- •1.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Дінтану пәнінің құрылысы мен әдістемесі
- •1.Дүниетанымдық функция.
- •2.Құндылықтарға баулу функциясы.
- •2.1 Дәріс сабағының тақырыбы: Ежелгі өркениеттер діндері
- •Дәріс сабағының тақырыбы: Буддизм және оның пайда болуы мен дамуы
- •2.3 Дәріс сабағының тақырыбы: Иудаизм
- •2.4 Дәріс сабағының тақырыбы: Христиан діні және оның пайда болуы мен ерекшелігі
- •2.5Дәріс сабағының тақырыбы: Католицизм және Батыс Европа.
- •3.1. Дәріс сабағының тақырыбы: Ислам және оның мәні.
- •3.2 Дәріс сабағының тақырыбы: Исламдағы пайда болу мен таралымдар.
- •4.1.Дәріс сабағының тақырыбы: Қайта өрлеу мен Ағартушылық дәуіріндегі діни фанатизмге қарсы күрес.
- •4.2.Дәріс сабағының тақырыбы: Діни терроризм мен экстремизм.
2.Құндылықтарға баулу функциясы.
Дін қай қоғамда болса да адамшылық құндылықтарының қайнар көзі ретінде қабылданады. Рухани бастаулар тек қана киелі кітаптардан табылмақ. Дін рухани құндылықтар арқылы жеке адамға оның қоғаммен қарым-қатынасында бағыт-бағдар береді. Дін арқылы жалпы адамзаттық рухани қағидалар әмбебап сипатына ие болды. Адам мен оның өмірін құрметтеу, жақсылық пен әділеттілік, руханилық пен мейірімділік сияқты құндылықтардың барлық әлемдік діндердің парыздары мен өсиеттерінде болуы тегін емес. 3.Регулятивтік (реттеуші) функция.
Діни идеялар, құндылықтар мен мақсаттар адамдардың арасындағы және қоғамның ішіндегі қарым-қатынастарды реттейді.Діни ілім жалпыадамзаттық қағидалар мен жүріс-тұрыстың практикалық ережелерінің негіздемесі ретінде көрініс табады. Діннің ұсынатын қағидалары адамгершілік бағдарларымен қатар, нақты бір жағдайда адамға қойылатын нақты талаптарға да қатысты болуы мүмкін. Мұнда ата-ана мен балалардың, еркектер мен әйелдердің, адам мен жалпы қоғамның арасындағы қарым-қатынастарды мысалға келтіруге болады. Ислам дінінде мұндай қатынастар шариғат негізінде шешіледі.
Адамзаттың дінсіз тарихы да, мәдениеті де болмаған. Алғашқы қауымдық дәуірдің өзінде-ақ әртүрлі анимистік, фетишизмдік, магиялық, тотемистік діни нанымдардың түрлері және политеистік мәндегі діндер орын алған. Қандай халықтың болмасын тұрмысы, өмір сүру тәртібі, тәрбие жүйесі діни санамен байланыста болғаны шындық. Дін қоғамның алғашқы кезеңінде дәстүр ретінде қалыптасқан, оның дінсіз дәуірі болмаған. Сондықтан адамзат тарихы мәдениетінің мазмұнында діндердің орны ерекше. Қай елдердің болмасын мифтері мен аңыздары діни сюжеттерге толы. Дін материалдық және рухани құндылықтарды жасауда адамдардың іс, харекеттерімен бірге жетіліп келе жатқан феномен. Мысалы, ерте дәуірдегі әлемдік озық мәдени ескерткіштердің бәрі дерлік наным-сенімдерге байланысты жасалған. Діни наным, сенім, қағида, ілімдер, діни аңыздар қала салуда, архитектурада, мешіттер, тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатуда кеңінен орын алып, өнерге өріс берген жайлар. Айталық, Көне Египет пирамидалары, Грек еліндегі Артемида храмы, біздің еліміздегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Самарқандтағы мәдени ескерткіштер т.б.айтуға болады. Бұл өнер туындылары діни сана, идеология, тәрбиемен тығыз байланысты. Қазіргі күндері діни храмдар мен мешіттердегі мәдени жәдігерлер тек дінге ғана қызмет етпей, адамзат мәдениетінің керемет өнер құндылықтары ретінде қабылданады. Мешіттер, шіркеулер, соборлар, икондар, литургиялық музыка, құдай мен әулиелердің мүсіндік бейнесі – мұның барлығы діни қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай туындылардың басым бөлігі әлем мәдениетінің алтын қазынасы болып саналады. Мысалы, Андрей Рублев пен Феофан Гректің икондары, араб көркем жазулары, Дамаскідегі (үлкен Омейяда мешіті), Каирдегі, Исфаһандағы (Шах мешіті, Саребан мешіті), Стамбулдағы (Фатих-джами мешіті, Сұлтан Ахмад-Джами мешіті (Көгілдір мешіт))т.б.қалалардағы айшықты мешіттер, Қытай мен Үндістандағы Будданың неше түрлі көркем мүсіндік бейнелері.
Әлемдік деңгейдегі өнер және әдебиеттің озық үлгілерінің бәрінде діни сезім, сана, тәрбие, білім орын алғаны көпшілікке белгілі. Айталық, Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясы» адам баласының үздік өнер жетістігі деп мойындалған көркем шығарма, мұндағы сюжеттер желісі тамұқ, жұмақ, бақи ғұмыр деген діннің негізгі мәселелеріне арналған. Немесе, Голландияның атақты қыл қалам шеберлерінің туындыларының бәрі дерлік христиандық аңыздарға негізделген. Орыс жазушысы Федор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романын діни ұғымдарсыз қабылдау қиын. Хакім Абай шығармалары Алла – бір, пайғамбар – хак екеніне шүбә келтірмейді, солай бола тұра Абай діншілдерді, сопыларды сынға алған. Бұл үрдіс Шәкәрім шығармаларына да тән.
«Кез-келген шынайы мәдениеттің негізінде Ққдайға табыну жатыр. Нанымға негізделген мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы өзінің жанды сөзін сақтаған. Кейбір тұрғыда өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады», - деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезіндегі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Өзге халықтардың тарихи дәстүрін, мәдениетін құрметтей білу, діндер және халықтар қатынасындағы әділеттілік пен адалдық келісім әлеміне бастайтын жол болмақ.
Монотеизм («бірқұдайлылық», грек тілінен – бір және құдай) – бір құдайға шақыратын діни сенім мен оқыту жүйесі. Монотеистік діндердің негізінде «барлық әлемнің жаратушысы мен барлық нәрсенің бастамасы болып бір абсолютті Құдай» принципі жатыр.
Политеизм («көпқұдайлық», грек тілінен – көп және құдай) – көп құдайдың барлығына негізделетін діни жүйе. Ғалымдар политеизмді діни өмірдің ең көне формаларының бірі деп қарастырса, ислам және христиан дінінің өкілдері оларды пұтқа табынушылар деп санайды.
Модуль IІ. Әлемдік діндер тарихы
