Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отантануды оқутудың арнаулы әдістемесі лекциялар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

7 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларында тарихи уақыт ішінде бағыттау біліктілігін қалыптастыру

Уақыт түсінігі өзінің ерекшелігіне байланысты қабылдауға қиын. Олар нақты емес, оларды қолмен ұстауға, көзбен көруге, өлшеуге, сезуге болмайды. Әр уақыт түсінігі жалпылама болып 66

келеді, сондықтан оқушылар бұны қиын қабылдайды, ажырата алмайды.

Уақытты қабылдау нақты түсінікке сүйенбейді, ол белгілі бір уақыт аралығында не істеп үлгеруге болады деген ойға сүйенеді. Әсіресе, тарихи уақыт түсініктерін қалыптастыру қиын, өйткені ол созылмалы, ұзақ, ретті, терең болуымен сипатталады.

Арнайы педагогикада ақыл-ойы кем балалардың уақыт жайлы қабылдауы мен түсінуі маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.

Уақытты түсіну, бағыттай білу сапасына баланың күн тәртібін, оқу материалын дұрыс меңгеруі, кейінгі әлеуметтік бейімделуі байланысты. Бұл мәселемен көптеген зерттеушілер айналысқан: М.Г. Аббасов, М.В. Воронина, М.Ф. Гордеева, С.Г. Ералиева, Л.В. Занков, М.Н. Перова, В.В. Эн.

Тарихи уақыт түсінігін қалыптастыру мәселесін Пузанов Б.И., И.И. Френкельштейін.

Ж.И. Шиф т.б. қарастырған. Олар арнайы мектеп оқушылары тарихи оқиғалардың ұзақтығын, ретін анықтау кезінде, тарихи кезеңдердің ерекшелігін түсіну кезінде қиыншылық көреді дейді.

Арнайы мектеп оқушылары тарихи уақытты саналы түрде қабылдайды. Көбі жыл бойынша ғасырды анықтай алмайды, әсіресе жыл нольдерге аяқталатын болса. Тарихи оқиға жайында әңгімелеген кезде оқушылар датаны айтады да, бірақ сол уақыттың ерекшелігін ашуға тырыспайды. Олардың санасында белгілі бір датаның артында тұрған кезеңнің негізгі

ерекшелігі, белгілері туралы нақты түсінік жоқ.

Сондықтан да оқушылар оқиға мен уақыт арасында байланыс орната алмайды, қорытынды шығара алмайды. «Неге бұл оқиға дәл сол уақытта болады, ерте немесе кеш болған жоқ» деген сұраққа жауап бере алмайды.

Ақыл-ойы кем оқушылар нақты оқиғамен құбылыстарды керекті тарихи кезеңдермен

байланыстыру мүмкіндігін көрейік. Ол үшін оларға мынандай түсініктер жазылған карточкалар ұсынады: капитализм социализм т.б. Мұғалім бір оқиғаны, құбылысты, ол болған жылды айтады, оқушылар қажетті карточканы көрсетіп, ауызша жауабын береді. Мысалы: колхозшылар қай кезеңде өмір сүрді? Бұл тапсырмалардың нәтижесіне талдау жүргізсек, онда оқушылар уақыт кезеңдерін ажырата алмайтынын, оларды өз-ара шатастыратынын көреміз. Себебі, әр тарихи кезеңдердің ерекшелігі жайында нақты білім, түсінік жоқ.

Тарихи уақытты қабылдау кезінде қателер тек оқушылардың таным процесстерінің жеткіліксіз дамуына байланысты емес, сонымен бірге оқытудың әдістемелік жетіспеушілігіне де байланысты.

Кейбір мұғалімдер тарихи кезеңді нақтылай түспейді, сол кезең мен нақты факт арасында немесе уақыт ерекшелігі арасында байланыс

орнатуға көңіл бөлмейді; оқушыларға қорытынды шығартпайды. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың санасына оқу материалы уақыт кезеңдері бойынша жүйеленбейді; өтіліп жатқан тақырып уақыт кезеңінің ерекшелігімен, мемлекеттің жағдайымен, сол кезде өмір сүрген адамдардың қоғамдағы ролімен байланыстырмайды. Яғни, оқушыларда тарихи уақыт ұзақтығы, рет-реті, тереңділігі жайында түсінік қалыптаспайды.

Тарихи уақыт ішінде бағарлау біліктілігін қалыптастыру өте қиын. Сондықтан да бұл жұмыс 5этаптан тұрады:

1.пропедевтикалық, 4.негізгі

2.кіріспе 5.қорытынды

3.бастапқы

1этап. (1-5кл) сабақтан тыс уақытта және тіл дамыту, ана тілі, математика, еңбекке баулу сабақтарында оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен тұрмыстық уақытта бағдарлауды үйренеді. Бұл кезеңнің соңында

оқушы: мынаны білу керек:

-өзінің жеке тұрмыстық өмірінің негізінде уақыт үзінділерін білу керек (секунда, минута, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, 10жыл); олардың құрамын, ұзақтығын; рет-ретін, негізгі белгілерін.

-негізгі уақыт кесінділерінің ұзақтығын қабылдай білу керек; олардың иерархиялық рет-ретін білу керек; сағат бойынша уақытты анықтай білу керек; уақыт терминологиясын өз сөзінде пайдалана алу керек; оның мағынасын түсіндіре білу керек. (шамамен 1сағ; бір жылдан кейін, күн бойы, алдыңғы күні, бірсікүні, сол арада т.б.)

Бұндай біліммен оқушыларды қаруландыру үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргізу керек:

-оқушылардың көңілін уақыт ұзақтылығына аудару керек; белгілі уақыт кесінділерін нақты әрекеттермен толтыру; уақыт кезеңдерін бір-бірімен сәйкестендіру

керек: олардың құрамын, рет-ретін анықтап үйрету.

-күн тәртібін салалы түрде орындау үшін сағатты пайдаланып жатықтыру.

Мысалы: «Сағатқа қара. Неше болды? Сабаққа баратын уақыт болды». «Қара, біз серуеннен сағат нешеде келдік? Қашан кеттік? Қанша уақыт біз серуендедік?».

-оқушылардан өз сөйлемдерінде уақыт терминдерін қолдануды талап ету.

Сөйтіп, дайындық этапында оқушыларда тарихи уақытты қабылдауға және түсінік қалыптастыруға негіз болатын тұрмыстық уақыт жайлы түсінік қалыптасады.

2этап. Бұл жерде мұғалім оқушылардың дайындық кезінде қалыптасқан білім мен біліктілігін жетілдіре түседі; тарихи уақыт туралы жалпы түсінік береді. Ол үшін жұмыс жүргізіледі:

-1 ғасырда қанша жыл бар екенін анықталады; өздернің жеке өмірлерін, ата-анасының өмір ұзақтығын ғасырмен

салыстырды. Мысалы: бір ғасырда неше жыл бар?

Неге «ғасыр» деген сөзді «жүз жылдық» деген сөзбен ауыстыруға болады?

- «Уақыт жолағы» құрамын талдау; ғасырлардың ауысу ретіне, олардың атауларына көңілін аударту: ғасырлар мен оларға сәйкес жылдар «уақыт жолағының» қай жерінде көрсетілген? ХХғ. алғашқы және соңғы жылын атаңдар; Қай ғасырда біздің жерде Алтын Орда мемлекеті болды?

-жылға қарап ғасырды анықтау

-ғасырдың бөлімдерін нақтылай түсү (карточкада жазылған жылдарды ғасырдың бөліміне сәйкестендіріңдер; ғасыр бөлімдері: ғасырдың басы; ғасырдың соңы; ғасыр ортасы; ғасырдың бірінші, екінші жартысы).

-тарихи уақытқа есеп шығарту (қазір қай жыл? жеті жүз жыл бұрын деген қай жыл? Ұлы Отан Соғысынан 16 жыл кейін деген қай жыл?)

Оқушылардың жыл бойынша ғасырды анықтап үйрету үшін мынадай жұмыс жүргізуге болады. тақтаға сағат уақытын жазады: 11сағат 25минут. Сосын оқушыларға ойландыратын сұрақ қойады: неге

сағат 12-ге қарай кетті; 12 болайын деді деп айтады? Өйткені толық 11 рет айналды, ал 35 мин келесі

12-ші сағаттың уақыты екен.

Дәл осы мысалды ғасырды түсіндіргенде де жазады. 11 ғасыр өтті, ал 35 келесі ғасырдың жылдары екенін түсіндіру керек.

Сөйтіп, дайындық кезеңінде мұғалім оқушыларға ғасыр туралы, тарихи уақыттың ұзақтылығы мен рет-реті туралы түсінік береді.

3 этап. Тарихи уақытта бағдарлаудың бастапқы біліктілігін қалыптастыру тарих сабағында жүріп отыру керек. Ұйымдастыру кезеңінен кейін мұғалім өткен тақырыпты қайталауды мынадай сұрақтардан бастаған жөн: Қазір біз қай ғасырды өтіп жатырмыз? Ол уақыт жайлы

не айталасыңдар?.

Егер қиналсаңдар уақыт жолағына қараңдар.

Осындай жүйелі түрде өткізілетін жұмыстар нәтижесінде оқушылар тек ғасырды анықтап қоймай, сонымен бірге сол тарихи кезеңге сәйкес иллюстрацияны, карточкаларды таңдай алады, әр

кезеңнің ерекшелігін, сипаттамасын бере алады. Бұл жұмыс түрлері оқушылардың таным іс-әрекетін түзетіп, белсендіртеді.

4 этап. Негізгі бағдарлауға үйрету жаңа материалды түсіндіру, бекіту кезінде жүзеге асады. Хронологияны меңгерту үшін әдебиетте келтірілген әдіс-тәсілдер пайдаланылады: картиналарды суреттеу, хронологиялық таблицаларды құрастыру, оларды талдау; оқиғаның ұзақтығын анықтау, белгілі бір картаға датаны сәйкестендіру; кім үлкен, кім кіші? кіммен кім кездесуі мүмкін? деген есептер шығару т.б.

Бұл этапта әр сабақта «Уақыт жолағы»

қолданады. Бұл жолақ кеңістік-графикалық бейнелеу арқылы тарихи уақыттың ұзақтығын, ғасырлардың ауысуын, біздің Отанымыздың территориясында болған кезеңдерді көрсетеді. Бұл көрнекілікті сыныптағы тақтаның жоғарғы жағына орналастырған жөн (4-5м). Жолақтың астында қалташығы бар (паза) 2 рейка болу керек. Сол пазаларға дидактикалық материал қойылады.

Бұл құралды қолдану арқылы мұғалім оқушылардың білімін қалыптастырып қоймай, түзетіп отырады (даталарды механикалық түрде жаттатпай, оның «астында» оқиғаның, кезеңнің ерекшелігін білуге; байланыс орнатуға көмектеседі).

Берілген құралмен жұмыс істеу тәсілдері:

Белгілі бір оқиғаның датасын тарихи кезеңмен сәйкестендіру. Оқушыларға дата жазылған карточка беріледі. Олар мұғалімнің көмегімен оны қажетті ғасырдың астына орналастырады да, сол уақытқа сипаттама береді.

Оқушыларға оңай болу үшін, жоспар құрып қоюға болады:

  1. оқиғаның датасын; ғасырын айту

  2. мемлекеттің және қоғам құрлысын айту

  3. негізгі адам топтары

  4. сол топтарға қысқаша сипаттама беру

  5. қорытынды

Мысалы: ХІІғ. Қазақ жеріне монғол әскерлері шапқыншылық жасаған. Ол кезде қазақтар үш жүзге

бөлінген, әр жүз өзі үшін ғана күрескен. Монғолдар болса, сол уақытта біріккен тайпалар түрінде болатын. Олар қазақ жерін оңай жаулап алды.

5 этап. Бұл этапқа әр сабақтың соңында 5-6 мин бөлінеді. Сол кезде мұғалім оқушылардың өтілген тарихи кезең туралы түсінігін жаллылайды, жүйелейді (мұғалім рет-ретімен сұрақ қойады, оқушылар жауап береді).

«Уақыт жолағымен» жүйелі түрде жұмыс

жүргізіліп отырса, оқушылар абстракты

түсініктерді саналы түрде, көрнекті түрде қабылдай алады.