Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОНПИ УМК2семестр.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452 Кб
Скачать
☆

3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері

Реферат – жазбаша түрдегі зерттеу нәтижесінің алғашқы көріністерінің бір түрі. Рефераттың көмегімен бастауыш зерттеуші-педагогтар ізденуші жұмыстары зерттеудің өзінің алғашқы нәтижелерін баяндайды. Реферат (лат.т. refero – баяндаймын, хабарлаймын) – негізгі мәліметтері және қорытындылары бар құжаттармен немесе оның бөліктерімен бастапқыда таныстыру үшін қажетті, және оған мақсатты қатынасты анықтайтын құжаттың мазмұнын қысқаша баяндау. Рефератта тақырып бойынша талданады, тақырыптың теориялық және практикалық маңыздылықтары ашылады, ғылыми материалдың талданғаны бойынша қорытынды жасалып және бағаланады. Рефератқа қойылатын талап – нақтылық және ашу үшін йылығы, мазмұны бойынша, сондай ақ формасы бойынша реферат мәтінін жеткілікті қабылдау мазмұнның негізгі элементтерін толығымен бейнелеу. Реферат міндеті – тек қана рефератталған жұмыстың мазмұны туралы хабарлау емес, сондай ақ ғылыми немесе кәсіби әдебиеттер аумағында сәйкес мәселелердің пайда болғаны туралы түсініктер беру.

Рефератты орындаудағы жұмыс кезеңдері:

А) Дайындық (алуан түрлі библиографиялық көздерді қолданып, сондай ақ интернет желісінде, белгілі тақырып бойынша әдебиеттерді іздеу, нақты кітапханадан әдебиеттерді таңдау; тақырып бойынша келесі жұмыстар үшін анықтамалық құралдар шеңберін анықтау – энциклопедиялар, сөздіктер және т.б.)

Б) Атқарушы (кітаптарды және басқаларды оқу, оқылған мәтіндерге кіріспе жазу, цитаталар, тезистер, конспекттер және т.б.)

В) Қорытынды (бар материалдарды жинақтап және рефератты жазу; қолданылған әдебиеттер тізімін құру)

Г) Рефератты безендіру ( титульдік бет- рефераттың бірінші беті, яғни онда жұмыстың негізгі мәліметі және оның авторы туралы мазмұны болады).

Реферат келесі бөлімдерден тұрады:

- кіріспе – бір, көбіне1,5 беттен тұрады;

- мазмұны - (мәтіндік бөлім). Бөлімдер «Мазмұнын» араб цифрлерімен нөмірленеді; бөлімдер нөмерінен және бөлімшелерден тұрады, нүктемен белгіленген. Нөмірлеу 3 беттен басталады және жалпы болып табылады, яғни 3 беттен ақырғы бетке дейін. Беттер нөмірлері араб цифірімен жазылып беттің жоғары бөлігінің ортасына қойылады. Қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар жалпы нөмірлеу қатарына кіреді;

- қорытынды – Онда: онда оқырманның назарын тұрақтандыру үшін жұмыстың негізгі тезистерін қайталауға;Реферат авторының жалпы қорытындысына келгені; мәселелерді әрі қарай ғылыми өңдеуге ұсыныс жасауы мазмұндалады.Қорытынды әрқашан көлемі жағынан кіріспеден аз болуы керек. Қорытындының қалыпты көлемі жұмыстың жалпы көлемінің 20 дан бір бөлігін құрауы керек;

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымша;

- нұсқаулар;

- рецензия.

Реферат және баяндаманың сапасын келесі критерилермен бағалайды:

  • мазмұнының өзектілігі, теориялық деңгейі, тақырыпқа қатысты факторларды, құбылыстарды, мәселелерді талдаудың тереңдігі және толықтығы;

  • ақпараттық құндылығы, жаңашылығы, сұрақты баяндауының түпкілігі;

  • баяндаманың қарапайымдылығы және тапқырлығы,

  • құрылымдық ұйымдасқандығы, логикалығы, граматикалық дұрыстығы, стилистикалық мәнерлігі;

  • рефератта (баяндамада) жасалған сөйлемдердің және қорытындылардың сенімділігі, практикалық және теориялық маңыздылығы.

Аннотация – құжатты қысқаша сипаттау (шығарма баспалары) атауы, мазмұны, формасы және басқа ерекшеліктерінің көзқарастарымен құжаттардың тобының немесе оның бөліктерінің. Ол әркез 5-7 қатармен жазылады, сирек – үлкен масштабта. Аннотацияның негізгі белгісі – белгілі шығарманың басқаларынан ерекшелендіретін ішкі маңызды белгілерін көрсету, тақырып немесе мазмұны бойынша.Аннотация титульдік беттін келесі жеріне түсіріледі.

Ғылыми мақала- зерттеушінің әдебиеттік өнімінің кең таралған формасы. Мақалалар ғылыми журналдарда, ғылыми немесе ғылыми әдістемелік жинақтарда басылып шығарылады. Негізінде мақала көлемі машинамен жазылса 5тен-15ші бетке дейін болады. Ғылыми мақалалар материалын баяндау жүйелі және бірізді болуы керек. Жұмыстың бөлімдері өзара логикалық байланысқан болуы керек. Ең басты назарды жұмыстың ғылыми стиліне қойылуы керек. Ол үшін келесі талаптар сипатталады: баяндаманың түсініктілігі; сөздерді қолданудың дәлдігі; лаконизм; ғылыми терминдерді қатаң қолдану; баяндаманың бірізділігі; логикалылығы; тәртіптердің өзара байланысы. Ең негізгі назарды мәтіннің әдебиеттік баспасына аудару керек. Ғылыми мақалада баяндама қорытындысы, ғылыми қорытындылар және сөйлемдер үлкен орын алады. Мақаланың осы бөлімінде зерттеудің нәтижелерінің маңызды аспектілерін қысқаша және дәл көрсету керек, және оның шынайы тәжірибеге жүзеге асыру жолдары көрсетіледі.

Ғылыми есеп. Ғылыми есептің безендендіру негізгі ережесі мен талаптары ГОСТ-қа сәйкес баяндалуы керек.Ғылыми есептің келесі негізгі талаптары қойылады: құрылудың дәлдігі; материалды баяндаудың логикалық бірізділігі; дәлді аргументтеу; өңдеудің қысқаша және дәлдігі; жұмыс нәтижесінің нақтылы баяндалуы; ұсыныстардың негізделгені және дәлелденгені.

Ғылыми есепке келесі элементтер кіреді: титульдік бет; авторлар тізімі; қысқаша реферат; мазмұны; жұмыстың негізгі бөлімі; қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша.

Ғылыми баяндама – мазмұны бойынша ол да ғылыми есеп. Сонымен қатар, ол зерттеу мәселесінің барлығын қамтымайды, ол тек қана логикалық аяқталған бөлігін, аспектісін қамтиды. Ғылыми баяндамаға қатаң талаптар қойылмайды, яғни оның безендендірілуі және оның формасына, ғылыми есеп сияқты. Баяндаманы баяндауының әдеби стилі, тілі ережеге сай ауызша шығып айту үшін, оны тындауда қабылдау үшін аса маңызды болу керек.

Ғылыми баяндама болуы керек: тақырыптың ғылыми практикалық құндылығын көрсететін қысқаша ескертулерді көрсету керек, тақырыптың мәні, негізгі ғылыми болжамдар; қорытындылар және қосымшалар.

Педагогикалық оқуларда, семинарларды және конференцияларда және т.б. сөйлеулер мен баяндамалардың тезистер – бұл өте 1 ден 3 беттік машинада жазылған қысқаша құжат. Олардың көлемін қатысушылар үшін алдын ала конференцияны ұйымдастыру ұжымы ж.т.с.с. нақтылайды. Тезистерді жазудағы негізгі міндет - өте қысылған, баяндамашынын конференцияға қатысушыларға жеткізгісі келетін зерттеу нәтижесінің ең бастыларын конспектілеу формасында баяндалады.

Тезиске жататындар: баяндаманың негізгі ережесі; негізгі қорытынды мен ұсыныстар. Зерттеуге іріктеу және нәтижелерін енгізу түрлерінің бірі алуан деңгейдегі конференцияларға қатысу болып табылады. Ғалымдардың пікірінше конференцияға қатысу үшін ұсынылатын жұмыстарға негізгі талаптар болып табылады. Зерттеу материалының нақтылығы және жеткіліктігі, жұмыстың өзекті және практикалық маңыздылығы; зерттеу тақырыбы бойынша оның алуан түрлі көздерін ойланып қолдануы: мәселе бойынша өзінің көзқарастары мен қорытындыларын ұсынуы: зерттеу тақырыбы бойынша арнайы терминдерді және әдебиеттерді қолдану дағдысы ГОСТ-ң талаптары мен сәйкестей ғылыми жұмысты безендендіру; конференцияға шығып сөйлеу мәдениеті. Бағыт алу үшін ғылыми зерттеу жұмысын (мақалаларды) жазудын үлгі жоспарын келтіреміз.

  1. Кіріспе. Автор таңдаған тақырыбын негіздейді, оның ғылыми қызығушылығы неде екенін түсіндіреді.

  2. Жұмыстың мақсаты. Автор осы жұмысты шешілетін міндеттерді ашады, оның орындалу жолдарын анықтайды, зерттеу пәнінің сипатын береді.

  3. Жұмыстың экспериментальді және зерттеу бөлімдерін өткізу әдістемесі. Сол әдістеменін толық берілуі. Әдістемені орындау үшін шешілген мәселелер ізімі келтіріледі, зерттеуге қатысатын қатысушылардың топтарын береді.

  4. Жұмыстын ғылыми (теориялық) бөлімі. Автор әдебиеттегі берілген тақырып бойынша оқылғанына қысқаша талдау жасайды. Жұмыстың эксперименттік бөлімін иллюстрациялайтын және қатысты болатын құбылыстарды немесе процестерді бейнелейді.

  5. Зерттеу нәтижелерін талдау. Бұл бөлімде автор эксперимент барысындағы алынған мәліметтерді талдайды.

  6. Қорытынды. Автор эксперимент барысында алынған мәліметтердін нәтижелері бойынша оларды алдыңғы бөлімнің теориялық материалдарымен салыстыра өз қорытындысын жасайды.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,8,12

Қосымша әдебиеттер: 1,2,8

№4 Дәріс тақырыбы:

Психологиялық зерттеу әдістері (2сағат)

  1. Психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы

  2. Зерттеудің теориялық әдісі

  3. Зерттеудің эмпирикалық әдісі