Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отантануды оқутудың арнаулы әдістемесі лекциялар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

10 Тақырып. Арнайы мектептегі тарих сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыс

Арнайы мектепте тарих сабағының сыныптан тыс жұмысының міндеттері:

  • оқушының сабақта алған білімдерін бекіту және кеңейту, тереңдету

  • тарихи елестетулерін дамыту

  • білімдерін жетілдіру

  • тарих сабағына деген қызығушылығын арттыру

  • оқушылардың таным әрекеттерін дамыту

  • оқушылардың интелектуалды қабілеттерін дамыту

  • еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

  • эстетикалық тәрбие беру

  • қарым – қатынас тәрбиесі

  • жауапкершілік сезімін ояту.

Сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі егер, сабақ белгілі бір уақытпен шектелсе, сол сыныптан тыс жұмыс оқушылардың ерікті жүріп, тұруымен ерекшеленеді, оның уақытын мұғалім өзі қадағалап белгілейді. Екінші ерекшелігі, сабақтың мазмұнын мемлекеттік бағдарлама анықтаса, сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын мұғалім өзі анықтайды. Сабаққа қарағанда, бұл жерде қазіргі кезбен байланыс жақсы көрінеді. Сабақ пен сыныптан тыс жұмыс бір – бірімен тығыз байланысты және бәр – бірін толықтырып отырады.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны міндеттермен анықталады. Тарихи өткенді, тарих курсының бағдарламасы мен комплексті оқытуға бағытталған, демек көлемді. Кейде мазмұны көлемді емес бағытта да болады. Негізгі бағытына мәдениет тарихын оқытуды жатқызамыз. Музейге, қалаға экскурсия, видеофильм көреді, өнер қайраткерлерімен кездесу. Тағы бір бағыты “қазіргі уақытты оқу және білу”. Бұл оқушыларды жеке өз бетімен өмір сүруге дайындайды.

Сыныптан тыс жұмыстың түрлері:

  1. Сыныптан тыс оқу

  2. Тарихи үйірмелер

  3. Тарихи кештер

  4. Экскурсиялар

  5. Түрлі тұлғалармен кездесу

  6. Конкурс, олимпиада, викториналар

Оқушылардың санына қарай тағыда бөлінеді:

  1. Көпшілік және фронтальді (кештер, конкурстар)

  2. Топтық немесе үйірмелік (үйірме, секция жұмыстары)

  3. Жекелей (оқушы өз бетімен жазған баяндама, әңгімесі)

4. Эпизоттық (кездесулер, кештер, экскурсия, тарихи стент).

Отантану материалын терең әрі саналы түрде меңгертуде сабақтан тыс жұмыстың маңызы зор. Кейбір жұмыстардың түрлері теориялқ материалды өмірмен байланыстыруға, қоғам ішіндегі құбылыстардың себеп –салдарын түсінуге, онда қалыптасқан ережелерді ұғынып, орындауға мол септігін тигізеді. Мысалы, арнайы мектеп оқушыларына «Жаңалықтарды» немесе саяси, әлеуметтік тұрғыдағы телехабарларды көру, сонымен бірге мерзімді баспаларды оқып, мазмұнын талқылау сияқты жұмыстар мүмкіндігі шектеулі баланың өмірлік көзқарасын және ұстанымын қалыптатыруға мүмкіндік береді.