Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ta_1178_yrypt-15zh_1sem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
348 Кб
Скачать
☆

1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Жылы ұямыз

Отбасының намысын қорғау

Отбасы мүшелері

Отанды қорғау

Азаматтың парызы

Біріміз бәріміз үшін

Еңбек етсек

Жақын болсақ

Сақтай алсақ

2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отан отбасынан басталады

«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-бабаларымыздың сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасынан басталады.

Отбасы — қоғамның бастапқы ұясы. Ол әлеуметтік, қоғамдық дамуда маңызды рөл атқаратын құрылымның негізі. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар — қоғамның жалғасуына, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар - қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар. Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас.

Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындырмайтын биік жоқ.

Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді.

Қорыта келе адам баласы қасиетті борыштарын — үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Отбасы -сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың, бастау бұлағы. Олай болса отбасының мәні зор.

3Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Ықпал ету, сақтауға үйрету, құрметтей білу, көзбен ұғу, ынтамен тыңдау

4Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

* * *

Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

* * *

Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

5 Сөздерді жұптастырыңыз.

Отбасы әзірлеу

Киім істеу

Тамақ құрастыру

Жұмыс тігу

6 Сөйлемдерді сәйкестендіріп, аударып, мағынасын айтыңыз.

1. Әке – асқар тау.

2. Ананың көңілі балада.

3. Ұлдың ұяты әкеге келеді.

4. Әке – тірегің.

5. Атасыз ұл жарымас.

1. Қыздың ұяты шешеге келеді.

2. Ана-жүрегің

3. Анасыз қыз жасауға жарымас.

4. Ана – мөлдір бұлақ.

5. Баланың көңілі далада.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]