Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 Электронного конспекта лекций.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆
    1. Дәріс сабағының тақырыбы: Буддизм және оның пайда болуы мен дамуы

1.Буддизмнің пайда болуы және спецификасы.

2.Буддизмнің принциптері.

Дәріс тезисі:

Тұңғыш әлемдік дін-будда діні б.д.дейінгі 6 ғасырда көне Үндістанда п.б.Будда дінінің негізін салушы Силдхартха Гаутама 567 ж Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді.Бал туғаннан соң жеті күннен кейін анасы дүние салады. Гаутаманың одан кейінгі өмірі, әсіресе оның сыртқы дүниеден хабарсыз өсуі және әке сарайынан кетіп қалу себептері түрліше түсіндіріледі.

Ол өзі ашқан 4 ақиқатты көпке жеткізуге асықты.

Соңынан будда діни ілімнің негізіне айналған бұл «төрт ақиқат» мыналар болады:

1.Өмір деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, қартаюы, өлуі- бәрі қасірет.

2.Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Дамек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен.

3.Барлық дүние тілектерден бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады.

4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа «ортаңғы» немесе «сегіз түрлі» жолмен жетуген болады. Олар: 1)қасіретінің себептерін дұрыс түсіне білу; 2)дұрыс ойлай білу; 3) сөзді дұрыс құру; 4) дұрыс әрекеттер жасау; 5)салауатты өмір сүру (кісі өлтірмеу, ұрлық жасамау, ешкімге зиян келтірмеу, өтірік айтпау және басқа адамшылық қасиеттерді сақтау); 6)адал еңбек ету; 7)ізгі нәрселерді ойға сақтау; 8)дене күші мен психиканы дұрыс арнаға сала білу.

Будда діні әуел бастан осы өмір шырғалаңына түсуден сақтандырады, ал буддизмді кеш мойындағандарды бұл шеңберді бұзып шығуға үгіттейді. Осыдан буддизм адамзаттың шырғалаң тіршілігіне меңзеп, «өмір дөңгелегін» өзінің рәмізі етіп алған. Ол әркімнің өз өмірімен үлгі болып, жол салуына, басқаның тіршілігіне бас сұқпауға үгіттейді. Дүние кем жаратылған, бірақ оны түзеу мүмкін емес, қандай ізгі мақсат қоймасын, кез-келген төңкеріс – қиянат, сондықтан буддизм ілімі қоршаған дүниені, қоғамды немесе мемлекетті өзгертемін деп әуре болмай адам ең алдымен өзін өзгетуі керек, деп есептейді. Әр буддашы күнделікті тәжірибесінде соны мақсат етеді.

Буддизм философиялық, идиологиялық комплекс. Б.з. б YI-Y ғ.ғ . Индияда тарихи – социальды тұрғысымен ерекшеленді. Буддизмнің дәстүрлі ой- тәртіп- тәрбиені біріктіру: қайта туу талабы (сансары) ой туу (карма) ойдың жүру жолы (дхарма). Акценттік жиыннан индивидиальды буддизмге айналуы.

Дхарм – мәңгі өзгеріп отыратын шексіз ағымда – заттық емес бөлік. Дхармды тітіркендіретін обьективті өмір кездейсоқ ойын обьективтің негізгі мінездемесі- елес, тұрақсыздық өзгергіштік. Кармның занына сәйкес индивидтің қайта тууы дхармның комбинанциясының өзгеруінен болады.

Құтқарушылықты үйрену. Буддизмнің 4 негізгі «Блогородных истиный» деген сенім кітабы бар.

Бірінші шындық.«Өмір – бұл қинаушылық» пайда болуының бес формасы бар (дене, сезім, сезіну және сезу импульстер иесі). Схандх адамның іс – әрекетіне байланысты. Дене сезінер алдында әлеуметтік статусы психологоиялық иесі индивидумға байланысты. Буддизмде «қиналушылық» өмір процессі деп қарастырылған.

Екінші шындық. «қиналудың» себебі бар. Арман себептей шексіз өмір процесінің жалғасы, карма этикалық категория секілді, ес ағымының нәтижесі. Карм уақытпен және кеңістікпен өлшенбеген. Космостық, ұлттық, туыстық, жанұялық индивидумды карма. Карманы воздояния заңындай этикалық себеп заңындай қарастырамыз.

Үшінші шындық. «Қиналушылықтың тоқтауы мүмкін» Нирвана – пайда болудың ең соңғы нысанасы. Трактовтолық нирвананың жағдай буддизмнен дәстүрлі. Нирвана мынадай жағдай өзіндік «мен» дегеннен құтылу.

Төртінші шындық. «Дұрыс сегіз өлшемдік жол» туралы оқу. Дұрыс түсіну, дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, дұрыс қимылдау, дұрыс өмір.

Буддизмдегі төрт бағалы (будда, дхарма, сангха). Сангха мүшелерінің будда дәстүрлері бойынша қаралуы. Монахтарға моральды және материалды көмек беру, будда өмірі жайы кең көлемде оқулықтар шығарылды. Салт- дәстүрдің ұйымдастырылуы, будданың үйретілуі. Буддизм Маурьев Амакой (268-231) патша арқылы барлық жүйеге таратылды. Буддизмнің әрі бағыты. Будда космос денесінде туралы оқу, буддада пантионаның, бодхисаттардың және басқа да категориядағы құдайлардың пайда болуы. Оқулықтардың шығуы Моханияда жоғарғы құдай Пантеон. Буддизмде Ваджраяна үшінші бағыт тантрикалық будда пайда болды. Индиядан басқа таралаған жерлер Тибет, оңтүстік Шығыс Азияда.

Дхарма үш рет өндірілді. Ел болғанда, светский күш кезінде және будданың қарым – қатынас кезінде. Будда тарихында тәлім – тәрбие ерекше маңызды.

Будда ізбасарлары арасында осы мәселелерде пікір қайшылығы туып, будда дінінің екі бағыты пайда болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.Бұл мәселелер дінбасыларының сангити аталатын басқосуларында бұдан кейінде талқыланып отырды. Хинаяна Шри-Ланкада, Таиландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең тарады. Махаяна немесе «солтүстік будда діні» негізіне Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында бертініректе ламаизм түрінде Моңғолияда, Тибетте, Бурятияда және Жоңғарияда орнықты. Ламаизм іліміндегі лама сөзі, яғни «аса мәртебелі» деген дін басыларына, діни ұстаздарға қатысты қолданылған.15 ғасырдан бастап Тибетті далай-лама мен панченламалар басқарып келган. Олар «мұхиттай шексіз ұстаз» және «аса білімді ұстаз» дегендерді білдіреді.