- •Қазақстанның географиялық орны
- •6. Қазақстанның 9 географиялық аймақтары
- •4. Сарыарқа
- •Ел басқару жүйесі. Президент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Экономика
- •Ішкі және сыртқы сауда
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Сурет бойынша 2 сөйлем құрастырыңыз.
- •Банк жүйесі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Ұлттық валюта
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отан отбасынан басталады
- •3Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.
- •4Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.
- •5 Сөздерді жұптастырыңыз.
- •7 Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңыз.
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Қазақстандағы некеге тұру жүйесі
- •5. Оқымысты бала.
- •6. «Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыңа нені елестетеді? Сызбаны толтыр.
- •7.Әзірет Әлінің дәйектемелерін жаттап алыңдар.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Еңбек. Еңбек нарығы
- •Салауатты өмір салты
- •Ұлттық спорт
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау.
3. Мәтіндерден жаңа сөздерді, сөз тіркестерін жаттау.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Еңбек. Еңбек нарығы
Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек – адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбек – табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурсы болып табылады.
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.
Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.
Тапсырма:
Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.
Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.
Мағынасын түсініңіз, жаттап алыңыз.
Еңбекті сүйгенді елі сүйеді. Ж. Қуанышбаев.
Еңбектене білу – дұрыс өмір сүре алу. Ж. Фабр.
Қазақ тіліне аударыңыз.
Делами человека время управляет.
Семь раз отмерь, один раз отрежь.
Родни много, а мать – одна.
Мәтіннің мазмұнын айтыңыз не досыңызбен сұхбат жасаңыз.
6-АПТА. 1-тақырып. Денсаулық. Салауатты өмір салты. Ұлттық спорт. Грамматика.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Антонимдерді қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.
ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
(Мақал)
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері.
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
-Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;
Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерге көңіл бөліңіз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.
3-тапсырма. Жеке бас тазалығының ережелерін жаттап алыңыз.
4-тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнының не жайында екенін айтыңыздар.
5-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, сөйлем құрастырыңыз.
6-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін сөйлем ішінде қолданыңыз.
Тіл мен жаққа сүйену, сөзге тоқтау, қолы ашық, көз салу.
7-тапсырма.Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз?
1. Тазалық – саулық негiзi, ......................................
2. Көзің ауырса, қолыңды тый, .................................
3.Жасыңда салақ болсаң, ........................................
4.Олақтан ................ .
5. Лас адам – кіршіл, ...............................................
СӨЖ
1.Тазалық, денсаулық туралы 10 мақал-мәтел жаттау.
1.Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
