Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ta_1178_yrypt-15zh_1sem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
348 Кб
Скачать
☆

5. Оқымысты бала.

Бір бала қалада оқып , жазғытұры ауылына келді. Әкесі: «Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады, қолыңа тырнауыш ал, мен шапқан шөпті жинап , жәрдеміңді тигіз»,-деді . Баланың жұмыс қылғысы келмей: «Мен әр түрлі ғалымдар оқып қайттым, қара қазақтың сөздерін ұмыттым тырнауыш деген не нәрсе ?» -деді. Осы сөзді айтқаны –ақ сол еді тысқа шықса жатқан тырнауыштың басын байқамай аяғымен басып қалып еді, сабы тақ етіп маңдайына тиеді . Сонда ғана тырнауыштың не нәрсе екенің есіне түсіп , маңдайын сипалап тұрып: «Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен», - деп ашуланды. М . Дулатов

– Бұл әңгіме кім туралы ?Қандай кісіні оқымысты дейді ?

– Ал сенің ойың қандай ?

–Бұл әңгімеге мына суреттен басқа қандай суреттер салуға болады екен?

6. «Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыңа нені елестетеді? Сызбаны толтыр.

оқулықты

Оқу, білім

7.Әзірет Әлінің дәйектемелерін жаттап алыңдар.

VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас – өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: “Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен: 1. Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра. 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деген екен.

МырзагелдіКемел «Абзалдықәліппесі»

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

  1. «Білім жайлы» 15 мақал жаттаңыздар.

  2. “Білім артық па, байлық артық па?»деген тақырып бойынша шығарма жазыңыз.

Жоғары оқу орындары

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.

БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) Қазақстан Республикасының тарихымен және өмірімен тығыз байланысты жоғары оқу орны. Университеттің құрылуы Қазақстанның көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуымен, әсіресе көмір өнеркәсібі мен байланысты. 1953 жылы күзде Қарағанды қаласында тау-кен институты ашылды. ҚарМТУ ректоры болған адамдар: Нұрмұхамедов Юнас Қадырұлы, Сағынов Әбілқас Сағынұлы (1955-1987 ж.ж.), Лазуткин Александр Григорьевич, Пивень Геннадий Георгиевич (1994-2008 ж.ж.). ҚарМТУ-дың қазіргі ректоры Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы – профессор, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Университетте 9 факультет және 34 кафедра бар. Сонымен қоса Астана, Балқаш қалаларында университеттің филиалдары бар. 1996 жылдан бастап техникалық лицей, дарынды балалар оқитын «Мұрагер» мектебі жұмыс істейді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті –инженер кадрларды даярлайтын Қазақстан мен ТМД-дағы ірі жоғары оқу орындарының бірі. Университетте әскери кафедра, Республикадағы ең ірі кітапхана бар. ҚарМТУ 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 2005 жылы Швейцарияның Женева қаласында алтын медальмен марапатталды.

Әбілқас Сағынұлы Сағынов 1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған. 1939 жылы Днепропетровск тау-кен институтын "Пайдалы кен орындарын қазу" мамандығы бойынша оқып, үздік бітіріп шығады. Институтты бітірген соң, 1948 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында учаске бастығы, шахты директоры, техника бөлімінің көмір тресінің басшысы болды. 1948 жылдан 1951 жылға дейін басқарма бастығы, "Қарағанды көмір тілігі" тресінің бас инженері қызметтерін атқарды.

Сағынов Әбілқас Сағынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды тау-кен институтының (1953-1958 ж.ж.) ректоры, Қарағанды политехникалық институтының ректоры (1958-1987 ж.ж.) болды. 1955 жылы Ә.С.Сағынов 1958 жылы политехникалық болып ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен институт Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтары үшін мамандар даярлайтын жоғарғы категориядағы Жоғарғы Оқу орнына айналды. Қазақстан Республикасы халық шаруашылығын, Жоғарғы білім беруді дамытудағы, білікті мамандар даярлаудағы еңбектері үшін Ә.С.Сағыновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ә.С.Сағынов Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты, екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, медальдармен, грамоталармен марапатталған.

Біздің Республикамыздың жетекші ғалымы болғандықтан, Ә.С.Сағынов Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

Ә.С.Сағынов - 200 ғылыми мақаланың, 18 монографияның авторы.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Мәтінге қатысты сөз тіркестерін жазыңыз.

3. Сан есімдерді сөзбен жазыңыз және түрлерін ажыратыңыз.

4. Жалқы зат есім және жалпы зат есімдерді теріп жазыңыз.

5. Тәуелдік жалғауы бар сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Мысалы: оқу орны,

6. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.

7. Мәтін бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.

8. Мына сөздерге жұрнақтар жалғап, түрлерін ажыратыңыздар. инженер…, кандидат…, оқытушы…, профессор…, ғалым…, түлек…, ректор…, академик…, студент… .

9. Ә.С.Сағынов атындағы көрме туралы айтып беріңіз.

Еңбек. Еңбек нарығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]