Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Қазақ тілі аудармалар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421 Кб
Скачать
☆

II Тарау сөйлеудің дамуы Ақыл-ойында кемістігі бар балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері.

Ақыл ойында бұзылыстары бар балалардың интеллектуалды әрекетінің бұзылысы, есту және көру анализаторларының толық жетілмегендігінен сөздерді толық меңгеруде қиындықтар туғызады. Сонымен қатар сөйлеудің дамуы сөздік кешігумен ғана емес,сонымен бірге оның мінез-құлқын қалыптастырады.

А.Н. Гвоздева, Н.И. Жинкина, Н.А. Менчинский, Р.Е. Левина және т.б ғалымдардың зертеулері бойынша, қалыпты деңгейдегі мектепке дейінгі балалардың фонематикалық, морфологиялық, және синтаксистік меңгерулері қалыптасатындығын анықтаған.

Сөздік меңгеру процесі кезінде қалыпты дамып келе жатқан бала тек сөздерді ғана емес, сонымен бірге морфемдердің бөлімдері түбір, жұрнақ , жалғау, қосымшаларды 2 жастан бастап тәжірбиелік деңгейде қолдана бастайды. Балаларда шығармашылық сөздердің көптеген мысалдары, яғни әртүрлі зерттеулерге әкелетін, тәжірбиелік қабілеттіліктерден пайда болатын сөз құрауды және морфологиялық меңгеруді талап етеді. Қалыпты деңгейдегі баланың белсенді танымдық іс-әрекеттері арқылы бала синтаксистік талдау жасауды және грамматикалық сөздерді дұрыс қолдана алады.

Ақыл-есі кем балаларда сөздік даму процестері басқаша жүреді. Мектепке дейінгі жастағы аномальды бала нақты талдауды қажет етпейді. Ақыл-есі кем балалар бөлек сөздерді қолдана отырып,күнделікті қолданылатын құрал-жабдықтардың атауын, жиі қолданылатын іс-әрекеттерді және қарапайым сөздердің құрылымын жетілдіре түседі. Бас миының, есту және көру аппараттарының қозғалысы кезінде сөйлеу жағы бұзылыстарының әсерінен оларда сөйлеу қиындық туғызады. Ары қарай сөйлеудің дамуы баяу және өздігінен ерекшеленеді. Сондықтанда ақыл-есі кем балаларды мектепте оқыту дайындықсыз болады.

Ақыл-есі кем балаларда айтылу бұзылыстары лексикаларды, грамматикаларды дұрыс меңгермегендіктен оқу процессі кезінде қиындықтар туады.Сөйлеудің бұзылуы адамдармен толық қарым-қатнасқа түсуге кедергі жасайды, сондықтанда олар тұйықталып, өздеріне деген сенімсіздік білдіреді. Сондықтан қазіргі кезде сөйлеудің бұзылысын нақты анықтау- ақыл-есі кем балаларды барлық пендерге оқытуға деген табысы болып табылады.

Көмекші мектепте оқитындардың арасында көп пайызын фонетикалық сөйлеу жағы бұзылған балалар құрайды. М.А. Савченко, Р.А Юрова, Р.И. Лалаевалардың мәліметтері бойынша 1 сынып оқушыларының 65%на жуығы дыбыс айтылуының әр түрлі бұзылыстарын, ал 2 сыныпта бұндай бұзылыстар біршама аздау 60%, сонымен қатар 3 сыныпта 30% құрайды. Бұл көрсеткіштер дыбыс айтылуының бұзылыстарын ғана емес олардың тұрақтылығының бұзылыстары бар екенін көрсетеді. Дыбыс шығарудың бұзылыстары әртүрлі балада сөйлеу дыбыстарды олардың басқа немесе бірдей дыбыстармен ауыстыруы, буынды сөз құрылымының бұзылыстарымен көрінуі мүмкін. Көмекші мектепте оқитын балалардың фонетикалық дамымау кезеңдерін бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа әртүрлі дыбыстарды нақты айта алмайтын балалар жатады(фонетикалық дислалия деп атайды). Оларға мынадай жетіспеушіліктер тән, бүйірлі, тісаралық сигматизм, таңдай немесе бір жақты дыбыс(р), бір бүйірлі(л). Осы топқа қатысты фонематикалық естуі сақталған балаларда сауаттылықты меңгеруде еш қиындық туындамайды, сондықтанда орыс тілінде фонемді дыбыстың ауысуы, ұқсастық және олармен араласу болмайды.

Екінші топқа фонетика-фонематикалық мономорфты немесе полиморфты бұзылысы бар балалар жатады(функционалды және механикалық дислалия,дизартрия және т.б). Басты дыбыстық сөйлеуді қабылдау кемістігінің пайда болуы, олардың дифференциалды қиындықтары, артикуляция аппаратарының қозғалысының бір қалыпты еместігі жатады. Бұндай оқушылар оқу дағдысын қиындықпен меңгереді, жазу кезінде ерекше қателіктер жібереді. Егер балада перифериялық анализатордың шеткі бөлігінің кемістігі болса онда жағдай қиындай түседі. Олар оқу прцессі кезінде оқу және жазу дағдыларын белгілі бір қиындықпен меңгереді. Дыбыс бұзылуының көп бөлігін осы топтағы балалар құрайды.

Үшінші топқа тұтықпасы бар балалар жатады. Арнайы мектептерде тұтықпасы бар балалар аз. Тұтықппмен қатар басқа сөйлеу бұзылыстары болмаса, бұндай балалар оқу дағдысын жақсы меңгереді.

Төртінші топқа алалия бұзылыстары бар балалар жатады. Олардың тілдік дамуы былдыр деңгейінде болады және лексикалық, грамматикалық мағыналары және морфологиялық ерекшеліктерінің толық болмауымен сипатталады. Тілдік жетіспеушіліктің ауыр бұзылысының себебі ми қыртысының треі бұзылысының, Брок немесе Верник аймағының толық дамымауынан болуы мүмкін. Бұл топтағы тілдік ауыр бұзылысы бар балалар оқу құралдары және жеке оқыту арқылы да түзелмейді.

Ақыл-есі кем оқушылардың күрделі лексикалық жетіспеушілігі. Көмекші мектепте оқитын балалардың тілдік ерекшеліктеріне нақты бағытталған, шектетілген және кедей сөздік қоры бар әдебиеттер жетіспейді. Олардың тілдері әртүрлі грамматикалық сөйлеудің деңгейлерінен абстратылы түсініктерінің көптеген таныс емес атаулары және түбір түсініктерінен айырғандықтарын білдіреді.

Ақыл – ойында бұзылысы бар балалар бөлек грамматикалық категорияларда мүлдем қолданбайды немесе сөздік қорында өте аз кездеседі. Соның катарында үстеу, күрделі сөйлем, есімше, көмекше, бағыңқы жалғаулар және т.б. М.П.Феофаннованың деректеріне сүйенсек ақыл – ойы қалыпты дамып келе жатқан 5 – 6 жасар балаға 22 көмекші сөздерді біледі және өзінің сөздік қорында пайдаланады, ал ақыл – ойында бұзылысында бар бала 8 – 9жасында 9 – ақ көмекші сөздерді меңгеріп, пайдаланады.

Бұл балаларда кең таралған сөйлеу тіліндегі бұзылыс лексика жағы, яғни, балалар сөздердің мағынасын түсінбейді және қолдана алмайды. Қателіктерді айтатын болсақ, бір сөздің мағынасын тым кеңейтіп жібереді. Мысалы, бір сөзбен ұқсас заттардың (өсідік, жәндік, жануарлар), барлығының «қоңыз» деп, масаны, өрмекшіні, құмысқаны, шегірткеніайтуы мүмкін. Сонымен қатар, мағынасы жағынан ұқсас заттардыда бір сөзбен айта береді. Атаудың өзі бала өмірінде көп қолданатын сөз болып табылады.

Сөздерді ауыстыру, алмастыру, сөзді дұрыс қолданбау және бұл жағдайдың орын алуына фонетикалық ұқсастықтардан болып отыр. Дыбыстық талдаудың бұзылысы әсерінен, ойша дыбыстаудың жүйелілігін анықтай алмаудан (түсінбеуден) сөздерден айыра алмайды. Мысалы; батон – бутон, көже – көше т.б.

Ақыл - ойында бұзылысы бар балалардың лексикасында спецификалық ерекшеліктерінің тағы бір түрі белсенді және енжар сөздік қорында патологиялық айырмашылықтар болып табылады. Баланың сөздерді білу мен сөздік қорында пайдалануында едәір айырмашылық бар, себебі бұл баланың ойлау әрекетінін дәрежесін көрсетеді. Ақыл – ойында бұзылысы бар балалардың белсенді сөздік қорының көлемінің аздығы, көргенің, іс – әрекетің, адамдар арасындағы қарым – қатынасы, заттар, құбылыстады дұрыс баяндауға, нақты түсінуге ынтасының жоқтығынан пайда болады.

Өз уақытысында Г.М. Дульнев көмекші мектеп оқушыларының жартысынан көбі сын есімдердің 10 – 15 шақтысын пайдаланатынын атап өткен. Осының нәтижесінде «кезекші» (дежурный) сөздер қалыптасады. Балалар әртүрлі жағдайларда пайдаланып, керек кезінде дұрыс сөздермен алмастыруды еркін жүзеге асыру үшін, суреттер, сұрақтар мен мұғалімнің көмегі осының барлығы қосымша стимул болып келеді, себебі балалар керекті, дұрыс сөздерді есіне түсіре алады, ол оның сөздік қорында бар екенінің айғағы.

Ақыл – ойында бұзылысы бар оқушылардың сөйлеуінде 3 грамматикалық категорияларды (зат есімдер,сын есімдер, етістіктер) пайдаланады, Г.В. Кузнецованың анықтауы бойынша ақыл – ойында бұзылысы бар енжар сөздік қоры, белсендік қоррынан 2 есе көп.

Біздің зерттеулеріміз қорытындымыз бойынша , бұл сандар орта деңгейдегі статистикада көрініс табады. Ақыл – ойында бұзылысы бар балалардың белсенді және енжар сөздік қорының нақты ерекшеліктерін анықтау үшін, балалардың сөздік қорындағы лексико – сематикалық топтары мен лексико – граматикалық котегорияларына бақылау жүргізу керек. Ақыл – ойында бұзылысы бар 1 – ші сынып оқушысы өзіне жақсы таныс жиhаз атауларын айтқанда, сөздік қорында белсенді түрде пайдаланады. Белсенді және сөздік қорының байланысы (қатынасы)осындай көрініс табуы мүмкін 1: 3көбейеді. Тағыда айтарлықтай айырмашылық байқалады, ол белсенді және енжар сөздік қорының кейбір грамматикалық категорияларындағы ерекшеліктер. Белсенді және енжар сөздік қорының қатынасындағы зат есімдерде мына көріністерді байқалу мүмкін 1:2, сын есімде бұл айырмашылықтардың көрністері 1:4.

Ақыл – ойында бұзылысы бар балаларда сөздің синтаксистік жағын меңгеру процесі өте ұзақ уақытты алады. Ең күрделі әрі жиі кездесетін бұзылыстар:

Сөйлем көлемінің аздығы. Балалар жай сөйлемдер мен қысқа құрамды сөйлемдерді сөздік қорында пайдаланады.

Сөйлем құруға маңызды сөздерді, сөз тіркестерді тастап кету. Ақыл – ойында бұзылысы бар балалардың қолданатын сөйлемнің қүрлымында аморфтық сипат алады жіне сөйлемнің мағынасы бұрмаланған түрде жиі кездесіп отырады.

Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің балалардың сөздік қорында сирек, әрі құрлысындагы қателіктер.Зерттеудің жүргізілуі бойынша 3 – ші сынып оқушыларының күрделі сөйлемдерді сөздік қорында пайдалануы 2 – 5% - тең. Осы проценттер 8 – ші оқу жылында12 ден 30% - өседі, бірақ қай жаста болмасын күрделі сөйлемнің көбісі салалас құрмалас сөйлемдер болып табылады. Оқиға немесе құбылысты баяндауда, жалғаулықсыз сөйлемдерді пйдалануы әбден мүмкін. 8 – ші сыныптың өзінде сөйлемнің құрлысы дұрыс болмай жатады.

Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысының қателіктері (бұзылысы). Көп жағдайда бұл қателіктер бастауыш пен баяндауышты және эат есім мен сын есім байланысында көрініс табады.

Ақыл – ойнда бұзылысы бар балаларда экспрессивті аграмматизммен қатар, импрессивті аграмматизм байқалады. Л.А. Смирнованың зерттеуі бойынша сол құбылыстың пайда болуына, баланың әдеттегі сөйлеу тілін жақсы түсінгендей бола тұра фелексияны дұрыс ажырата алмайды, нәтижесінде дифференцациялық граматикалық түсінік беру қиындай түседі. Сондықтан 1 – ші сынып оқушылары естіген ақпаратты жете түсіне бермейді.

Сөз реттілігінің бұзылысы. Сөйлемдегі сөздердің дағдылы реттінің өзгеруі, сөзтіркес байланысының үзілуі, мысалы: Бала кетті үйге. Шөп жасыл шыға бастады.

Ақыл – ойында бұзылысы бар оқушылардың сөйлеу тілінде спецификасында мыналарды ескерген жөн, олар әсерленудің кедейлігі ғана емес (cөздік қордың аздығы және мағынасының шашыраңқылығы), және заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты ажыратуындағы қиындықтар, сөйлеудің нақты себептерінің болмауы.

Бала сұрақтарға көбіне «Иә», «Жоқ» деген қысқаша жауаптар қайтарады немесе жауапты күрделі емес сөйлемдерден құрайды. Осы уақытта қосымша әдістер оқушының нақты сөйлеуге, баланың едәуір сөйлеу тілін дамытуға, жақсартуға көмектеседі. Ақыл – ойында бұзылысы бар балалардың сөйлеуінің дамуындағы ерекшеліктерді айтатын болсақ, мыны топты бөліп қарастыруға болады: бір қарағанда баланың сөздік қоры бай, сөйлеу тілі қалыпты болып көрінуі мүмкін, бірақ мұқият тексеруден кейін ортасындағы адамдардың айтқан сөздерді сөзбе сөз қайталайтының байқауға болады.

Ақыл – ойында бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілі байланыстардың жағдайын сипаттауда, мынаған көңіл аударған жөн: қалаыпты дамуындағы балада сөйлеу тілінің бұл формасы мектепке дейінгі жаста пайда бола бастайды,ал ақыл – ойында бұзылысы бар балалар арнайы оқытусыз сөйлеу тілінің байланыстарын меңгере алмайды. Ақыл – ойында бұзылысы бар оқушыларда сөйлеу тілінің байланысының қалыптасу процесінде сөздердің, сөйлемдердің құрлымында және грамматикалық қалыптасуында кемшіліктер көрніс табады.

Сөйлеудегі толықтығы мен кеңдігінің болмауы (фрагмент түрінде баяндау,әңгңменің бөліктерін тастап кету, іс – әрекеттегі адамдар мен іс – әрекет орынының қысқарту).

Оқиғаны айту кезінде жүйеліліктің бұзылысы (ақпаратты баяндау ретсіз, бір айтқанның бірнеше рет қайталайды).

Оқиғаның логикалық байланысының бұрмалануы (адамдар арасындағы байланысты құбылыс,жағдайларды,заттарды нақты емес, үстіртін айтады, оқиғаның логикалық мағынасына сәйкес емес жағдайлар мен құбылыстарды баяндап береді).

Сөйлеу кезіндегі сөз арасындағы байланыстың болмауы немесе дұрыс қолданылмау себебінен, айтылып жатқан сөздердің жалпы байланысы бұзылады. Сөз арасында байланыстыру қызметін атқаратындар: есімдік, үстеу,сөйлем арасындағы синонимдер т.б.

Сөйлеу тілінің кедейлігі, мәнерлі айқын болмауы(көркемдік сөйлеу тілінде, яғни, заттардың және іс – әрекеттің сапасын анықтау барысында бір сарындылық және синтаксистік құрлымның дұрыс құрастырмауы).

Ақыл – ойында бұзылысы бар оқушыларда сөйлеу тілін мінез – құлықты реттеу үшін пайдаланғанда айтарлықтай бұзылыстар байқалады.

Қалыпты жағдайда 1,5 – 2 жастағы бала үлкендердің айтқаның орындай алады. Баланың дамуына қарай бұл әрекеттер күрделене түседі. Тіпті арнайы мектептің 1- ші сынып оқушылары үлкендердің айтқан сөздерді әркез түсіне бермейді, оқушы бір емес, бірнеше рет орындап жүрген әрекеті үлкен адам нұсқау жасаса, түсіне алмауы мүмкін. Бала нұсқауды орындау барысында жарты тапсырманы ұмытып қалады немесе іс – әрекеттің жүйелілігін, реттілігін шатастырып алады, тіпті, жұмыстың басында – ақ жаңылысып, қате орындауы мүмкін.