- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам
- •Автоматты электрбайланыс кафедрасы коммутациялық жүйелер
- •5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Коммутация принциптері
- •2 Мбит/сек жылдамдығы бар цикл құрылымы.
- •2 Дәріс. Цифрлық коммутация принципі
- •3 Дәріс. Кеңістік - уақыттық каналдар коммутациясының цифрлық модулінің синтезі
- •2.1 Сурет - Уақыттық коммутация принципінің иллюстрациясы
- •2.2 Сурет - Уақыттық коммутацияның векторлық көрінісі
- •2.4 Сурет - Кеңістіктік коммутацияның векторлық көрінісі
- •3.1 Сурет - эатс-200 коммутация модуль жүйесі
- •3.4 Сурет - Блок және модуль құрылымы
- •4 Дәріс. Цкж-н басқаруды ұйымдастыру
- •4.1 Сурет - Процесстердің өзара әрекеттесуі
- •4.2 Сурет
- •4.3 Сурет
- •4.4 Сурет
- •5 Дәріс. 1, 2, 3, 4, 5-ші классты цифрлық коммутациялық өрістер
- •5.1 Сурет – Бірінші класстың цкө базалық құрылымы
- •5.2 Сурет – Екінші класстың цкө базалық құрылымы
- •5.3 Сурет – Үшінші класстың цкө базалық құрылымы
- •5.4 Сурет – Төртінші класстың цкө-тің базалық құрылымы
- •5.5 Сурет – Бесінші классты цкө-тің базалық құрылымы
- •6 Дәріс. Цифрлық коммутациялық жүйедегі абоненттік интерфейстің құрылуы
- •6.1 Сурет – Цифрлық коммутациялық жүйелердің түйістері
- •Isdn абоненттік түйісі.
- •7 Дәрiс. Цифрлық атс-тардың желілік түйістері
- •7.2 Сурет – Келісілген құрылғы схемасы
- •8 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелеріндегі сигнализация
- •9 Дәріс. Окс7 сигнализация жүйесі
- •9.1 Сурет – Ортақ каналы сигнализацияның принципі
- •11 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
5.5 Сурет – Бесінші классты цкө-тің базалық құрылымы
6 Дәріс. Цифрлық коммутациялық жүйедегі абоненттік интерфейстің құрылуы
Дәріс мақсаты: ЦКЖ Түйісі мен ЦКЖ абоненттік Түйістері ұғымдарымен танысып, оларды оқып үйрену
Мазмұны:
- цифрлық коммутациялық жүйелердің интерфейстері (Түйістері);
- аналогты абоненттік Түйіс және BORSCHT мәселесі;
- цифрлық абоненттік Түйіс;
- ISDN абоненттік Түйісі.
ЦКЖ түйістері
Цифрлық коммутациялық жүйелердің жұмысы әр түрлі телекоммуникациялық құрылғының айналасында жүзеге асады: басқа АТС (цифрлық және аналогтық), әр түрлі абоненттік құрылғылар, тарату жүйелері. ЦКЖ аналогты және цифрлық абоненттік линиялар (АЛ) және тарату жүйелерімен интерфейсті (Түйіс) қамтамасыз етуі керек.
Түйіс деп екі функционалды блок арасындағы шекараны айтады. Бұл шекара функционалды сипаттамалар, физикалық байланыстың жалпы сипаттамалары, сигналдар сипаттамалары және ерекшеліктерге байланысты басқа сипаттамалар арқылы беріледі. Түйіс екі құрылғы арасындағы байланыстың параметрлерін анықтаудың бір реттілігін қамтамасыз етеді. Бұл параметрлер байланыстырушы тізбектердің типіне, формасына және функциясына және де осы тізбектер арқылы берілетін сигналдардың типіне, формасына және тізбектілігіне қатысты болады.
Цифрлық АТС түйістері 6.1 суретті қара:
- аналогты абоненттік Түйіс;
- цифрлық абоненттік Түйіс;
- ISDN абоненттік Түйісі;
- желілік (цифрлық және аналогты) Түйістер.
6.1 Сурет – Цифрлық коммутациялық жүйелердің түйістері
Аналогты линиялардың қосылуы үшін (абоненттік немесе кеңселік өндірістік АТС-терден (КӨАТС) цифрлық станцияға қатынауды қамтамасыз ететін құрылғыларға дейін) Z (Z1, Z2, Z3) типті Түйістер қолданылады.
Цифрлық линиялардың қосылуы үшін U және V интерфейстері анықталған болатын. U және V1 Түйістері ISDN желілеріне негізгі қатынау болған кезде АЛ Қосылыс үшін қолданылады. V2 Түйісы цифрлық қосалқы станцияны 2048 Кбит/с жылдамдығында Қосылыс үшін каналған. Интегралды желілерге алғашқы қатынау болған кезде V3 Түйісы арқылы цифрлық құрылғылар қосылады, мысалы цифрлық МӨАТС. Мультиплексорлы құрылғы цифрлық АТС-терге V4 Түйісы арқылы қосылады. Аналогты шығарылатын қосалқы станциялар мен аналогты мекемелік АТС-тердің қосылуы кезінде қолданылатын ИКМ мультиплексорлары үшін қатынаудың цифрлық желілерін Қосылыс үшін V5 Түйісі қолданылады.
Аналогты абоненттік түйіс және BORSCHT мәселесі.
Цифрлық АТС-тердің құрылуы және енгізілуі кезінде цифрлық АТС-ке аналогты абоненттік линиялар (АЛ) мен аналогты телефондық аппараттарды (ТА) Қосылыс қиындығы туындады. Бұл мәселелер BORSCHT аббревиатурасымен 6.1 кестеде көрсетілген.
Аналогты АЛ-дың АТСЦ-ге қосылуы кезінде аналогты абоненттік Түйіс ұйымының келесі топ мәселелерін шешуге тура келеді:
- таратылатын дыбыстық сигналдың түрі бойынша (Coding функциясы - кодтау) келісу және осыған байланысты сөйлесетін тракттың екіөткізгішті сұлбасынан төртөткізгіштіге және керісінше өту (Hybrid функциясы – дифжүйе функциясы);
- таратылатын сигналдардың деңгейлері бойынша келісу: ТА жағына қарай жоғары деңгейлі сигналдар жіберіледі (Battery feed және Ringing функциялары), АТС жағына қарай бұл сигналдар жіберілмеуі керек (АТСЦ 5... 12 В қорек көзі бар БИС және СБИС негізінде құрылған);
- абоненттік сигнализацияны қамтамасыз ету (Signalling функциясы - сигнализация). Testing (бақылау) және Overvoltage protection (қауіпті кернеу көзінен қорғау) функциялары аналогты АЛ Түйісының ұйымына тура жатпайды, алайда олардың іске асуы АЛ және ТА-ның эксплуатация процессін автоматтандыруға және де АТСЦ-ны қауіпті кернеуден қорғауға мүмкіндік береді.
6.1 кесте – BORSCHT функциясының сипаттамасы
Аббревиатура әріптері |
Функцияның аты (ағылшынша) және оның қазақша аудармасы |
Функцияның сипаттамасы |
B |
Battery feed (Микрофондардың көздеуі) |
Абоненттік линияға көмірлік микрофондардың көздеуіне қажетті кернеу беріледі (Бұрынғы КСРО елдерінде U=60B, I=20мА) |
O |
Overvoltage protection (Қауіпті кернеу көзінен қорғау) |
Цифрлық АТС-тің құрылғысы қосымша каналйы құрылғылар арқылы абоненттік линия тарапынан 220 (380)В кернеу және де найзағай соққандағы кернеу түсуінен қорғайды |
R |
Ringing (Шақыру сигналының жіберілуі) |
Шақырылатын абонентке 25Гц жиілігі және 95В кернеуі бар "Вызов" сигналы жіберіледі (кейбір елдерде кернеу 110В болуы мүмкін) |
S |
Supervision, кейде Signalling (Бақылау немесе сигнализация) |
АТС приборлары шақырып отырған және шақырылатын абоненттердің микротелефондық трубкаларының көтерілуі мен қойылуы фактілерін фиксациялап отыруы керек және де шақырылатын абонент нөмірінің цифрларының қабылдауын қамтамасыз етуі керек |
C |
Сoding (Кодтау) |
Абоненттік линия арқылы түсетін аналогты сигнал цифрлық сигналға және керісінше түрлендіріледі |
H |
Hybrid (Дифжүйе функциясы) |
Аналогты абоненттік линия екіөткізгішті болып келеді, ал цифрлық АТС-тердегі сигналдардың таралуы мен коммутациясы – төртөткізгішті. Сондықтан дифференциалды жүйелер (дифжүйелер) арқылы түрлендіру жүзеге асады |
T |
Testing (Бақылау) |
Абоненттік линия мен телефондық аппараттың жұмысы және де жоғарыда көрсетілген функцияларды орындайтын құрылғылардың жұмысы бақыланады. |
Цифрлық абоненттік түйіс.
Әр фирма өзінің цифрлық станциялары үшін белгілі бір интерфейс құрады. Бұл интерфейс «өзінің» цифрлық ТА-на каналған «туған» протоколды сүйемелдейді. Сондықтан цифрлық абоненттік Түйісті абоненттік линия арқылы цифрлық алмасу ұйымының жалпы принциптерімен сипаттауға болады.
Абоненттік линиялар арқылы цифрлық ақпараттардың екіжақты таралуы үшін жүйелердің төрт түрінің қолданылуы мүмкін:
төртөткізгішті жүйе;
таралу бағытының жиіліктік бөлінуі бар екіөткізгішті жүйе;
таралу бағытының уақыттық бөлінуі бар екіөткізгішті жүйе;
бейімделгіш эхокомпенсаторлары бар екіөткізгішті жүйе.
Төртөткізгішті жүйе. Төрт өткізгіш арқылы цифрлық таратудың артықшылығы болып бір бірінен және тіректік станциядан айтарлықтай қашықтықта орналасқан абоненттік терминалдардың еркін қосылуы және де сұлбалық шешімдердің қарапайымдылығы болып табылады. Жүйе ауыспалы кедергілерге айтарлықтай төзімді, сигнал регенерациясын болдырмай линия өшуі өзгеруінің үлкен диапазонын жабуға мүмкіндік бере алады. Алайда ол кабельдің таратылатын мүмкіндіктерінің аз қолданылуымен сипатталады.
Таралу бағытының жиіліктік бөлінуі бар екіөткізгішті жүйе. Бұл жүйеде бір канал үшін берілетін ақпараттың жолағынан 2 есе кең жолақтың болуы қажет. Шын жүзеге асырылған жүйелер дифжүйелерді қолданады, ал бұл таралу бағыттарының өзара ықпалын азайтуға мүмкіндік береді, 6.2 суретті қара. Ақпараттың таралуы бифазды кодпен жүреді. Бірінші бағытта X1 таралу бір период/символ (BiPh1) кодымен, ал басқа бағытта Х3 – үш период/символ (BiPh3) кодымен жүреді.
6.2 сурет – Таралу бағытының жиіліктік бөлінуі және дифжүйелері бар таралу жүйесі
