- •2 Тақырып. Арнайы мектепте тарих курсының құрылымы, мазмұны
- •3 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеру ерекшелігі
- •4 Тақырып. Арнайы меткептегі Отантану сабағы
- •5 Тақырып. Мұғалімнің Отантану курсына және оның жеке сабақтарына дайындалуы
- •6 Тақырып. Арнайы мектепте Отантануды оқытудың тәсілдері
- •7 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларында тарихи уақыт ішінде бағыттау біліктілігін қалыптастыру
- •8 Тақырып. Арнаулы мектеп оқушыларын тарихи тұлғаларды ажырата білу біліктілігін қалыптастыру
- •9 Тақырып. Арнайы мектептің жоғарғы сыныптарында тарихи түсініктерді қалыптастыру процесінде сюжетті картиналарды пайдаланудың маңызы.
- •10 Тақырып. Арнайы мектептегі тарих сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыс
8 Тақырып. Арнаулы мектеп оқушыларын тарихи тұлғаларды ажырата білу біліктілігін қалыптастыру
Әлеуметтік өмірге бейімдеудің негізгі міндеттерінің бірі- айналасындағы адамдардың сөздерін, қылықтарын, мінез көріністерін бағалай білуге және оны талдауға үйрету. Адамның бойынан жағымды және жағымсыз қасиеттерді көруге, ажырата білуге үйрету арқылы мұғалім оқушыларда қоршаған ортаны және оның ішінде өзін дұрыс бағалау біліктілігін, дағдысын қалыптастырады.
Тұлға- адамды қоғам мүшесі ретінде сипаттайтын әлеуметті маңызды қасиеттер жиынтығы.
Адамның қылығын түсіндіру, оның мінез-құлқын дұрыс бағалау өзінен-өзі қалыптаспайтын, күрделі ойлау процессі. Бұл процесс оқушыдан арнайы қабілеттердің
(байқағыштық, зерек, ой тереңділігін) дамуын талап етеді; маңызды нәрседен жай, маңызды емес нәрселерді бөле білуді талап етеді; адамның сыртқы көрінісінен ішкі ерекшеліктерін көре білуді талап етеді.
Өткен кездегі тұлғаларды меңгерту үшін оқушыларға мынаны үйрету қажет:
-адам (тұлға) өмір сүрген дәуір ерекшелігімен, оның көзқарасының, мінезінің, қылықтарының, әрекеттерінің ерекшеліктерін байланыстыруға (Карамзин Н.М. : «тарихи кейіпкерлерді олардың заманындағы түрлі жағдайды ескере отырып бағалау керек» деген).
-адамның қалыптасуы қоршаған ортаға, адамдарға, табиғатқа, тіпті балалық шағында тәрбиелеу ерекшеліктеріне тәуелді болады.
-адамның шыққан тегін ескерту керек; кімнің идеяларын өмірге алып келді ( өйткені әрбір тарихи тұлға белгілі бір адамдардың, топтың, класстың, ұлтының, партияның идеяларын білдірген болатын).
Белгілі тарихшы-әдіскер Степанищев А.Т. былай деп жазған: «Тұлғаға дұрыс баға беру ісінен тарихта күрделі іс жоқ шығар. Өйткені, қанша бағалаушы болса, сонша баға болады».
Ол тұлғаға баға беру кезінде басым идеологияға тәуелді болмау керек деген.
Дефектологтардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, ақыл ойы кеміс оқушылар айналасындағы адамдардың және әдеби кейіпкерлердің жеке басының қасиеттерін жалпылама түрде, бір жақты етіп қабылдайды; сол қасиеттерді сөзбен белгілеуде қиналады. Оқушылар күрделі, конфликті жағдайларды түсініп- қабылдау кезінде едәуір қиыншылық көреді; олар өздерінің көңілін сыртқы, көрнекті белгілерге бөледі де соңғы нәтижеге байланысты бағалайды, ал сол әрекетке себеп болған түрткіні есепке алмайды. Осындай қателіктерді
(бағалауды) ақыл-ойы кеміс оқушылардың таным процессінің жеткіліксіз дамығанымен
түсіндіруге болады; ерік пен эмоцияның, мінездерінің, әдеттернің даму ерекшелігімен түсіндіруге де болады. (Көптеген ғалымдар олигофрен балалардың интеллекті олардың эмоционалді-ерікті қылықтарын реттемейтінін айтады).
Ақыл ойы кеміс оқушылардың тарихи тұлғаларды қалай қабылдап, бағалайтыны жайында жұмыстар аз.
Осы тұрғыда жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, онда арнайы мектеп оқушылары тарихи тұлғаларды меңгеруде, оларды өз-ара ажыратуда көп қиындық көреді: оларды сипаттау кезінде тек кейбір жарқын сыртқы көріністерін еске түсіріп айта алады; жеке басының қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтап ажырата білмейді; тарихи тұлғаның іс-әрекетін түсіндіре алмайды, мінез-құлқындағы негізгі қасиеттерді аша білмейді, олардың айналасындағы адамдар үшін, мемлекет үшін маңызды қорытынды шығаруға тіптен тырыспайды да. Кейбір оқушылар өзінің
ойлауының нақтылығынан тарихи
құбылыстарды, жағдайларды сол күйінде түсінеді. Мысалы: хан сатқынның басын алды дегенді өз қолымен істегенін көрсетеді немесе Ақсақ Темір Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тұрғызды дегенде оның басшылығымен, қамқорлығымен, ұйымдастыруымен талай жұмыскерлер салғанын түсінбейді. Ал бұндай түсініктер мұғалімнің баяндауында одан әрі тереңдетілмей, нақтыланбай көптеп кездеседі.
Тарихи тұлғаны дәл осындай етіп қабылдауына себеп болатыны - балалардың адамды тарихи кезеңнен, қоршаған ортадан «жұлып алып» қарастырғаны. Көбіне, олар тарихи тұлғаның мінезі мен қылықтарының және әлеуметтік қызметінің арасында байланыс орнатпайды; оларға сипаттама бергенде тек жалпылама, әдетте біркелкі оңай сөздерді пайдаланады (жақсы, күшті, ақылды..).
Ал тарихи тұлғаның әрекеттерінің себебін ашып беруге арналған тапсырмаларды мүлдем
орындай алмайды немесе қате-қате орындайды.
Негізгі себеп пен қосалқы себептерді шатастырады, себептің орнына мақсатын айтады. Мысалы:
«Желтоқсандықтардың» 1986 жылы көтеріліске шығуының мақсаты- келіспеушілігін, қарсылығын көрсету. Себеп- басқару орталығына Қазақстанды білмейтін, ешқандай жақындығы жоқ басқа ұлт адамын елбасы етіп қою.
Тарихи тұлғаға баға берген кезде бір жақтылық байқауға болады: жақсы немесе жаман. Берілген баға тек моральдық тұрғыдан болады да саяси тұрғыдан жоқтың қасы.
Моралдық баға – адамды белгілі бір іс әрекетке түрткі болған немесе итермелеген мақсаттың бағасы.
Саяси баға- іс-әрекеттің обьективті нәтижесі (түрткі болған жағдай ескерілмейді).
Моральді бағаны көп, жиі беру себебі: оқушылардың жинақталған жеке тәжірибесіне тікелей байланысты яғни олар өмірде тек адамгершілікпен немесе керісінше сипатталатын жағдайларға кездеседі, ал саяси баға беруді тек жоғарғы сыныпта тарих сабағында үйренеді. Қорытындылап айтатын болсақ: арнайы мектеп оқушыларына тарихи тұлғаны қабылдаған кезде жүйесіздік, бір жақтылық, тән.
Осындай кемістіктердің себебі тек оқушы таным іс-әрекетінің ерекшелігінде ғана емес, сонымен бірге әдістемелік жетіспеушілігінде де.
Көптеген мұғалімдер тарихи тұлғамен таныстырған кезде, оның ерекшелігін, жеке басының қасиетін, ол өмір сүрген адамдармен, уақытпен байланыстырмайды және тарихи тұлғаны бағалап үйретеді де, сол білімдерін, біліктілігін айналасындағы адамдарды бағалауда пайдаланып үйретпейді.
Тарихи тұлғаны ажырата білу біліктілігін қалыптастыру жұмысы:
І Дайындық этапы. І-VІ сынып сабақтан тыс уақытта және ана тілі, ән, сурет салу сабағында жүргізілу тиіс. Бұл этаптың негізгі мақсаты оқушылардың сөздік қорында адамның мінез-құлқын сипаттайтын сөздерді молайту, оқып жатқан тұлғаға қарапайым сипаттама беруге үйрету.
Ол үшін мынадай жұмыс жүргізуге болады:
-адамның мінезі мен қылығын сәйкестендіру- еңбекқор-үнемі жұмыс істеп жүреді;
-белгілі адамды сипаттайтын сын есім сөздерді іріктеу, оларды таңдаудың себебін түсіндіріп ашу;
-адамдардың мінезімен қылықтарына қарай топтастыру (жағымды; жағымсыз);
-адамның ішкі қалпын сыртқы бейнесімен байланыстыру: әдеттері мен қарым-қатынасы
-өмір сүрген уақыт пен адамның қылықтарына байланысты.
Сабақтан тыс кезінде бұл дағдылар ойын кезінде бекітілетін.
ІІ Бағдарлау этапы. Бұл жерде оқушыларды тарихи тұлғада бағдарлай білуді үйрету (жоспар бойынша):
1.адам өмір сүрген уақыт ерекшелігі
2.оның негізгі өмір кезеңдері (сыртқы жағдай)
3. замандастарының оған қарым-қатынасы, бағасы
4.қорытынды: тұлғаның іс - әрекетіне маңызды баға.
Бұл жоспар бойынша жұмыс істеу кезінде сөздік жұмыс жүреді.
ІІІ Шамамен жоспарлау этапы. Оқушыларда жұмыс жоспарын саналы түрде түсініп үйрету. Ол жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын жүреді.
Оқушыларға тұлғамен танысудың 2-3 жоспары ұсынылады, олар ең қажеттісін таңдайды. Мысалы: мемлекетті оқып-тану жоспары, тұлғаны танып білу жоспары. Кейін жоспардың әр сұрағына толық жауап береді. Уақыт ерекшелігін, ғасыр, мемелекет аты, құрылым түрі, қандай таптар болды, олардың өзара қарым-қатынасы т.с.с. Жоспармен саналы түрде жұмыс істеуді үйрету үшін мұғалім оқушыларға қосымша сұрақтар қойады (сипаттаманың мазмұнын толықтыру, тереңдету). Бұл этап соңында оқушылар өздері үлгіге қарап жоспар жасай білу керек.
ІV Негізгі этап. Бұл жерде тұлғамен танысу жұмысы жалғасады: тереңдейді, кеңейеді. «Уақыт жолағынан» тұлға өмір сүрген ғасырды көрсетіп, тарихи кезеңге, адамдарға, саяси жағдайға қысқаша мінездеме береді.
Өмір баянын әңгімелеген кезде оқушылардың назарын мінездің қалыптасуына ықпал еткен факторларға аудару қажет: үй жағдайы, ата-анасының қызметі, табиғи жағдайы мен қоршаған орта.
V Соңғы этап. Тарихи тұлғамен танысудың соңында өткізіледі. Осы кезде алған жаңа материал жүйеленеді, тірек сөздерін пайдалана отырып, жалпылама (қорытынды) әңгіме құрайды. Сонымен бірге осы этап кезінде оқушыларда алған білімін «тұлғаны бағалау, іс-әрекетін талдау, қазіргі заманның тұлғаларын (қоғам қайраткерлерін, саяси, өнер, ғылым қызметкерлерін) бағалауда пайдаланып үйрету.
Сонымен, оқушыларда тарихи тұлғаны бағалай білуге үйрету арқылы әлеуметендіру мәселесін шешуге ықпал етеміз.
