Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2ЗЖ_ЭСП.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сурет 2.12 - твм типтес турбогенератордағы салқындату майының циркуляциясының қағидалық сұлбасы:

1- генератор корпусы; 2- статор жүрекшесі; 3- өзекше қысатын плиталар;4- статор орамасы; 6- ротор; 7- май насосы; 8- май салқындатқыш; 9- салқындатылатын су магистральі

Сурет 2.13 - ТВМ типтес генератордың статор ойығы бойынша кескіні: 1-статор орамының клині; 2- жылу ұстағыш оқшаулағыш қағаз; 3-статор орамасының элементарлы өткізгіштері; 4-салқындатқыш май каналы

Салқындату жүйесін дамыту бағытындағы келесі қадам болып, криогендік генераторларды сұйық гелимен салқындатуды әзірлеу табылады. Әрине, алдымен сөз қоздыру орамасын салқындату жайлы болмақ (ротор орамасы), оның көптеген электромагнитті жүктемелері бар. Қазіргі уақытта 300 МВт қуатты криогенератордың жұмыстық жобасы әзірленуде. Оның жалпы массасы 150т-дан аспайтындығы, ал ТВВ-320-2-305 т-дан аспайтындығы лайықты (кесте 2.3).

Пайдалану процессінде, генератордың белсенді бөліктерін қызуына толассыз бақылау жүргізіледі. Статор болаты мен ораманың температурасы, температуралық датчиктердің көмегімен жүргізіледі, олар ретінде термоқарсыласулар пайдаланылады. Олар өндіруші зауытта ойықтың түбіне (болат температурасын өлшеу үшін) және оқтаушалар арасына (мыс температурасын өлшеу үшін) салынады. Температура, көрсететін және тіркейтін аспаптардың көмегімен өлшенеді.

Қыздырғандағы омдық кедергісінің өзгеруі бойынша – ротор орамасының температурасын жанама өлшейді (тікелей ротордың сақиналарына қосылатын қоздыру шынжырындағы амперметрдің және вольтметрдің көмегімен).

Кесте 2.3 - Түрлі салқындату жүйелерінің тиімділігі

Турбогенераторларды

салқындату

Қуатты ұлғайту, бірлік қатысында

Ауалық

Қысым артық болғандағы жанама сутегілік, МПа:

0,005

0,2

Ротор мен статорды сутегімен тікелей (ішкі) салқындату

Статор орамасын тікелей салқындату мен ротор орамасын сумен салқындату

Статор орамасын тікелей және роторды сумен салқындату

1

1,25

1,7

2,7

3,6

4