- •Зертханалық жұмыс №2 Синхронды генераторлар
- •2.7 Суретте сутегімен салқындату жүйесінің газдық шаруашылығындағы қағидалық сұлбасы көрсетілген.
- •Сурет 2.7 - Сутегілі суытудың, газдық шаруашылығындағы қағидалы сұлбасы
- •Сурет 2.8 - Ротор орамасын тікелей желдеткіш каналының құрылымы а- бойлы қима; б мен в- ротор пазасы бойынша көлденен қисық қима
- •2.11 Суретте 500 мВт қуатты тгв-500 турбогенераторы бейнеленген, онда статор мен ротор орамалары сумен салқындатылады, ал магнитті сым болат – сутегімен салқындатылады.
- •Сурет 2.12 - твм типтес турбогенератордағы салқындату майының циркуляциясының қағидалық сұлбасы:
2.11 Суретте 500 мВт қуатты тгв-500 турбогенераторы бейнеленген, онда статор мен ротор орамалары сумен салқындатылады, ал магнитті сым болат – сутегімен салқындатылады.
Сурет 2.11 - 500 МВт қуатты ТГВ-500 турбогенераторы:
а- турбогенератордың жалпы түрі; б- ротор мен статор болатын және статор орамасын салқындатудың қағидалы сұлбасы
Суық дистиллирленеген су, А келтекқұбыр бойынша қысымды сақиналы коллекторға 1 келіп түседі, және оқшаулама шлангыларының көмегімен 2 одан шығып басұшына 3 және генератор статорының орамасының оқтаушасына 4 әкелінеді. Орама оқтаушасы, тасымалданған өткізгіштердің топтарынан өрілген, ондағы әр топ бір қуыс және үш тегіс өткізгіштен тұрады. Түтікшелі өткізгіш арқылы дистиллирленген су циркуллендіріледі, ол қыза отырып төгілетін сақиналы коллекторға 5 келеді, сол жерден Б түтікшесі бойынша ішкі жүйеге шығады.
Ротордың орамасын салқындату үшін, суық су, В түтікшесі бойымен, торецтағы 6 ротор валының тығыз тайғанақталған қосылу арқылы шығарылады, және орталық тесік арқылы ротордың ішіне келіп жетеді. Содан кейін тесік арқылы 8 су, ротордың ойығында орналасқан орама өткізгіштерінің каналдарына келіп түседі және қыза отырып төгілетін каналдарға 10 және 11 жетеді, ол жерден ротор валының радиалдық тесігі арқылы 12 ішкі жүйеге Г түтікшесі арқылы шығарылады.
Ішкі жүйеде қыздырылған дистиллирленген су, жылу алмасу түтікшесі арқылы өтеді және сорғылардың көмегімен статор мен ротордың орамасына беріледі (қоздырушы жағынан).
Генератордың ішінде сутегі циркуляцисын, ротордың валдарының ұштары бойынша орнатылған осьтік желдеткіштер 13 қамтамасыз етеді. Суық сутегі, осы жағдайда желдеткіштермен саңылауға 14 қуылады және ол жерден радиалдық каналдар жүйесіне 16 статор өзекшесіне келіп түседі. Қыза отырып сутегі газдық салқындатқыштарға түседі 17 және олардан қайтадан желдеткішке келеді 13.
Салқындатудың жоғарғы тиімді жүйесінің нәтижесінде турбогенератор ТГВ-500 өлшемі мен массасы ТГВ-300-ге қарағанда неғұрлым аз болады. Ротор мен статордың орамаларының сумен салқындатуы СГКВ типтес генераторларда пайдаланылады.
СССР-да турбогенераторлардың ТВМ сериялары шығарылған, оларда салқындатудың құрама жүйесі бар: ротор сумен салқындатылады, ал статор (орама, белсенді болат және құрама элементтер) – кабельдік маймен салқындатылады. ТВМ турбогенераторында, статордың орамасын оқшаулау үшін кабельдік типтегі арзан және май қағазды оқшаулама қолданылған. Бұл генератор орамаларын оқшаулау шығындарын азайтты, мысалы ТВМ-300 осындай қуатты ТВВ и ТГВ генераторларының орамаларын оқшаулауға кеткен шығындарға қарағанда 4 есе көп.
Қағаз майлық, оқшаулау шығынды көбейтпестен, генераторларға арналған жоғарғы номиналды кернеулерді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен, мысалы генератор ТВМ-500 с 36, 75 кВ қуатына жобаланған болса, сол кезде осындай қуатты генераторларға 20 кВ-тық кернеу қолданылады. Номиналды кернеудің ұлғаюы, статор тогын 2 есеге азайтуға және токты жүргізуші бөліктерді жеңілдетуге мүмкіндік тудырды.
Гидрогенераторлардың статорларын маймен салқындату, кернеу орамасын ПО кВ дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (генератор 15 МВ∙А Сходненской СЭС), ол аралық трансформациясыз генераторды торапқа қосуға жол береді
ТВМ типтес генераторға арналған салқындату майының циркуляциясының қағидалық сұлбасы 2.12 суретте, ал осындай генератордың статор ойығы бойынша кескіні 2.13 суретте көрсетілген.
Орама мен статор болатындағы аксиалды каналдардың ішіндегі майдың мәжбүрлі циркуляциясы жеткілікті түрде интенсивті жылуды бұрып әкетуді қамтамасыз етеді.
Генератордың айналатын роторы, кеңістік майымен толтырылған, цилиндрмен оқшауланған статордан алшақтатылады.
Генераторларды салқындатудың түрлі тәсілінің салыстырмалы тиімділігі бір, және сол генератор габариттеріндегі қуатты салыстыру жолымен көрсетілуі мүмкін ( 2.1 кесте).
2.1 кестеде генератордың белсенді заттарын салқындату үшін суды тиімді пайдалану көрсетілген. Толықтай бұл артықшылықтар Т3В-800- 2 генераторларында жүзеге асқан. Оларда сумен тек орамалар ғана емес, сондай-ақ статордың болаты мен оның құралымдық элементтері де салқындатылады. Бұл жерде салқындатылған газ – сутегін қолданудың қажеттілігін тудырмайды. Химиялық белсенді азонды генератордың корпусында болдырмас үшін, нейтралды азотпен толықтырылуы керек. Бірақ басты генераторларды ауада пайдалану бұл жағдайда да жеткілікті сенімділікті көрсетті. ТЗВ техникалық мәліметтері П2.1. кестесінде келтірілген.
