Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ювеналдық құқық пәнінен дәрістер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489 Кб
Скачать
☆

4 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын халықаралық және конституциялық құқықтық реттеу

Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың халықаралық-құқықтық жағдайларын реттеуге байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.

Маңызды сөздер: Халықаралық-құқықтық реттеу, кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы, конституциялық-құқықтық реттеу.

Ювеналдық құқық және ювеналдық юстиция мәселелері көрнекті отандық заң қызметкерлері, педагогтар және психологтардың, ішкі істер органының, сот, прокуратура, басқадай тәртіп сақтау органдарының қызметкерлерінің, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін өзге министрліктер мен ведомстволардың назарын өзіне аудара отырып, маңыздылана түсуде.

Әлемдік қауымдастық кәмелетке толмағандарды ерекше құқықтық қорғау қажет екендігіне назар аударды. 1993 жылы біздің мемлекетіміз қосылған, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы 44 сессиясында балалар құқығы туралы Конвенцияның қабылдануы бұл бағыттағы айтулы оқиға болды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау саласындағы басты халықаралық құжатқа қол қойған Қазақстан өзінің ұлттық заңдылықтарын солармен сәйкестендіруге міндеттеме алды. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Қазақстанда халықаралық құжаттарға сәйкес балалардың мүддесін қорғауға арналған ұлттық заңдылықтардың негізі қаланды, бұл саладағы бірқатар заңдар қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасындағы балалықты құқықтық қорғауды күшейту және кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі заңнамаларды алдағы уақытта жетілдіре түсудің маңыздылығын көрсетеді. Осыған байланысты кәмелеттік жасқа толмағандардың өмірлік қызметінің барлық саласындағы құқықты, міндеттерді, кепілдік пен жауапкершіліктерді реттейтін, қазақстандық құқықтың жаңада пайда болған бір саласы - ювеналдық құқықтың қалыптасуына біршама көңіл аударылуы қажет. Ювеналдық құқықтың басты міндеті бүгінде қазақстандық құқықтардың төмендегідей салаларымен реттелетін кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен қоғамдық қатынастарға кешенді ықпал етуі болып табылады, олар конституциялык, азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік. қылмыстық, қылмыстык-орындау, азаматтық-процессуалдык, қылмыстық-процессуалдық және т.б.

БҰҰ балалар құқығы жөніндегі Комитеті Қазақстанға ұлттык заңнамаларын Конвенцияның принциптері мен ережелеріне байланысты сәйкестендіруді, заңнамаларын қайта қарауды, әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін сотқа жіберуді, мүгедек балалардың құқығын қорғауды, балаларды маскүнемдіктен, нашақорлықтан және токсикоманиядан, порнографиядан, отбасындағы қатыгездіктің барлық түрінен қор-ғауды және барлық үлгідегі балалар мекемелеріне қатысты қатынастар мен бақылаулар механизмі мен стандарттарын енгізуді ұсынды.

«Адамдар бостандықта және тең құқықты болып туады және солай қалады» деп жазылды азаматтың және адамның құқығы жөніндегі Француз Декларациясында. Бірақ бұл Декларация сөз жүзінде ғана болды, ал шындығында тұрғындардың көпшілік бөлігінің құқығын шектеу мәселелері орын алып келді. Алайда, буржуазия, өз мемлекеттеріндегі заңдарға сүйене отырып, басқа мемлекеттерге қарағанда, бірнеше рет бұл құқықтарды қорғаушы ретінде көрінгісі келді. Мемлекет және адам құқығы мәселелері арасындағы қатынастарды реттейтін, кейбір халықаралық-құқықтық актілер XIX ғасырдың өзінде қабылданды. Бұл кезеңде құлдар саудасымен айналысуға тыйым салатын мемелекетаралық келісімдер жасалды. Мемлекет өз ұлты ұстанатын емес, басқадай ұсақ діндердің өкілдерін және ұлттық саны жағынан аз адамдардың құқықтық жағдайларын жақсартуға міндеттеме алады. Адам құқығы жөніндегі мәселелер бойынша мемлекеттердің халықаралық қатынастарын дамытуға бастау болуда, бұл халықаралық-құқықтық актілер өте маңызды рол атқарды.

Біздің кезеңде барлық аймақтағы әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің адам құқығын сақтау ұстанымдарын бұлжытпай орындап отырғандығын алға тартады. Көптеген үкіметтер ішкі және сыртқы күштердің қысым жасауынан осы ұстанымдарға сәйкес іс-қимылдар жасауға мәжбүр болуда. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін геноцидтің қанды көріністері, жаппай қырып-жоюлар тек жай ғана талқылауда болды. Адам құқығын бұзудың ұсақ көріністері дипломатиялық тұрғыдан талқылауға тұрарлық деп есептелмеді. Ұзақ уақыт бойы мемлекеттің өз азаматтарына деген қатынасы олардың ішкі мәселесі деп саналып келді.

Екі дүниежүзілік соғыс, жүздеген аймақтық және жергілікті қарулы қақтығыстар, революция, майдан далаларында қаза тапқан ондаған миллион адамдар және лагерьлерде жапа шеккендер, саяси қуғын-сүргін - бұл қайғылы оқиғалар мен процестердің барлығы адамзат баласына жақсы таныс. Осылардан барып адам құқығы мәселелерінің бірінші кезектегі маңызы анықталды.

1945 ж. қабылданған БҮҰ Жарғысында адам құқығына маңызды орын берілген, онда Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі мақсаттарының бірі - адам құқығын құрметтеу деп жарияланған. Сол сияқты БҮҮ Преамбуласында БҰҰ мүшелері адам құқығының негізгі сенімін, адамдық тұлғаның құндылығы мен жетістігін, еркектер мен әйелдердің және көп және аз ұлттардың тепе-теңдігін қайтадан бекітуге толық мүдделі деп жазылған. БҰҰ шеңберінде, адам құқығын құрметтеуге ықпал ету мақсатында мемлекеттер арасындағы қатынастар мәселесімен айналысатын арнайы органдар құрылды.

Сонымен қоса, әмбебап ұйым шеңберінде, азаматтардың түрлі санатының құқығы мен міндеттеріне катысты адам құқығы туралы Негізгі халықаралық-құқықтық актілер қа-былданды:

  • 1948 жылы адам құқығының Жалпыға бірдей Декларациясы;

  • 1966 жылы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пакт;

  • 1976 және 1992 жылдарғы факультативтік хаттамаларымен, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт;

  • 1960 жылғы қолониядағы елдер мен халыққа тәуелсіздік беру туралы Декларация;

  • 1948 жылғы геноцидтік қылмыстарды болдырмау және ол үшін айыптау жөніндегі Конвенция;

  • 1965 жылғы нәсілшілдіктің барлық түрін жою туралы халықаралық Конвенция;

-1973 жылғы апартеидтік қылмыстарды болдырмау және ол үшін айыптау жөніндегі Конвенция;

  • 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясы және 1977 жылғы I және II Қосымша хаттамалар;

  • 1952-жылғы әйелдердің саяси құқығы туралы Конвенция;

  • 1979 жылғы әйелдерге қатысты шектеу қоюлардың барлық түрін жою туралы Конвенция;

  • 1959 жылғы балалар құқығы туралы Декларация;

  • 1989 жылғы балалар құқығы туралы Конвенция;

  • 1957 жылғы тұрмыстағы әйелдердің құқығы туралы Конвенция;

  • 1974 жылғы төтенше жағдайлар және қарулы қақтығыстар кезіндегі әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі Декларация;

-1961 жылғы азаматтығы болмауды қысқарту жөніндегі Конвенция;

-1954 жылғы апартидтер мәртебесі жөніндегі Конвенция;

-1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенция және 1966 жылғы хаттама;

  • 1967 жылғы аймақтык баспана туралы Декларация.

Бұл жаңа халықаралық ұйым адам құқығы туралы беделді халықаралық нормаларды жасап шығарды. Мысалы, 1984 жылғы мамырда 1984/50 резолюциямен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес «Өлім жазасына кесілгендердің құқығын қорғауға кепілдік беретін шараларды» мақұлдады. Милан қаласында өткен (Италия 1985 ж. тамыз-қыркүйек) БҰҰ Жетінші Конгресіне Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес ұсынған, кәмелеттік жасқа толмағандарға әділ жазалар қолдануға қатысты, БҰҰ шағын стандартты ережесі («Пекин ережесі» деген атпен белгілі) 1985 жылғы 6 қыркүйекте олардың тарапынан қолдау тауып және 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 40/33 резолюциясымен қабылданды. Сонымен .қоса, БҰҰ Бас Ассамблеясы «Қандай да болмасын үлгіде ұсталып немесе қамауға алынған барлық адамдарды қорғау ұстанымдарының жиынтығы» туралы 43/173 резолюциясын қабылдады. 1977 жылы БҰҰ Бас хатшысы Біріккен ұлттар Ұйымына адам құқығы мәселелері, оның ішінде, адам құқығы саласындағы білім беру және осы саладағы мемлекеттің жоспарлары туралы баяндады.

1948 жылғы қабылданған адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларация - бұл бағыттағы БҰҰ нақты қадамдарының бірі. Оның Екінші дүниежүзілік соғыстан, Освенцим мен Хиросимадан кейін жарық көруі - жай ғана уақыт сәйкестігі емес, керісінше дамыған қоғамның нақты ұстанымдары ретіндегі адам құқығын танудың және XX ғасырдағы әлеуметтік және рухани дамудың заңдылықтарының бір көрінісі.

Адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларацияның Преамбуласында: «...адам құқығына немқұрайылықпен қараудың салдары адамзаттың алаңдаушылығын тудыратын варварлық әрекеттерге әкеліп соғуын назарға ала отырып, мүше мемлекеттер Біріккен ұлттар ұйымымен қарым-қатынаста болуға міндеттеме алды, ...жалпы адам құқығын сақтау және құрметтеу, олардың негізгі бостандықтарын сақтаудың белгісі ретінде Бас Ассамблея осы Жалпыға бірдей Декларацияны жария етеді және оның орындауға барлық халық пен барлық мемлекеттер ұмтылады», - деп жазылды.

Декларацияның қабылданған күнін барлық халықаралық қауымдастық Адам құқығын қорғау Күні ретінде атап өтеді. «Декларация» түсінігі латынша declaratio - жариялау, жария ету деген сөздерінен шыққан. Халықаралық келісімшарт тәжірибесінде декларация атауы олардың салтанаттылығын, жалпыға бірдей екендігін, демократиялылығын паш ету үшін қолданылады. Мұндай құжаттардың мазмұны өте құрметті және жоғары деңгейлі болып келеді. Сонымен коса, бұл құжат ресми қатаң қүрылымға ие болады.

Адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларация заңды міндетті құжат емес. Дегенмен, аталған халықаралық актінің негізгі тармақгары барлық мемлекеттер орындауға тиісті құқықтық мөлшер мәртебесін алды. Халықаралық қауымдастық бұл құжатқа көп жағдайларда сүйеніп отырады, оның үстіне Декларацияның Негізгі ережелері кейіннен көптеген халықаралық-кұқықтық құжаттардың негізіне айналды. Осылайша, 1948 жылғы адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларация:

  • адам құқығын қорғау облысындағы әлемдік стандарттармен әлемдік құқық жүйесін салыстырудың үлгісі;

  • қазіргі әлемде халықаралық қатынастарды рухани және заңды тұрғыда негіздеу;

  • халықтардың өзіндік айқындалуы және құқығының бастауы, оның көптеген ережелері жас мемлекеттердің конститутцияларында көрініс тапты;

- азаматтардың бостандығы және құқығы саласындағы қазіргі халықаралық құқықтың негізі.

Бұл халықаралық-құқықтық маңызды құжат барлық индивидтердің құқығы тең екендігін жария етеді. Сонымен қоса, әрбір адам бұл құқықты алалаусыз қолдана алады. Адамдардың құқығы жөніндегі Жалпыға бірдей Декларация адамның өмірлік қызметінің барлық басты салаларын қамтитын негізгі құқығын айқындайды. Жалпы бұл құқықтар екі топқа бөлінуі мүмкін:

Бірінші топ - бұл азаматтық және саяси құқық, бостандық. Азаматтық құқық жөніндегі ұғымда ең бастысы, адамның жеке тұлға ретіндегі өмір сүруінің түпкілікті ерекшеліктері түсіндіріледі. Оны кейде жеке құқық деп те атайды. Құқықтың бұл санаты тұлғаны өзгенің зорлық-зомбылығынан, жеке өміріне араласулардан қорғауды камтамасыз етеді, Адам құқығының Жалпыға бірдей Декларациясының 3-9 аралығындағы баптарында бұл тізім бекітілген. Мысалы, өмір сүру және бостандык кұқықтары, тұлғалық тәуелсіздік, құлдық пен азаптаудан бостандык, заң алдындағы бірдейлік, өз алдына қамауға алудан қорғау, ұстау немесе қудалау, бұрмалаусыз сот құқығы, некеге тұру құқығы және т.б.

Саяси құқық ұғымында азаматтардың қоғамдық және мемлекеттік істерді басқаруға араласу құқыктары түсіндіріледі. 20 және 21 - баптар тұжырым бостандығын және оларды білдіру бостандығын; баспасөз бостандығын - ақпараттарды алу және тарату мүмкіндігін анықтайды. Мұнымен қоса, саяси кұқық тұлғаның мемлекеттің саясатына, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасын білдіріп, қоғамдық пікірге ықпал етеді.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы буржуазиялык революция дәуірінде алғаш рет сөз қозғала бастады. Және сол кезде адам құқығы туралы ең бірінші Декларация өмірге келді. Мысалы,. 1789 ж., азаматтар және адам құқығы туралы Француз декларациясы, 1791 ж., құқық туралы Американдық билль. Бұл құжаттар азаматтық және саяси құдықтар туралы концепцияларға бағытталды.

1948 жылы адам құқығының әлеуметтік-экономикалық және мәдени Декларациясын жариялау мемлекеттің әлеуметтік саясаты үшін негіз қалыптастырды. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени адам құқыктары материалдық өмір мен рухани даму үшін қолайлы жағдайларды құруды қамтамасыз етеді. Бұл құқықтардың ерекшелігі сол, олардың өмір сүруі үшін мемлекет барлық күшін жұмсауға міндетті болады. Осы құқықтардың бірқатар тізімі мынандай:

  • әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы;

  • еңбек ету және жұмыссыздықтан қорғау құқығы;

  • бірдей еңбек үшін бірдей төлем құқығы;

- өзін және өзінің отбасының денсаулығы мен қолайлы жағдайын ұстап тұру үшін қажетті өмірлік деңгейге кұқығы;

  • анаға және нәрестеге ерекше қамқорлық және көмек;

  • білім алу құқығы;

  • қоғамның мәдени өміріне еркін қатысу құқығы;

  • мәдениет және ғылым саласындағы еңбектердің авторларының материалдық және моральдық мүдделерін қорғау құқығы.

Адам құқығы Декларациясының қорытынды баптары (28, 29, 30-баптар) оларда жарияланған адам құқығын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар мен талаптарды айқын-дайды. Оларға мыналар жатады:

  • әлеуметтік және халықаралық тәртіптердің болуы;

  • құқық қана емес, сонымен қоса міндеттеменің болуының қажеттілігі;

  • азаматтардың бостандығы мен кұқығының тиісті деңгейде танылуын қамтамасыз ететін, моральдық және қоғамдық тәртіптің әділ талаптарын қанағаттандыратын, кейбір шектеулердің қажеттілігі;

- Біріккен Ұлттар ұйымының принциптері мен мақсатын жүзеге асыру.

1948 жылғы адам құқығының Жалпыға бірдей Декларациясы адам құқығын қамтамасыз ету міндеттерін орындаудағы бірінші кезең болды. Декларацияның ережелерін толық-тырып және нақтылайтын өзге құжаттарды қабылдау үшін халықаралық қауымдастыққа бірнеше жыл қажет болды. 1966 жылы екі Пакт экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт және азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт қабылданды, осылайша 1948 жьшы жарияланған Жалпыға бірдей Конвенцияның әрбір мөлшерін сақтап қалу жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Мұнымен

қоса, бұл құжаттар адам құқығын жариялауды нақтылап және оны жүзеге асыру жағдайларын айқындады.

Бұл Пактіде мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайдағы бостандық пен құқыққа, қоғамдық тәртіпті ұстап тұруға, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғауға шектеу енгізілді. Халықаралық Пактінің азаматтық және саяси құқық туралы 20-бабында маңызды мынадай жағдай көрсетілді: «1. Соғысты қалай болмасын насихаттауға заңмен тыйым салынады. 2. Өшпенділік пен зорлық-зомбылыққа, жәбірлеушілікке әкеліп соғатын ұлттық, нәсілдік және діни көреалмаушылықтардың пайдасына қандай да болмасын сөз сөйлеулерге заңмен тыйым салынуға тиіс».

Осылайша, адам құқықтары туралы Пакт әлем халықтарының адам құқықтарының экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси прогрессивті дамуына деген ұмтылысын көрсетеді.

Адам құқықтары туралы Пактінің қосымша Хаттамалары бар, онда жекелеген адамдардың өздерінің құқықтары бұзылғандығы жөнінде шағымдануының мүмкіндіктері айқындалған. 1989 жылғы желтоқсанда өлім жазасын алып тастау жөнінде қосымша Хаттама қабылданды. 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияға қарағанда, Пактінің өзінің мүше-мемлекеттер үшін заңды міндетті келісімшарты болады. Пакт қарастыратын қосымша Хаттамалар мен адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларация адам құқығы туралы Хартия немесе адам құқығы туралы Билль құрастыратынын атап өту керек.

Тәуелсіз мемлекет болып саналатын Қазақстан Республикасы өзінің конституциялық мөлшерлерін адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларацияға сәйкестендірді.

Балалық шақта қоғамның болашақ азаматының рухани және психологиялық мінездемелері ең жақсы негіздері қалыптасуына орай, халықаралық қауымдастық балалар-дың ерекше іс құқықтық қорғалуына үлкен назар аударады. 1959 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы, жоғарыда аталып өткендей, ұсыныстық сипаттағы балалар құқығы туралы Дек-ларацияны қабылдады. Онда балалар жағдайын жақсартудың негізгі идеялары көрініс тапты. Өзінің соншалықты шағын екендігіне қарамастан, бұл Декларация өте маңызды принципті ережелер мен сипаттарды қарастырады. Олардың бірі - балаларға азамат ретінде қатысы бар (есіміне, азаматтығына, міндетті және тегін білім алуына, қорғалудың бірінші кезекті көмегіне (әсіресе, немқұрайды қараудың, қатыгездіктің және пайдаланудың барлық түрлерінен) барлық балалардың нәсілдік жынысына, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси жэне басқадай ұстанымына, ұлттық және әлеуметтік шыққан тегіне қарамай, олардың барлық жағдайда тең құқықты болатындығы. Отбасында балаларды тәрбиелеу жағдайлары өз алдына жеке бөлініп алынды. Декларация мәтінінде: «Бала толық және жан-жақты үйлесімде дамуы үшін оның тұлғасы сүйіспеншілік пен түсінікті қажет етеді. Бұлар мүмкін болған жағдайда, ол өз ата-анасының жауапкершілігінде және қамқорлығында тіпті болмағанда сүйіспеншілік пен моральдық, материалдық жауапкершілік жағдайында өсуі тиіс»,- деп жазылған. Бұнымен қоса, жас жеткіншек бала, ең бір төтенше жағдайдан басқа оқиғада, өз анасынан айырылмауы керек. Қоғамға және белгілі үкімет органдарына отбасылары жоқ балаларға және сол сияқты, өмір сүруге қажетті мүмкіндіктері жоқ балаларға ерекше қамқорлық көрсету міндеті жүктеледі. Декларация мәтінінің әр жолдары - оларды отбасында тәрбиелеуге қатысты болашақ балалар құқығы туралы Конвенцияның дайын үлгісі.

Балалар құқығы туралы Конвенцияны халықаралық қауымдастық 1989 жылғы 20 қарашада қабылдады. Ол адам құқығын қамтамасыз ету жөніндегі актілер пакетіндегі маңызды халықаралық-құқықтық құжат болып табылады. Мұнда балалардың көмек және қамқорлыққа, пікірлерін ашық айтуға, еркін ой-өрістерін жетілдіруге, денсаулығын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етілуге, білім алуға қандай мүмкіндіктері бар екендігі айқындалған. Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер осы және өзге құқықтарды жүзеге асыруға жағдай жасауға, сол сияқты дискриминация жасаудың барлық үлгілеріне қарсы барлық шараларды қолдануға міндетті. Халықаралық бақылау шаралары балалар құқығы жөніндегі Комитет арқылы жүзеге асырылады. 1993 жылы осы құжаттың келісімдік ережелерін орындау жөнінде Қазақстан Республикасы өзіне міндеттеме алды. Бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған адам құқығы туралы ең бірінші халықаралық-құқықтық акті болып саналады. Көбіне-көп бұл құжатты «Балалар еркіндігінің ұлы Хартиясы», «Балалар құқығының әлемдік конституциясы» деп атайды. Бұл құжат «егер балаға қатысты заң бойынша ол кәмелетке ерте толмайтын болса, 18 жасқа дейінгі адамдық жаратылыстардың барлығы бала болып есептеледі» деп белгілейді.

Конвенцияның жалпы ұстанымдары:

- дискриминацияға жол бермеу ұстанымы - шектеу және мұқатудың болмауы;

- балалар туралы арнайы қамқорлық пен қорғаныстың қажеттігі;

- балалардың мүддесін мемлекеттік қамтамасыз ету;

- өмірге, өмір сүріп кетуге және дамуға балалардың құқығын тану;

- балалардың даралығын және олардың көзқарасын құрметтеу;

- балалар үшін ата-аналардың жауапкершілігін тану;

- балаларды қосымша бағып-күту мүмкіндіктері.

1989 жылғы Конвенцияда балалардың өмірі және дамуы үшін маңызды нәрселер ретінде мына құқықтар аталады:

1. Өмір сүру, өмір сүріп кету және даму құқығы. Конвенцияға мүше мемлекеттер әрбір бала өмір сүруге, сонымен қоса өмір сүріп кетуге барлық дәрежедегі мүмкіндіктерге және баланың салауатты дамуына қажетті құқықтарға не болады деп түсінеді (6-бап).

2. Өз есімі және азаматтығы болу құқығы. Нәресте туғаннан кейін қолма-қол тіркеледі және туған сәтінен бастап есім алуға және азаматтық алуға құқылы болады, сол сияқты, бұл қаншалықты мүмкін болуына байланысты өз ата-аналарын және олардың қамқорлығын көруге де құқылы болады. Бұл құқықтардың жүзеге асуын өздерінің ұлттық заңдылықтарына байланысты және оның жүзеге асуын осы саладағы тиісті халықаралық құжатғарға сәйкес орындауды, айталық, егер баланың азаматтыгы болмаған жағдайда, осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес орындауды мемлекет қамтамасыз етеді (7-бап).

3. Жекешелікті сақтау құқығы. Мүше мемлекеттер өзінің жекешелігін сақтаудағы бала құқығын, оған қоса заңда қарастырылғандай, оған қарсы ешқандай әрекет етпей отырып, оның азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын құрметтеуді міндетіне алады. Егер бала заңсыз түрде өзінің барлық жекешелігінен немесе оның кішкентай шағын бір бөлігінен айырылған болса, он да мүше мемлекет оның жекешелігін жылдам қалпына келтіру үшін қорғауды және қажетті көмекті қамтамасыз етеді (8-бап).

Өз ата-аналарынан айырылмау құқығы. Құзырлы органдар сот шешіміне байланысты, қолданыстағы заңдар мен процедураларға сәйкес, бұндай айырулар баланың өзінің мүддесі үшін пайдалы деп есептеген жағдайлардан басқа оқиғаларда, баланың өз ата-анасынан өзінің еркінен тыс қалауынсыз айырылыспауын мүше мемлекет қамтамасыз ететін болады. Бұндай анықтаулар кейбір нақты оқиғалар жағдайында қажетті болып табылып жатады, мысалы, ата-анасы өз баласына қатыгездікпен қарағанда немесе оған ешқандай қамқорлық жасамаса немесе ата-аналары бөлек тұрған жағдайда және баланың тұрғылықты жері туралы шешім қабылдау қажет болғанда.

Мүше мемлекеттер бір немесе екі бірдей ата-анасынан айырылатын балалардың құқығын құрметтейді, олармен жеке қарым-қатынас негізінде тұрақты түрде қатынаста болады және баланың өмірлік мүдделеріне қайшы келетіи жағдайдан басқа оқиғада оның ата-анасының екеуімен де тікелей байланыс орнатады.

Мұндай айырылыстырулар мүше мемлекет қабылдаған қандай да болмасын шешімнен, мысалы біреуі және ата-аналарының екеуі де немесе бала тұтқынға алынып, түрмеге отырғызылғанда, жер аударылғанда, депортация жасалғанда немесе қайтыс болғанда (аталған тұлға мемлекет қарауында болған кезінде қандай да болсын себеппен қайтыс бол-ғанында), бұндай мемлекет олардың өтініштері бойынша ата-анасына, балаға немесе, егер бұл қажет болса, отбасының басқа мүшесіне орталарында жоқ отбасы мүшесінің тұрғылықты мекен жайына қатысты толық ақпараттарды береді, алайда берілген ақпарат баланың қолайлы жағдайына кедергі келтірмейтін болуы керек. Мүше мемлекет одан әрі мұндай өтініштерді қанағаттандыруга тиісті тұлғаның өзі үшін қолайсыз жайттарды туындатпауын қамтамасыз ететін болады (9-бап).

Мүше мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес, баланың немесе оның ата-анасының отбасын біріктіру мақсатындағы мемлекетке кіру немесе одан кету жөніндегі өтініштері саналы, салиқалы түрде және жылдам қарастырылуы керек. Мүше мемлекет одан әрі де мұндай өтініштер қанағаттандыру шағым берушінің және оның отбасы мүшелерінің қолайсыз жағдайларға душар болмауын қамтамасыз ететін болады.

Ата-аналары әр түрлі мемлекеттерде тұратын бала, ерекше жағдайлардан басқа, екі ата-анасымен де жеке қарым-қатынас орнатып және тікелей байланыс жасап тұруға құқылы. Осы мақсатқа және міндеттемелеріне сәйкес, мүше мемлекеттер баланың және олардың ата-аналарының кез келген елден, оның ішінде өз отандарынан кетуін және өз елдеріне қайта оралу құқықтарын құрметтейтін болады. Кез келген елден кетулеріне байланысты құқықтарына қатысты мынандай ғана шектеулер болады: заңда қарастырылған және мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті (ordre public), денсаулық және тұрғындардың рухани жауапкершілігін немесе басқа адамдардың бостандығы мен құқығын және Конвенцияга қатысы бар басқа да құқықтарды қамтамасыз ету жағдайында (10-бап).

5. Өз пікірін білдіру бостандығы. Мүше мемлекет өзінің жеке көз-қарасын қалыптастыруға қабілетті балаларға қандай да болмасын мәселелер бойынша оларды ашық және еркін түрде айтуларын толықтай қамтамасыз етеді, оның үстіне баланың көзкарасына олардың жас ерекшеліктеріне қарай тиісті дәрежеде көңіл бөлінетін болады. Осы мақсат бойынша, айталық, балаларға қатысты кез келген сот және әкімшілік талқылаулар барысында оның пікірі назарға алынып немесе ұлттық заңдылықтардың про-цессуалдық мөлшерлерінде қарастырылған тәртіп бойынша арнайы немесе тиісті органдар арқылы тыңдалатын болады. Бала өз пікірін еркін әрі ашық түрде айтуға құқылы. Бұл құқық баланың өз қалауы шекараларға қарамай, қандай да болмасын ақпаратты ауызша, жазбаша немесе қагазға жазылған күйінде және өнер туындысын не басқа да құралдарды алуына бостандық береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барысында кейбір шектеулердің ұшырасуы да мүмкін, алайда олар заңмен қарастырылған және қажетті нәрселер болуы тиіс:

а) өзге адамдардың беделі мен құқығын құрметтеу үшін;

б) мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғау (ordre public) немесе денсаулық және тұрғындардың рухани жауапкершілігі үшін (12-13 баптар).

6. Ойлау, ар және дін бостандығы. Мүше мемлекет баланың ойлау, ар және дін бостандығын және олардың ата-аналарының құқығы мен міндеттерін және тиісті жағдайларда олардың заңды қамқоршыларының баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін құқықтық әдістерін басшылыққа алуларын құрметтейтін болады. Өзініц сенген дініне еркін сиынып және оны қолдана білуге тек мынандай шектеулер: заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздік, когамдық тәртіп, тұрғындардың денсаулығы және рухани жауапкершілігі немесе басқа адамдар дың негізгі бостандығы және құқығын қорғау үшін қажетті жағдайлар ғана кедергі болуы мүмкін (14-бап).

7. Қауымдастык және бейбіт жиналыс бостандығы. Мүше мемлекет қауымдастық бостандығына және бейбіт жиналыстар бостандығына деген балалар құқығын танитын болады. Бұл құқықты жүзеге асыру барысында тек заңдылықтарга сәйкес демократиялық қоғамға қажетті мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікті (ordre public), түрғындардың денсаулығын немесе рухани жауапкершілігін немесе басқа адамдардың бостандығы мен құқығын қорғау (15-бап) мәселелерінен басқа қандай да болмасын жағдайларда ешқандай шектеулер қойылмайды.

8 Оның жеке және отбасылық өміріне өз бетінше және заңсыз араласудан қорғайтын заңды құрметтеу құқығы. Қандай да болмасын бала өзінің жеке және отбасылық өмірін қалыптастыру барысында мекен жайының тұтастығы немесе хат жа-зысуларының құпиялылығына құқығы бар, оның беделі мен арына ешкім заңсыз түрде нұсқан келтіруге, ал бала заңсыз араласулардың объектісі болуы тиіс емес. Бала бұндай араласулардан немесе қолсұғушылықтардан қорғайтын заң арқылы өздерін қорғау құқығына ие болады (16-бап).

9 Кәсіби дайындық және білім алу құқығы. Мүше мемлекет баланың білім алу құқығын мойындайды және бұл құқықтың бірыңғай тең мүмкіндіктер негізінде біртіндеп жүзеге асуы барысында мынадай жағдайларды қолданады:

а) тегін және міндетті алғашқы білім беру жүйесін енгізеді;

б) жалпы және кәсіби орта білім берудің әр түрлі үлгісінің дамуын қолдайды, оларға барлық балалардың қолы жетуін қамтамасыз етеді және тегін білім алуды енгізу және қажет болған жағдайда қаржылық көмек көрсету сияқты кажетті шараларды қабылдайды;

в) барлық қажетті құралдардың комегі арқылы әркімнің өз жеке қабілеті негізінде жоғары білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

г) білім алу және кәсіби дайындық саласындағы материалдар мен ақпараттардың барлық балалар үшін оңай болуын қамтамасыз етеді;

д) мектепке тұрақты барып тұру және мектептен кетіп қалған оқушылар санын азайту жөнінде ықпал ету шараларын қолданады.

Мүше мемлекеттер баланың адамдық беделін көрсететін әр түрлі әдістер арқылы мектептегі тәртіптің бір қалыпты болуын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды. Мүше мемлекеттер білім беру саласына қатысты барлық халықаралық әріптестіктерді, оның ішінде барлық әлемде сауатсыздық пен надандықты жоюға бағытталған және ғылыми-техникалық білімге және қазіргі білім беру әдістеріне қол жеткізуге деген ұмтылыстарды толықтай қолдайды және ынталандырады. Осыған байланысты, дамып келе жатқан елдердің сұранысына ерекше назар аударылуы тиіс.

Мүше мемлекеттер. балаларға білім беру мына бағыттарға арналуымен толықтай келіседі:

а) баланың ой-өрісі, рухани, түлғалық және өзіндік талантын олардың толық көлемінде дамытуға;

б) адам құқығын, олардың негізгі бостандығын, сол сияқты Біріккен Ұлттар ұйымы Жарғысында жариялаған олардың ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеуге;

в)балалардың ата-аналарына, оның мәдени ерекшеліктеріне, тіліне және құндылықтарына, бала өмір сүріп отырған елдің ұлттық құндылықтарына, өзінің шыққан еліне және өзге өркениетті құрметтеуге тәрбиелеуге;

г) түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, еркектер мен әйелдердің тең құқықтығы және барлық халықтардың немесе этностық, ұлттық және діни топтардың, сол сияқты түрғылықты халықтың өкілдерімен өзара достығы жағдайында, балаларды еркін қоғамда саналы өмір сүру салттарына тәрбиелеуге;

д) қоршаған табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге (28-29 баптар).

10. Дәрігерлік қызмет көрсетілу құқығы. Мүше мемлекет денсаулық сақтау жүйесіндегі қазіргі жетілген қызмет түрлерін денсаулыгын жақсарту мен қалпына келтіру барысында баланың кеңінен пайдалана білу құқығын таниды және бірде-бір бала осындай денсаулық сақтау жүйесінің қызметін пайдалануда өз құқығынан айырылмауын қамтамасыз етуге ты-рысады.

Мүше мемлекеттер бұл құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуде және сол үшін қажетті барлық мынадай шараларды қабылдауда:

а) жаңа туған нәрестелер өлімінің және балалар өлімнің деңгейін төмендету;

б) алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетілуге назар аудара отырып, барлық балалардың денсаулығын қорғау және оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

в) алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек шеңберінде, сондай-ақ қоршаған ортаны ластау қаупі мен мүмкіндігін назарға ала отырып, оңай табылатын технологияларды және құнарлы тамақ өнімдерін пайдалану және таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолдары арқылы науқаспен және аштықпен күресу;

г) бала туғанға және бала туғаннан кейінгі кезеңде ана денсаулығын қорғаудың қажетті қызмет түрлерін көрсету;

д) көбінесе емшек еметін балалардың денсаулығы мен тамақтануы, тазалығы, баланың өмір сүретін санитариясы және төтенше жагдайлардың алдын алу, сол сияқты білім алуға еркіндігі және ол білімді пайдаланудағы қолдау жөнінде қоғамның барлық деңгейін, оның ішінде ата-аналар мен балаларды хабардар ету;

е) профилактикалық дәрігерлік көмек саласындағы қызмет және ағарту жұмыстарын дамыту және отбасының мөлшерін жоспарлау (24-бап).

11. Халықаралық гуманитарлық құқық мөлшерін құрметтеу. Мүше мемлекеттер:

- қарулы қақтығыстар барысында өздеріне және балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық мөлшерлерін құрметтеуді және оларды орындап отыруды қамтамасыз етуге міндеттеме алады;

- 15 жасқа толмаған жас жеткіншектердің әр түрлі соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шараларды қабылдайды;

- 15 жасқа толмаған жас жеткіншектерді Қарулы Күштердің қатарында қызмет ету үшін әскерге шақырудан бас тартады;

- адамдарды жасақтау барысында 15 жастан асқан, алайда 18 жасқа толмаған адамдардың ішінен жасы ересектерін таңдауға тырысады немесе жасақтау барысында 15-тен 18 жасқа дейінгі біршама ересек жастағы адамдарға басымдық береді;

- халықаралық гуманитарлық кұқык мөлшерлері бойынша өз міндеттемесіне сәйкес, қарулы қақтығыстардың ықпалына ұшыраған балаларды қорғауды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндеттеме алады (38-бап).

12 Әрбір баланың қарым-қатынас құқығы. Мүше мемлекет қылмыстық зандылықтарды бұзды деп немесе оны бұзғандығы үшін кінәлі деп танылған және айыпталған әр баланың өз бойында маңыздылық пен бедел сезімінің дамуына әсер етіп, олардың адам құқығына және басқалардың негізгі бостандығына деген құрметін нығайтуға, олардың қоғамдық өмірде пайдалы істермен айналысуларына өзіндік ықпал ететін қарым-қатынасқа құқығын мойындайды.

Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға ала отырып, мүше мемлекеттер мынадай шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:

а) жасалған уақытында ұлттық және халықаралық құқықтармен тыйым салынбаған әрекеттер немесе әрекетсіздік себебі бойынша бірде-бір бала айыпталмауы, кінәлі деп танылмауы немесе қылмыстық заңдылықтарды бұзды деп саналмауы керек;

б) қылмыстық заңдылықтарды бұзды деп саналған немесе оны бұзды деп айыпталған әр бала:

1) Кінәсіздік презумпциясы: заң бойынша оның кінәсі толық дәлелденгенше, кінәсіздігін тұтастай сақтау;

2) Өзінің қорғалуына дайындық және оны жүзеге асыру барысында құқықтық және басқадай қажетті көмектерді алу жағдайлары қажет болғанда, ата-анасы мен заңды қараушылары арқылы өзіне қарсы тағылған айыптаулар туралы ақпараттармен жедел және қажетті деңгейде хабардар етілу;

3) Құзырлы, тәуелсіз және тиесілі органдардың немесе сот органдарының, адвокаттың немесе баланың қолайлы жағдайына кері әсер етпейді делінген жағдайда, тиісті басқа адамның қатысуымен, оның жас мөлшерін немесе ата-аналарының және заңды қараушыларының жағдайларын есепке ала отырып, қаралып отырған мәселе әділ тыңдалып, кешіктірмей шешім қабылдану;

4) Кінәсін мойындауға немесе куәгер ретінде түсінік беруге мәжбүрлемеу бостандығы; айыптаушы куәгердің түсінігімен өз бетінше танысу немесе басқа адамдардың көмегі арқылы толық танысу; куәгерлердің қорғау істеріне және олардың түсініктерімен танысуға тең құқықта қатысуын қамтамасыз ету.

5) Бала қылмыстық заңдылықтарды бұзды деп саналған жағдайда, жоғары тұратын құзырлы, тәуелсіз және тиісті органдар немесе сот органдары істі қайта қараған жағдайда, заңға сәйкес тиісті немесе осыған байланысты қандай да болмасын шешімдер қабылдану;

6) Бала іс жүргізілетін тілде сөйлей алмаса немесе оны түсінбесе, аудармашының тегін көмегін алу;

7) Мәселені шешу барысының барлық кезеңінде оның жеке өмірінің толықтай құрметтелу кепілдіктеріне ие болуға тиіс.

Мүше мемлекеттер қылмыстық заңдылықтарды бұзды деп саналып, оны бұзғаны үшін кінәланып, айып тағылған балаларға тікелей қатысы бар заңдардың, процедуралардың органдар мен мекемелердің қалыптасуына ықпал етуге тырысады, оның ішінде:

а) одан төменгі жастағы балалар қылмыстық заңдылықтарды бұзуға қабілетті емес деп саналатын ең төменгі жас мөлшерлерін белгілеуге;

б) адам құқықтарын және құқықтық кепілдіктерді толықтай сақтап отыру жағдайында, бұндай балаларға қажетті немесе мүмкін болған жағдайлар барысында, сот органдарының араласуларын пайдаланбай-ақ шаралар қабылдауға.

Күту, қамқорлыққа алу және қадағалау ережелері, консультативтік қызмет, сынақ мерзімін тағайындау, тәрбиелеу, білім беру және кәсіби дайындау бағдарламасы және сол сияқты оның жағдайына ықпал ететін, сонымен қоса баланың жағдайына және қылмысының сипаттамасына сәйкес келетін өтініштерін қамтамасыз ету мақсатында, мекемелердің қызмет көрсетуін айырбастай алатын, басқадай қызмет түрлері секілді әр түрлі шаралардың болтаны қажет (40-бап).

Мүше мемлекет балалардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін ұлттық тәжрибелерді болдырмау мақсатында қандай да болмасын тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.

Қиын және дағдарысты жағдайға душар болған балалардың құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Оларға ата-аналарының қамқорлығынан айырылған немесе қолайсыз отбасылық жағдайға тап болған мынадай балалар жатады: рухани және психикалық жетіспеушіліктері басым, құлдыққа және жыныстық қатынасқа мәжбүр-ленгендер, нашақор балалар, заң бұзып, бостандығынан айырылған балалар, әскери қақтығыстар ауданында қалған, босқын балалар.

Балалар құқығын қорғаудың арнайы шаралары бар. Мемлекет балаларды ұрлап әкету, олармен сауда жасау, оларды пайдалану және жыныстық қатынастардың кез келген түріне мәжбүрлеуден қорғаудың алдын алу жөніндегі барлық шараларды қабылдауды міндетіне алады.

Балалар құқығы туралы Конвенция, біріншіден, балалардың жетістігі мен бостандығына кепілдік береді; екіншіден, баланың тұлға ретінде қалыптаса алатын жағдайларын анық-тайды; үшіншіден, баланы құқықтың өз алдына жеке нысаны ретінде жариялайды.

Мемлекет ата-аналардың, ал, егер олар болмаған жағдайда қараушылардың балаларға қатысты өз міндеттерін тиісті деңгейде жүзеге асырып отыруларын қадағалауға алуға міндетті. Мысалы, мемлекет отбасы мүшелерін бір-бірін құрметтеуге және сыйлауға мәжбүрлей алмайды, дегенмен қоғамның кішкентай мүшелерін қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан қорғай алады және оған міндетті.

Тәуелсіз мемлекет бола отырып, Қазақстан Республикасы 1989 жылғы балалар құқығы туралы Конвенцияға байланысты өзіне қабылдаган міндеттерін бұлжытпай орындап келеді. Балалардың құқықтық жағдайлары 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында, Азаматтық кодексте, Қылмыстық кодексте, әкімшілік тәртіп бұзу-шылықтар жөніндегі Қазақстан Республикасының Кодексінде, «Азаматтық туралы», «Білім беру туралы», «Неке және отбасы туралы» ҚР заңдарында және басқадай көптеген нормативтік-құқықтық актілерде айқындалған.

Бақылау сұрақтары

1. Қандай халықаралық-құқықтық актілер балалар құқығын реттеудің негізі болып саналады?

2. Балалар құқығы туралы Конвенцияны Қазақстан Республикасы қай жылы рати-фикациялады?

3.1989 жылғы 20 қарашадағы балалар құқығы туралы Конвенцияның халықаралық-құқықтық маңызы неден тұрады?

4. 1989 жылғы Конвенцияда балалардың қандай құқықтары олардың өмірі және дамуы үшін аса маңызды болып жарияланды?

5. 1989 жылғы балалар құқығы туралы Конвенцияның жалпы ұстанымдарын атаңыз.

6. 1959 жылғы балалар құқығы туралы Декларация 1989 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциядан немен ерекшеленеді?

7. Халықаралық-құқықтық актілерде «бала» түсінігі қалай анықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Карташкин В.А. Международная защита прав человека (Основные проблемы сотрудничества государств). - М.: Международные отношения, 1976.

2. Бала құқығы туралы Конвенция (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылгы 8 шілдедегі «Бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» №77-13 қаулысымен бекітілген.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж.

4. Кульжакаева Ж.О. Международное публичное право. Часть Общая и Особенная. - Алматы: Юридическая литература, 2002- 467 с.

5. Международное публичное право: Учебник /Под ред. К.А. Бекяшева. ~ М.: Проспект, 1998.-608 с.

6. Международное право: Учебник для вузов /Отв. ред. проф. Г.В. Игнатенко и проф. О.И.Тиунов. - М.: НОРМА-ИНФРА, 1999.-584 с.

7. Кәмелетке толмағандардың үстінен әділ сот жүргізілуіне қатысты БҰҰ-ның шағын стандарт ережелері («Пекин ережелері») (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 10 желтоқсанындагы 40/33 резолюциясымен қабылданған).

8. Бала құқығы туралы 2001 жылгы 4 шілдедегі Конвенцияның бала саудасы, баланы проституцияга тарту және баланы порнографияга түсіруге қатысты факультативті қаулысының ережелерін жүзеге асыру мақсатында ҚР қабылданған шаралар жөніндегі баяндаманың алғашқы нұсқасы: ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырындағы №506 қаулысымен бекітілген.

9. Сарсембаев М.А. Международное право. Особенная часть: Учебное пособие. - Ал маты: Ғылым, 1999.-284 с.

10. ТМД мүше мемлекеттерінің кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты мекені болып табылатын мемлекеттерге қайтарудағы әріптестік іс-әрекет туралы Келісімі (Кишинев, 7 қазан 2002 ж.), ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 шілдедегі №756 қаулысымен бекітілген.

11. Устав Организации Объединенных Наций от 26 июня 1945 г.: Сб. док. по международному праву / Под общ. ред. К.К. Токаева - Алматы: САК, 1998. Т. 2.

12. Бала құқығы туралы Конвенцияның бала саудасы, баланы проституцияға тарту және баланы порнографияға түсіруге қатысты факультативті қаулысы (Нью-Йорк, 6 қыркүйек 2000 жыл): 2001 жылғы 4 шілдедегі «Бала саудасы, баланы проституцияға тарту және баланы порнографияға түсіруге қарсы, бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» №219-2 Заңымен бекітілген.

13. Бала құқығы туралы Конвенцияның балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты факультативті қаулысы (Нью-Йорк, 6 қыркүйек 2000 жыл): 2001 жылғы 4 шілдедегі «Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» №221 -2 Заңымен бекітілген.

14. Черниченко СВ. Личность и международное право. - М.: Международные отношения, 1974.