Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2ЗЖ_ЭСП.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сурет 2.8 - Ротор орамасын тікелей желдеткіш каналының құрылымы а- бойлы қима; б мен в- ротор пазасы бойынша көлденен қисық қима

Генераторлардың екі типінде де (ТГВ и ТВФ) корпустағы қысым 0,2 - 0,4 МПа ұсталынады.

Тікелей сутегімен салқындатылатын генераторлар ауалық салқындатылуда жұмыс істей алмайды, өйткені форсирленген сутегімен салқындатылуға арналған орама, ауамен салқындатылғанда қызып кетеді де, сынып қалады. Сондықтан генератордан көп мөлшерде сутегі шыға бастағанда, терең және тез сутегінің қысымы түсе бастайды, тікелей салқындатылатын генераторлар апатты түрде жүктемеден босатылған немесе тораптан ажыратылған. Алынып тасталынған генераторды торапқа қосу тек жылыстауды жойғанда және егер жылыстауды іздестіру үшін ол ауаға ауыстырылған болған жағдайда, оны сутегіне ауыстырғанда жүргізіле алады.

Генераторларды тікелей сұйықпен салқындату. Генераторларды тікелей сұйықпен салқындатқанда, салқындату сұйықтығы ретінде дистиллендірілген суды немесе майды пайдаланады, олардың сутегіне қарағанда жылуды бұрып әкететін жоғарғы қасиеті бар, ендеше ол генераторлардың өлшемдерін сақтағанда бірлікті қуатын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Дистиллирленген судың майға қарағанда салқындатқыш зат ретінде елеулі құңдылықтары көп: жылуды бұрып әкететін жоғарғы қасиеттері, өрт қауіпсіздігі. Сондықтан көптеген жағдайларда қуатты генераторлар сумен салқындатуды орындайды.

2.10 суретте статордың орамаларының сумен салқындатуының қосылуының гидравликалық құралымы көрсетілген, және бір параллельді тармақ бойынша ораманың кесігі берілген. Кесіктен көрінгендей статордың орамасы су циркулденетін, тікбұрышта қилысатын тегіс және қуыс мыс өткізгіштерінен жасалған.

Сумен қоректенетін орамалар пластмассадан жасалған шлангылардың көмегімен әр параллелді тармаққа лау жолымен жүзеге асырылады, олардың электрлік беріктігі жоғары және қажетті түрде иілгіш болады (мысалы, фторопласт - 4).

Сурет 2.9 - ТГВ типті генератордың (а) статор және (б) ротор саңылауының қимасы:

1-саңылаулық клин; 2-корпустың оқшауламасы; 3-қарапайым мас-сивті өткізгіш; 4-газдық тү-тікшелер; 5-ротор бөшкесі; 6-дюралюминді клин; 7-клин оқшау-ламасы; 8-орам бұтақтары;9-көлденен желдеткіш канал

Сурет 2.10 - Статор орамасын салқындату үшін суды еңгізу және шығару қондырғысы

Статор орамасын сумен салқындатудың, ротор орамасының тікелей салқындатуымен және белсенді болат сутегімен үйлесімділігі 160-800 МВт қуатты ТВВ типтес турбогенераторларда қолданылады.

ТВВ сериясындағы турбогенераторларды пайдалану, олардың салқындату жүйесіндегі елеулі резервтері болатындығын көрсеткен. Нәтижесінде жаңа біртұтас генераторлардың ТВВ сериясы және біруақытта ТВФ сериялары ұсынылған, олар сондай-ақ форсирленген роторды салқындату жүйесін пайдаланады. Жаңа машиналар жоғарғы электромагниттік жүктемелерді қолдану есебінен (негізінен желілік ток жүктемесі мен ток тығыздығы) салқындату жүйесінің құралымы жақсартылды, жеңілдетілді және өз алдындағылардан сенімдірек болды.

ТВВ-160-2ЕУ3 генераторларының жаңа сериясын дайындауға кеткен материалдар шығыны бұрын жасалып шығарылған ТВВ-165-2УЗ генераторларына кеткен шығыннан 20% аз. Жаңа генераторлардың, бұрын жасалып шығарылған ТВВ-165-2УЗ генераторларына қарағанда күшті температуралық сипаттамалары бар (сондай-ақ Қ 1.1. кестені қара).

Ұқсас сұлба бойынша, статорлық ораманы сумен салқындату, СВФ типіндегі қуатты вертикалдық гидрогенераторларда қолданылады. Осындай генераторлардағы ротордың орамасы және белсенді болат тікелей ауамен салқындатылады.

Генератордың роторын тікелей салқындатуды орындау көптеген қиындықтармен байланысты, әсіресе айналмалы роторға су лауының қатысында.