Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
CК конспект1 каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
622 Кб
Скачать
☆

2 Мбит/сек жылдамдығы бар цикл құрылымы.

Дыбыстық ақпаратты тарату әр тональдық жиілік каналдардың телефон желілеріне диапазоны 300 - 3400 Гц аралығында жүзеге асады. Цифрлық коммутациялық тракттың ұйымдастырылуы үшін біріншілік ағын қолданылады ИКМ 30/32.

1.2-суретте ИКМ-30 жүйесінің цикл және жоғары циклды құрылымы келтірілген. Цикл уақытша 32 интервалдардан [2]. Ал жоғары цикл 16 циклдан тұрады.

1.2 сурет – ИКМ-30 аппаратының циклды және жоғары циклдың құрылымы

Циклдың созылу уақыты ТЦ= 125 мкс, ол сәйкесінше циклдың жиілігін анықтайды fЦ=8 кГц. Жоғары цикдың созылу уақыты 16х125мкс=2мс тең. Циклдағы әр каналдың интервалы К.И=3,9 мкс беріледі. Әр канал үшін ақпататты тасымалдауда 8-разрядталған бинарлы кодтар тағайындалған. Сонда бір разрядтың (бита) ұзақтығы б=0,49 мкс болады. Бір уақытша интервалдың жіберу мүмкіндігі 64 кбит/с, сонда ИКМ трактындағы бірлік стандарттық жібіру мүмкіндігі 64 32=2048 кбит/с құрайды. ИКМ циклындағы уақытша интервалдар 0 және 16 қызметтік канлдары болып келеді, ал  1-ден  15-ке дейінгі және  17-ден  31-ге дейінгі интервалдары ақпараттық каналдар болып келеді.

1.2-суретте көрсетілгендей, әр екінші циклда цифрлық синхросигнал 2-8 нөлдік каналды интервалда орын алады. Циклдық синхросигнал 0011011 комбинацияларды көрсете алады. Нөлдік интервалдардың 2-8 символдарымен циклдық синхросигналдың имитациясының болу мүмкіндігін жою үшін 2 символды тақ циклына бұл интервалдарда 1 мәні беріледі. Жоғары циклды синхросигнал, жоғары циклда циклдың қорытындысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, 0000 комбинациясын көрсете алады және 1-4 разрядтық интервалдар 16 каналдық интервалындағы  0 циклында орын алады.

16 каналдық интервал сигнализация таратуда қызмет етеді. Әр циклда екі телефондық каналдың сигнализация сигналдары беріледі.

1.2-суретіндегі белгіленулер: ТК – телефондық каналдың нөмірі; RO, ... RI5 – жоғарғы циклдағы циклдар; SK - каналдық интервал; В1, ... В8 -  ұзындығы 8 бит кодтық сөз; N - бит халықаралық қолданыстарға резервтелген (символдың мағынасы анықталмаған, казіргі уақытта 1 мағынасын қабылдау керек); А – ИКМ құрылғысына берілетін авариялық сигналдың қарама-қарсы соңғы желі байланысы; VI, ... V5 - символдар, ұлттық қолданысқа каналған (цифрлық тракттарда, мемлекеттік шекараның қиылысында) бұл символдар мағына беруі қажет 1); х — резервті символ; у - символ, жоғары циклды синхросигнал индикациялық шығу үшін қолданылады; а, b, с, d- сигнализацияның жалпы каналын ұйымдастырудағы символдар (ОКС), егер Ь, с және d  ОКС үшін қолданылмайды, олар келесі белгілермен қамтамассыздандырылған болуы керек: b = 1, с = 0, d= I.

 

2 Дәріс. Цифрлық коммутация принципі

  

Дәріс мақсаты: коммутацияның негізгі түсініктері мен анықтамаларын және цифрлық сигнал координаттарының түрлену принциптерін зерттеу

Мазмұны:

-  коммутацияның негізгі анықтамалары мен түсініктері;

-  цифрлық сигналдың уақыттық координатасының түрлену принципі;

-  цифрлық сигналдың кеңістіктік координатасының түрлену принципі;

-  кеңістіктік-уақыттық коммутация принципі.

Коммутация анықтамасы мен түсінігі.

Коммутация – бұл белгілі кірісі мен шығысы арасындағы қосылысты орнату және ақпаратты тұтынушыға жеткізу және келесі ажырау уақытын ұйымдастыру процесі.

Коммутацияның белгілі келесі әдістері:

-кналдар коммутациясы (Circuit Switching тікелей аулармасы тізбектер коммутациясы);

-хабарлар коммутациясы (Message Switching);

-пакетер коммутациясы (Packet Switching).

Каналдар коммутациясы кезінде: алдымен тура (сквозной) байланыс каналы орнатылады, содан кейін байланыс каналы арқылы осы уақыт мезетінде ақпарат алмасу жүзеге асады және ақпарат алмасу біткен соң байланыс каналы үзіледі.

Хабарлар коммутациясы кезінде: деректермен алмасу осы уақыт мезетінде болмайды, кірісі мен  шығыс жүйелері арасында тура қосылысты ұйымдастыру керек емес және артық (избыточные) хабарлар жоғалмайды,олар сақталып,кешігіп беріледі.

Пакеттер коммутациясы кезінде хабарлар белгілі бір көлемдегі блоктарға, пакеттерге бөлінеді. Әр пакет байланыс каналы босаған кезде тәуелсіз беріледі. Қабылдайтын жақта әр уақытта және әр түрлі жолмен келуі мүмкін пакеттерден жиналған хабарлар бастапқы қалпына келеді.

Біркоординатты коммутация деп, жүйенің байланыстырушы жолдары бір бірінен бір бөлу белгісі арқылы алшақтатылған коммутацияны айтады,мұндағы бөлу белгісі ретінде жүйенің кірісі мен шығысы арасындағы  байланыстырушы жолдарды бөлетін параметр алынады.

Цифрлық коммутация деп, жүйенің кірісі мен шығысы арасындағы байланыс  аналогтық түрге түрлендірілмейтін цифрлық сигнал операциясы арқасында орнатылатын процесті атаймыз

Цифрлық сигналдың уақыттық координатасын түрлендіру принципі (уақыттық коммутация принципі).

Цифрлық сигналдың уақыттық коммутация функциясын жүзеге асратын блок немесе модуль коммутацияның уақыттық қадамы немесе Т-қадамы (time- уақыт сөзінен) деп аталады  [1]. 

Шығыс ИКМ линиясының бір каналдық интервалының кіріс ИКМ линиясымен салыстырғандағы ретінің өзгеруі ақпаратты бір абоненттен екінші абонент беруді білдіреді 2.1-суретті қара. Бұл уақыттық коммутацияның принципін білдіреді  (кейде каналдық интервалдардың қайта құрылуы немесе ақпараттың бір каналдан екіншісіне ауысуы туралы айтылады).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]