Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
CК конспект1 каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
622 Кб
Скачать
☆

Isdn абоненттік түйісі.

ISDN (Integrated Services Digital Network) желілері телефонияны, мәліметтерді таратуға, алыс локальды есептеу желілерін (ЛЕЖ) біріктіруге, Интернетке қатынауды қамтамасыз етуге, видеоконференцбайланыстың трафигін таратуға мүмкіндік береді.

ISDN технологиясы базалық қатынауды (BRI немесе ВА) және алғашқы қатынауды (PRI немесе РА) қамтиды. Базалық қатынау абонентке график тарату үшін 64 кбит/с екі каналды (В типті) және 16 кбит/с бір сигнализация каналын (D типті канал) ұсынуды қарастырады. Алғашқы қатынау абонентке график тарату үшін 64кбит/с 30 В-каналын және бір D-сигнализация каналын (мұнда да 64 кбит/с) ұсынуды қарастырады.

Цифрлық АТС-ке абоненттердің қосылуы әдетте электрлік екіөткізгішті кабель арқылы жүзеге асады:

- базалық қатынау үшін U0 типті интерфейс арқылы;

- алғашқы қатынау үшін Uk2 интерфейсі арқылы.

 

 

7 Дәрiс. Цифрлық атс-тардың желілік түйістері

 

Дәрiстiң мақсаты: цифрлық АТСтардың желілік түйістерін студенттермен зерттеу.

Мазмұны:

- цифрлық  АТСтардың желілік  түйістерiнiң ұғымы;

- ЦЖТмен желілік түйістердің қосылуының ерекшелiктерi;

 - аналогтік ҚЛ мен берілу жүйесінің түйісуі;

 - қатынау желiсiмен түйісу;

- TMN желiсiмен түйісу.

Цифрлық АТС-дың желілік түйістер ұғымы.

Q.501-Q.517 ұсыныстарына сәйкес  аналогтық  және цифрлық  жалғағыш  сымдары  АТС-қа желілік түйістердің А, В, С типтері арқылы қосылады,  «А» түйісуі арқылы  ИКМ (2048 кбит/с ) тығыздалған аппаратурасы немесе ИКМ(1544 кбит/с )  цифрлық трактары қосылады.

 «B» түйісуі ИКМ-120 (844 8кбит/с)  тығыздалған аппаратуралы цифрлық трактарын Қосылыс үшін каналған.

«С» түйісуі арқылы екі және төрт сызықты сымдар цифрлық АТС-тің станциондық аяғына қосылады. Бұл линияларға каналған аналого- цифрлық түрлендіргіштер цифрлық АТС-тің құрылғылар құрамына кіреді.

ЦЖТ-пен желілік түйістердің ерекшелiктерi.

Цифрлық  АТС-пен өзге цифрлық  АТС-тің қосылуы кезінде немесе цифрлық  АТС және аналогтік АТС- тің арасында цифрлық жүйенiң берілуі кезінде, бiрiншiсінде цифрлық түйісу орналасады. Бұл жағдайда ЦСК- ның бірден бір басты ерекшліктері жүзеге асады яғни, ол «коммутацияны беру» трактісінде біртұтас цифрлық информацияны  құру болып саналады.

ИКМ сигнал түрінде дыбыстық сигналды беру цифрлық коммутациондық жүйе мен ЦЖТ аппаратурасына бірдей. Бірақ, ЦЖТ түйісуі мен цифрлық коммутация жүйесінің арасында бірнеше мәселелер туындайды. Біріншіден, телефон жүйесінде ,МСЭ иерархиясына кірмейтін ЦЖТ, қолданылуы мүмкін. Екіншіден, цифрлық КП- нің құрылу ерекшеліктеріне байланысты олардың ішіндегі циклдық құрылым ЦЖТ құрылымынан озгешеленеді. Цифрлық АТС құрушылар АТС-гі ИКМ ағынының тығыздалуын өз қалаулары бойынша өзгерте алады және олардың кодтық сөз ұзындығын өзгерте алады. Үшіншіден, ИКМ және АТС ішіндегі сөздердің кодталуы өзгеше болып келеді.

 ЦЖТ мен АТС-тің цифрлық түйісуінің екі топтық талаптары бар: электрлік және логикалық.

Циклдер құрамының келісімді болуы ЦЖТ кірісінде, ЦЖТ талаптарына сай келетін, циклдер құрылуы керектігін білдіреді. Бұндай келісімділік АТС ішіндегі екілік демультиплексия кезінде орындалады.

Логикалық келісім сызықтық сигнал кодтарын HDB3 екілік кодтарға ауыстырады және керісінше, кіріс сигналдарыны синхрондалуын тактылық станция сигналдарына сәйкес.

Аналогтік БС мен Тарату жүйелері арасындағы түйісу.

Аналогтік және цифрлық АТС арасындағы байланыс үшін бұрыннан бар немесе жаңадан құрастырылған аналогтік физикалық байланыс сымдары(БС) қолданылады.  Бұл жағдайда әрбір байланыс линиясының аналогтік дабыл жүйесі үшін жеке түйісу ұйымдастырылады. 7.1 суретінде цифрлық ЭАТС 200 пен АТСК және АТСКУ қалалық станция арасындағы екі сымдық физикалық тұракты тоғы бар  дабылды байланыс линиялары арқылы келісім орнатылғаны көрсетілген.

 

 

7.1 сурет – ЭАТС 200 және электромеханикалық АТС арасындағы байланыс схемасы

 

Келісімді құрылғыны екі  бөлікке бөлуге болады: каналдық және дабылды- синхрондық. Бұл 7.2 суретте көрсетілген.

 

 

3D

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]