- •2 Тақырып. Арнайы мектепте тарих курсының құрылымы, мазмұны
- •3 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеру ерекшелігі
- •4 Тақырып. Арнайы меткептегі Отантану сабағы
- •5 Тақырып. Мұғалімнің Отантану курсына және оның жеке сабақтарына дайындалуы
- •6 Тақырып. Арнайы мектепте Отантануды оқытудың тәсілдері
- •7 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларында тарихи уақыт ішінде бағыттау біліктілігін қалыптастыру
- •8 Тақырып. Арнаулы мектеп оқушыларын тарихи тұлғаларды ажырата білу біліктілігін қалыптастыру
- •9 Тақырып. Арнайы мектептің жоғарғы сыныптарында тарихи түсініктерді қалыптастыру процесінде сюжетті картиналарды пайдаланудың маңызы.
- •10 Тақырып. Арнайы мектептегі тарих сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыс
5 Тақырып. Мұғалімнің Отантану курсына және оның жеке сабақтарына дайындалуы
Қазақстан тарих курсы мұғалімнен көп дайындықты талап етеді. Мұның өзі осы курстың ерекшелігіне байланысты, өйткені бұл курс арнайы мектепте кейінгі жылдары ғана оқытыла бастады.
Мұғалімнің тарих сабағына дайындығы 3 кезеңнен тұрады:
І – кезең. Тарихтың бүкіл курсын өткізуге дайындық. Ол тарих бағдарламасына анализ жасаудан басталады. Мұғалім пән аралық байланысты орнату үшін басқа оқу пәндерінің бағдарламасына анализ жасайды. Тарих кабинетіне керекті құралдарды толықтырады т.б.
ІІ – кезең. Тақырыптық жоспар құру. Календарлық жоспар оқуға тұтастай дайындық, түзетушілік, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының қойылуы шешіледі. Әрбір баланың жеке ерекшеліктері ескеріледі. Тақырыптық жоспары бағдарламаға сай болуы керек. Әр тақырыптың әдіс – тәсілдері, оқыту құралдары іріктелініп алынуы керек.
ІІІ – кезең. Сабақ конспектісін жасау. Бұнда тақырып бойынша сабақтың жүйеленген жұмысының жалғасы, сабаққа дайындалғанда алдыңғы сабақтың ерекше қолайлы өткеніне оқушылардың білімді меңгеруіне, нені жасап үлгереді осының бәрін ескеру қажет.
Сабақты жоғарғы дәрежеде өткізу үшін жаңа оқу жылына күні бұрын дайындалған дұрыс. Курстың белгілі бір сыныпқа арналған бағдарламасымен, оқулығымен мұқият танысу қажет. Осы сыныптарда оқытылатын бөлімнің бүкіл пән құрамында атқаратын рөліне, оның білімдік, тәрбиелік маңызына көңіл бөлінеді. Сонымен бірге осы бөлімдегі басты-басты тарихи ұғымдарды, заңдылықтарды, идеяларды анықтап алып, олардың оқушыларға тарихтың басқа курстарынан таныс немесе таныс еместігіне, жаңа ұғымдар мен заңдылықтарын қайсын оқытатынын есепке алады.
Мұнан кейінгі жұмыс күнтізбелік жоспар жасау. Бұл жоспарда қандай тақырыптардың арнайы сабақтарда, қандай материал аралас сабақта өтетіні көрсетіледі. Қайталаудың қандай тақырыптар бойынша және қалай ұйымдастырылатыны белгіленгені дұрыс.
Сонымен бірге қандай қосымша материалдар мен құралдар пайдалануға болатындығын, оқушылардың қатысуымен қандай көрнекті құралдар жасалатындығын да жоспарлап алған дұрыс. Қазақстан тарихы ғылымының қол жеткен ең соңғы жаңалықтарынан хабардар болып, оларды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, күнделікті сабақта келтіріп отырған пайдалы. Оқу материалын қазіргі кезеңмен, нарықтық құрлысының практикасымен байланыстыру үшін мұғалімнің республика көлемінде болып жатқан аса маңызды қоғамдық- саяси оқиғаларды, оның экономикасы мен мәдени өмірінде болып жатқан аса маңызды жаңалықтар мен өзгерістерді жақсы білуі тиіс.
Әрбір кезекті Қазақстан тарихы сабағына дайындалғанда мұғалім оқу бағдарламасын, оқу құралын, хрестоматияны, қазақ энциклопедиясын, тарихи картаны т.б. бір қатар құжаттар мен
деректерді көбірек пайдалануы қажет. Атап айтқанда: Н.Ә.Назарбаевтың шығармаларынан үзінділер, партия, ғылыми-танымал кітаптардың, тарихы-көркем әдебиеттің, мемуарлардың үзінділері, мерзімді баспасөз, мұражай, архив, сурет галереясының, экскурсияның материалдарын, оқу филимдерін т.с.с.
6 Тақырып. Арнайы мектепте Отантануды оқытудың тәсілдері
Оқыту – мұғалім мен оқушының мақсатқа бағытталған жетекшілігімен жұмысы. Тарихты оқыту тікелей мұғалімнің басқаруымен жүзеге асады.
Л.А.Вагин ұсынған тарихты оқытудың мынандай әдістемелері бар:
тарихи материалдарды ауызша хабарлау
тарихты оқытудың көрнекі әдісі
практикалық әдіс.
Тарихи материалдарды ауызша хабарлау әдісі. Тарих сабағында мұғалімнің сөзі мынандай функцияларды атқарады:
ақпараттық (өткен мен қазіргі уақыттың айырмашылығын салыстыру)
логикалық (оқушыларды тарихи өткендердің суреті мен бейнесінен тарихи процес заңдылықтарын қорытып, бағалауға үйретеді)
тәрбиелік (патриоттық сезімге, ойлауын дамыту т.б.).
Көркем әдебиет – бұл оқушыларды өткен тарихпен таныстыратын негізгі құрал. Оның маңызы мынадай:
1. Көркем бейнелер мұғалім берген материалдардың көрнекіліктерін жоғарлатады.
2. Оқу материалын нақтылау қызметін атқарады.
3. Елестетулерінің қалыптасуына көмектеседі.
4. Оқиға мен батырларға деген көзқарасын өзгертеді, қалыптастырады.
Әдеби шығармаларды мұғалім тарих сабағында сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады, оқушыларға өз бетімен оқуға кеңес береді. Маңызы: әдеби шығармаларды пайдалану баяндаудың көрнекілігін, нығайтады, тарихи материалды нақтылай түседі, өткен құбылыстар жөнінде оқушылардың жанды елестеуін қалыптастыруға көмектеседі. Отантану сабағында қолданылатынәдеби шығармалар шартты түрде екі топқа бөлінеді: 1. Оқытылып отырған кезеңнің әдеби ескерткіші
2. Тарихи беллетристика ( әңгіме, роман,)
Тарихи құжат – бұл тарихи білім беретін негізгі оқу тәсілінің қосымша құралы. Н.Г. Дайри, З.А. Огриско құжаттармен жұмыс оқушыларды ойлауға, ақпарат жинауға көмектеседі деп, өз еңбектерінде жазады. Әдістемелік әдебиеттерде құжаттардың маңызы оқу материалының нақтылау тәсілі ретінде сипатталады. Тарихи материалды
Периодикалық жоспармен жұмыс арнайы мектепте қолданылады. 7 – сыныптан бастап мұғалім газет – журналдардан сабақта өтілетін материалға байланысты мағлұматтарды жинақтап, сабақ барысында енгізеді. 9 – сыныптан бастап периодикалық жоспармен жұмыстың маңызы арта түседі.
Тарихты оқытудың көрнекі әдісінің 3 түрі бар:
Заттық көрнекілік әдіс
Бейнелік көрнекілік әдіс
Шартты графикалық
Заттық көрнекіліктерге: архитектуралық ескерткіштер, тарихи оқиғалардың ескерткіштері, еңбек – құралдар, тұрмыстық заттар, қару – жарақ, киімдер жатады.
Бейнелік көрнекілікке: макеттер, модельдер, фотолар, оқу картиналары, кинофильмдер.
Шартты графикалық көрнекілікке: карта, сызба, схема, диаграмма, графика жатады.
Л.А. Вагин тарихи картинаның 4 түрін бөліп көрсетеді:
оқиғалы картина
типалогиялық картина
тарихи пейзаждар
тарихи портреттер
Картамен жұмыс әдістемесі. Тарихи кеңістікті қалыптастыруда картаның маңызы зор. Тарихи картаның географиялық картаға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Картаның 3 негізгі түрлерін қолданамыз.
Жалпы карталар
Шолу карталары
Тақырыптық карталар
7 сыныпта картамен таныстыру кіріспе сабақтарында басталады. Географиялық картамен салыстыра отырып жүргізіледі. Картамен жұмысты жүйелі жүргізу керек, себебі тез ұмытып қалады. Жаңа материалдарды оқыту кезінде бекіту, үй тапсырмасын орындауда, қайталауда, қорытындылау сабақтарында қолданылады.
Тарих кабинеттері оқытудың материалды базасының комплексін құрайды. Тарих кабинетінің базасы 3 негізгі элементтен құралады.
Арнайы жиһаз түріндегі жабдық және құрал
Комплексті аппаратуралар
Оқу құралдарының фонды
а) Кабинет жабдықтары:
сыныптық магниттік тақта
суреттерді қыстыратын арнайы құралдар
проекциялық экран
заттарды және көлемді көрнекіліктерді демонстрациялайтын құрылғы.
тез жиналатын, қараңғылайтын перде.
б) проекциялық және дыбыстық техникалық аппаратуралар, кинопроектілер, графопроектілер, фильмоскоп, телевизор, магнитафон т.б.
в) тексті білім көздері: оқу әдебиеті, оқулық, периодикалық баспа, қосымша әдебиеттер т.б.
г) көрнекі оқу құралдары: мұғалімнің жасаған тақырыптық карталары, суреттер, портреттер, басылған және жасанды кестелер, тарихи терминдер мен даталар жазылған карточкалар т.б.
