиеленісуі, әртүрлі әлемнің бір сәтте уақыт пен кеңістікте қосылуына әкеледі. Ол өзіндік сәйкестендіруді (самоидентификация) іздеу немесе тар шектелу локализация мәдениетіне жетелейді. Постмодернизм өкілдері: Р. Барт, Ж. Батай, Ж. Бодрийар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж-Ф Лиотар., Р. Рорти. Ал М.Фуко қойған диагнозды батыс елдерінің дамуы дәлелдеп отыр. Масс-медиада жасалған реалдық пен нақты қылмыс, саясат, жыныстық қатынастар, т.б. ажырамас күйге жетті. Шындықты ойдан шығарылғанымен және өмірдің өзінен туғанды «тек экрандылығымен» бөліп қарау мүмкін болмай қалды. Бір құбылысты көрсету сол құбылыстың өзінің негізіне айналды, тек сол кезде ғана ол өз болмысына ие болады, көрсетілмесе - жоққа тең. Бұл философиядағы түйінді ойлар, батыс еуропадағы индустриалық өркениеттің постиндустриалдыққа өтуінің салдары.

Негізгі әдебиет:5(132-159),2(27-40),8(36-52),5(101-131)

Қосымша әдебиет:6(125-148),3(132-137),8(75-77)

Бақылау сұрақтары:

1.ХХ─ХХІ ғ. басындағы саяси-әлеуметтік шындық, рухани мәдениеттің ерекшеліктері және олардың философиядағы көрінісі.

2.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика, постпозитивизм.

3.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.

4.Постмодернизм философиясындаºы т¿й³нд³ ойлар.

Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.

Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).

Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.

Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.

Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.

  1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).

  2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).

  3. Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады.

Болмыс – жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама. Ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды.

Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.

Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель). Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Гераклит, Спиноза, Фейербах, Маркс, Энгельс, Ленин). Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм.

Плюрализм (лат, pluralis) - көптік. Ол бірлікті жоққа шығарады, бірнеше жәнекөптік пікірдің тәуелсіз, бір-біріне қосылмайтынын қолдайды, болмыстың көп негізі бар деп есептейді.

Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976). «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді.

Негізгі әдебиет: 21(12-19),20(27-40)1,8(36-52),15(101-131)

Қосымша әдебиет: 16(125-148),13(132-137), 18(75-77)

Бақылау сұрақтары:

1.Болмыс, субстанция дүние бірлігі ұғымдары. Қазіргі заман философиясындағы онтология мәселесі ( М. Хайдеггер).

2.Материя категориясы, оның тарихи жетілуі.

3.Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдарындағы материяның құрылымы мен қасиеті туралы түсінік.

4.Қозғалыс, кеңістік, уақыт олардың материямен бірлігі. 

Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.

Сананың негізінде білім жатыр. Философияда сол сананың пайда болуына байланыста объективтік шындықты білуге болады. Таным адамға не үшiн керек? Практикалық күнделікті іс үшін. Білу арқылы адам дүниеде өзiн жоғары санай отырып, өмірге өз білімімен әсер етiп, белгілі мақсатқа жетедi. Философияда таным барысында екi көзқарас қалыптасты: гностицизм және агностицизм.

Гностицизм – танымның бүгiнi мен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды. Олардың пiкiрiнше, әлемдi тануға болады. Адамның дүниенi танудағы мүмкiндiгi өте зор. Танымның жалпы мәселелерi: оның табиғаты, бiлiм мен нақтылықтың қатынасы, оның ақиқаттылығының шарты, философияның негiзi зерттеу тарауында таным немесе гносеология (гр. gnosis – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деп аталады. Шетелдiк әдебиетте бұл терминмен қатар “Эпистемология” (гр. episteme – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деген терминдi қолданады. Гносеология – бiлiм туралы iлiм ретiнде әлемдi тануға болатындығына күмән келтiрмейдi.

Агностицизм (гр. agnostos – а – жоқ, терiске шығару, gnosis- бiлiм) – танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін толық немесе ішнара теріске шығаратын ілім. Оның тарихы ұзақ.

Танымға қарсы алғашқы iлiмнiң бiрi - антика заманының скептицизмi. Олар көрiнген пiкiрге қарсы пiкiр табуға болады деп ақиқат бiлiмдi мойындамайды. Скептицизм (гр. skeptikos - қарастырушы, зерттеуші, сынаушы) – объективтік шындықты танып білу мүмкіндігіне сенбейтін күдікке орын беретін философиялық концепция. Скептицизм - теориядан бас тартып, практикада мүмкiн болатын парасаттылыққа, әдет-ғұрыпқа сүйенедi. Бұл бағыт агностицизмге, нигилизмге алып келедi. Скептицизмнiң негiзiн қалаушылар Пиррон мен Тимон болды. Олардың iлiмiн Секст Эмпирик, т. б. жалғастырды.

Агностицизмнiң ғылымдағы бiр түрi конвенционализм (лат. conventio – келiсiм). ХIХ–ХХ ғғ. арасында француз математигi Анри Пуанкаре конвенционализм концепциясын ұсынды, ол ақиқатты шартты келiсiмдiк нәтижесi ретiнде қарады. 70-ші жылдардағы ғалымдар арасындағы түсiнiктер мен терминдер туралы дискуссияда “ғылыми техникалық революция” терминi туралы келiсiмге келдi. Бұл секілді келісімнің обьективтік негізін жоққа шығармайды, олардың шегі обьективтік шындықтың өзінде болады. Конвенциализмнің гнесологиялық негізі бір құбылысты зерттеу және оны теориялық жағынан қайта құру үшін әртүрлі теориялық амалдарды пайдаланудың нақты мүмкіндігі болып табылады.

Эмпириокритицизм – (гр. empeirio – тәжiрибе, сынау) бiлiмнiң объективтiк маңызын жоққа шығаратын Мах пен Авенариустiң идеалистiк, субъективтiк философиясы. “Ойлау жүйесiнiң экономиясы” пiкiрлерiнде, “ойды үнемдеу” үшiн танымның негiзгi заты - санада берiлген бейненi ғана зерттейiк, оның артында нақты зат бар ма, жоқ па оны бiлудiң еш қажетi жоқ деп есептедi. Екiншiден, ойлап түбiне жете алмайтын “материя” деген ұғымнан бас тарту керек. Оны сезiм элементтерiне бөлшектеу қажет, сонда бәрi де өз орнына келедi.

Қазіргі замандағы позитивизм Юм, Мах, Авенариустің философиялық жолын жалғастырып отыр. Философ Рассел «Мен тікелей столды танымаймын, менің танитыным – тек қана маған әсер ететін бір белгілі әрекеттері ғана» – дейді. Ағаш, стол, үй менiң денемнен тыс, өздiгiнен өмiр сүредi, бiрақ бұл құбылыстар маған әсер еткен жоқ, оны сезiмдерiм тудырды. Олар менiң ғана емес, барлық адамдардың сезiмiне байланысты.

1. Адамның шындықты бейнелеуінің сатылары - сезімдік және рационалдық.

2. Білім түрі - эмпириялық және теориялық, ғылымға дейінгі (қарапайым) және ғылым.

3. Білімнің құрылу тәсілі - ғылыми, болжам, абстракты теория, ғылыми жүйе.

Танымның жоғарғы түрі - ғылым. Ғылым дегеніміз не? Кейбір жеке ғылыми салалардың өкілдері анықтаманы нақты ғылыммен байланыстырады. Ғылыми білімнің басқа білім түрлерінен айырмашылығы - оның дәлелділігінде. Ғылыми таным, абстрактілік түсініктермен жасалады. Ғылым - теориялық білімдер жүйесі. Ғылыми білімнің әбден қалыптасқан түрі - теория. Ғылыми теорияның жасалуы нақты әлем туралы ақиқат білімді қоғамдық практикаға енгізу - адамзат мақсатының ең маңыздысының бірі.

Ғылыми танымның деңгейі екеу - эмпириялық және теориялық.

Эмпириялық (тәжірибелік) - адамның тәжірибесіне негізделген. Ғылымның эмпирикалық деңгейінде, ғалым сезім мүшелерінің дүниетану күштілігіне, приборлардың оларды арттыра түсу мүмкіндігіне сүйенеді. Микроскоп нәрселердің аса ұсақ детальдарын көруде көздің қабілетін арттыратындығы соншама, бұған ешқандай жаттығу арқылы жету мүмкін емес. Приборлар сезім мүшелерінің күш-қуатын арттырып қана қоймай, сондай-ақ бізге қабылдаудың қосымша органдарын береді десе де болады. Мысалы, біз радиоактивті сәулелендірудің көбін, магнит өрісін тікелей түйсігімізде сезіне алмаймыз, ал приборлар бұған мүмкіндік береді.

Теориялық деңгейі. Ғылыми зерттеу дегеніміз – проблема қоюдан басталады. Проблема - адам әлі танып - білмеген, бірақ танып - білуі керек нәрсе, құбылыс. Осыған байланысты, соларды түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың қорытындысын – теория дейміз. Теория абсолютті емес, ол білімнің даму барысында өзгеріп отыратын, относительді түрде ғана аяқталған білім жүйесі. Жаңа теория мен ескі теорияның арасында күрделі қатынастар болады, солардың бірі сәйкестік принципінен көрінеді. Бұл принцип бойынша ескі теориялар жаңа теорияның кейбір шеткі сәтіне айналған кезде ғана жаңа теория өмір сүреді.

Гипотеза (гр Hipotheses- негіз, болжам) - ой қорыту жүйесі арқылы бірқатар фактілер негізінде объектінің байланысы, себептері туралы тұжырым жасалады, алайда оны әбден анықталған деп санауға болмайды. Болжам - объективті дүниенің заңдарына негізделген болашақта не болатыны, қандай жаңалықтар ашылатыны туралы білім.

Егер теория белгілі бір заттың саласын түсіндіруге бағытталса, онда ол танымдық және практикалық реттеушілік - әдістемелік ( методологиялық) қызмет атқарады.

Методология - (әдіс,- сөз, түсінік, ілім) адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі және осылар туралы ілім. Ғылыми таным әдісінің маңызы туралы: жолмен жүрген ақсақ адам да жолсызбен жүгіргеннен озады – деп, Ф. Бэкон әдістерді қараңғы үйдегі шам-шырақпен теңестіреді, ал Лаплас - ғылым үшін ғалымның қолданған әдісін зерттеу, оның керемет жаңалығынан ешбір кем болмайды - дейді.

Ақиқатты ғылыми тұрғыдан танып-білу, тарихи және логикалық әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, бұлардың арасында бірлік пен айырмашылық бар. Тарихи әдіс - дамудың нақтылы тарихи процесін ойша суреттеуді талап етеді. Оның ерекшелігі: оқиғалардың уақыт жағынан жүйелі болып келуі; сан-алуан кездейсоқ құбылыстардың, оқиғалардың сақталуы. Логикалық әдіс - тарихи әдісті түзетудің ерекше әдісі, ол да тарихи әдiс, бірақ тарих жүйелігін бұзатын, тарихи кездейсоқтықтан арылған әдіс, тарихи процесті жинақтап, қорытып бейнелеуге ұмтылады. Сондықтан логикалық тарихи жүйелер жалпы алғанда бір-бірімен дәл келеді. Бұл әдістерді абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу әдістері арқылы құруға болады және керісінше жүруге де болады. 

Негізгі әдебиет:5(159-180),2(40-43),23(52-74),14(26-44,45-56,76-93)

Қосымша әдебиет:12(149-170),23(138-152),18(94-96)

Бақылау сұрақтары:

1.Таным – шындықты бейнелеу. Танымның субъектісі мен объектісі.

2.Білім құрлымы. Сезімдік және рационалдық таным.

3.Философиядағы ақиқат мәселесі. Ақиқаттың объективтілігі. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат дилектикасы. Ақиқат өлшемі.

4.Ғылыми таным және оның әдістері.

Дәріс 12. Қоғам философиялық талдаудың негізі.

Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.

Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ. Огюст Конт (1798-1857ж. ж «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos- ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды дейді.

Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып-білу, әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада:

  1. Қоғамды билейтін күш идея (пікір). Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың өздері қайдан пайда болатыны қаралмады.

  2. Қоғамның дамуында объективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік (себептік) байланыс бар екені ескерілмеді.

  3. Тарихты жасаушы кім деген сұраққа - ақылы биік жеке адамдар, яғни, қаһармандар, патшалар деп, халықтың шешуші рөлін ескермеді.

Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік идеясына қарсы шығып жекемешікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады, әркім аз еңбектеніп көп және сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына айтыс пен алдауға алып келеді.

Гегель «адамдар тарихты өз дегенімен жасай салмайды, ол қажетті заңды процесс ретінде дамып отырады. Бұл заңдылық объективті болып табылмайды, олар сырттан ендірілген абсолюттік идеяның қозғалысынан туады» деп пайымдады. Сондықтан ол тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ алғашқы болып, қоғам дамуының заңдылығын айтты.

Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920 жж.). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді. Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе - қоғамдағы біреулердің екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болу себептері мен түрлері. Вебердің пікірінше, үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік, харизматикалық, рационалдық.

    1. Дәстүрлік: қоғамдағы қожайын мен бағынышты адамдар арасындағы қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ уақытта қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне сүйенеді.

    2. Харизматикалық үстемділік - билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі жіберді деп есептеуі.

    3. Рационалдық - басқарудың кемелдеген түрі, ол капитализм қоғамында өмірге келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сыйымды, терең ойлы болады. Вебер осыған сай капитализмді былай сипаттайды:

- өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-ойдың арқасында ұйымдастыру нәтижесі;

- бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін қорғайды;

- қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс капитализімнің басты мәні – протестантизм деді. Ол қоғам тарихы мен оның, даму процесіне бірыңғай ғылыми көзқарастың, дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы Вебер ілімін көп танымал етпеді.

Негізгі әдебиет:1(217-225),2(48-49),3(87-97),4(14-25,45-55,57-75,76-93,94-107,108-119,120-127)

Қосымша әдебиет:1(249-270),8(101-102)

Бақылау сұрақтары:

1.Қоғам түсінігі. Философия тарихындағы қоғам концепциясы. Әлеуметтік шындықтың түсінігі және негізгі принциптері.

2.Социумның негізгі сферасы: материалдық әлеуметтік, саяси, рухани.

3.Биосфера мен ноосфера.

4. ХХ ғ философиясындағы қоғамның модельдері мен теориялары.

Дәріс 13.Философиядағы адам мәселесі.

«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деген ұғым бар, өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап, адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп, табына беру деп уағыздайды.

Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.

Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.

Ақылды адамның пайда болу негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз - жетілген адам жоқ.

Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?

  1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар.

  2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.

  3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.

  4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.

  5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.

Сондықтан еңбек өндірісі қоғамның, оның дамуының негізі болып есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы – құрал-сайман жасай алатындығы. Артефакт (алғашқы қару) - немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың ұшынан бастап, ғарыш корабліне дейін қару мен заттардың бәрі де адам ойы мен еңбегінің нәтижесі. Ең алғашқы құрал: аң аулау, өзін қорғау үшін қолға ұстаған тас, таяқ және басқа заттар. Лақтыруға, соғуға ыңғайлы болу үшін адамдар оны өңдеп икемдеген. Ондай қару кімге қажет болған? Икемсіз әлсіз не жүгіре алмайтын адамдар, күш иелеріне қарсы тұру үшін қолға қару ұстауды жөн көрген. Ф. Ницшенің пікірінше, «адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан».

Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы, т. б. Алғашқы кезде адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog- іштей, games- жыныстық, некелік қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына зиянын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер туғызды. Сондықтан адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан тыйым салған. Экзогамия (гр. exo - сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты. Бұл адамзаттың қоғамдық дәрежеде дамуының алғашқы қадамы болды.

Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үшжақты мағына:

  1. Жеке адам, пенде (индивид).

  2. Индивидуальность (даралық, ерекшілік).

  3. Тұлға, кісі (личность).

  1. Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.

  2. Индивидуальность (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.

  3. Тұлға, Кісі (личность) - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.

Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни, онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ қуану, қайғыру; балажандық, ананы сүю, махаббат, әділеттілікті ұнату сияқты адами қасиеттер болады. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Күшті сезім, зерде, яғни интелекттің, еріктің араласқан түйіндері арқылы, әлеуметтік өлшем психологиялық қасиетке ұласады.

Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі – оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз – «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелділігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып, «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.

Негізгі әдебиет :1(85-132),2(27-40),3(26-36)5(71-108)

Қосымша әдебиет:1(101-125),3(122-131),8(45-75)

Бақылау сұрақтары:

1.Философиядағы адам концепциясы: оның табиғаты, мәні, мақсаты.

2.Философия тарихындағы адам мәселесі.

3.Адам және адамзат.

4.ХХ ғ. философиясындағы және антропология антропты принципке бетбұрудың мәні.

Дәріс 14. Адамның рухани әлемі. Сана.

Сана - ғажап дүние. Бүкіл өнер, дін, әдебиет, философия техника әлемі және ғылым, адам санасының нәтижесі. Сана - құдіретті күш, әлемді билейтін де сана. Сана бүкіл философияда, ғылымда және дінде әртүрлі ой-пікір туғызып, оларды бір-бірімен салыстырып қояды. Сана – дүние, қоғам, адам, т. б. материя жүйелерінің бәріне нұр төгіп тұр. Сана қалай пайда болады? Бұл туралы ғылымда пікірталас көп. Адам баласына ой қалай келеді және рухани дүние мен денелік дүниенің арасындағы айырмашылық қандай? Жеткілікті білім болмағандықтан, алғашқы адамдар сананы адам денесінен бөлек өмір сүретін «жанның» қасиеті дейді. Мысалы, қазақтар оны шыбынға теңеп, жан ұшып жүреді, бақыттың болуы, оның қонуына байланысты деп санаған. Діни-идеалистік түсініктерде осы дәстүр сақталып, сана материалдық емес, «жан» субстанциясының көрінісі, ол жалпы алғанда материядан (мидан) тәуелсіз өмір сүретін, өлмейтін және мәңгілік құбылыс деп есептеледі.

Алғашқы грек философтары космостың өзін тірі организм - адамнан тәуелсіз, өзінше өмір сүреді деп санаған. Сана тікелей ғарыштың нәтижесі, бірыңғай, өзінің мәнінде бүтін, бөлінбейтін, Құдайдың ақылына байланысты туады деп есептелді. Тейяр де Шарденнің теориясы бойынша сана – адамнан жоғарғы мәні, мидың, материяның ішкі жағы. Орта ғасыр философиясының өкілі Дунс Скоттың пікірінше, тіпті таста ойлай алады-мыс. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hule- материя, zoe- тіршілік) дейді.

Сана ми арқылы пайда болады. Адам ақыл-ой арқылы пайымдайды, жоспарлайды. Ми - материя. Ми жануарларда да бар. Жануарлардың өмірі спонтандық емес, өзінің санасына бағынған, мәні бар. Жануарлар өз тәжірибелерін жинақтап, оны ебін тауып қолданады. Жануарлардың бірқатар әрекеттері күрделі, әрі саналы болады. Бұл негізінен жоғарғы сатыдағы мысық, ит және приматтарда айқын көрінеді. Жануарларда өздеріне тән «мораль», тәртіп, жетекшілік-бағыныштылық қатынастар, күрес жолдарын саналы таңдау бар. Инстинктің өзі де тек туа біткен емес, өмірде пайда болған, яғни өмірде игерілген тиімді әрекеттердің сана деңгейінде сақталып отыруы. .

Өзіндік сана - сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші - өз ерекшелігіңді түсіну, өзіңді дүниеден, басқа адамдардан бөле қарап, қажеттілік, құштарлық, ұмтылыстарыңды талдап, іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау. Өзіндік сананың тұруының да тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Алғашқыда адам жеке өзі емес, кіші қоғамның, рудың мүшесі ретінде қоршаған табиғаттан бөлінеді, тіпті басқа руларға табиғаттың бөлігі деп қарап оған қарсы тұрады да, мүшелерін аң ретінде аулайды (каннибализм). Кейін еңбек қарулары жетіліп, жеке семья ретінде өмір сүру мүмкіндігі туғанда, рулық сананың орнына жекелік сана, «біз» түсінігінің орнына «мен» ұғымы келе бастайды.

Жетілген сана - өзіндік сана, өз ерекшелігіңді, қайталанбайтыныңды түсіну, ол тек адамға тән, өз-өзіне жауапкершілік жүктеудің басты себебі. Өзіндік сана - адамның танымдық, өнегелік, діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс-әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс-тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Өзіндік сана әр уақытта жеке адамға байланысты. «Өзіндік сана - білім. Менен басқа жерде еркін өмір сүре алмайды», - дейді Гегель. Оның мәні кісінің сезіну, күйзелу, ойлау ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік сананы объектендірудің қиындығы. Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы. Бұл қоғамдық сананың ұлттық сипатының белгісі және жеке адам санасы тәрізді құрып кетпейтіндігінің куәсі. Қоғамдық сананы ары қарай дамытып жетілдіретін жеке тұлғалар, бірақ олар ол үшін қоғамдық сананың белгілі бір санасын жеткілікті түрде игеріп, оны ары қарай жалғастыра білуі керек. Тек осы жағдайда ғана ол тұлғалардың санасы да мәңгілікке өтеді, қоғамдық-ұлттық сананың ажырамас бір сипатына айналады.

Қоғамдық сана – бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау әдістері арқылы ажыратылады. Қоғамдық сананың адам санасына әсер етуінің екі жолы бар: 1. жеке адамдар санасы арқылы: 2. қоғамдық естелік (кітап, газет, теледидар, радио) арқылы. Қоғамдық сана - өте күрделi құбылыс. Олардың әрқайсысы өзiндiк салыстырмалы рухани құрлым, сонымен бiрге басқалармен жан-жақты тiкелей және жанама байланыста болады.

Қарапайым сана - ғылыми емес, бірақ тікелей күнделікті өмірден шыққан сана. Теориялық сана – белгілі бір деректерге сүйенген ғылыми ұмтылыстан туатын қорытындылар, қағидалар, заңдылықтар, көптеген мәселелер туралы ғылыми көзқарастар. Сонымен бірге тек болжамдарға сүйенген қате қағидалар да теориялық негіз құрайды. Бұл теориялар ғылыми бола алмайды. Теориялық сананы қоғамның идеалдық моделі деуге болады, ол әрқашан деректермен толықтырылып, жаңартылып отыруы керек.

Негізгі әдебиет:1(217-225),2(48-49),3(87-97),4(14-25,45-55,57-75,76-93,94-107,108-119,120-127)

Қосымша әдебиет:1(249-270),8(101-102)

Бақылау сұрақтары:

1.Адамның санасы мен рухани әлемі туралы философиялық және діни түсініктер.

2.Сана және сана-сезім. Өзіндік сана және көзқарас.

3.Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы.

4.Қоғамдық сананың құрылымы, формалары мен қызметі. 

Дәріс15. Ғылым мен техника философиясы.

Аксиологияның (гр. axia - құндылық және logos- ілім) - «игілік деген не» сұраққа алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, құндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату.

Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды.

Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді.

Логикалық позитивизм, құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды. Натуралистік психологизм (табиғат құндылығы мағынасында) – адамның биопсилогиялық түсінігі мен қажеттіліктері. Ал құндылықтың өзі қоршаған шындықтың эмпириялық деректері деп анқталады. Өкілдері: А. Мейнонг, Р.Б. Пери, Дж. Дьюи, К.И. Льюис.

Аксиологиялық трансцендентализм – идеалды болмыс, нормалық болмыстық құндылық, ол сезімдік (эмпириялық) емес, таза трансценденталдық «таза» нормативті санамен байланысты. Өкілдері: Вильгельм Виндельбанд, Г. Риккерт. Олар Канттың сыншылдық идеясына сүйеніп, И. Фихте мен Р. Лотце философиялары тұрғысынан, философияны жалпылай қабылданған құндылықтар туралы сыни ғылым ретірде түсіндірді. В. Виндельбонд бойынша: өмірдің құндылығы – игілік, киелілік, ар-бедел, еркіндік, ізгілік, сүйіспеншілік, сұлулық және ақиқат идеяларының болмысы болады. Әмбебап және мәңгі құндылық ретіндегі ақиқатты табу тәсілін В. Виндельбонд. Г. Риккерт мазмұнында ақиқат, сұлулық, жеке адамнан жоғарғы киелілік, өнегелік, бақыт және кісі киелігі туатын болмыстың алты сферасымен – логика, эстетика, мистика, этика, эротика, дін – байланысы негізінде, құндылық түрлерін ажыратады.

Персоналистік онтологизм – адамның негізі оған тән құндылықтардың бағыныштылығымен анықталады. Адамның бұл құндылық жүйесі реалдық құндылық дүниесі ретінде. Ал құндылықтың сипаты – объективтік. Олар адамның онтологиялық негізін құрайды. М. Шелер абсолютті құндылықтардың бағыныштылық байланысын құрып, құдайды жоғарғы абсолют ретінде негіздеуге ұмтылады. Құдай идеясы Шелерде жоғарғы абсолют, ал құдайды сүю – сүйіспеншіліктің жоғарғы формасы, фундаменталды феноменалдық акт.

Мәдениет барлық құндылықтардың жиынтығы. Сондықтан мәдени-тарихи релятивизмге аксиологиялық плюрализм идеясы тән, яғни тарихи әдістің көмегімен танылатын, тең саналатын құндылық жүйелерінің көптігін мойындау. Өкілдері: В. Дильтей, О. Шпенглер, А. Тойнби, т.б. Құндылықтың социологиялық концепциясын қалаушы М. Вебер өзінің «түсінетін социологиясында» құндылықтарды әлеуметтік субъектіге, белгілі бір маңызы бар қағидалар ретінде қарастырады. Құндылық әлеуметтік білім мен әрекетте түсіндіріледі. Ол әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік жүйелердің қызмет етуін анықтайтын құрал ретінде қарастырылады (Парнос, т.б.).

«Техника» түсінігі гректің («techne») - өнер, шеберлік, іскерлік деген сөзінен шыққан. Антика заманында техника түсінігі, адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады.

Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:

- жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды;

- «techne» - антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады;

- техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проект жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет.

Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді.

XVII-XVIII ғғ ғылыми революция дәуірінде Батыс Еуропа елдеріндегі өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnigac» содан кейін неміс тіліне «technic» болып ауысты. Сөйтіп, термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің түсінігі өзгереді.

ес (мнемотехника), сурет салу, музыка аспабында ойнау; техникасы, т.б адамдарды, өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады.

Сонымен, қазіргі замандағы техника түсінігін мынадай деуге болады:

- білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді;

- адам әрекеті саласында: барлық құралдар мен іс-қимыл мүмкіндіктері және қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту мен үстемдігін орнатудың амал-тәсілдерінің жиынтығы;

- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдарәрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру, шұғылданатын ісінің өнерлігі мен шеберлігі.

Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы қажет. Автоматтандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді, шығармашылық күшін босатады, өндірістің жаңа түрлері пайда болады. Техника және ғылыми-техникалық прогресс адам ақыл-ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене отырып, өндіргіш күштер дамыды, жаңа технолгиялық процестерді қолданып, еңбек өнімділігін арттырды.

Ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан адамның өмір сүруін, тұрмыс жағдайын жеңілдетсе, екінші жағынан, оның биологиялық құрылысын, денсаулығын бұзатын, дертке шалдықтыратын толып жатқан жаңа жағдайлар, іс-әрекеттер туғызады. Ол адамдарға өте көп күш дарытқанымен бірге, үлкен таңдау-баламалар да қойып отыр. Ал қару-жарақтың көбеюі, адамдар алдында соғыс пен бейбітшілік мәселесін тудырды. Осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып-жойып, экологиялық мәселелерді пайда болуына ықпал етті.

Ғылыми-техникалық прогресс дамыған және дамушы мемлекеттердің ара жігін ажыратты. Бай және кедей мемлекеттер арасында энергетика, азық-түлік, ағарту, т. б салаларында наразылық туғызды. Бұл жаңа жағдайлар адамзат әлеміндегі ең күрделі мәселелерге айналды.

Ғылыми-техникалық прогресс, оның жетістіктері ең алдымен қоғамдық өмірдің материалдық негізіне әсер етеді. Ғылымның өндірістегі рөлі барған сайын өсу нәтижесінде, ол тікелей өндіруші күшке айналады. Ғылыми-техникалық революциялар қуатты қозғаушы қызметтер атқарады. Мәселен, электр энергиясының ашылуы және оны игеру, барлық заводтар мен фабрикаларды, бүкіл транспортты негізінен қайта құруды қажет етті. Атом энергиясын игеру, космосқа сапар шегу және осыған байланысты ғылымның өндіріске әсері етуі күшейе түсері сөзсіз.

Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың тамамдалуына жеткізе бастады. Адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады. 

Негізгі әдебиет :1(85-132),2(27-40),3(26-36)5(71-108)

Қосымша әдебиет:1(101-125),3(122-131),8(45-75)

Бақылау сұрақтары:

1.Философиядағы құндылық мәселелері: құндылықтар түсінігі, олардың иерархиясы.

2.Техника және адам. Техниканың әлеуметтік мәселелерге әсері.

3.Техникалық ғылымның ғылыми білім жүйесіндегі орны.

4.Техника және мәдениет. Техникалық білімді гумманизациялау мәселесі.

5.Ақпарат-технотрондық әлемдегі адам. Оның мүмкіндігі мен келешегі.