Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод. указ. по Соц. каз.10.2014.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

3) Семинар жоспары:

1.Тұлғаның ауытқушылығы;

2.Ауытқушылықтың түрлерi;

3.Әлеуметтік бақылау әдістері;

4.Тұлғаның қажеттіліктері мен мотивтері;

5.Қазіргі қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктері.

4) Блиц-тест

  1. Өзін-өзі өлтірушілік» еңбегінің авторы?

А) Э.Мэйо

В) Г.Тард

С) Э.Дюркгейм

D) Р.Мертон

Е) А.Шюц

  1. Р.Дарендорф пен Л.Козер қандай бағыттың өкілдері?

А) Құрылымдық функционализм

В) Символдық интеракционизм

С)Әлеуметтік дау жанжал

D) Биологиялық бағыт

Е) Этнометодолгия

3. Аномия дегеніміз?

А) Қоғамның ынтымақтасуы

В) Ортақ мәндегі тәртіптің болмауы

С) Әлеуметтік бейімделу

D) жанжал

Е) Өзара әрекет

4. Әлеуметтік норманы бұзу?

А) Мінез-құлық

В) Қалыпты жағдай

С) Ауытқушылық

D) Тәртіп Жүйе

5. Әлеуметтік құрылымның элементтері:

А) мәртебе

В) діни ұйым

С) жеке адам

D) кәсіптік топтар

Е) биология

6. Жеке тұлға қоғамдағы индивидтердің орындайтын рөлдері жиынтығының функциясы болып табылады - осы жағдай:

А) марксизм

В) дау-жанжал теориясы

С) айырбас теориясы

D) рөлдік теория

Е) айнадағы теориясы

7. Аномия дегеніміз:

А) өзара әрекет

В) жанжал

С) ортақ міндетті тәртіптің болмауы

D) қоғамның ынтымақтасуы

Е) әлеуметтік адаптация

8.Адамдардың психоэмоционалдық әрекеттеріне негізделген әлеуметтік әрекет дегеніміз:

А) қарапайым

В) аффективті

С) рационалды

D) құндылықты

Е) дәстүрлі

9. Әлеуметтану социализация процесіне көмек беруші адамдар мен мекемелер:

А) субъектілер

В) позиция

С) объектілер

D) агенттер

Е) бағыт

10.Жанжалдың басты себебі: біреулердің өзгелерге өкілетті болу фактісін деген пікірді қалыптастырған:

А) Спенсер

В) Мертон

С) Дарендорф

D) Дюркгейм

Е)Маркс

5) Бақылау сұрақтары

1. Ауытқымалы мінез-құлық дегенді қалай түсінесіз?

2. Девианттылықтың типтерін анықтаңыз.

3. «Аномия» дегеніміз не?

4. Әлеуметтік ауытқушылықтың қандай себептері бар?

5. Қоғамға әлеуметтік бақылау жүргізудегі жүйенің рөлі қандай?

6. Ауытқымалы мінез-құлық деп нені айтамыз?

7. Қазіргі қоғамда ең көп кездесетін девианттылықты атаңыз.

8. Ауытқушылықтың мұндай формаларын қандай бақылау және санкциялау органдары қадағалайды?

9. Осы девианттылықтың қандай формалары делинквенттілік және аномиялық мінез-құлыққа айналуы мүмкін?

6) Сызбалар, есептер, ситуациялар

1.Девиант ұғымының мазмұнын анықтаңыз.

2.Делинквентті мінез-құлық дегенді қалай түсінесіз?

3.Аномия және девиацияның қоғамда туындау себептерін талдаңыз.

4.Аномияның жеке адамға тигізер әсерін дәлелді түрде тұжырымдаңыз.

5.Мемлекеттің басты капиталы адам деген тұжырымның мазмұнын ашып көрсетіңіз.

6.Қазіргі адамның ашуланшақ болуының әлеуметтік себептерін түсіндіре аласыз ба?

7. Фортуна өте мейірбан адамдардан гөрі, не болса сол болсын деп батыл кірісетін адамдарды сүйеді. (Э. Роттердамский).

8. Адам – көп түрлі өзгеретін табиғаты бар жануар. (Пико делла Мирандолла)

9.Қандай қиындық болса да өмірден бас тартпа. (М. Монтень)

10.Тұлғаның қоғамдағы бейімделу үлгілерінің мағыналарын анықтаңыз:

бейімделу үлгілері

Қоғам мақсатына деген көзқарасы

Жетістік нормаларына жетуі

Конформизм

Инновация

Ритуализм

Эскейпизм

Бүлік