- •Кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық қорғау ерекшеліктері және оны күшейту қажеттілігі.
- •Ювеналдық құқық ғылымы. Ювеналдық саясат.
- •2 Тақырып. Шет елдердегі ювеналдық юстиция
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Жапония, Қытай, Кореядағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкер-шілігі
- •3 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін қалыптастырудың тарихи аспектілері
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •4 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын халықаралық және конституциялық құқықтық реттеу
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •5 Тақырып. Отбасылық заңнамалар бойынша жан-ұяны және кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •7 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық жағдайлары
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •8 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-процессуалдық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •9 Тақырып.
- •10 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және оларды жазалау
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •11 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-атқарушылық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •12 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •13 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқықтық жағдайлары.
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •14 Тақырып. Қылмыстық істер бойынша сотта кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін қорғау
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •15 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауына қарсы әрекет етудің криминологиялық және виктимологиялық мәселелері
- •Дәріс жоспары (1 сағат)
5 Тақырып. Отбасылық заңнамалар бойынша жан-ұяны және кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау
Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ ҚР Отбасылық заңнамалар бойынша балалардың құқығына байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.
Маңызды сөздер: бала құқығы, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, баланың басты құқықтары
Дәріс жоспары (1 сағат)
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес баланың құқығы.
Отбасылық заңнамалар бойынша баланың басты құқықтары.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы бойынша баланың құқығы
Бала құқығы - адамның және азаматтың құқығының ажырамайтын және маңызды құрамдас бөлігі. Кеңестік дәуірден кейінгі кезеңнің заңдылықтары оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіре отырып, бұл мәселеге деген көзқарасты өзгертіп жіберді. Ұлттық заңдылықтардың мөлшерінде алғаш рет толықтай ойластырылған балалардың мәртебесі – құқықтық қатынастардың субъектісі пайда болды. 1998 ж. 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңында «Балалар құқығы» бөлімі қарастырылған. Бұрынғы басқа одақтас республикалардың заңдылықтарындағы сияқты, дәстүрлі отандық заңдылықта, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығы, баланы «ата-анасының қамқорлық объектісі» ретінде қарастыратын ата-ана және бала қатынастарының қосымша мәтінінде қарастырылып келді. Баланы өз алдына құқықтық қатынас субъектісі деп заңдылық тұрғысынан тану - отандық құқық тарихындағы жаңа үрдіс.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 52-бабына сәйкес, 18 жасқа (кәмелеттік жас) толмағандар бала болып танылады. Бұл жас азаматтың әрекет ету қабілетінің жетілуімен айқындалған, он сегіз жаста олар кәмелеттік жасқа жетеді.
Отбасылық заңдылықтарда карастырылғаи құқықтарға ие болу қабілеті адам дүниеге келу сәтінен бастап пайда болады. Ал әрекет етуге қабілетсіздік мәселесіне келсек, ол ҚР АК 26-бабымен айқындалады. Отандық заңдылықтарда «нәресте», «балалар», «кәмелеттік жасқа толмағандар» деген терминдер он сегіз жасқа толмаған барлық тұлғаларға қатысты қолданылады. Балалар құқығы туралы айта отырып, «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы «Балалар құқығы туралы» БҮұ Конвенциясыньщ терминологиясын пайдаланады.
«Баланың жеке құқығы» деген түсінік жиынтық маңызға ие болады. Құрамы бойынша келіспейтін және әр түрлі мақсаттарда болатындығына қарамастан, бұл құқық өзінің маңызы бойынша өз алдына жеке және тиімді деп саналады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың мынадай жеке құқықтарын айқындауға болады:
- отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы;
ата-аналар және өзге туыстарымен араласу құқығы;
өзін қорғау құқығы;
өз пікірін білдіру құқығы;
есіміне, тегіне және фамилияға құқығы.
Осылайша, бұл құқықты заңдылықтармен бекіту, оларға қорғалу және жүзеге асырылу кепілдігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің оған үлкен маңыз беретіндігін көрсе-теді.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 52-бабында қарастырылған отбасында өмір сүру және тәрбиелену кұқығы баланың өз ата-аналарымен бірге тұру құқығын білдіреді. ҚР АК 14-бабының 2-тармағына сәйкес, он төрт жасқа келмеген, кәмелеттік жасқа толмаған жастың тұратын жері ретінде, олардың заңды өкілдері - ата-аналары, асырап алушылары және қамқоршыларының тұратын жері болып танылады. Бұл ереже үлкен жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балаларға да қатысты болады.
Егер ата-аналары түрлі мекен жайда тұрса, онда баланың олардың біреуімен тұруға құқығы бар. Бұл мәселе жөніндегі ата-аналары арасындағы дау-жанжал сот арқылы шешілетін болады. Заңмен қарастырылған келесі жағдайларда, мысалы, ата-аналық құқықты шектеу және одан айыру, әкімшілік тәртіппен ата-аналарынан баланы тартып алу
кездерінде, баланың ата-аналарының отбасында бірге тұру жөніндегі бұл құқығын жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені бұл олардың мүддесіне қарама-қайшы келеді.
Сөйтіп, заң шығарушы отбасының маңызын, онсыз баланы толық мәнінде дамыту мүмкін болмайтын негізгі әлеуметтік институт ретінде айқындайды. Отбасының құндылығы әрбір адам үшін оның әлемдік көзқарасымен, мәдени, рухани, білімділік деңгейімен, өмірлік стандарттарымен және ең бірінші кезекте, тіпті адам балалық шағында отбасылық жағдай деп айтуға келмейтін жағдайларда өмір сүрген, отбасылық өмірден алған өзіндік тәжірибесімен анықталады.
Философиялық теориялар отбасын, адамның қоғамды өзінің орны, өзінің бағалы құндылықтары, өзінің әлемдік көзқарасы және әлемдік түсінігі қалыптасуының бастауы ретінде айқындайды. Психологтардың пікірінше, отбасы коммуникация мен эмоционалдық ойлаулардың негіздерін, және тиісінше өмірді, тағдырды айқындайтын өзіндік өмірдің үлгісін құруды, адамның өзін-өзі пайдалана білу және негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін береді. Отбасы адамзат үшін баға жетпес құндылықтарға ие болады. Үлкен есеппен келгенде, отбасында адам ең қызықты сәттер мен көңілсіз кезеңдерді басынан өткереді. Отбасы біздің өзімізді және қоршаған ортаны тануға деген ерен үмтылысымызға ерекше күш береді және отбасының жылуы болмауы бізді осал етеді. Дегенмен, бұл адам өміріндегі отбасының маңызы және құндылығы туралы мәселелерді мүлде жеке тұрғыдан ғана талқылаулар.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарымен біргетұруы отбасында тәрбиеленудің және оның адамдық тұлғасын қалыптастырудың басты қайнар көзі және өзіндік баспанасы болып табылады. Ата-аналардың орнын басқан тұлғалардың (асырап алушылар, қамқоршылар, қараушылар, қабылдап алған ата-аналар) отбасылары туралы да осыны айтуға болады. Бала қандай да бір себептермен ата-аналарының қамқорлығынан айырылған жағдайда, ең алдымен оны отбасына орналастыруға қадамдар жасалады. Отбасылық тәрбиені қамтамасыз ету қандай да бір себептермен мүмкін болмаған жағдайда ғана балалар мекемесінің көмегіне жүгінеді.
Өз ата-аналарын білу құқығы отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығымен байланысты, ол туралы «Балалар құқығы туралы» Конвенцияның 7-бабында нақты және шындығында, «егер ол мүмкін болса» деген ескертумен айтылады. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы және онда оларға өздерінің ата-аналары тарапынан қамқорлық көрсетілуі келісілген. Заңдылықтардың ережелерінің негізі бойынша ата-анасы болып кәмелеттік жасқа толмаған жастың тууы туралы куәлігінде осы мәртебеде жазылғандар аталады. Некеден тыс туған балаларға қатысты қандай да болмасын шектеулерге немесе жалынып көндірулерге заң шығарушылар тыйым салады. Сот ережесі бойынша некеге отыру, әкелік құқықты тағайындау - оларға ата-аналары тарапынан қамқорлықтың болуы жөніндегі балалар құқығымен келісілген, бұл да балалар құқығын қорғау.
Ата-аналарын таңдамайды деген сөз бар. Дегенмен, кейде балаға өзінің нағыз ата-анасы кім екенін білмей-ақ қойғаны дұрыс болатын өмірлік жағдайлар да кездесіп отырады. Алайда, өз ата-анасының кім екенін білу құқығы әр адамда болады. Тіпті олар жалпы және жеке моральдық-этикалық тұрғыдан ата-ана деген атауға мүлде сәйкес келмейтін жағдайлардың өзінде. Одан әрі адам қандай шешім қабылдайды, оған құрметпен қарай ма немесе өз өмірінен сызып тастай ма, бұл басқа мәселе.
Отбасылық құқық әдісінің ерекшелігі - оның ситуациялық сипаты әрбір жекелеген нақты оқиғалар бойынша мұндай құқықтардың бұзылуы туралы мәселелерді шешу мүм-кіндігін береді.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 52-бабында қарастырылған балалар құқығын мемлекет балаларға тікелей беретін мүмкіндіктер деп те атайды. Сондықтан да бұл мүмкіндіктердің бірде-біреуін сол немесе басқа нақты құқықтан туындаған іс құқықтық өкілет деп санауға болмайды. Ал НОтЗ 52-бабының 2-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген балалар құқығының тізіміне келсек (өз ата-аналарының тәрбиесінде болу, олардың мүддесін қамтамасыз ету, жан-жақты даму, адамдық мәртебелерді құрметтеу құқығы), мұнда отбасында өмір сүруі және тәрбиеленуі жөніндегі бала құқығының мазмұны ғана ашылады.
Отбасында өмір сүруі және тәрбиеленуі жөніндегі бала құқығына арналған НОтЗ 52-бабында айтылғандарды кеңейте отырып, онда кәмелеттік жасқа толмағандарды отбасылық тәрбиелеудің әр түрлі жақтары туралы сөз болатындығын атап өту керек.
Құқықтық реттеу саласына кіретін тағы бір аспект баланың екі ата-анасымен де және басқа туған-туыстарымен де (НОтЗ 53-бабы) араласып тұруы болып табылады. Өйткені ережеге сәйкес, мұндай араласып тұрулар тәрбие беруге ықпал етеді және ересектердің ғана емес, балалардың да қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырады, себебі ол олардың құқықтарының бірі деп саналады. Оның үстіне, НОтЗ 23-бабы оны жүзеге асыруды қиындатып жіберетін ата-аналарына немесе басқа туыстарына қатысты мәселелерді реттеп отырады.
НОтЗ 53-бабының 1-тармағына сәйкес, өзінің ата-аналарымен және туған-туыстарымен араласып тұратын баланың құқығына:
ата-аналарының некені бұзуы;
ата-аналарының неке қиюын заңсыз деп тану;
ата-аналарының бөлек өмір сүруі;
ата-аналарының бөлек мемлекеттерде тұруы ықпал етпейді.
Араласу үлгісі әрқилы болуы мүмкін. Бұл - ата-аналарының, бала туыстарының үйіндегі кездесу барысындағы жеке байланыс және телефон арқылы сөйлесу, хат жазысу және басқалары. Барлығы нақты жағдайларға байланысты болады: кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның жас мөлшеріне және денсаулығына, отбасының ересек мүшелеріне оның жақындастық дәрежесіне, сол сияқты келіспеушілік жағдайларын тудыратын және т.б. себептерге байланысты. Дегенмен, НОтЗ 53-бабы етене жақындарын ғана емес (атасы, әжесі, ағалары, қарындастары), сонымен қоса басқа да туыстарын еске салатынын айта кетуіміз керек. Тиісінше, олармен араласуға деген оның құқығын қамтамасыз ету барысында, туыстық дәрежелердің құқықтық маңызы болмайды.
Экстремалдық оқиғалар деп аталатын жағдайларда болып баланың араласу құқығын жүзеге асыру барысында мәселелер туындататын әрекеттер табылады. НОтЗ 53-бабының 2-тармағында былайша арнайы бөлінеді: кәмелеттік жасқа толмағандарды ұстау, қамауға алу, абақтыға жабу, емделу мекемесінде болу және т.б. Бұл тізім аяқталған болып саналмайды, алайда ол кәмелеттік жасқа толмағандарды сыртқы ортадан, отбасынан, ата-анасынан, жақындарынан ажыратуға байланысты кез келген төтенше оқиғаларға байланысты болады. Және осы орайда олармен араласуға берілетін құқық өзіндік тұрғыдан мейірімді ғана болып қоймай, сонымен қоса тәрбиелеу, қажет болған жағдайда қайта тәрбиелеу құралы болып қызмет етеді. Алайда, бұл құқық мұндай жағдайларда заңмен белгіленген тәрбиелік, дәрігерлік, түзету және басқа мекемелердің қызметтерін реттейтін заңға және басқадай құқықтық актілерге сәйкес тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Бұрын қолданыста болған отбасылық заңнамалар пікірін білдірудің әр түрлі үлгісінде болған балалар құқығын қорғауды назардан тыс қалдырған жоқ. Мұнымен қоса, кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғаудағы бар ауыртпалық ата-аналары мен олардың орнын басатын адамдардың міндетіне ауысты. Басқа акцент НОтЗ 59-бабының 1-тармағында жасалды, онда балалардың өз құқығы және заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар деп айтылған. НОтЗ 52-58 баптарында кұқық қарастырылған, ал заңды мүд-делері нақты құқықтық нормамен қарастырылуы және сол сияқты соның мазмұнынан басталуы мүмкін.
Қажетті әлеуметтік кемелдікке, толық жауап беру қабілетіне жетпеген баланың құқығын қорғауды оның ата-аналары немесе олардың орнын басқан адамдар жүргізеді. Бұл - олардың НОтЗ 63-бабында қарастырылған тікелей міндеттері. НОтЗ 59-бабының 1-тармағында осы ереже қайталанады, сондай-ақ оған мынадай толықтырулар жасалады: заңдылықтармен қарастырылған кейбір жағдайларда, баланың заңды мүдделері мен құқығын қорғауды қамқоршы және қараушы органдар, прокурор және сот жүзеге асырады. Бұл жерде сөз, мысалы кәмелеттік жасқа толмаған тұлға ата-аналарының қарауынсыз қалып, орналасуды қажет еткенде немесе іс ата-аналарының құқығын шектеу немесе жоюға әзірленіп жататын жағдайлар туралы болып отыр.
Қорғалуға деген бала құқығын жариялай отырып, заң шығарушылар ата-аналары мен балаларының арасында тек қана сенімділік және қайырымды қатынастар болады деген пікірді жоққа шығаратын тағы бір жаңалық енгізді. Ендігі жерде кәмелеттік жасқа толмағандар өз ата-аналарының (олардың орнын басатын адамдардың) тарапынан болатын дөрекіліктерден өздерін қорғауға құқылы. Мұндай жаңалықты кәмелеттік жасқа толмағандарға өзінің ең жақын адамдары зиян келтірген жағдайлары барысындағы өзін қорғау жөніндегі бала құқығының қосымша кепілдіктері деп түсінген дұрыс. Бұл орайда, баланың қорғаусыздық дәрежесі ұлғая түседі, өйткені тіпті балаға деген қатыгездікпен қараушылық көзге ұрып тұрғанның өзінде, айналасындағылар отбасылық іске араласуға әрқашан да ынта таныта бермейді. Ал ата-аналары тарапынан болатын мұндай қатыгездіктерден қорғалуға құқығы бар кәмелеттік жасқа толмағандарға өзін-өзі қорғау, көмек сұрау мүмкіндіктері беріледі. Оның шағымы кез келген түрде жеткізілуі мүмкін. Ең бастысы, бала өзіне ғана тиесілі құқықтың нақты иегері ретінде сөйлей отырып, ол оның өзін қорғайтын, былайша айтқанда, қамқоршы және қараушы органдардың қолдауына сенім арта алады. Сондықтан да НОтЗ 59-бабының 2-тармағы міне осы органдарға иек артуды ұсынады.
Баршаға белгілі кез келген азаматтың, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың да құқығын қорғау, сот тәртібі бойынша да жүзеге асырылады. Ал сот қызметі азаматтық процестердің ережесімен қатаң реттеліп отыратын болғандықтан, сотқа өтініш айту құқығы он төрт жас мөлшеріне жеткен, кәмелеттік жасқа толғандарға ғана беріледі. Егер де бұндай қажеттіліктер ертерек туындаған болса, онда ол үшін барлық қажетті іс-қимылдарды қамқоршы және қараушы органдар немесе ата-аналарының біреуі, сол сияқты олардың орнын басатын адамдар жүргізе береді.
«Бала құқығы туралы» Конвенцияның 13-бабымен байланысты, бала тұлғасының бағасы жөнінде қазіргі таңда тағы бір түсінік бар. Әңгіме өзінің мүдделеріне қатысты болатын мәселелер бойынша оған өз пікірін білдіру құқығын беру туралы болып отыр.
Бұрынғы заңнамалар әрқилы мағынадағы нақты ережелерді тағайындай отырып, қажет болатын кездерде кәмелеттік жасқа толмағандардың пікірін назарға алып, белгілі бір іс-қимылдар бойынша олардың келісімін алуды ұсынды.
НОтЗ 54-бабы өз пікірін білдіру жөніндегі бала құқығын жариялайды, бұл құқықтың әрекет ету ортасын айқындайды, кәмелеттік жасқа толмағандардың пікірі қашан назарға алынатынын нақтылайды, сонымен қоса баланың келісімі қандай әрекеттерді жүзеге асыру барысында міндетті болатынын көрсетеді.
Жарияланған бала құқығы оның мүдделеріне қатысты болатын мәселелер бойынша өз пікірін айтуды білдіреді, бұл оны тұлға ретінде ресми түрде тану. Қазіргі балалардың дамуындағы өзгерістерді де танымауға болмайды. Қазіргі заманның өзіндік ережелері, ақпараттардың үлкен толқыны, отбасылық жағдайлардағы өзгерістер және орналасулар, өзара қарым-қатынастардыц өзгерістері мұның барлығы балаға өзіндік әсерлерін тигізеді. Сөз жоқ, баланың өзіндік пікірі оның өзінің ерекшеліктерімен, ой-өрісінің дамуымен, тәрбие, білім алу деңгейімен, оның тұлғасының психологиялық аспектілерімен айқындалады. Және оның пікірі оның алдағы өмірін айқындайтын және шешетін, ересек-тер үшін маңызды болуға тиіс.
НОтЗ 54-бабының әрекет ету аумағына келетін болсақ, ол отбасылық заңдылықтармен реттелетін қатынастарға және сол сияқты, бала құқығымен және оны жүзеге асырумен тікелей байланысты болатын мәселелерге таратылады. Оның үстіне, ол өз пікірін отбасында ғана емес, сонымен қоса одан тысқары жерлерде де, мысалы істерді әкімшілік және сот тәртібі бойынша талқылаулар барысында да білдіре алуға құқығы бар.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың пікірі:
ата-аналарының білім беру меке-месін таңдау барысында, білім беру үлгісі (НОтЗ 62-6. 2-т.);
баланың отбасылық тәрбиесі және оның білім алу мәселелерін ата-аналары шешу кезінде (НОтЗ 62-6. 2-т.)
ата-аналарының бөлек тұратын жағдайда, баланың тұратын жері туралы келіспеушілікті сот арқылы шешуде (НОтЗ 65-6. 3-х);
ата-аналардың балаларын қайтарып беру туралы шағымдарын қарау барысында (НОтЗ 66-6. 1-т.);
ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру туралы шағымдарын қабыл алмау кезінде (НОтЗ 73-6. 2-т.) назарға алынады.
Барлық аталып өткен жағдайларда қандай да болмасын жастағы баланың пікірін назарға алуға қатысты талаптар оның көзқарасынан айналып өтуге болмайды деген тұжырымға әкеледі. Бұл өз ұстанымын дәлелдеуге қабілетті, жас балалардың болсын, кәмелеттік жасқа толмағандардың болсын пікірлері құнды болады дегенді білдіреді.
Мұнымен қоса, он жасқа толған балалардың:
- ата-аналарының өтініштері бойынша оның есімін және (немесе) фамилиясын өзгерту кезінде (НОтЗ 56-6. 4-т.);
асырап алуға беруде (НОтЗ 84-6). Бұл ережеден шығару НОтЗ 84-6. 2-т. қарастырылған жағдайда ғана жіберіледі;
тууы туралы куәлікте асырап алушылардың ата-аналары ретінде жазылуы кезінде (НОтЗ 88-6. 2-х), НОтЗ 84-6. 2-х қарастырылған жағдайлардан басқа;
асырап алушының кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның есімін, тегін, фамилиясын өзгертуі барысында (НОтЗ 86-6. 4-х), соның өзінде қайта қараудан басқа жағдайда;
егер асырап алу жойылған жағдайда, асырап алу барысында оған берілген есімнің, тегінің, фамилиясының сақталып қалуы жөніндегі мәселелерді шешу барысында (НОтЗ 98-6. 3-х);
баланы қабылдаушы отбасының тәрбиесіне беруде (НОтЗ 122-6. 2-т.);
ата-аналарының ата-аналық құқығын қалпына келтіруде (НОтЗ 70-6. 3-т.) келісімі міндетті түрде қажет.
Бұл тізімдеме толық аяқталған болып саналады, сондықтан да кеңейтіліп талқылауға жатпайды.
Әрбір азамат есімін алуға құқылы (ҚР АК 19-6.). Ережеге байланысты, ол, біріншіден, жеке есімді, яғни оған туған кезінде берілетін тұлғаның атауын, екіншіден тегін (аталарының есімін), үшіншіден ата-аналарынан ұрпағына жалғасатын фамилиясын білдіреді. Бұрындары қолданыста болған отбасылық заңдылықтар кәмелеттік жасқа толмаған балалардың есімі, тегі, фамилиясы туралы мәселелерді, кімнің болсын құқықтарымен байланыстырмай қарастырып келді. Бұндай жағдайларда көбінесе ата-аналарының балаларына өздерінің фамилиясын, тегін және өздері қалаған есімдерін берулері жөніндегі құқығы түсініксіздеу болып келді. Ал қазіргі НОтЗ 55-бабы өз есіміне, тегіне, фамилиясына баланың құқығы туралы мәселеге арнайы түрде бағытталған.
Ата-аналар өз балаларының есімін қою кезінде ерікті болады. Және оның барысында олар әр түрлі ойлау тәсілдерін басшылыққа алатындығын да айтып өту керек. Баланың есімін таңдау кезінде әр түрлі белгілер маңызды болады: ұлттық ерекшеліктер, діни ұстанымдар, сол кезеңнің өмірлік жағдайларын айқындауға байланысты, тіпті сәнге деген ата-аналарының жеке мүдделері.
Алайда, ата-аналарының таңдаған есімдерінің мүлде үйлеспейтіндігіне қарамастан, белгіленген заңдылықтар бойынша баланың туғанын тіркеуге алатын тұлға, ата-аналардың қалауын өзгертуге құқығы жоқ және таңдалған есімнің ертеңгі өмірде сәйкессіздігі туралы ұсыныстар айтып, кеңес берумен ғана шектеледі. Ата-аналарының өздерінің арасында балаларының болашақ есімдері туралы келіспеушілік болған жағдайда, олардың арасында пайда болған түсінбеушілікті, НОтЗ 55-6. 4-т. сәйкес, ата-аналары ұсынған варианттардың біріне басымдық беру арқылы қамқоршы және қараушы органдар шешетін болады.
Егер балаға есім ерікті түрде берілетін болса, заңдылықтардың талаптарына байланысты қатаң түрде беріліп отыратын тегі және фамилиясы туралы мәселелер өзгеше болады. Айталық, ата-аналары некеде тұрған болса, онда балаға тегі әкесінің есімімен беріледі. Ата-аналары некеде болмаған жағдайда балаға тегі анасының айтуы бойынша беріледі. Және ол нағыз әкесінің есімімен бірдей болып келгеннің өзінде, бұл жағдай ешқандай құқықтық зардаптарды туындатпайды.
Баланың фамилиясы некеде тұрған ата-аналарының фамилиясымен анықталады. Әкесі мен анасының әр түрлі фамилияда болуы барысында ол келісім бойынша таңдалады. Және тағы да бұл жөнінде ата-аналары арасындағы келіспеушіліктің болуы салдарынан пайда болатын түсінбеушіліктерді, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның мүддесі тұрғы-сынан біршама тиімді болып келетін вариантқа өз таңдауларын тоқтату арқылы қамқоршы және қорғаушы органдар шешетін болады. Ата-аналары некеде болмаған жағдайда балаға оның шешесінің фамилиясы беріледі. Осы орайда, оның әкесінің фамилиясымен сәйкес келу мүмкіндіктері бұл жерде ешқандай құқықтық зардаптарды туындатпайды.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға есімі, тегі, фамилиясы мәңгілікке берілуіне қарамастан, он алты жасқа толған, кәмелеттік жасқа жетпеген тұлғаның есімі және фамилиясының өзгеру мүмкін екендігін де назардан шығармау керек. Баланың есімін және (немесе) фамилиясын:
өздерінің ұлдары (қыздары) өзге ата-аналардың фамилиясын алып жүргенін түсініксіз ойда жоқ себептер арқылы қалаған ата-ананың бірлескен өтініші бойынша;
ата-аналары бөлек түрган жағдайда, кәмелеттік жасқа толмаған тұлға бірге тұрушының өтініші бойынша өзгертуге рұқсат етіледі.
Бұл орайда, ата-аналарының неге бір отбасында тұрмайтындығы, олар өздерінің неке қиюларын бұзды ма, жоқ па, ол ешқандай маңызға ие болмайды. Дегенмен, қандай да болмасын жағдайда осы мәселелерді шешу құзырларына енетін қамқоршы және қорғаушы органдар, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның мүддесін әрдайым жадында ұстайды (бұрынғы фамилиясына, басқа мекен жай бойынша тұратын ата-анасына, отба-сылық, фамилиялық дәстүрлерді сақтауға қалыптасып қалғанын және басқалары). Мұнымен қоса, біріншіден, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның мүдделерін дұрыс айқындау үшін, екіншіден, ата-аналарының мүддесін бұзушылықты мүлде болдырмау үшін баласынан бөлек тұратын ата-ананың да пікірін есепке алып отыру қажет. Алайда, НОтЗ 56-6. 2-т келтірілген, белгілі бір жағдайлардың болуы барысында болып жатқан оқиғалар жөніндегі бұл ата-ананың пікірін назарға алу міндетті емес.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның есімін және (немесе) фамилиясын өзгертуге қатысты тағы бір маңызды ереже бар. НОтЗ 56-6. 4-т. сәйкес, он жасқа толық толған бала-ның келісімінсіз мұндай өзгерістердің болуы мүмкін емес.
Жоғарыда келтірілген кез келген баланың жеке құқығы, оның иегері қайтыс болған жағдайда, кәмелеттік жасқа жеткенде, некеге отыру жасына жетулеріне орай заңдылықтар тәртібі бойынша некеге отыру барысында өзінің күшін жояды.
Балалардың жеке құқығы туралы айтқандарды қорытындылай келе, заң шыгарушылардың кәмелеттік жасқа толмағандардың жеке сипаттагы міндеттерін қарастырмайтындығына назар аудара кеткен дұрыс. Және бұл кездейсоқ емес, ол алдын ала қарастырылған күннің өзінде, кәмелеттік жасқа жетпеген азамат оны орындамағаны үшін құқықтық жауапкершілікті алып жүруші бола алмайтын еді. Ата-аналарына, туған-туыстарына, әсіресе қартайған, көмекке зәру және мүгедек адамдарға қатысты оның барлық міндеттері - бұл оның моральдық міндеті.
Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттердің заңдылықтары балалардың, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың міндетін отбасында қарастырады. Және оның ең көп тараған түрі өз ата-аналарын құрметтеу болып табылады (Венгрия, Болгария, Австрия, Испания, Италия және т.б.). Олардың кеңесі бойынша жүруге Венгрияның неке, отбасы және қамқорлық туралы Заңы итермелейді, Болгарияның отбасы туралы Кодексі көмектесуге шақырады, ата-аналық биліктің қарауында болған кезде ата-аналарын тыңдауды Испанияның, Швейцарияның АК міндеттейді. Кез келген жастағы балалардың атааналарына деген қүрметі туралы Италияның, Францияның АК, АҚШ-тың көптеген штаттарының құқықтық нормаларында айтылады. Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының заңдылықтарында тек қана мүліктік міндет - өздерінің еңбекке жарам-сыз, көмек қажет ететін ата-аналарына қамқорлық көрсету ғана қарастырылған.
Балалардың мүліктік құқығының бұрын ешқандай өзіндік құқықтық негізі болмады. Енді олар ҚР НОтЗ 58-бабында өз орнын тапқан. Бұл жағдай оған берілген құқықтың өз алдына субъектісі ретінде балаға қатынас жасауды көрсетеді.
«Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүліктік құқығы» -әрқайсысына НОтЗ ерекше назар аударатын, бірнеше қосындыдан тұратын жиынтық түсінік. Және бұл жерде әрбір баланың өз ата-анасын және отбасының басқа мүшелерін (НОтЗ 58-6.) қарауына алу құқығы бірінші орында тұрады. Бұндай құқықты түсіну баланың өмірлік маңызды қажеттіліктері (тамақтануда, киім киюде, тұрғын үйде және т.б.) ата-аналарының отбасында немесе олардың орнында болатын отбасыларында жүзеге асыруға жатады дегенді білдіреді.
Баланы отбасында ұстаудың әр түрлі қайнар көздері болады және оған мыналар жатады:
кәмелеттік жасқа толмағандардың қолайлы өмір сүру жағдайлары үшін ата-аналардың, оларды айырбастаушы тұлғалардың еңбек-ақыларының (кіріс) бір бөлігі;
- ата-аналары (олардың біреуі), асырап алушысы оның материалдық қамтамасыз етілуі жөнінде ойланбайтын болса, оған тиесілі алимент төлеу;
кәмелеттік жасқа толмағандарға заң бойынша тиесілі зейнетақы, берілетін әр түрлі төлемақы.
Бұл тізім толық аяқталған болып саналмайды, өйткені баланы асыраудың көздері әр алуан болып келеді және нақты жағдайларға байланысты өз ерекшеліктерін өзгертіп отыруы мүмкін. Әйтсе де, НОтЗ 58-бабының 2-тармағына сәйкес, балаларға арналған барлық қаражат көлеміне олардың ата-аналары иелік етеді.
НОтЗ 58-бабының 3-тармағы балалардың мүліктік құқығын толықтай тізімдеп бермейді және олай ету мүмкін де емес. Дегенмен, кез келген жағдайда бұндай құқық заңды негізде пайда болуы керек.
Балалардың мүліктік құқығының мүмкін болар тізімін бере отырып, НОтЗ отбасылық қатынастардан еріксіз шығып кетеді, себебі әңгіме жалпы балалардың мүліктік құқығы туралы болып отыр. Міне, сондықган ҚР АК 22, 24, 25-баптарында қарастырылған, өздеріне тиесілі жекеменшік мүлікке деген балалар құқығы, кәмелеттік жасқа толмағандардың әрекет ету қабілеттеріне арналуы бекерден бекер емес.
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүліктік құқығы туралы айтқандарды кеңейте отырып, НОтЗ 58-бабының 4-тармағы оларға төмендегідей өз бетінше әрекет ету ережесін ұсынатынын айтып өту керек: «Балалардың ата-анасының мүлкіне жекеменшік құқығы жоқ және ата-аналардың балаларының мүлкіне жекеменшік құқықтары болмайды». Әрине, бұл ұстаным ата-аналары мен олардың кәмелетке толмаған балалары арасында дұрыс және дау-жанжалсыз жағдайлар болғанда да қала береді. Ал бұл мәселе жөніндегі келіспеушіліктерге келеек, онда оларды шешу барысында азаматтық және неке мен отбасы заңнамаларын пайдалануға тура келеді.
НОтЗ қарастырылған ережелердің арасында ерекше жағдайлар үшін арналғандары да бар. Айталық, НОтЗ 36-бабының 4-тармағына сәйкес, ерлі-зайыптыларға тиесілі жалпы мүлікті бөлген кезде, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның қажеті үшін алынған заттар (киім, аяқ киім, мектепке және спорттық ойындарға қажетті заттар, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы) бөлуге жатпайды және бала бірге өмір сүретін, ата-анасының біреуіне тиесілі болады және ешқандай сұраусыз беріледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерінің есебінен олардың ортақ балаларының атына салынған салымдар сол балаларға тиесілі болып саналады және ерлі-зайыптылардың жалпы мүлкін бөлген кезде есепке алынбайды. Балалар мүлкі некелік келісім шартқа енгізілмейді. Мұнымен қоса, сот ерлі-зайыптылардың басындағы үлестерін бірдей етіп қарай отыра, кәмелеттік жасқа толмаған баланың мүддесі үшін жеңілдік жасауы мүмкін.
Мүліктік сипаттағы отбасылық қатынастар АК реттелетін қатынастармен тығыз байланыста болатыны себепті, ата-аналары мен балалары жалпы меншіктің (үлестік және бірлескен) бірдей иелері болып келетін жағдайлар да есептен шығарылмайды. Мысалы, ересектерге арналған сияқты, отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелері үшін сыйлықтар алу барысында, мұрагерлік үлестерді бөлмей, мұра қалдыруда, осы заттардың есебінен басқадай заттар сатып алуда және т.б. Бұл мүліктерге иелік ету, пайдалану және оларды бөлу ережелерге азаматтық, неке-отбасылық заңдылықтарға байланысты жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңдылықтары ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелерін де қарастырады. 124-баптың 1-тармағында өз балаларын асырау жөніндегі ата-аналардың міндеттері қарастырылған. Өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырау жөнінде ата-аналары келісім шарт (алимент төлеулері жөніндегі келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналары өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырауға жағдай жасамаса, онда оларды асырауға қажетті қаражат (алимент) ата-аналарынан сот арқылы өндіріп алынады. Алимент мөлшері де әрбір нақты жағдайларға байланысты заңдылықтарға сәйкес белгіленеді (өзгеріп отыратын балалар саны, ата-аналарының тұрақты емес еңбекақылары, басқадай өмірлік жағдайлар). ҚР НОтЗ 19-бөлімі кәмелеттік жасқа толған еңбек етуге қабілетті ұлдар мен қыздардың өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған бауырларын, сол сияқты кәмелеттік жасқа толған еңбекке жарамсыз іні-қарындастарын асырап ұстау міндеттерін қарастырады. ҚР НОтЗ 138-бабы кәмелеттік жасқа толмағандардың (өздерінің ата-аналарынан мұндай көмекті алу мүмкін емес болғанда) жағдайы бар ата-әжелерінен сот тәртібі арқылы немерелерінің көмек алу мәселелерін қарастырады.
Достастық елдерінің заңнамалары балалар құқығын реттейтін бір бағыттағы позицияны ұстанатынын айтып өту керек. Оның ішінде, Ресей Федерациясының заңдылықтары Қазақстан Республикасының неке-отбасылық заңдылықтарын жасау үшін үлгі болып табылды. Осыған байланысты балалар құқығы туралы ережелердің мөлшерінде түсінбестік және қарама-қайшылық жоқ, ол ұқсастығымен және жалпыламалығымен сипатталады. Осылайша, жоғарыда көрсетілген ережелердің барлығы да Ресей Федерациясының Отбасылық кодексі мен Азаматтық кодекстерінде де толықтай баяндалған.
