Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОНПИ УМК2семестр.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452 Кб
Скачать
☆

1.9 Курстың тақырыптық жоспары

№

Тақырып аттары

Дәріс

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Ғылыми зерттеу жұмысы және оған сипаттама

1

1

2

4

2.

Педагогика ғылымдарының

әдіснамасы

1

1

2

4

3.

Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты

1

1

2

4

4.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

2

2

2

4

5.

Ғылыми эксперимент

2

2

2

3

6.

Ғылыми-теориялық әдебиеттермен жұмыс

1

1

2

4

7.

Ғылыми зерттеу жүргізу кезеңдері

2

2

2

4

8

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері

1

1

2

4

9.

Курстық жұмысты орындау әдістемесі

1

1

1

3

10

Диплом жұмысын орындау әдістемесі

2

2

2

3

11

Магистрлік жұмыс

1

1

1

3

Барлығы: 90

15

15

20

40

2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар

2.1 Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны

№1 Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсат, міндеттері және мазмұны (1 сағат)

1.Кіріспе.Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.

2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.

3. Зерттеудің әдістерін таңдау.

1. Кіріспе. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.

Білімнің белгілі бір саласын келесі шарттар сақталғанда ғылым деп атауға болады:

а/ негізгі пән нақты анықталғанда;

б/ оны оқу үшін қажетті зерттеу әдістері қолданылады;

в/ оқытылатын пәннің факторлары, үрдістері арасындағы объектілік байланыс жүйеленеді. /заңдар және заңдылықтар/.

г/ оқытылатын үрдістердің болашақта дамуын болжайтын заңдар мен заңдылықтар анықталған.

д/ терминологиялық және категориялық аппарат анықталған.

Зертеу оның объектісі мен пәнін анықтаудан басталады. Философия әлеуметтік тұлға болып табылатын адамның практикалық және теориялық іс-әрекетінің зерттеу заты боп табылатын объективті шындықтың белгілі бір бөлшегін объекті деп айтады.

Таным заты –деп тәжірибеде белгіленген және адамның практикалық іс-әрекет процесіне еңгізілген, нақты жағдайда белгілі бір шарт бойынша нақты мақсатпен зерттелетін объектінің ерекшеліктері мен қасиеттерін айтамыз.

Объект туралы білімнің даму мөлшеріне қарай оның жаңа қырлары ашылып, оның өзі тану затына айналады. Сөйтіп зерттелетін зат оның объектісіне қарағанда біршама нақты түсінік болып табылады. Ол бар болғаны объектінің бөлігі, белгілі бір қыры, элементі. Мысалы оқыту процесі зерттеу объектісі болса ол зерттеу заты етіп оқытудың әдістерін ғана аламыз.

«Объект» және «зат» ұғымдары салыстырмалы ұғымдар. Айталық оқыту әдістері объектінің ролін атқарса сол әдістердің бір тобы мәселен оқытуды көтермелеу әдісі зерттеу затты болады. Сондықтан зерттеуші белгілі бір зерттеудің барысында ненің объекті, ненің зерттеу заты болатының нақты белгілеу керек. Бұның өзінде объект үш қиырсыз кең көлемде алынбай нақты зерттеу заттының сыртында тұрған нақты шындық болғаны жөн.

Қаралып отырған зерттеу заты объектінің басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста салынып сипат алады. Мысалы біз оқыту түрін зерттеген кезде сол оқыту процесі зерттеу объектісі болып табылады да оқытуды ұйымдастыру түрлері оның құрамдас бөліктерінің міндетін атқарады. Егер зерттеу объектісі етіп одан көрі кеңдеу ұғымды мәселен мектептің қызметін алатын болсақ оқытуды ұйымдастыру түрлері мен мектеп өмірі арасындағы байланыс зерттеу затының орнында болуы мүмкін. Оқыту түрінің барлық мәнді сипаттары оқытудың міндеттеріне оқытудың мазмұнына оқытудың әдістеріне және оқыту құралдарына байланыстыра қаралады. Яғни оқу процесінің басқа қырыларымен өзара байланыста қаралып сондықтан зерттеу объектісі болып табылады.

Зерттеу заты – көбінесе объектінің элементі (мысалы оқытуды ұйымдастыру түрлері зерттеу заты , ал оқу процесі оның объектісі болады).

Ал зерттеу заты мен байланысты болатын проблема өзіне тән ерекшеліктерге де ие болады. Ол кейбір проблемалық жағдайлардың атап айтқанда нақты практикадағы зерттеу затының жағдайы мен қоғамның оған деген талаптарының қайшылықтарының көрсететін сипаттама болып табылады. Сондықтан зерттеу проблемасы әр дайым зерттеу затын жетілдіру мен анықталған қайшылықтардың себептерін көрсетумен педагогикалық практикадағы зерттеу затының тиімділігімен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар жүйесін жасау мен зерттеу заты туралы теориялық білімді тереңдету мен байланыста болады.