- •Дәріс сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік ұсыныстар
- •Сөж тапсырмасының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған тапсырмалар
- •1. Саясаттану ғылым ретінде. Саясат түсінігі.
- •2. Саяси ілімдер тарихы
- •3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
- •4. Билік – саяси феномен ретінде
- •5. Саясат субъектілері
- •6. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер
- •7. Сайлаулар мен сайлау жүелері
- •8. Мемлекет және азаматтық қоғам
- •9. Саяси партиялар мен партиялық жұйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар мен ұйымдар
- •10. Саяси даму мен модернизация
- •11. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар
- •12. Саяси мәдениет пен саяси идеология
- •13. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар.
- •14. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қр сыртқы саясатының негізгі басымдықтары.
- •15. 2050 Жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы
- •2. Білім беру мәселелері
- •3. Жастар мәселелері
- •4.Демократия: мәселелері мен келіспеушіліктер
- •Саясаттану пәнінен реферат тақырыптары
- •Әкімдер.
- •Қорғаушылар.
- •3 Дәріс. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат
- •4 Дәріс. Билік – саяси феномен ретінде
- •5 Дәріс. Саясат субъектілері
- •6 Дәріс. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер
- •7 Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері
- •8 Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам
- •9 Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар
- •10 Дәріс. Саяси даму мен модернизация
- •11 Дәріс. Саясаттвғы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар
- •12 Дәріс. Саяси сана және саяси идеология
- •13 Дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар
- •14. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қр сыртқы саясатының негізгі басымдықтары
- •15. 2050 Жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
- •Емтихан сұрақтары:
9 Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар
1. Саяси партиялардың пайда болуы
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Партиялық жүйелер ұғымы
4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі ХVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әртүрлі әлеуметтік топтардың сынынан өткен нағыз саяси партияға айналды.
«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкінділігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құра бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
Аристократиялық үйірмелер.
Саяси клубтар.
Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін қорғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әртүрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1.Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ, біріктіретін ұйым.
Партияның мақсаты — билікті қолга алып, жүзеге асыру;
Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзақтығы дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың мынандай сипатты белгілері болады:
1.Партия бағдарламасының болуы;
2.Саяси билік үшін күрестің болуы;
3.Партиялық тәртіптің болуы;
4.Партияға мүшелік ету;
5.Мүшелік жарна төлеу;
6.Партияның жарғысының болуы;
7.Баспа органдарының болуы;
8.Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9.Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы.
Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, казіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау:
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдың пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы қоғамды, топты саяси тәрбиелеу;
7. Саяси жүйелерді, оның принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу;
8.Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
9.Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Саяси, ұйымдастырушылық, теориялық, идеологиялық.
Жана терминдер партия, идеология, бағдарлама, консерватизм, либерализм.
