Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОНПИ УМК2семестр.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452 Кб
Скачать
☆

1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

«Әдіснама» педагогикадағы ғана емес, жалпы ғылымтанудағы күрделі, көпмәнді түсініктердің бірі.

Әдіснама – ғылыми зерттеушлік іс-әрекет әдістері.

Әдіснаманың басты міндеттерінің бірі – зерттеу жұмыстарын әдіснамалық жағынан қамтамасыз ету. Әдіснамасыз кез-келген ғылыми педагогикалық зерттеулерді сауатты жүргізу мүмкін емес. Қалай дегенмен де бұл ғылымның нақты мәні - әдіс туралы ғылым деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Педагогикалық әдіснамада зерттеуді ұйымдастыру жүйесі мен принциптері, процестің құрылымы, қолданылатын әдістері, формасы, құралдары жан-жақты қарастырылады.

Сонымен педагогикалық әдіснама – педагогикалық ақиқат шындықтағы танымды айқындайтын және оны жаңартып, өзгертудегі іс-әрекетке бағыттайтын әдіс, принцип, форма туралы ілім.

Э.Г.Юдин бойынша әдіснамалық білімдердің 4 – деңгейі бар.

1- ші, философиялық деңгей;

2- ші, жалпы ғылымилық деңгей;

3- ші, нақты ғылымилық деңгей;

4 – ші, нақты зерттеуді жүргізу деңгейі.

2. Әдіснамаға жалпы сипаттама.

Әдіснама - бұл ғылыми танудың әдістерін оқу мен жүйелеуге бағытталған ғылыми - танудың теориясы.

Ол гносеологияның құрамдық бөлігі /танудың жалпы теориясы/, танудың әдістерін оқу немесе зерттеу әдістерінің теориясы ретінде көрініс береді. Ғылыми тану үрдісі 3 компонеттен тұратыны белгілі: танудың нысаны, танылатын субъект және танудың әдісі. Әдістерді қолдана отырып алынған жаңа білімнің көлемі мен тереңдігі зерттеу әдістерінің эффектілігі мен дұрыстығынан байқала бастайды.

Қазіргі ғылымда методология термині /грек - зерттеу немесе тану жолы - ұғым, оқу/ ғылыми білімнің 3 түрлі деңгейін көрсетеді:

1. Жалпы әдіснама - ғылыми білімнің жалпы қағидалары мен ұйымдастыру тәсілдерінің байланысы. Мысалы, детерминизм принципі, дамуы, келу, толықтыру т.б.

2. Жеке әдіснама - нақты білім облысында қолданылған жеке қағидалар жүйесі.

3. Әдіснамалық қолданулар - даму, терапия бойынша және т.б. зерттеу әдістерінің көптігі.

Ғылыми зерттеулердің қазіргі ғылыми әдіснамаға сай сипаттамасы: 1/ нақты зерттеу объектісінің болуы; 2/ эмпирикалық, логикалық, теориялық тапсырмалардың дифференсациялық шешімі; 3/ нақтыланған факторлар мен гипотезалардың арақатынасын айыру; 4/ факт және құбылыстарды түсіндіру және болжау.

3. Әдіснамалық ұстанымдар мен қағидалар.

Әдіснамада маңызды орынды методологиялық ұстанымдар алады.

Ұстаным - зерттеу тапсырмасының алдына қойған мақсатын шешетін негізгі жол, ол осы шешімнің бағыты мен стратегиясын ашып көрсетеді.

әдіснамалық ұстанымдар қатарына: абстрактілі және нақты, аналитикалық және синтетикалық және статистикалық, жүйелік - құрылымдық, функционалдық, модельдік және т.б. кіреді.

Қағида - кез келген ғылыми мәселенің негізгі бастамасы болып табылатын, оның құрамы нормативті - регулятивті сипаттамасы бар шарттарға байланысты анықталады.

Заңдылық ұғымын құбылыстар мен үрдістер арасында өзара тұрақты және міндетті қатынастар негізінде анықтауға болады.

Психологиялық - педагогикалық зерттеулердегі негізгі принциптер.

Детерминизм приципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптауме айғақталады да, ал адам санасының дамуы – түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Сонымен психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.

Психологиялық құбылыстарды себеп - салдарлы негізде қарастырудан интроспектік әдіснама және оның зерттеу әдістері ғылым сахнасынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, ол сыртқы әсерлердің себебінен пайда болған құбылыс, ал оның сандарлы мәні тысқы іс - әрекетте көрініс береді деген тұжырым үстем болады. Өздік бақылау орнына объектив әщдіс қолданылымын тапты. Бұл әдіс психологиялы зерттеулерде а/ адамға әсер етушіә факторды анық білуге; б/ осы әсерлердің сандық және сапалық сипаттамасын беруге; в/ тысқы жауап, әрекет – қылықтарды белгілеп қалуға; г/ тітіркендіргіш ықпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.

2. Нақтылық принципі. Психологиялық диагнозға сүйенеді. Нақты өмірлік жағдайлады көрсетуге сол адамдардың күйін білдіретін талаптарын және де психикалық даму сәйкестілігін психикалық біліктілігін анықтайтын психодиагностикалауын таңдау, психико – диагностикалық зерттеулерді ұйымдастыру.

Индивидуальды принцип зерттелінушінің ішкі бай дүниесіне үңілуге оның өмірлік жолдарының қайталанбауына және де даму тарихын тануға бағдалану.

3. Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі. Сана және іс - әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс - әрекеттің бірлігі жөіндегі идеяны алға тартқан ЛүС. Рубинштейн. Ол «іс - әрекет және сана назар аударылған объектінің екі , әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік» - деп жазған.

Сана мен әс - әрекет бірлігі принципі әрекетінің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс - әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орныдалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологиялық барша объектив әдістерінің негізіне айналады.

4. Концептуалдық бірлік принципі – концептуалдық – бір бағыттағы құбылыстардың, ұғымдардың және заңдылықтардың оқу – тәрбие процесінде қолданылады.

5. Перспективада қалатын қол жеткізген бар және міндетті принцип. Психологиялық зерттеу практикада қол жеткізген деңгейге сүйну қажет. Бірақ сол уақытта да берілген мақсатқа жетуі дұрыс бағаланбауы мүмкін. Бірлік және үнемі сәйкестілік практикада немесе перспективадан үзілген зерттеулерден қашуға жол ашады.

6. Жалпы келу және құрама аспектінің принципі – психологиялық зерттеудің жақсы өтуі мақсатында белгілі бір аспектті таңдау қажет. Онда үш ұстанымды қолдану керек:

1. Таңдаған аспектіні ретінше ұстану;

2. Объектіні жан – жақты зерттеу;

3. Қорытындыны басқа аспектіліермен салыстыра лотырып шығару;

7. Жүйелілік – ғылыми танудағы негізгі принцип болып табылады. Жүйеліліктің ішкі объектісіне ұғым, элемент, құрылым, функция, ұйым, басқару, даму, ашықтық, белсенділік, орта т.б. ұғымдар кіреді.

Жүйеліліктің келесі ұстанымдарының көрінуі:

- қоршаған ортаға тұтас жүйелілікпен қарай;

- тұтасты жеке элементтерге бөлу;

- барлық жүйе элементтері қиын қарым – қатынаста болғандықтан оларды бөліп көрсету;

- элементтердің құрамдас болуы объектілердің ұйымдастырылуының жүйелілігін көрсету.

- жүйе элементтерін жөндеу және өзгерту басқару жүйесі арқылы жүзеге асады.

8. Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жекеші маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы приниптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс мен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады.

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.

Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін объектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.

Негізгі әдебиеттер: 1,8,9,12

Қосымша әдебиеттер: 1,2,4,5,8

№3 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының түрлері (1 сағат)

1. Психологиялық- педагогикалық зерттеудің жалпы түсінігі және оған дайындық.

2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің түрлері.

2.1. Аналитикалық-шолу.

2.2. Сыншылдық-шолу.

2.3. Теориялық.

2.4. Эмпирикалық түсіндіруші және эмпирикалық сипаттаушы.

    1. . Әдістемелік.

3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері