Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ювеналдық құқық пәнінен дәрістер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489 Кб
Скачать
☆

3 Тақырып. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін қалыптастырудың тарихи аспектілері

Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ ювеналдық юстиция мен құқықтың қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдеріне байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.

Маңызды сөздер: ювеналдық юстицияның қалыптасуы, ювеналдық құқықтың қалыптасуы, қалыптасу сатылары, тарихы, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық нормаларының дамуы.

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Ювеналдық юстиция және құқықтың даму тарихы.

  2. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқық нормаларының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері.

Әрбір мемлекеттің тарихи дамуы бір ұрпақтың басқаның орнын ұдайы басып отыруымен тығыз байланысты болады. Әрине, кім болса да, бұл ұрпақтың алдыңғы буыннан да сенімдірек болғанын қалайды. Жас ұрпақтың өзіндік бір жетістіктері - қоғамдық дамудың барлық кезеңіндегі болатын құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі. Кәмелетке толмаған азаматтарды тәрбиелеу, олардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау - барлық кезеңдердегі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Дегенмен, кәмелетке толмаған жастардың бостандығы мен заңды мүдделері тиісті деңгейде қорғалмаған жағдайда, құқықтық мәдениет жоғары деңгейде қала алмайды.

Бұл міндеттерді балалар мен жасөспірімдердің ой-өрісі мен мінез-құлықтарының және олардың өмір сүру қабілетінің қалыптасуларына әсер ететін, әлеуметтік жағдайлар мен процестерге нақты сараптамалар жасай отырып, келешек ұрпақтың дамуының тенденциясы және зандылығын терең және жан-жақты зерттемей жүзеге асыру еш мүмкін емес. Осы зерттеулердің ішінде кәмелетке толмаған жастардың қылмыс жасау мәселелерін оқуға ерекше орын берілуге тиіс. Бұл үшін кәмелетке толмаған жастардың құқықтық мәртебесінің қалыптасуының тарихи аспектілеріне жүгіну керек.

Кәмелетке толмаған жас - бұл, былайша айтқанда, адамға және азаматқа еліміздің Ата заңы және басқадай заңдылықтарымен толық көлемде берілетін субъективті құқықтар мен заңды міндеттерді жүзеге асыру жасына толмаған және оған толық мүмкіндік-қабілеті жоқ адам. Кәмелетке толмаған жас деген түсінік - бұл ұлттық заңнамалардың тарихи қайта түлеуі, сондықтан оның әр түрлі синонимдерін кездестіруге болады: бала, жасөспірім, шектелген өзіндік қабілет және т.б. Қандай да болмасын заңдылықтарды немесе халықаралық құқықтық актілердің кәмелетке толмағандарға қатысты болмай шығуына жол бермеу үшін бұларды дәйім назарда ұстау қажет. Заңдарға кәмелеттік жасқа толмағандарды дербес тұлға ретінде қосып, мемлекеттің және барлық халықаралық қауымдастықтың заң шығарушылары кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар арасындағы заңды шекараны бекітті, осылайша адамдар ішіндегі арнайы құқықтар мен міндеттерге иелік ететін автономиялық демографиялық (жас мөлшерлік) топты құрады. Адамдардың бұл ерекше тобын қорғаудың қажеттілігі балалар және жасөспірімдердің психофизиологиялық және әлеуметтік тұлғалық ерекшеліктерінен барып туындайды.

Көне дәуір мен орта ғасырдан бастап XIX ғасырдың ортасына дейінгі адамзат өмірінің бірнеше дәуірлері бойында жасөспірімдерге қатысты заң қолданудың құралы қатыгездік болды, заң қызметкерлеріне белгілі бірқатар және біршама ескірген тарихи-құқықтық бастаулар бұл сөзімізге дәлел бола алады. Оның үстіне, сол кездердегі заң қолдану істерінде адам өмірінің ерекше қорғалуды қажет ететін буыны ретінде балалардың құқығы туралы түсінік болмады және осының салдарынан соттарда, түрмеде және олардан босап шыққаннан кейін балалар және жасөспірімдерді қорғау жөніндегі арнайы заңдылық ережелері құқықтық актілерде табылмады.

Көне дәуірдегі, орта ғасырдағы және «ерте» капитализм кезіндегі заң қызметкерлерін қылмыскер балалар өз алдына демографиялық топ ретінде қызықтырмады. Оларға бұлар ересек тұлға немесе ешкім емес ретінде көрінді: осыдан барып кәмелетке толмаған жастарға деген заңдар мен соттардың қатыгездігі, олар тәртіп бұзушылық жасаған болса, бұндай жағдайларда оларды зандылық ережесінде ересектермен бірдей теңестіріп қарау кезінде көрініс беріп отырды. 9 жастағы балаға және ересек адамға бірдей жаза қолдану балаға «ауыр» тиетіндігін қазіргі саналы адамдар жақсы түсінеді.

Балалар және жасөспірімдерді ерекше құқықтық қорғауға (біздің дамыған түсінігіміз бойынша) адамзат өте баяу келді. Балаларды қорғау жөніндегі бірінші универсалды халықаралық-құқықтық акт - балалар құқығын қорғау жөніндегі Декларациясын Ұлттар Лигасы 1924 жылы ғана қабылдады.

Дегенмен, римдік құқық, одан көп кейініректегі орта ғасырлық актілер және XVIII-XIX ғасырлардағы заңдылықтар бойынша заңға қайшы жасаған әрекеттеріне байланысты жаза алу кезінде кәмелетке толмағандарға қатаң жаза қолдануды болдырмау үшін ешқандай талпыныстар жасалмағаны жөнінде заңды құжаттар қалдырған жоқ деп бір жақты және кесімді түрде болжам жасауға болмайды.

Айталық, император Юстинианның Дигестасында, төртінші кітапта, «25 жасқа толмаған адамдар туралы» деп аталған IV титул бар. 1 - титулда римдік заң қызметкері, преторий префекті Доминиция Ульпианнын (шамамен 170-228 жылдары өмір сүрген) айтқандары келтіріледі: «Нақты шындықтарға сүйене отырып, претор осы эдикт тағайындады, бұл жастарды қорғауға мүмкіндік береді, өйткені барлығымызға белгілі, бұл жастағы адамдардың мінез-кұлқы қызба болады және алдауларға жылдам көніп қалуы мүмкін». Бұл эдиктпен претор көмектесуге және алдаудан қорғауға уәде берді. Эдикттің мәтініне сәйкес, 25 жасқа дейінгі тұлғаларды қорғауды оның қамқоршысы жүргізеді және бұл жердегі басты жағдайда мәселе мүлікпен келісім жасау туралы болып отыр. IV титул да бұл адамдардың басқа да әр түрлі келісім жасауларының оқиғалары қарастырылатын және қашан қорғау көрсетілу керектігі, қашан қорғау көрсетілмейтіндігі айқындалған тағы да басқа бірнеше тармақтар бар.

Римдік құқық бізге мемлекеттің балаларды қорғауын жариялайтын тағы бір доктрина қалдырды. Бұл мемлекет-әке (parenspatriae) доктринасы. Мұнда мемлекет баланың жоғарғы қорғаушысы болып жарияланады.

Көне дәуірде және орта ғасырда кәмелеттік жасқа толмағандар сот алдына қылмыс жасағаны және сол үшін жауапкершіліктері үшін сол кездердің заңдарында балалар мен жасөспірімдерді тек қана жазалау туралы ғана сөз болды. Олардың процессуалдық мәртебелері заң қызметкерлерін біршама кейінде ғана толғандыра бастады.

XII кесте Заңында ең алғаш рет кешіру принципі туралы жазылды. Ол бірінші кезекте кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты болды және аталған заңды қайталап отыратын кейінгі бірнеше жұмыстарда кәмелеттік жасқа толмағандарды ақтайтын кешіру сияқты жазылды.

XII кесте Заңында мынандай екі жағдай болғанда жаза тағайындамау туралы сөз қозғалды:

  1. Қылмыс жасаушы өзінің қылмыстық әрекетінің сипатын түсінбеген жағдайда;

  2. Қылмыстық әрекет аяғына дейін толықтай жеткізілмеген жағдайда.

Ұзақ уақыттар бойында бұл принцип римдік құқықты қабылдаушы елдерде таратылып келді. Мысалы, француздық заң қызметкерлері оның Францияда және басқа да романдық елдерде өмір сүруін XII кесте Заңынан бастап 1789 жылғы ұлы француз төңкерісіне дейінгі кезең деп есептейді. Жазаны кешіру принципі қолданылған кәмелетке толмаған жастарды, қазіргі батыстың заң қызметкерлері «кішірейтілген ересектер» деп атайды.

Қатыгездік және балаларға адамдық тұлғаның бір қалыпты жағдайы ретінде балалық шақты бұрмалау орта ғасырлардағы құқықтық актілерде жиі ұшырасады. Швейцарлық белгілі зерттеушілер Морис және Эирика Вейяр-Цибульскийлер кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауымен күрес тарихы жөніндегі өздерінің көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде, ересек адамдар секілді кішкентай жастағы балаларға өлім жазасы, сол сияқты жазаның барлық басқа түрлері де жиі қолданылғанын дәлелдейді: олармен бірге түрмеде ұстау (тіпті 7 жастағы балаларды да), балаларға түсініксіз процессуалдық қимылдар (ант қабылдауға әкелу) және адам төзгісіз қинаулар.

Орта ғасырдағы Еуропада балалар құқығын қорғау мәселелері әр түрлі құқық салаларында тәжірибе жүзінде талқыланған жоқ. Балалар үлкендер сияқты жауапкершілікке ие болды және оларға қатысты қылмыстық жазаның барлық түрлері қолданылып келді.

Тек кейбір жекелеген елдерде ғана балаларды әлеуметтік қорғау мәселесіне біршама назар аударылды. Айталық, Испанияда XIV ғасырдың өзінде «жетімдердің әкесі және соты» деп аталған шіркеулік функционерлер болды деген жазбалар бар. Испан королі Павел IV Арагонский 1337 жылы Валенсия қаласында «жетімдер әкесі» магистратурасын құрып, бұл дәстүрді заңдылықтармен бекітті. Оның құзырына балаларды қамқорлыққа алу, асырау және орналастыру енді. Испаниядағы католиктер шіркеуі бұрынғы уақыттардың өзінде жетімдер үйін ашып және тәртіп бұзушы жасөспірімнің қайта әлеуметтендірілу қызметтерін өз мойындарына алды.

Ерте уақыттардан бері балалардың жағдайлары әкенің отбасында қожайын ретіндегі жағдайымен, яғни әкелік билігіне байланысты айқындалып келгенін атап өтуге болады. Баланың дүниеге келу заңдылығы көне дәуірден бері шешуші маңызға ие болмады. Бірқатар славян және қазақ тайпаларында көп әйел алушылықтың барлығына қарамастан, ең бастысы, баланың өз әкесін тануы болды.

Кейініректе тек қана заңды туыстыққа ғана мән-мағына беріле бастады. Балалар әкесімен ғана құқықтық байланыста тұрды және өз анасының туыстары ретінде ғана танылды. Ата-ана билігі бұл кезеңде өте күшті болды. Балалардың өмірі мен өліміне ата-аналары ықпал ете алмады, алайда баланы өлтіру қауіпті қылмыс ретінде қарастырылмады. Айталық, 1648 жылғы Уложения бойынша баласын өлтіргені үшін әке бір жыл ғана түрмеге отырды және шіркеулік кешірімде болды.

Ал ата-аналарын өлтірген балалар өлім жазасына кесілетін болды. Балаларды мойындауға мәжбүр етуді үйдегі жазалаулардың көмегі арқылы әкелердің өздері жүргізді. Ата-аналарына шағымдануға балалардың құқығы болмады.

Ата-аналар өз балаларына жаза қолдану үшін жариялылықты билікке жүгіне алды. Бұндай жағдайда іс мүлде қаралмайтын және тағылған айып ешкімді аландатпайтын болды. Балаларға дүре соғу үшін ата-аналарының бір ғана арызы жетіп жатты.

I Петрдің Реформасы отбасылык құқықтың дамуының жаңа кезеңіне жол ашты, алайда балалардың жағдайында айтарлықтай ерекше өзгерістер болған жоқ. Рас, ата-аналары енді бұрындағыдай балаларын еріктерінен тыс некеге отырғызып немесе шіркеуге бере алмайтын болды.

Ата-аналардың балаларына қатаң жаза қолдану құқығы революцияға дейінгі Ресейде жойылған жоқ. XVIII ғасырдан бастап ол біртіндеп балаларды мүгедек етуге тыйым салумен, сол сияқты балаларды өзіне-өзі қол жұмсау жағдайына жеткізгені үшін оларға жауапкершілік жүктеумен шектеле бастады. XIX ғасырдың соңында өз балаларын қасақана өлтіргені үшін ата-аналар бөгде адамды өлтіргеннен де қатаң жазаға тартылатын болды, алайда, сонымен қоса, олар балаларын байқаусыз өлтіріп алғаны үшін, басқа адамды байкаусыз өлтіріп алғанынан біршама жеңіл жаза тартатын болды. Ата-ана өз балаларына аса ерекше қатыгездікпен қарағаны үшін оларға жабық есік жағдайында ар сотымен ескертулер қатаң жасалды.

Ресейдегі революцияға дейінгі кезеңдегі балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау сферасындағы жағдайларды реттеулерге назар аударуға болады. Отбасылық құқық саласындағы оқымысты - заң қызметкерлерінің зерттеулері, сол кездердегі балалардың жағдайлары туралы қандай да болмасын бір қорытынды жасауға негіз болатын, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың құқықтық жағдайларының мәселесі туралы біздің заманымызға дейін ешқандай дәлелдеулері жетпегендігін көрсетеді.

Бірқатар ғалымдар ата-аналар беделі айтарлықтай жоғары болды және балаларға олардың ата-анасының екеуінің де биліктері жүріп отырды деген тұжырымға келді. А. Загоровский, В. Сергеевич, П. Сорокин сияқты ғалымдар «балалардың өмірі толықтай ата-аналарының қолында болған және олардың қайсысы болсын, өз қалауынша оларды орналастыра алған» деген пікірге келеді.

К. Неволиннің зерттеулері христиан дінін қабылдағанша ата-аналар өз балаларын құлдыққа беру мүмкіндігінде болды дегенді көрсетеді. «Балалар» санаты «құлдық, қызмет етуші, туысқан» деген баспалдақтармен қатар тұрды және мұндай бағынышты адамдар «чадь» деп аталды.

Балалардың өз ата-аналарына толықтай байланысты болып келетіндігін басқа да зерттеушілердің еңбектерінен кездестіруге болады. Христиан дініне, дейінгі уақытта және христиандықтың алғашқы кезеңдерінде балаларды заңды және заңсыз туғандар деп болу болмады, өйткені күң ұстауға жол берілді. Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас көне заманға кететін ескі дәстүрлермен реттеліп отырды.

Христиандыққа дейінгі Русьтағы балалардың жағдайын құқықсыз ретінде айқындап және оларға мынандай ерекшеліктер беруге болады:

  • шектеусіз әкелік билік;

- отбасы басында әке тұрып, патриархат болды, оған «балалар, құлдар және өзге отбасынан осы отбасына (келімсектер) қабылданғандар» кірді;

  • бала ата-ана еркіне толық бағынды;

  • тілдік салт-дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, балаларды тәрбиеледі;

  • бала құқығы мүлде болмады.

Балалардың мүдделерін және құқығын қорғау жөніндегі заңдылықтарды жан-жақты реттеудің алғашқы қадамдары Ярослав Мудрый және Владимир Мономах билік еткен кезеңдерде жасалды.

Балалардың жағдайлары реттелетін шіркеулік нормалар мен кәдімгі құқықта бар. Ярослав Мудрый құрастырған «Орыс шындығы» алғашқы көне орыс ескерткіші болып табылады. Бұл құжат бірнеше бөлімнен тұрды. Біріншісі VII-VIII ғасырларда, екіншісі XI ғасырдың ортасында жазылған, ал үшіншісі - Владимир Мономахтың еңбегі. Соңғы редакцияда балалар туралы көп әңгіме қозғалады. Мысалы, балалар мұрагер ретінде қабылданады, анасының өз дүние-мүлкін бірінші немесе екінші некеден туған балаларына ешқандай шектеусіз мұра ретінде қалдыру құқығы қарастырылады (Орыс Шындығы. 106-бап). Орыс Шындығының 101-бабында жас нәрестесі бар жесір әйелге балаларына беру үшін дүние-мүлікті сақтап және барлық жоғалғандарды балаларына төлеу міндеті жүктеледі.

Русь христиан дінін қабылдағаннан кейін, тілдік қағидалардың орнына шіркеулік ұстанымдар келді.

Орыс Шындығында да өзгерістер жүргізіледі. Балаларды заңды және заңсыз туған деп болу басталды. Айталық, Орыс Шындығынын; 98-бабында заңсыз туған балаларды «құлдан» туған қожайынның заңсыз баласы деп санайды», былайша айтқанда ол мұрагер бола алмайды. Дегенмен, А. Загоровскийдің зерттеулері көрсеткендей, тым ерте заманда «құлдарға» деген көзқарас жақсы болған: тіпті олардың ұлы князьдық тұғырға деген жолдары да жабылмаған.

Осылайша, құқық тарихындағы орыстың бірінші ескерткіші - Орыс Шындыгында, А. Нечаеваның пікірінше, балалар жағдайының кейбір тұстарына қатысты, XI-XIV ғасырлардағы дәстүрлер өз көрінісін тапқан.

Қазақтың кәдімгі құқықтық мөлшерінде, қылмыстық жауапкершілік басталатын жас мөлшері деген түсінік қалыптасқан. Жалпы ол 15 жаспен айқындалады. 15 жасқа дейінгі жасөспірім қылмыскерлер, өздерінің іс-қимылдарына есеп бере алатын қабілеті жоқ деп танылып, мүлде басқа негізде сотқа тартылатын болған. Жасөспірім ұрлық немесе кісі өлтіру сияқты қылмыс жасаған жағдайда, оны айыптау жөніндегі сот ісі ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін шегеріліп отырды.

Тәуке ханның Заңы бойынша, ата-аналарын ренжіткен балалар өз ата-аналарының қалауы бойынша немесе билер сотымен жазаланып отырды. Ата-аналар өз балаларына шексіз билік жүргізіп отырды, сондықтан да ата-аналардың өз балаларын ғайбаттаганы үшін жауапкершілікте болулары туралы сөз де қозғалған жоқ.

Осылайша, XVIII ғасырдың басына дейін кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығы іс жүзінде қорғалған жоқ. Мысалға, 1648 жылғы Уложения бойынша некеден тыс туған балаларды ата-аналарының үйленген жағдайының өзінде заңдастыруға тыйым салынды.

Көптеген мемлекеттерде кәмелетке толмаған жастағылардың құқығы сақталмады. Балаларды мүгедек етуге, құлдыққа беруге, олармен тауар ретінде есеп айырысуға және т.б. жол берілді.

Осыдан 250 жыл бұрын заң қызметкерлері кәмелетке толмағандарды кәмелетке толған жастарға қолданылатын заңдармен соттауға болмайды деген ортақ пікірге тоқталды. XVIII ғасырдың ортасынан бастап кәмелетке толмағандардың құқығы біртіндеп біршама құқықтық және заңдылық сипаттарға ие бола бастады. Сонда да балалардың құқықтық жағдайы қазіргі қолданыстағыға қарағанда біршама алыс жағдайда болды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесі адамдық дамудың барлық кезеңдерінде жалғыз болған жоқ. Бұл институт көптеген өзгерістерді басынан өткерді. КСРО өмір сүрген кезеңдегі кәмелеттік жасқа толмағандардың маңызды деген нормативті актілеріне тоқталып өтейік.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бағдарламасына сәйкес, білім және тәрбие беру саласындағы негізгі міндеттер мыналар болды:

  1. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беруді жүзеге асыру;

  1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қоғамдық тәрбиелеу;

  2. Келешек ұрпаққа жоғары деңгейде тәрбие және білім беруді қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;

  3. Жоғарғы және орта арнаулы білім беру.

Кеңестік дәуір кезіндегі заңдылық құжаттарында кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесінің негізін бекітетін бірқатар ережелер бар. Айталық, 1978 жылғы 1 желтоқсандағы «Азаматтық туралы» КСРО Заңында, КСРО азаматтығы дүниеге келісімен беріледі деп жазылып, балалардың азаматтығына қатысты бірқатар мәселелер ашылады: ата-аналары КСРО азаматтары болып табылатын балалардың азаматтығы; ата-аналарының біреуі КСРО азаматы болып табылатын балалардың азаматтығы; азаматтығы жоқ адамдардың балаларының КСРО азаматтығын алуы; ата-аналары белгісіз балалардың азаматтық алуы, сол сияқты балалардың азаматтығын өзгерту туралы мәселелер. 1974 ж. 28 тамыздағы КСРО Министрлер Кеңесінің №677 қаулысымен бекітілген. КСРО-дағы төлқұжаттық жүйе туралы Ереже 16 жасқа толған барлық кеңестік азаматтар КСРО азаматы деген төлқұжатты алуға міндетті деп бекітті.

1968 ж. 28 желтоқсандағы Қазақ КСР-ның Заңымен бекітілген Қазақ КСР Азаматтық кодексінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мынандай жағдайлар айқындалды: азаматтардың құқықтық қабілеті және өзіндік қабілеті; азаматтардың құқықтық кабілетін және өзіндік қабілетін шектеуге жол берілмеуі; он бес жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі жас мөлшерінде кәмелеттік жасқа толмағандардың өзіндік қабілеті; тұрғылықты мекен жайы; кәмелетке толмаған жастардың келісім жасауына болмайтындығы және басқа кәмелеттік жасқа толмағандардың міндеттері мен құқықтарына қатысты көптегеи жағдайлар.

1977 ж. 7 қазанда КСРО Жоғары Кеңесі қабылдаған КСРО Конституциясы (Негізгі заң) және 1978 ж. 20 сәуірде Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР Конституциясы (Негізгі заң) «КСРО (ҚазКСР) азаматы балаларды тәрбиелеуге, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға дайындауға, сөйтіп социалистік қо-ғамның лайықты мүшелерін өсіруге міндетті. Ал балалар ата-аналарына қамқорлық көрсетуге және оларға жан-жақты көмек көрсетуге міндетті» деген ережелерді бекітті.

Құқықтық базаларды қалыптастыруда кеңестік дәуірде кәмелеттік жасқа толмағандардың бостандығы және құқығына көп көңіл бөлінді. Кәмелеттік жасқа толмаған жастар өмірінің барлық салалары тиісті заңдылықтармен сүйемелденіп отырды. Білім және тәрбие беруге, еңбек және оны қорғау мәселелеріне, қараусыздық және тәртіп бұзушылықпен күрес мәселелеріне, дұрыс тәрбие бермей, сол сияқты оларды қылмыстық істерге және басқа қоғамға қарсы әрекеттерге тартқандары үшін кәмелеттік жасқа толған жастардың, ата-аналардың және басқа да ересек адамдардың жауапкершілігіне көп назар аударылды.

Қандай да болмасын мемлекеттің тарапынан ерекше қамқорлық көріп және жан-жақты қорғалуға, жақсы жағдайларда өмір сүруге лайықты кәмелеттік жасқа толмаған балаларға XX ғасырда мүлде басқаша көзқарас пайда болды деп саналады. Олардың рухани және саналы түрде дамулары үшін барлық әлемнің еркектері мен әйелдерін балаларға барлық жағдайларды жасауға шақырған Ұлттар Лигасы 1924 ж. Женева дек-ларациясын қабылдады. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен, 1945 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен ұлттар ұйымының Балалар Қорын (ЮНИСЕФ) құрды. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы қоғам және мемлекет тарапынан қоғамның жалғыз және негізгі ұясы - отбасын корғау құқықтарын: жариялаған Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясын қабылдады. 1959 ж. БҰҰ тек қана кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған балалар құқығы Декларациясын қабылдады. Өзінің қаншалықты қысқа болуына қарамастан, бұл Декларация бірқатар маңызды сипаттамаларға ие мінездемелер мен ережелерді қарастырды.

Көп жылғы дайындықтардан кейін 1989 ж. «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы жарық көрді. Және ол балаларды қорғау, қолдау және дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі бүкіләлемдік Декларацияда және балаларды қорғау, қолдау және дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл әлемдік Декларацияны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында, 90-жылдары өз жалғасын тапты. Бұнымен қоса, тарихи оқиға ретінде 1990 ж. 14 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 45/113 резолюциясымен қабылданған, бостандығынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғауға қатысты Біріккен ұлттар ұйымының Ережесі құрылды, сол сияқты ата-аналар мен балалардың өзара құқықтық қарым-қатынасы жөнінде ТМД-ға мүше елдердің өзара қарым-қатынасын анықтайтын, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция (Минск Конвенциясы) құрылды: қамқорлық және асырап алу шараларын қабылдау ережелері; қамқорлық және асырап алу құқығын беру тәртібі; өз атына шығарып алу және т.б.

Осылайша, нақты принциптерге сүйенген отбасылық тәрбиеге тікелей қатысы бар, отбасындағы баланың құқығына арналған, кәмелеттік. жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін біршама айқындайтын халық-аралық деңгейде жалпы балалардың құқықтық мәртебесінің негізп ережелері қалыптасты. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заңдылық істерінің жүйесі, олардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға және олардың жақсы тәрбие алып, ой-өрісін дамытуына ықпал етуге тиісті және сонымен қатар түрмеге қамау тек қана шектен шыққан жағдайларда ғана қолданылуы керек деп аталып өтті. Бұл мемлекетті айшықтандыру белгілері ретінде, ұлттық құқықтық мөлшерлерді қалыптастырудың айқын дәлелі болды. Бұндай ұлттық мөлшерлерді құру кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты ұлттық заңдылықтардың ережелерін унификациялауға ықпал етті.

КСРО-ның ыдырауына, көптеген мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына және құқықтық, зайырлы және демократиялық мемлекеттердің қалыптасуына байланысты кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заңдылықтар көптеген өзгерістерге душар болды. Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа тол-мағандарға қатысты заңнамалар базасы жан-жақты және қалыптасқан болып саналады. Қазіргі Қазақстанның кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заңдылықтарының тарихи кезеңі, оларды мүліктік және басқадай қатынастарға тартумен (кәсіпкерлікпен айналысады, өндіріске қатысады және т.б.), азаматтық-құқықтық қабілеттілігін кеңейтумен, кәмелетке толмағандарды отбасылық-құқықтық қатынастарға араластырумен сипатталады.

1998 ж. 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №649 қаулысымен бекітілген, 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді бағдарлама кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мемлекеттік саясатты дамытуда маңызды орын алады.

Бұл Бағдарлама мыналарды қарастырады:

1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыз жүруін, тәртіп бұзуын және қылмыс жасауының алдын алу жөніндегі тәртіп сақтау және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және ұйымдастыру;

2. Кәмелеттік жасқа толмаған кәнігі тәртіп бұзушыларды, сол сияқты балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз дерінің нақты міндеттерін орындамайтын және өздерінің қоғамға жат істерімен оларды тәртіп бұзушылыққа итермелейтін ата-аналарды немесе оны айырбастайтын адамдарды айқындау, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу;

3. Тиісті мекемелерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың заңға қарсы мінез-құлқына ықпал ететін жағдайларды болдырмау жөнінде ұсыныстар енгізу, оларды тәрбиелік және алдын алу тұрғысындағы шаралармен, ұйымдасқан демалыс сәттерін өткізумен, оқу және еңбек процестерімен қамту;

4. Заңда қарастырылған шараларды қолдану үшін тиісті мемлекеттік және тәртіп сақтау органдарында кәмелетке толмаған жастардың заңға қайшы мінез-құлықтары, оларға ата-аналары немесе оны айырбастайтын және бөгде адамдар тарапынан жағымсыз әсер етулер туралы, кәмелетке толмаған жастарды қылмыстық топтарға және қоғамға қарсы қызметтерге тарту жөніндегі жұмыстарды қарауды ұйымдастыру.

Осы Бағдарламада мына міндеттер айқындалған:

1. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қараусыздықтың, тәртіп бұзушылықтың және қылмыс жағдайына, сол сияқты балалар мен жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығын ескерту жөніндегі қолданылатын әдістер мен үлгілерге әр тоқсан сайын сараптама жасалсын. Және келешек ұрпақ тарапынан жағымсыз әрекеттердің көрініс табуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою жөніндегі шараларды уақтылы әрі дер кезінде қабылдау үшін және кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыз жүру құрылымының қажетсіз тенденцияларын болдырмауға бағытталған кешенді шараларды айқындау үшін бұл ақпараттармен Қазақстан Республикасының Үкіметі, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар әрқашан қамтамасыз етіп отырылсын.

2. Қылмыстық, әкімшілік және отбасылық заңдылықтардың талаптарына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың тәрбиесі үшін жауапты ата-аналардың, педагогтардың және басқа адамдардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған кешенді бағдарламалар жасау. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу барысында тиісті міндеттерін орындамағандары үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 137-бабын кеңінен қолдану қамтамасыз етілсін.

  1. Сабақ оқудан саналы түрде қашқақтайтын, отбасынан және балаларды тәрбиелеу мекемелерінен тұрақты түрде кетіп қалатын, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен, ұсақ ұрлықпен және қоғамқа қарсы әрекеттермен айналысатын кәмелеттік жасқа толмаған жастар үшін әрбір облыста білім беру саласындағы оқу орындарының бірін жабық үлгідегі арнайы мектеп етіп қайта жабдықтау керек. Бұндай оқу орындарына балаларды іріктеу жергілікті атқару органдары жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия арқылы жүзеге асырылып отырсын.

  2. Оқушыларды оқу орындарына бекіту жөніндегі шаралар жасалсын. Оқушыларды негізсіз оқу орнынан шығарғаны және сол сияқты кәмелеттік жасқа толмағандарды оқу орындарына қабылдаудан бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 137-бабына сәйкес ықпал ету шараларын қолдану арқылы педагогикалық ұжымның жауапкершілігі күшейтілсін және т.б.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәселелеріне қатысты заңдылықтар саласында көптеген өзгерістер болды. Олардың сандық жағы ғана емес, сонымен қоса сапалық жағдайлары да жақсарды. Бұл - бүгінгі күні кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығына үлкен көңіл бөлінеді деген сөз. Замана талаптарына сай тұрақты дамуда болатын, салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мемлекет кәмелеттік жасқа толмағандардың өмірлік қызметтерінің барлық салаларына қатысты заңдылықтарды жетілдіре түсуді көздеп отыр.

Бақылау сұрақтары

1. «Кәмелеттік жасқа толмағандар» түсінігіне анықтама беріңіз.

  1. «Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесі» түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. XIX ғасырға дейін кәмелеттік жасқа толмағандардың бостандығы және құқығын қандай бастаулар реттеп отырды?

  3. XIX гасырға дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін ашып көрсетіңіз.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандарға катысты қазақи қарапайым құқықтардың ерекшеліктерін анықтаңыз.

  2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, КСРО кезінде және біздің уақытымызға дейін кәмелеттік жасқа толмағандар саласындағы заңдылықтар қандай өзгерістерге ұшырады?

  1. Кеңестік дәуірдегі кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық мәртебесін ашып көрсетіңіз.

  2. XX ғасырдағы кәмелеттік жасқа толмағандардың кұқықтық мәртебесін ашып көрсетіңіз.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты бүгінгі таңдағы Қазақстанның заңдылықтарының дамуы және қалыптасуының тарихи кезеңдері немен сипатталады?

  2. Қазіргі кезеңдегі кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық ережелерін да-мыту және қалыптастыру үшін тарихи бастаулар қандай маңызға ие болады?