Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Электронного конспекта лекций.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

2.4 Дәріс сабағының тақырыбы: Христиан діні және оның пайда болуы мен ерекшелігі

1.Ежелгі христиандық және оның ерекшеліктері.

2.Христиандық оқу. Жаңа Завет.

3.Шіркеудің батыс және шығысқа бөлінуі.

Дәріс тезисі:

Христиандық – 1 ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуыда Палестинаның солтүстүгіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың есімімен тығыз байланысты.Ол өзінің Христос есімін Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған.Діншілдер де, дінді жоққа шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы мәліметтерді, ол өлген соң оңдаған жылдардан кейін жазылған Евангелиелерден алады.Бұл кітаптардың мақсаты –христиан дінінің негізін салушының өмірбаяныны жазу емес, жер бетіне Құтқарушының, құдайдың сүйікті ұлының келуін, оның қызметін, өлімі мен қызметін жария ету.

Христиандардың басты кітабы-Інжіл адамзат ойының көрнекті ескерткіші. Ол өзінің атауын гректің «кітаптар» деген сөзінен алады. Інжіл, діншілердің айтуынша, пайғамбарлар мен апостолдар деп аталған құдайдың ерекше қалауы түскен адамдар арқылы келген Қасиетті Рухтың аяндары негізінде жазылған кітаптардың жинағы. «Інжіл» атауы тек 6ғ ғана п.б. інжіл 2 бөлімнен тұрады. Олар-Көне өсиет және Жаңа өсиет. Біріншісіне христиандыққа дейінгі кездерде көне еврей тілдерінде жазылған және иудейлер мен христиандар қатар құрметтейтін кітаптар жатады.Екіншісіне грек тілінде жазылған кітаптар енеді. Олардың авторлары – апостолдар мен евангелиешілер.

Христиандық үшін ортақ құпиялы салт-дәстүрлер:шоқыну құпиясы,дүниетану құпиясы,овхаристия құпиясы.Проваславиялық ілімнің негізін бірінші екі әлемдік жиналыста бекітілген сенім рәмізі болып табылады.Құдайдың күштілігі туралы,құдайға иемдену,арылу,өліден қайта тірілу,шоқындыру,о дүниедегі өмір және т.б.Православиялық шіркеуді негізгі догматтары жоғары деңгейлі санамен хабарландырады.Сенім рәмізінің таным негізі болып сенім табылады.Православие ілімінің негізі – Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсиет.Соңғысына алғақшы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен III-IX ғасырлар аралығында өмір сүріп, христиан догматтарынжасаған, «шіреку әкейлері» аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.Православиеге тән нәрсе-Құдай ұлын (Ғайсаны) ғана емес, оның жер бетіндегі анасы бейкүнә Мариямды қоса және қатар дәріптеу. Православиедегі тірі кезінде құдайға жаққан, сөйтіп өлген соң артта қалғандар үшін, құдай алдында тілек тілеу құқына ие болған қасиетті адамдарға тағзым ету, үлкен орын алады.Сол сияқты, қасиетті адамдардың бұзылмайды және кереметтер жасайды деп саналатын мүрделері де рекше құрметтеледі.

Правослвие шіркеуінің ең үлкен мейрамы-иудейлерден алған, бірақ мәнін өзгерткен Пасха мейрамы.Осыдан кейінгі үлкен сегіз мейрам Құдайға және 4 мейрам Құдай-анаға арналады.Олар-Рождество, Крещение, Сретение, Преображение, Воздвижение, Құдайдың Иерусалимге енуі, Ғайсаның көкке көтерілуі және Троица, Қасиетті Құдай-ананың туған күні, оның храмға енуі күні, Благовещение және Успение.