Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ювеналдық құқық пәнінен дәрістер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қандай жастан бастап күшінде болады?

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысты істері бойынша өндірістің процессуалдық ерекшеліктері.

  3. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы туралы істері жөніндегі қандай жағдайлар нақтылауға жатады?

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы туралы істер бойынша қорғаушының міндетті түрде қатысуы.

  2. Кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіге, айыпталушыға қатысты алдын алу шараларын қолдану.

  3. Кәмелеттік жасқа толмағандарға жаза қолдануды тағайындау.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алудың ерекшелігі. Жауап алудың тәртібі, орны және уақыты.

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандарды жаза қолданудан босату.

  3. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысының қылмыстық ерекшеліктері.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандар жасаган қылмыстар бойынша жекелеген қылмыстық іс жүргізудің өзіндік ерекшеліктері. Жалпы сипаттама.

  2. Жасөспірімдердің қатысумен жасалған қылмыс орындарын қараудың ерекшеліктері.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандар жасаган қылмыстарды іздестіру барысында тінту жүргізудің ерекшеліктері.

  2. Кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушіден және куәлардан жауап алу.

  3. Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыдан жауап алу.

  4. Кәмелеттік жасқа толмағандардың жауап беруін хаттамалау рәсімі.

  5. Сараптама тағайындау.

  6. Сот-дәрігерлік сараптамасы.

  7. Сот-психиатриялық сараптамасы.

  8. Сот-психологиялық сараптамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Гаврилин Ю. В. Шуруханов Н.Г. Криминалистика: Методика расследования отдельных видов преступлений. - М., 2004.

2. Криминалистика. Учебник для вузов / Под ред. Р.С. Белкина. - М., 2000.

  1. Миньковский Г. М. Особенности расследования и судебного разбирательства дел о несовершеннолетних. - М., 1959.

  1. Кәмелетке толмағандардың қылмысы және оларды қылмыстық іс-әрекетке тарту ісі жөнінде сот практикасы туралы. ҚР Жоғарғы сотының 2002 жылгы 11 сәуірдегі нормативтік қаулысы, 2003 жылғы 11 шілдедегі ҚР Жоғарғы сотының №4 нормативтік қаулысымен өзгерістер енгізілген.

  2. Порубов Н.И. Особенности допроса несовершеннолетних. - Минск, 1978.

  3. Шимановский В.В. Процессуальные особенности расследования преступлений несовершеннолетних. - Волгоград, 1980.

14 Тақырып. Қылмыстық істер бойынша сотта кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін қорғау

Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың жасаған қылмысын сотта қарау ерекшеліктеріне байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.

Маңызды сөздер: сотта қылмыстық істер бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың мүдделерін қорғау, сот өндірісінің ерекшеліктері.

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Қылмыстық істер бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың сотта мүдделерін қорғаудағы жалпы қабылданған қағидалар, стандарттар және нормалар.

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін сотта қарау ерекшеліктері.

Қылмыстық сот ісін жүргізу барысына түрлі қатысушы (айыпталушы, куәгер, жәбірленуші) ретінде тартылған кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды мүддесін және

құқығын қорғаудың құқықтық негізін салалық заңдылықтар ғана емес (1997 ж. ҚР ҚІЖК., 2002 ж. 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындагы балалар құқығы туралы» Заң), сонымен қоса кәмелеттік жасқа толмағандардың бостандығы және құқығын қорғауға арнайы бағытталған, халықаралық кұқықтың жалпы қабылданған принциптері, стандарттары және мөлшерлері де құрайды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қамтамасыз етудің жалпы танылған ережелері мен процедуралары БҰҰ құжаттарында тұжырымдалған, олардың ішінде мыналар ерекше орынға ие:

  1. 1996 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт;

  2. 1985 жылгы кәмелеттік жасқа толмағандарга қатысты әділ сотты қолдануға байланысты БҰҰ ең төменгі стандартты ережелері («Пекин ережесі»);

  3. 1990 жылғы кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу жөніндегі БҰҰ басшы принциптері (Әр-Риядта қабылданған);

  1. Бостандығынан айырылған, кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғауға байланысты БҰҰ ережелері, 1990 ж.;

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғауға кепілдік беретін, халықаралық құқықтардың негізін құрайтын мөлшерлерін қоса есептейтін, 1990 жылғы балалар құқығы туралы Конвенция.

Мұнымен қоса, құқық бұзушылармен байланыс жасау және қылмысты істердің алдын алу жөніндегі БҰҰ Конгресінің 10 шешімінде (Вена, 10-17 сәуір 2000 ж.) жоғарыда аталып өткен құжаттарды пайдалану арқылы кәмелеттік жасқа толмағандар үшін әділ соттық жүйесін құру және дамытуға ықпал ету, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты әділ сот жүйесін жаңартуды жүзеге асыруды білдіретін ережелер бекітілді.

Бұл халықаралық-құқықтық құжаттарда көптеген демократиялық мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар, ұлттық қылмыстық-процессуалдық заңдылықтарының негізгі түсінігі, принциптері және стандарттары көрсетілген. Біздің еліміздегі сот жүйесін дамыту Концепциясының жетекші бағыттарының бірі болып айқындалатын, соттарды мамандандыру шеңберінде ювеналдық юстицияны құру фактісі бұл сөзімізге айқын дәлел бола алады.

«Ювеналдық юстиция» түсінігі - кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты арнайыландырылған әділ сот жүйесін білдіретін, халықаралық термин. Бұл жерде біршама түсінікті және нақты болып келетін «кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды мүдделерін және бостандығын, құқығын қорғауды қамтамасыз ететін юстиция» деген терминді қолданған жөн. Қазақстандық заңгерлер, әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі арнайыландырылған ювеналдық соттарды құруды қолдайтындар бұл терминді жиі қолданады.

Айталық, бостандығынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғауға қатысты, балалар құқығы туралы Конвенцияныц 1-бабында және Ереженің 11 (а) бабында, бала деген түсінікті ауыстыратын 18 жас мөлшеріне жетпеген адамдардың санатын білдіретін «кәмелеттік жасқа толмағандар» түсінігі, ал «Пекин ережелерінің» 2.2-бабында құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті болып саналатын немесе оны жасағандығы белгілі болған бала немесе жас адам қандай болатынын көрсететін кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылар түсінігі берілген.

Кәмелеттік жасқа толмағандар «процессуалды-шектеулі жауап беру қабілеті бар» тұлғалар болып саналады және өздерінің жас болуына байланысты өз бетінше процесс барысында өз құқығы және міндеттерін жүзеге асыра алмайды, яғни қылмыстық-процессуалдық жауап беру қабілетін меңгере алмайды. Сондықтан да олардың қатысуымен болатын қылмыстық істерді қарастыру барысында процеске қатысушының нақты процессуалдық немесе аткаратын мәртебесіне қарамастан, олардың заңды мүдделерін, бостандығын және құқығын корғауға ерекше назар аудару кажет.

Бұлардың барысында қаралудағы санаттың ісі бойынша әділ соты жүзеге асырудың барлық принциптері толықтай сақталуы тиіс, олардың ең маңыздыларының қатарына мыналар жатады:

- конфиденциалдықты қамтамасыз ету принцип.] («Пекин ережесінің» 8-бабы, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның мәртебесіне «күйе жапсыру» (стигматизация) арқылы нұқсан келтіру салдарынан мүмкін болатын немесе қажетсіз жария етушіліктің әсерінен оған зиян келтіруді болдырмау үшін, сот ісін жүргізудің барлық сатысында құрметтелуге тиіс, кәмелеттік жасқа толмағандардың конфиденциалдық тартып алынбайтын құқығын қамтамасыз етуді талап етеді). Бұл кәмелеттік жасқа толмағандардын ісі жөніндегі материалдарға үшінші тұлғаның араласуына, сотқа ақпарат құралдарының өкілдерін жіберуге, кәмелеттік жасқа толмағандар туралы мәліметтерді БАҚ-да жариялауға тыйым салынатындығын, қылмыстық істі қарау процестердің жабық жүргізілуін талап етуді білдіреді);

  • ересек қатысушы болған жағдайда бөлек сот ісін жүргізу принципі («Пекин ережелерінің» 21-бабы);

  • тұтқындауга сот санкциясын беру принципі (қандай да болмасын үлгіде ұстауға немесе қамауға алынған барлық адамдарды қорғау принциптерінің жиынтығының 4-принципі, 1998 ж. );

  • оны мойындатуға, өзін-өзі әшкерелеуге немесе қандай болмасын өзге адамға қарсы түсінік беруге мәжбүрлеу мақсатында, ұсталған немесе қамауда отырған тұлғаның жағдайын пайдалануға тыйым салу принципі (аталған Жиынтықтың 21-принципі);

  • кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның құқықтық мәртебесін құрметтеп және оған ешқандай қосымша зиян келтірмеу арқылы жүзеге асырылатын, полиция және кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қарым-қатынастар принципі («Пекин ережелерінің» 10.3-бабы);

- қылмыстық процесті жүргізуші органдардың кәсіби шеберлігі және сот ісін жүргізудің жылдамдығы принципі (балалар құқығы туралы Конвенцияның 40-бабы, бостандығынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау ережесінің Жиынтығының 17-бабы, «Пекин ережелерінің» 22-бабы) тергеу органдарының лауазымды тұлғалары арнайы дайындыққа, ұйымдастырылған мамандықтарға, тәуелсіздікке, кәсіби құзырлыққа ие болулары үшін кәмелеттік жасқа толмағандар туралы істерді барынша жылдам жүргізуді талап етеді. Кәсіби біліктіліктің болуы кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты әділ сот ісін жүргізуді тиімді және бұлтартпасыз тұрғыдан қамтамасыз етудің қажетті әлементтерінің бірі деп саналады;

- кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауын ескертудің алдын алу шараларын қолдану принципе кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты әділ сот жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады (кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс жасауды ескерту жөніндегі БҰҰ Әр-Риядтық жетекші принциптерінің 1-бөлімі, «Пекин ережелерінің» 16-бабы, сол сияқты қылмысты ескерту жөніндегі БҰҰ Конгресінің 10-шешімі).

Соттық талқылауларга кәмелеттік жасқа толмаған қатысушының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үлгілері жеткілікті дәрежеде сан-алуан болып келеді және қылмыстық процеске қатысушылар арасында кәмелеттік жасқа толмаған тұлға қандай орын алатындығына байланысты болады. Мұндай жағдайда талқылауға қатысушы барлық қалған субъектілердің аталған мүдделер мен құқықтарды бұлжытпай орындауына қылмыстық-процессуалдық кепілдік жасайтын мемлекетке басымдылық беріледі. Соттық талқылаудың өзін және сол сияқты жекелеген процессуалдық немесе соттық әрекеттерді айқындаушы процедура ретінде түсіндіретін заңды қосымша нұсқаулар және тыйым салулар осының дәлелі болады.

Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға сот талқылауларында жәбірленуші ретінде қатысатын болса, онда жауап беруге қабілеттіліктің азаматтық жас мөлшеріне (16 жас) жеткенге дейін оларға тиесілі занды мүдделер мен құқықтарын қорғауды жүзеге асыру міндеттері олардың ата-аналарына, қамқоршыларына және заңды өкілдеріне жүктеледі. Бұндай жағдайларда барлық сот әрекеттері тек қана олардың өздерінің қатысумен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, психолог-мамандар немесе педагогтар тартылады. Мұндай процедуралар кәмелеттік жасқа толмаған куәгерлер үшін де қарастырылған. Кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленуші және куәгерді сотқа шақыру және жауап алу тәртібі ҚР ҚІЖК 26-бабында айқындалған.

Қылмыстық іс бойынша жүргізілетін өндіріске байланысты кәмелеттік жасқа толмаған куәгерлерге немесе жәбірленушіге, олардың ата-аналарына немесе жақын туыстарына зорлық-зомбылық немесе қылмыстық заңдылықтармен тыйым салынған басқа да әрекеттер көрсетілу фактілері нақты орын алған жағдайда, ҚР ҚІЖК 101-бабының ережелеріне байланысты сот, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қолдануға міндетті.

Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыға қатысты сот ісін жүргізу тәртібі ҚР ҚІЖК 52-бабында реттелген. Бұл қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау олардың заңды өкілдеріне гана емес, сонымен қоса олармен қатар кәсіби адвокаттарға да жүктеледі.

Адвокаттың міндетті түрде қатысуы (ҚР ҚІЖК 71-6. 1-6. 2-т.) қаралып отырған қатысушының жас мөлшерлік ерекшелігімен ғана емес, сонымен қоса оның рухани-психологиялық және рухани-педагогикалық сипатымен түсіндіріледі. Осыған байланысты ҚР ҚІЖК 493-бабының 1-бөлімі тараптардың пікірін есепке ала отырып, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің ұсынысы, сол сияқты өзінің бастамасы бойынша сотқа, оған жағымсыз әсер етуі тиіс жағдайларды қарастыру барысында, кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыны өзінің қаулысымен сот залынан шығарып жіберу мүмкіндігін береді. Мұндай жағдайларда тиісті материалдармен танысуға, оларды қарастыру барысына қатысуға оның өкілі - адвокат міндетті.

Қарастырылып отырған қатысушылардың санатына ерекше қорғау жүргізу келешек ұрпаққа қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігіне адамдардың нақты ұмтылысынан барып туындайтын нәрселер. Балалар адамдардың ең бір осал санаты болып табылады және олардың толық мәнді дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын арнайы заңдылық және әлеуметтік механизмдерді әрқашан қажет етеді.

Мұнымен қатар, соттық талқылауларға қатысушы кәмелеттік жасқа толмағандарға жағымсыз ықпал етулерді шектейтін, қолданылған шаралар мен заңдылық новеллаларына қарамастан, республикада соттың қателесу фактілері, лауазымды адамдардың заңға қайшы немесе асығыс әрекеттері, жеке өмірге негізсіз араласулар, әр түрлі пайда табу әрекеттері орын алуы жалғастырылып келеді. Осыған байланысты сақтандыру жүйесіндегі сот өндірісіне басымшылық беру сот органдарына кең ауқымды өкілеттілік беріп қана қоймай, сонымен қоса өз азаматтарын (әсіресе, кәмелеттік жасқа толмағандарды) осындай жағдайлардан қорғау үшін де мемлекеттің қызығушылығын тудырады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына жасалған сараптама отандық сот ісін жүргізу үрдісінде қылмыстық заңдылықтармен тыйым салынған әрекеттерді жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету жағына қарай ауытқушылықтың басым екендігін көрсетеді. Мұндай жағдайлар жалпы танылған халық-аралық құқықтың стандарттары мен мөлшерлеріне сәйкес келмейді, өйткені кәмелеттік жасқа толмаған қатысушының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға кепілдік беру олардың әлеуметтік жағдайына, жас мөлшеріне және процессуалдық мәртебесіне қарамастан, біркелкі дәрежеде болуы қажет. Осыған байланысты қараудағы қылмыстық істің санаты бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу процедурасын жетілдіру жұмыстарын ювеналдық соттар жүйесін құрумен ғана емес, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған қатысушылардың қылмыстық істерін заңдылықтармен бекітілген арнайы ювеналдық кодекстермен жалғастыру қажет.

Сонымен қатар, сотта олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды олардың өкілдері - адвокаттарға жүктеу арқылы олардың берген жауаптары сотқа дейінгі сатыларда тіркелген жағдайларда, кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленуші мен куәгердің қатысуынсыз сот талқылауын өткізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осылайша, бұл қатысушыларға олардың әлі толық қалыптаспаған психикасын есепке ала отырып, кейінде біршама жағымсыз зардаптарға әкеліп соғатын косымша моральдык нұқсан келтіру мүмкіндіктері жойылады.