Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сағындыкова дәрілердің дәріханалық технологиясы201-432.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Стерильдеу тәсілін жалпы екі топка белуге болады: физикалык, химиялық.

Стерильдеудің физикалык әдістері - жогары температураны (жылумен стерилизациялау), жиіліктің ультра жогары токтарын, ультракүлгін жэне иондаушы сэулелерді, ультрадыбысты, фильтрлеуді колдану аркьшы жүргізіледі. Медициналық мекемелерде іс жүзінде ең жиі тараған стерильдеу эдісі - бумен немесе қүргак ыстық ауамен (жылумен) қыздыру.

Жылумен стерильдеу микроб клеткаларын пирогенетикалық бүзуға, ақ уыздарды (белоктарды) кайтымсыз коагуляциялау немесе микроорганизмдердің ферменттік жүйелерін зақымдауға негізделген.

1. Ыстық ауамен стерильдеу. Ауа стерилизаторларьшда 180-200°С температурада кұрғақ ауамен жүргізіледі. Стерильдеу эффекті температураға жэне уақытқа байланысты. Бүл кезде ақ уыздардың пирогенетикалық ыдырауынын нэтижесінде микроорганизмдердің барлық формалары жойылады.

Дэріхана жағдайында ауамен стерильдеу үшін кептіргіш-стерильдегіш ШСС-250 маркалы шкаф, кептіргіш СС-200 стерилизатор, сонымен қатар кіші көлемді ВП-10, ГП-20 жэне ГП-40 маркалы стерилизациялық камералар колданылады. Үлкен аурухана дэріханаларында жиі кептіргіш-стерильдегіш ШСС-500, ШСС-1000П , ШСС-500П жэне ШСС-100П маркалы шкафтар колданьшады.

ШСС маркалы шкафтар стерилизациялык камераның конструкциясымен қуатына (көлеміне) байланысты ажыратылады.

Барлық күралдар, аспаптар, воронкалар, шпательдер, сүзгіштер, фильтрлер қолданылу алдында стерильденеді жэне оларды бикстерде сақтайды (3 тәуліктен көп емес). Дэрі босататын ыдыстарды бикстерде сактайды (24 сағаттан көп емес).

Стерильді дэрілік түрлерді дайындау үшін дэріханаларда асептикалык блоктан баска, сонымен катар столдық бокстер колданылады. Олар 2 типті болады. Бірінші типті стол боксы - бегі шыны футлярмен жабылған екітумбалық столдан түрады. Футлярдың оң жағында жылжымалы есігі болады. Екінші типті столдық бокс футлярдың оң жағының төменгі бөлігінде қолға арналган куысы болады.

Персоналға койылатьш талаптар. Бір минут ішінде адам, қозғалмай түрып 100 мың бөлшектер бөліп шығарады. Интенсивті жұмыс устінде бұл цифра 10 млн. бөлшектерге дейін өседі. 1 минут ішінде адам бөліп шығаратын микроорганизмдердің орташа мелшері 15000-30000, сондыктан жұмысшы персонал жеке гигиенаны міндетті түрде, қатаң сактауы керек. Персоналға көлемді қылшыкты киім киюге болмайды. Асептикалык бөлмеге персонал тек ақ стерильді халат, қалпак, аяқ киім (бахил), 4 кабатты дэке таңғыш киіп кіруіне болады.

Стерильдеу

Стерильдеу (лат. сөзі Sterilis - үрыксыздандыру) - дамудың барлық сатысында болатын микроорганизмдердің барлық түрлерін объектіде жою, өлтіру процесі болып табылады. Бүл кезде стерильденетін заттардың қасиеттері өзгермеуі қажет. Шаншуға арналган дәрілік түрлерді жасауда стерильдеу өте маңызды роль аткарады. Бул кезде ыдыстарды, көмекші материалдарды, еріткіштерді жэне дайын ерітіндіні стерильдеу кажет. Сонымен, инъекцияға арналган ерітінділерді жасап шыгару бойынша жүмыс стерильдеумен басталып, стерильдеумен аякталуы қажет. Стерильдеудің күрделі проблемалылығы бір жағынан микроорганизмдердің өте эртүрлілігі жэне жогары өмір сүргіштігі, екінші жағынан көптеген дэрілік заттардың жэне дэрілік турлердің (эмульсиялар, суспензиялар жэне т.б.) термолабильдігі немесе басқа стерильдеу әдісін қолдану мүмкіншілігі болмайтын жағдайлар болып табылады. Сондыктан стерильдеу әдістеріне дәрілік түрдің қасиетінің сакталуы жэне оларды микроорганизмдерден ажырату талаптары қойылады.

Стерильденетін объектілердің түріне, (дәрілік затгар, тыгын материалдары, косымша материалдар, арнайы киім т.б.), олардың химиялык және физикалык. қасиеттеріне, салмагына, көлеміне байланысты стерильдеудің эртүрлі эдістері колданьшады.

МФ XI басылымына «стерильдеу» мақаласы еңгізілген, онда стерильдеудің келесі әдістері берілген: термиялық - бу және ауа аркылы, химиялык, фильтрлеп стерильдеу, радиацияльщ.

Стерильденетін объектілер тиісті ыдыстарга салынып, тығыз жабылған жэне стерилизаторларда емін-еркін орналаскан болуы керек.